Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ "Поезд суретін салу" Арттерапия. (3-сынып)

Ашық сабақ "Поезд суретін салу" Арттерапия. (3-сынып)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қайранбаева Гулшат Болатовна

«Қосалқы мектеп - интернат» КММ

Семей қаласы

Бейнелеу өнері пәні. Арттерапия.

Сабақтың тақырыбы: Поезд суретін салу (Бастыру әдісі арқылы поезд суретін салу).

Сабақтың мақсаты: Бастыру арқылы сурет салу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: Бастыру әдісі арқылы поезд суретін салуды үйрету. Көліктер, көкөністер, түстер, геометриялық пішіндер, сан және цифр туралы түсініктерін кеңейту. Әртүрлі тұрмыстық заттарды сурет сабағында қолдана білуді үйрету.

2.Түзету – дамытушылық: Сөйлеу тілін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын, зейінін, кеңістік түсініктерін, сенсорлық түсініктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген қызығушылыққа, әдемілікке деген құштарлыққа тәрбиелеу. Оқушыны бірлесіп жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, өзара ынтымақтастыққа баулу. Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: Картоп, жұмсақ губка, шырын ішуге арналған трубочка, мақта таяқша, қылқалам, акварель бояуы, гуашь, үшберек, сурет дәптері, бояу езуге арналған ыдыс, көрсетілім материалы, таратылым материалы, слайд.

ТҚЖ: ноутбук, проектор, экран.

Сабақтың тегі: дәстүрден тыс сабақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Жұмыс орынын дайындап алу.

Ә)Амандасу, психологиялық бағыт беру: (Оқушылар орындарынан тұрып, қимылымен орындайды.)

Амансыңба, алтын күн!

Амансыңба, Жер ана!

Амансыңба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Мынау менің жүрегім – бәрін осы бастаған,

Мынау басым ақылды – бәрін осы басқарған,

Мынау менің қолдарым – бар жұмысты атқарған.

Б) Саусақ жаттығуларын жасату:

*Әр саусақты жеке – жеке уқалау.

*Әр саусақтың басын шерту.

*Әр саусақты бір – біріне тіреп итеру.

*«Саусақтар қыдырады» - Саусақтарды адымдатып жүргізу.

*Саусақтарды құлыпқа салып білек тұстан айналдыру.

2.Негізгі бөлім:

-Өте жақсы. Балалар, қазір бізде қай сабақ болады?

-Сурет сабағы.

-Бүгін біз ненің суретін салатынымызды менің жұмбағымды дұрыс шешшеңдер табасыңдар.

А) Жұмбақ:

Тіркеп алған үйлері бар,

Қара тұлпар жүр көшіп. (поезд)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жұмбақтың шешуі поезд екен. Ендеше біз бүгін поезд суретін саламыз.

-Поезд ол не? Бір сөзбен нақтылайық.

-Көлік.

Ә) Слайд №1 қосылады. Поезд суреті.

-Мынау ненің суреті?

-Поезд.

-Ал поезды не басқарып жүргізеді?

-Паровоз

-Ал мыналар нелер?

-Вагондар.

-Ал поездбен жүретін адамдарды кім дейді?

-Жолаушылар.

Б) Сөздік жұмыс:

«Жолаушылар» - қоғамдық көлікпен жүретін адамдарды жолаушылар дейміз.

-Тағы қандай көліктерді білеміз?

-Ұшақ, тікұшақ, машина, кеме, велосипед.

-Балалар, біз сендермен ойын ойнаймыз. Ойын бос тор көздерге орналастыр деп аталады.

В) «Керекті орынға орналастыр» ойыны.

Ойынның шарты: Тақтаға темір жол, су, әуе көлік қатынасы жолдары суреті ілінеді. Балалар көліктерді қатынас жолына қарай суреттердің үстіне қою арқылы орналастырады. Мысалы: Кемені суға, поезды темір жолға орналастырады.

-Өте жақсы. Балалар, бізге поезд суретін салу үшін келесі заттар керек.

-Мынау не?(Жұмсақ губканы көтеріп)

-Губка.

-Ол не үшін қажет? Аналарың мұнымен не істейді?

-Ыдыс жуады.

-Губканың пішіні қандай?

-Тіктөртбұрышты.

-Ал мынау не?

-Шырын ішетін трубочка.

-Дұрыс айтасыңдар онымен шырын ішеміз екен. Ал мынау не?

-Мақта таяқша.

-Онымен не істейміз?

-Құлақ тазалаймыз.

-Мынау не? Бір сөзбен нақтылап айтайықшы.

-Картоп. Ол – көкөніс.

-Поезд қалай жүреді?

Балалар поездың жүрісін орындарында көрсетеді.

-Поезд қалай дыбыс шығарады?

-Пуф, чк..чк..чк..; - пуф, чк..чк..чк..;

-Қане, балалар, орнымыздан тұрайық.

Г)«Поезд» сергіту сәті жасалады.

Мұғалім: Ал паравоз, баста алға,

Бәрімізді басқар да!

Ал біз кеттік –

Жүрісті біз үдеттік.

«Пуф, чк..чк..чк.. –пуф, чк..чк..чк..»- балалар жүрісті үдетіп жүреді.

Мұғалім:- Ал, поезд тоқтады,- дейді.

Балалар: «Пш!», - деп қолдарын жоғарыдан төмен қарай рычагты тартып поезды тоқтатқандай қимыл көрсетеді.

-Өте жақсы, балалар. Ал енді поездың суретін салайық.

Д) Практикалық жұмыс: Мұғалім өзі салып,балаларға көрсетіп, соңынан қайталату арқылы поезды салады.

-Балалар, біз бірінші поездың вагондарын саламыз. Вагондардың түсі қандай болады?

-Жасыл, көк.

-Бізге бірінші жұмсақ губка керек. Оны біз алдын ала езіп дайындап алған гуашь бояуына малып аламыз. Ақ қағаздың сол жақ шетіне апарып бастыру арқылы поездың 1-ші вагонын саламыз. Дәл солай вагондардың арасына арақашықтықты сақтап 2-ші, 3-ші вагондарын саламыз.

Е) Слайд №2 қосылады. Поезд вагондарын салу жолы көрсетіледі.

Мұғалім балалардың қағаз бетіндегі кеңістікті сақтағандарын қадағалайды. Сурет салу жолын дұрыс орындағандарын бақылайды.

-Балалар, енді поездың дөңгелегін саламыз. Оған қандай түсті бояуды таңдайық?

-Қара.

- Келесі бізге картоп керек. Кішірек картопты біз алдын ала екі бөлікке бөліп алдық. Картоптың екі бөлігін де гуашь бояуына малып алып, вагондардың төменгі жағынан бастыру арқылы поездың дөңгелектерін саламыз.

Ж) Слайд №3 қосылады. Поезд дөңгелектерін салу жолы көрсетіледі.

-Балалар, енді поездың жолын саламыз. Оған қандай түсті бояуды таңдайық?

-Қара.

-Келесі бізге мақта таяқша керек. Мақта таяқшаны гуашь бояуына малып алып, вагондардың астынан бір – біріне қарама - қарсы екі сызық сызамыз. Міне жолды салдық. Енді жолдың ортасына тігінен таяқшалар жүргізу арқылы рельстерін саламыз.

З) Слайд №4 қосылады. Поездға темір жол салу жолы көрсетіледі.

-Ал, балалар шаршап кетсек, қолымызға трубочканы алайық. Оны алдымызға үстел үстіне қойып, кеңінен дем алып, трубочкаға үрлейік.

И) Тыныс алу жаттығуы орындалады. Балалар кеңінен дем алып, дем шығару арқылы трубочкаға үрлейді. 3 рет.

-Балалар, енді суретіміздің соңғы нүктесін қояйық. Қылқаламды алып сары бояуға малып алыңдар. Суретіміздің оң жақ жоғарғы шетіне қылқаламды қысып, бояуды тамызамыз. Енді трубочканы алып, бояу тамшысын жан – жаққа үрлеу арқылы жая отырып күннің суретін саламыз.

К) Ой толғау: -Балалар, міне біз поездың суретін салып шықтық. Біз осы прездың жолаушыларымыз. Ал жолаушылар поезда өздерін қалай ұстау керек?

-Шуламау керек. Шемішке шағуға болмайды. Қоқыс тастауға болмайды. Жүгіріп, секіруге болмайды.

-Дұрыс айтасыңдар. Өте жақсы.

3.Қорытынды бөлім:

-Бүгін біз не істедік?

-Ойнадық, сурет салдық.

-Ненің суретін салдық?

- Поездың суретін салдық.

-Оны немен салдық?

-Жұмсақ губка, картоппен салдық, мақта таяқша.

-Сурет салу барысында тағы нені қолдандық?

-Трубочканы.

-Поездың суретін қалай салдық?

-Бастыру арқылы.

-Қандай сергіту сәтін жасадық?

-«Поезд».

4.Сабақты аяқтау:

-Балалар, бүгін сабаққа өте жақсы қатысып отырдыңдар.

Рефлексия: - Құрметті қонақтар, балалар сіздерге бүгінгі сабағымыз ұнаса «Қол шапалақтап», ұнамаса: «Аяғымызбен полды соғып тарсылдатамыз».

Көп – көп рахмет.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров325
Номер материала ДВ-301189
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх