Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық сабақ “Сиқырлы елге саяхат”

Ашық сабақ “Сиқырлы елге саяхат”

Скачать материал

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы : “Денсаулық
Кіші сала: “Денсаулық терең байлық
Тақырыбы
: “Сиқырлы елге саяхат
Мақсаты
: Балаларды табиғатты сүйюге,табиғат күшімен ауруларды жеңуге үйрету. Нүктелі массаж пайдасын түсіндіруге, балдың сиқырлы күшін тануға ,шәйға,сүтке қосып емдік қасиетінен жөтел, тұмау ауруларынан емделуге болатындығын түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: Драмматизация ойны арқылы.
Көрнекілігі:
Ханшайымның сарайы , бал арасының үйшігі .

Үлестірмелі құрал : Массаж доп-тікенеткетері, бояу , ақ қағаз           қыл-қалам .    

Билингвальдық компонент : Ара-пчела , бал-мед , дәрігер-доктор

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациалық-қозғаушы 

 

Тәрбиеші балалармен бірге сиқырлы ертегілер еліне келеді . Шеңбер болып тұрады.(Топ ертегілер елі болып безендірілген) Тәрбиеші балардың көңілін әдемі сарайдың қасында отырған ханшайымға аударады .

 

 

 

 

 

 

Іздену-ұйымдастыру кезеңі

 

Ханшайым көңілсіз отыр. Кх-кх-кх деген жөтел дыбыстарын естиміз . Ханшайымның тамағы аурып , жөтеліп қалыпты .

Тәрбиеші: Ертегілер елінің ханшайымы аурып қалған-ау . Қарандаршы мазасы жоқ , көңілсіз жөтеліп  отыр . Біз оған көмегімізді берейік . Жарайма балалар?

 

 

 

 

 

Иә,көмектесейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біреу аурып қалған жағдайда біз кімді шақырамыз ?

Иә , мен дәрігерге қоңырау шалайын.

-  Алло,    Дәрігер ағай , сәлеметсіз бе?

 

 

Ханшайым жөтеліп аурып қалды тез-тез бізге келіңіз. 

( Дәрігер келеді , ханшайымды қарайды , тамағын қарайды , фанедоскоппен тыңдайды , басын шайқайды )

Тәрбиеші: Дәрігер ағай не

 істейміз ? Айтыңыз !

 

Тәрбиеші:Нүктелі массажды біз күніге жасаймыз сондықтан да ауырмаймыз,біздің балалар ханшайымға оны үйрете алады .

“Нүктелі массаж”                              Сиқырлы тікенектерді қолымызға ұстап , алақанға массаж жасайды.

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Бал ?                   Балаларбізге балды кім жасайды ?        

Ал қазір жыл мезгілі қандай ?      Ара күзде не істеді?

 

(Араның ұясы ортада тұр)

Тәрбиеші: Балалар , араның ұясын көрдіңдерме ?                                

Біз араны оятайық , аяғымызбен тарсылдайық!

Ара оянбайды.

Тәрбиеші: Қолымызбен шапалақтайық , жаңбыр болып біз жауайық !

Ара оянбайды.

Енді не істейміз ? Көмекке жыл мезгілдерін шақырайық. Олар бізге келу үшін , оларды біз атайық.

Жыл мезгілдері келеді . Сәлемдеседі . Бізге араны оятуға көмектеседі .

Тәрбиеші: Онда табиғатпен сәлемдескенімізді көрсетейік .

 

“Біз шыныққан балақай                   Табиғатты сүйеміз                         Айналаға біз қарап                        Бәріне сәлем береміз                       Күнге,бұлтқа,ашық аспанға !          Гүлге,талға,кішкене жапыраққа!       Сәлем береміз”

 

Ал енді ара әнін бізге үйретіңіз .

 

Балалар жыл мезгілдеріне қосылып ара әнін з-з-з-з-з айтады.

 

 

Ара оянады.

 

Ара бізге бал керек . Бал беріңізші!

 

Тәрбиеші: Біз сиқырлы елде болғандықтан , күн суық болса да гүлдің суретін бояп берейік . Осы сиқырды гүлден ара бізге бал жинап берсін , ара бола ма?

Сурет: Трафаретпен салынған гүлдің суретін бояумен бояу .

(Жеке жұмыс)

Боялған гүлдерді ортаға,алаңға қояды. Ара гүлдің арасынан жүгіріп,ұшып екі шелегіне бал жинайды.

Балды жинап , ханшайымға және балаларға береді .

Тәрбиеші балды шәйға қосып ханшайымға ішкізеді . Ханшайым жазылып келеді .

      Дәрігерді!

 

 

Дәрігер Саян :                                  

-Алло,бұл кім? Не болды ?    Кім аурып қалды?

 

Жарайды тез-тез келемін.

 

 

 Дәрігер Саян: Біріншіден,нүктелі массаж қажет .

 

 

 

Дәрігер Саян : Менде сиқырлы доп тікінектер бар. Олар да нүктелі массажға қажет.

 

 

Дәрігер Саян : Екіншіден, ханшайымға бал қосылған шәй ішу керек.

Балалар :        Ара !                

Күз мезгілі !

  Ұйықтайды !

 

 

 

 

Тарс-Тарс

 

 

Тұрс-тұрс

 

Көктем,Жаз,Күз,Қыс

 

 

Жаз :              Араны ояту үшін балалар , табиғатпен дұрыс сәлемдессін.

 

 

 

 

 

Қыс:                       Ара әнін айту керек.

 

 

Жыл мезгілдер з-з-з деп ызылдайды

 

 

Ақбаян ара : Мені неге ояттыңдар?

 

Маған бал жинау үшін көп гүл керек.

 

Иә,болады!

 

 

 

Рефлексивті-жөндеушілік  кезең

 

Тәрбиеші : Араға рахметін айтамыз, ол өз үйшігіне қайтып оралады , ұйықтайды. Жыл мезгілдері де қоштасып кетеді.

Дәрігер : Сау болыңыздар , ауырмаңыздар деп қоштасады .

Біз де ханшайыммен қоштасып , бүінгі көрген,естіген қызық саяхатымыздан алған білімімізді қортындылаймыз.Бала-бақшаға қайтамыз.  

 

Күтетін нәтиже :

Ұғынады: табиғатты сүйюге,табиғат күшіменауруларды женуді ға қарсы профилактика жасауға болады.

 

Түсінеді:алған білімді айтып,түсініп қайталайды .

 

Қолданады:нүктелі массажды жасай алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы «Бала тәрбиесі»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.

Барысы:
Тәрбиеші: Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар»- дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
Ал біз қазіргі уақытта жұмыс бастылықпен балаларымыздың іс - әрекеті, мінез - құлқы, қызығушылығы мен бейімділігіне немесе күнделікті көңіл - күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе? Балаларымыз қалай өсіп келеді?

Тәрбиеші: Бүгінгі бас қосуымыз әдеттегі іс - шараларға қарағанда өзгеше.
Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңіз де мүмкін. Ендеше іске сәт дейік!
Шаттық шеңбері:
 «Мейірімді жүрек»
Шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушы жүрекшені ұстап тұрып:
«Балалардың мейірбандық жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі», - деп айтады.
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиеттерін білдіретін жылы сөздер айтады.( Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың!). Рахмет сіздерге ата-аналар мен балалар

 

І. « Үй »
Қажетті құралдар : А4 парағы, қарандаш
Өтілу барысы: Ата – аналарға ақ парақ пен қарандаштар беріледі.
Тапсырма: Параққа үйдің суретін салу. Салған үйіңіздің 6 терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. (Өз отбасыларын таныстырады)
Рахмет, сіздердің отбасыларыңыз бен біз толық таныстық

 

ІІ. «Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымы: Балалар ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Ал сіздердің ертегі айтуда тәжірибелеріңіздің бар - жоқтығын «Сахнада самғаймыз!» кезеңінде байқап көретін боламыз. (Конвертке салынған «Шалқан» ертегісі кейіпкерлерінің атрибуттары мен сөздерін өз қалауларыңыз бен таңдап алуды ұсынамын)
Кейіпкерлердің дауыс интонациясы, іс - қимылдарын нағыз әртістерше сомдап көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Назарымыз сіздерде!


ІІІ. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.
ІҮ. Жедел тест
Ү. Қорытындылау: 
Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын. Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсіндегіміз келеді.
Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Білім беру саласы: Вариативті компонент
Тақырыбы: Дене шынықтырумен достасқаның, күшіңе күш қосқаның
Бөлімдері: Шымырбектің денсаулық сатылары 
Мақсаты: Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірдің тірегі екеніне көз жеткізу. Денсаулыққа тек дене шынықтырумен айналысу арқылы жетуге болатынына бағдар беру. Емдік денешынықтырудың пайдасын түсіндіру. Карта арқылы жүрер сапарын бағдарлай білуге үйрету. Ойын саяхат арқылы шапшаңдыққа, ептілікке және денсаулыққа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Өткізілу түрі: Блиц-турнир 
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Денсаулық, салауатты өмір салты жайлы мақал-мәтел, тақпақ жаттау. «Әкем, апам мен спортты үйелмен» тақырыбына сурет салу, «Саяхатқа жиналамыз» ойынын әзірлейміз.
Блингвалды компонент: денсаулық-здоровье, саяхат-путеществие, экскурсия, тіс щеткасы-зубная щетка, сабын-мыло, су-вода, рюзак-жолдорба.
Өткізілу кезеңі    Тәрбиешінің іс-әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -оятушылық кезең    Шаттық шеңбері
Әуен ырғағымен балалар қолдарын бүйіріне қойып, түзу тұрады. Тәрбиеші балаларды көргеніне қуанышты екенін білдіреді.
Ол оң қолын жайып, жүрегінен қуаныш сыйлайды. Осы қимылды сол қолымен, екі қолымен бірге жасайды.     

Қимылдарды балалар бірге жасап, орталарын қуанышқа, жақсылыққа толтырады.
Ұйымдастырушылық -ізденушілік кезең    Тосын сәт: Қонаққа балаларға Шымырбек бала келеді. Ол сәлемдесіп, өзі жайлы, неге солай атағаны жайлы айтып береді де балаларды «Денсаулық» жолымен, саяхатқа баруға шақырады.
Жарқын-жарқын күнде біз
Денсаулыққа қонаққа барамыз.
Шымырбек: Балалар саяхатқа шықпас бұрын, жолға алатын керек заттарды атаңдаршы.
Ойын: «Саяхатқа жиналамыз»
Балалар үстел үстіндегі заттардан тек жолға керек заттарды, жолдорбаға сала отырып, атаймыз және орысша да қайталаймыз.
    Ал, компос не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
¾

Шымырбек: Балалар сендер дайын болсаңдар, саяхатымызға аттанайық. Алдымен картаға бір қарап алайық, сапарымыз қайдан басталатынын көріп алайық. 
    Балалар, саяхатқа немен барсақ деп ойлайсыңдар?
¾

Шымырбек: 
    Жарайсыңдар, салауаттылық жаяу жүрістен басталады. Өйткені сендер жол бойы таза ауамен дем алып, денелеріңді шымырландырасыңдар. 
¾
    Балалар сендерге жол бойы гүлзар кездеседі, ол жерде түрлі гүлдер өседі.
¾
    Балалар біз гүлзарға да жеттік. Қараңдаршы, ішінде ерекше әдемі гүл гүлдеп тұр. 
¾
    Қанеки, гүлдерге жақындайық.
¾
«Емдік гүлдерді иіскейік» тыныс алу жаттығуы.


Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да, 
Үшбұрышты сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.
Оң қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.

    Енді саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.¾
    Алдарыңнан әдемі ағаш кездеседі. Шымырбек ағаштың астынан хат тауып алады да, балаларға оқып береді. 
¾
    Бұл хатты сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында қалдырған сияқты. СӨС ережелерін атаңдар депті.
¾

    Жарайсыңдар, ал кім денсаулық туралы тақпақ біледі?¾

Балалар саяхаттап орманға жетеді.
Қалай ойлайсыңдар, неге орманда демалуымыз жеңілдеді?
Тыныс алу кезеңі
    Балалар, орманда доп ойнасақ қайтеді, кім саяхатқа доп алды?
¾
    Олай болса, менің қалтамда түрлі-түсті шарлар бар, соларды үрлеп ойнайық.
¾
«Кім шарды тез үрлейді?»
«Кім епті?»

Шымырбек: 
    Жарайсыңдар балалар, қандай керемет ойын болды. Шарларды алып шыққаным қандай жақсы болды. Сендер шаршаған боларсыңдар, отырып тамақтанып алайық. Бірақ тамақты ішпес бұрын олардағы дәрумендерді атайық.
¾
    Сенің жолдорбаңда қандай ас бар?
¾
    Онда қандай дәрумендер бар?
¾
    Ал, сенде ше?
¾

    Ол тістеріңді, сүйектеріңді қатайтады. Ал, мен көкөністер алдым. Онда С дәрумені және кальций бар.¾

    Олай болса, жақсылап тамақтанып алайық та, денсаулық бағбандары болып «Денсаулық ағашын» өсірейік.¾

Д/о: «Денсаулық ағашы» денсаулыққа пайдалы, зиянды заттардың суреттерін қоямын. 
    Балалар, мына суреттерден денсаулық ағашына тек денсаулыққа пайдалы суреттерді ілеміз.
¾
    Балалар, қараңдаршы, қандай керемет денсаулық ағашы, гүлденіп кетіпті.
¾
Жадымызға сақтайық,
Денсаулыққа пайдалы.
Күшіңе күш қосатын,
Дәруменді тағамдар.    

Шымырбекпен амандасып, оның әнгімесін тыңдайды.


Ойынға бәрі қатысады.
Ол жол сілтейді адаспау үшін.
Шымырбекпен саяхатқа аттанады.

Жаяу жүрейік.

Гүлдерді иіскеп тыныс алу жаттығуын жасайды.

Өлең сөзіне байланысты қимыл көрсетеді.

    Денсаулығымыз мықты, ауырмау үшін – шынығу керек.¾
    Ертеңгілік жаттыгу жасау керек.
¾
    Тазалық ережесін ұстану керек.
¾
    
Спортпен шұғылдану керек.¾

Денсаулық – ол шыныққан
Барлық дене мүшесі,
Денсаулық – ол тыныққан
Жүйке жүйесі.
Денсаулық – ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай,
Денсаулық – ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

Өйткені ағаштар, дәрілік шөптер ауаны тазартады.
Ешкім доп алмағанын айтады.

Шарлармен түрлі ойындар ойнайды.

Жұмыртқа, нан, алма.

Д, Е, А
Ірімшік алдым. Онда Д, А дәрумендері бар.

Тағамдарда қандай дәрумендер барын айтады.

Денсаулық ағашына  дәрумендері бар денсаулыққа пайдалы тағамдердың суреттерін талға іледі.
Рефлекциялық- түзетушілік кезең    Шымырбек: 
    Бүгінгі «Денсаулық жолымен» жүрген саяхатымыз аяқталуға жақын.
¾
    Сендер бүгінгі саяхатымыздан, ол жерде көргендеріңнен, қандай әсер алдыңдар?
¾
Тәрбиеші: Шымырбек сенің бүгінгі бізбен бірге ұйымдастырған саяхатың балаларға қатты ұнады. Саған көп-көп рахмет! Салауатты өмір салтын сақтауға көмектескеніңе ризамыз! Әрқашан біз сені қолдаймыз!
Келесі кездескенше, сау бол!    

Өз әсерлері туралы айтып, Шымырбекпен қоштасады. 
Саяхаттың ұнағанын қимылмен көрсетеді.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Білді: Балалар салауатты өмір салтының ережесін біледі. 
Меңгерді: Дәрумендердің пайдасын, қай тағамда кездесетінін толық біліп, оның маңызын түсінеді.
Жасай алды: Күн тәртібінің, таза ауамен шынығудың бала ағзасына тигізер әсерін түсініп жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз шыныққан балақай   

Табиғатты сүйеміз

 Айналаға біз қарап 

 Бәріне сәлем береміз

 Күнге,бұлтқа,ашық аспанға !

 Гүлге,талға,кішкене жапыраққа!

 Сәлем береміз”

 

 

Біз шыныққан балақай   

Табиғатты сүйеміз

 Айналаға біз қарап 

 Бәріне сәлем береміз

 Күнге,бұлтқа,ашық аспанға !

 Гүлге,талға,кішкене жапыраққа!

 Сәлем береміз”

 

 

Біз шыныққан балақай   

Табиғатты сүйеміз

 Айналаға біз қарап 

 Бәріне сәлем береміз

 Күнге,бұлтқа,ашық аспанға !

 Гүлге,талға,кішкене жапыраққа!

 Сәлем береміз”

 

.

 

Біз шыныққан балақай   

Табиғатты сүйеміз

 Айналаға біз қарап 

 Бәріне сәлем береміз

 Күнге,бұлтқа,ашық аспанға !

 Гүлге,талға,кішкене жапыраққа!

 Сәлем береміз”

 

 

Біз шыныққан балақай   

Табиғатты сүйеміз

 Айналаға біз қарап 

 Бәріне сәлем береміз

 Күнге,бұлтқа,ашық аспанға !

 Гүлге,талға,кішкене жапыраққа!

 Сәлем береміз”

 

Біз шыныққан балақай   

Табиғатты сүйеміз

 Айналаға біз қарап 

 Бәріне сәлем береміз

 Күнге,бұлтқа,ашық аспанға !

 Гүлге,талға,кішкене жапыраққа!

 Сәлем береміз”

 

 

 

Біз шыныққан балақай   

Табиғатты сүйеміз

 Айналаға біз қарап 

 Бәріне сәлем береміз

 Күнге,бұлтқа,ашық аспанға !

 Гүлге,талға,кішкене жапыраққа!

 Сәлем береміз”

 

 

 

Біз шыныққан балақай   

Табиғатты сүйеміз

 Айналаға біз қарап 

 Бәріне сәлем береміз

 Күнге,бұлтқа,ашық аспанға !

 Гүлге,талға,кішкене жапыраққа!

 Сәлем береміз”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         №18 балабақша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Білім беру саласы: «Деңсаулық»

 

               

 

 

              Тақырыбы : “Сиқырлы елге саяхат”

 

 

 

 

 

 

 

                          Өткізген:ортаңғы топ тәрбиешісі

                                                          Темиргалиева Л.Ш.

 

 

 

 

 

                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

                                   Қостанай-2016ж

 

 

                                         №18 балабақша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Ата-аналар жиналысы

               

 

 

              Тақырыбы : “Бала тәрбиесі”

 

 

 

 

 

 

 

                          Өткізген:ортаңғы топ тәрбиешілері

                                                          Темиргалиева Л.Ш.

                                                          Байдавлетова АС

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

 

 

                                       Қостанай-2016-2017 оқу жылы

 

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерістің тұтастылығы бала дамуы туралы, соның ішінде физикалық дамуы туралы жаңа түсінікті айқындайтын қандай да бір бағдарламаны іске асырумен қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі ұйымда (бұдан әрі – МДҰ) бала денсаулығын, оның физикалық дайындық деңгейін қалыптастыру, меңгерілетін қозғалыс машықтарының көлемі оның немен және қалай шұғылданатындығына, яғни, педагогтардың қандай бағдарламаларды қолданатындығына байланысты. Балабақша мен ата-аналар алдында ауқымды міндет тұр – баланың дұрыс физикалық дамуына жағдай жасау, мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, белгілі қимыл машықтарын дамытуға арналған сезімтал ерекшеліктерін ескере отырып, моторлық функцияларының уақытылы дамуына, маңызды органдары мен жүйелерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ететін қимыл белсенділігінің оңтайлы режімін қамтамасыз ету.   «Балабақшада денсаулық сақтау технологиясын іске асыру» жобасы Сипаттау керек: денсаулық сақтау технологиялары арқылы мектепке дейінгі балаалрды сауықтыру жобасын. Әзірлеу керек: денсаулық сақтау технологияларын қолдану әдістемесін. Объектісі: мектеп жасына дейінгі балаларды физикалық тәрбиелеу. Пәні: физикалық дайындық деңгейі мен мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық көрсеткіштері. Жұмысты зерттеу әдістерінен бастадық: сауалнама, әңгімелесулер, тестілеу. Тақырыптың көкейкестілігі: XXI ғасырда өмір бізге көптеген жаңа мәселелерді айқындады, оның ішінде денсаулық сақтау, саламатты өмір салты (бұдан әрі – СӨС) әдеттерін тәрбиелеу ең өзекті мәселе болып табылады. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін, артық жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтайтын білім беру технологияларын таңдау білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңінің басты міндеттерінің біріне айналды. Денсаулық сақтаушы педагогикалық технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі болып табылады. Болашағы: егер педагог денсаулық сақтау технологияларын, яғни СӨС әдеттерін қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмыстың жаңа белсенді формаларын қолдану арқылы дене шынықтыру және сауықтыру бойынша балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу жүйесі әзірленсе, балалардың денсаулығы сақталады, нығаяды және дамиды, ал физикалық қасиеттері тиімді түрде жетілдіріледі. Жобаның мақсаты: балабақшаға денсаулық сақтау технологиясын енгізу, бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру; педагогтарды, ата-аналарды және олардың балаларын дене шынықтыру мен СӨС тарту. Ғылыми-әдістемелік негіздеме: дене шынықтырудың (дене жаттығуларының, ұтымды режімнің, шынықтырудың) тек барлық құралдарын кешенді қолданған жағдайда алға қойылған міндеттерді сәтті шешуге және Мемстандарттың талаптарын орындауға болады. Сондықтан да дені сау баланы тәрбиелеу жұмысы денсаулық сақтау технологияларының кешенінен тұратын дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жаңашылдық: денсаулық сақтаушы сауықтыру технологияларын ойын нұсқасында қолдану: оқыту мен сауықтыру оңай жүзеге асады, жаттығулар мен сауықтыру техникалары ұзақ уақыт бойы баланың есінде сақталады. Балабақша мен отбасы әрекеттестігінің жаңа түрін қалыптастыру, ол педагогтардың, мамандардың ата-аналармен қарым-қатынасымен ерекшеленеді және отбасының тәрбиелік әлеуетіне дұрыс ықпал етуге көмектеседі. Міндеттері: балалардың денсаулығын нығайту және сақтау бойынша балабақшаның сапалы педагогикалық жұмысын қамтамасыз ету; оқытуға денсаулық сақтау технологияларын енгізу; сауықтыру орталықтарымен сабақтастық; ата-аналармен ынтымақтастық. Жобаны іске асыру кезеңдері Жобалау: балабақшаның материалдық-техникалық базасын дайындау (медициналық кабинет, дене шынықтыру залы, бассейн, топта – нормаларға сай бұрыштар), жобаның мақсаттарымен танысу. № Жұмыс формалары Күн тәртібінде өткізу уақыты Өткізу әдістемесінің ерекшеліктері Жауаптылар Уақыты 1 Пияз және сарымсақ байламы Жұқпалы аурулардың алдын алғанла қолданады, топта өткізіледі Топты таңғы желдеткеннен кейін сарымсақ пен пиязды тазалап, шкафтарға және үстелдерге қояды Тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі 07:00–07:30 2 Таңғы гимнастика Күнделік музыка және дене шынықтыру залдарында, топтарда. Барлық жас топтары Кешендер балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалады Тәрбиеші 08:15–08:30 3 Оксолинді жақпа майы Таңертең балаларды қабылдағанда немесе таңғы гимнастикадан кейін қолданады Таңертең балаларды қабылдағанда ата-аналар немесе осы топтың тәрбиешісі балалардың мұрындарының шырышты қабығына жақпа майды жағады Ата-аналар, тәрбиеші, медбике 07:30–09:00 4 Дене шынықтыру сабақтары Аптасына 2–3 рет спорт немесе музыка залдарында Сабақтар МДҰ жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес өткізіледі. Сабақтың алдында ғимаратты жақсылап желдетіп алу керек Тәрбиеші, дене шынықтыру жетекшісі Балалардың жас ерекшілктері: кіші жас – 15–20 минут, ортаңғы – 20–25, ересек – 25–30 5 Динамикалық үзілістер Сабақ кезінде 2–5 минут. Балалардың шаршауына қарай 2-ші кіші топтан бастап Шаршаудың алдын алу ретінде барлық балаларға ұсынылады. Дене шынықтыру минуткаларының кешені көзге арналған гимнастикалардың, тыныс алу гимнастикаларының элементтерінен және сабақтың түріне қарай өзге гимнастика элементтерінен құралады Тәрбиеші Күні бойы 6 Табиғи шырын Күнделікті екінші таңғы ас, дәрумендендіру Барлық топтар Тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшілері 10:00–10:30 7 Серуендеу, қимылды және спорттық ойындар Күнделікті барлық жас топтарына Ойындар баланың жасына, өткізу орны мен уақытына сәйкес таңдалады. Тек спорттық ойындардың элементтері қолданылады Дене шынықтыру жетекшісі 10:00–12:00 8 Йодомарин Барлық топтарда қолдану: йод жетіспеушілігіне байланысты аурулардың алдын алу (тағайындалымы бойынша) Дәрі қадағалаумен беріледі Тәрбиеші, медбике Таңертеңгі кезде 9 «Дәмді тағам» Күніне 4 реттік тамақтандыру, баланың организміне қажетті: ет, балық, бауыр, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер Азық-түліктер бекітілген кесте бойынша беріледі Директор, медбике, қоймашы, тәрбиешілер 4 реттік тамақтандыру 10 «Тәтті ұйқы» Әр топта күн тәртібі бойынша Балаларды ұйықтатқанда және оятқанда тыныш музыканы қолдану Тәрбиешілер Күннің 2-ші жартысында 11 Ойын сағаты (сергітуші гимнастика) Күнделікті күндізгі ұйқыдан кейін, 5–10 минут. 1-ші және 2-ші кіші топтар Өткізу формасы әртүрлі: төсектердегі жаттығулар, кеңінен жуыну; ойлы-қырлы тақтайлармен жүру; ғимараттардағы температура айырмашылығымен жатын бөлмеден топқа жеңіл жүгіру. Қимылды ойындардан, ойын жаттығуларынан, негізгі қимылдардан тұратын кешен Тәрбиешілер Ұйқыдан кейін 12 Қолға және тыныс алу органдарына арналған жаттығулар Шарды, массаж добы мен ширатылған жіп қолданады Шынықтыру рәсімдерінен кейін қолданады Тәрбиешілер Күннің 2-ші жартысында 13 Түзетуші гимнастика Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының әртүрлі формаларында Өткізу формасы алға қойылған міндеттер мен балалар контингентіне байланысты Тәрбиешілер, дене шынықтыру жетекшісі Күні бойы 14 Саусақ гимнастикасы Кіші жастан бастап күнделікті жеке немесе кіші топпен және топпен бірге Барлық балаларға ұсынылады, әсіресе сөйлеуінде қиындықтары бар балаларға. Кез келген ыңғайлы уақытта өткізіледі Тәрбиешілер, логопед Бос уақытта 15 Ревит. Поливит. Дәрумендендіру Кіші жастан бастап, балаларға таңертеңгі уақытта беріледі Дәрумендерді ересектердің қадағалауымен береді Тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшісі, Медбике Күннің 1-ші жартысында Іс-шаралар педагог-психологтың қатысуымен өткізіледі 1 Дене шынықтыру шаралар, мерекелер Жартыжылдықта 1 рет дене шынықтыру және музыка залдарында, топта, серуендегенде, кіші жастан бастап Белсенді демалыстың тиімді формасы. Физикалық қасиеттерді дамытады, әлеуметтік-эмоционалды дамуды қалыптастырады Дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, тәрбиешілер Күні бойы 2 Ритмопластика Тамақ ішкеннен кейін аптасына 2 рет 30 минуттан, ортаңғы топтан бастап. Ритмика музыка және дене шынықтыру залдарында бәрімен бірге өткізіледі Мүмкіндігіне қарай барлық балаларға ерекше назар аудару керек Хореограф Аптасына 1 рет 3 Жүзу, жуыну Аптасына 1 рет бассейнге шығу, ересек мектепке дейінгі жастан бастап «Спорттық жаттығулар, жүзу» бағдарламасының бөлімі Жүзу бойынша нұсқаушы, тәрбиешілер Жаз 4 Арт-терапия 10–12 сабақтық сеанстармен 30–35 минуттан. Ортаңғы топпен Тәрбиешілер, аға медбике, дене шынықтыру жетекшісі Тәрбиешілер Күннің 1-ші жартысында 5 Музыкалық әсер ету технологиясы Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының немесе жеке сабақтардың әртүрлі формасында алға қойылған мақсаттарға қарай айына 2–4 рет Өзге технологиялардың бөлігі ретінде қосалқы құрал ретінде қолданылады; шиеленісті басу үшін, эмоционалды көңілді көтеру және  т. с. с. Барлық педагогтар Екі аптада 1 рет 6 Ертегі терапиясы Ересек жастан бастап айына 30 минуттан 2–4 сабақ Сабақтарды психологиялық терапиялық және дамыту жұмысы үшін қолданады. Ертегіні ересек айтады, бұл топтық әңгімелеу болуы мүмкін, мұнда бір адам емес, балалар тобы әңгімелеуші рөлін атқарады Тәрбиешілер Күннің 2-ші жартысында 7 Түспен әсер ету технологиясы Алға қойылған мақсаттарға қарай айына 2-4 рет арнайы сабақ ретінде Түс үйлесімділігіне ерекше назар аудару керек. Дұрыс таңдалған түстер шиеленісті азайтады және баланың эмоционалды көңіл күйін көтереді Тәрбиешілер Күні бойы 8 Психогимнастика Ересек жастан бастап аптасына 1–2 рет 25–30 минуттан Сабақ арнайы әдістемелер бойынша өткізіледі Тәрбиешілер Күні бойы 9 Релаксация Кез келген жарамды ғимаратта. Балалардың жағдайы мен мақсаттарына байланысты. Педагог технологиялар қарқындылығын анықтайды. Барлық жас топтарына арналған Баяу классикалық музыканы (Чайковский, Рахманинов), табиғат дыбыстарын қолдануға болады Тәрбиешілер, дене шынықтыру жетекшісі Күннің 1-ші жартысында 10 Кітап терапиясы Кіші жастан бастап топта музыка залында өткізілетін, 10–12 сабақтан тұратын сеанстар, топта 6–8 адам Кітаппен емдеу, мінез-құлық реакциясын қалыптастыру Тәрбиешілер Күні бойы 11 Эстетикалық бағыт технологиясы Көркемдік-эстетикалық цикл сабақтарында, мұражайларды, театрларды, көрмелерді және т. б. аралағанда, мерекелерге орай ғимараттарды безендіргенде іске асырылады және т. б. Барлық жас топтарына арналған Сабақтарда жүзеге асырылады, сондай-ақ іс-шаралардың арнайы жоспарланған кестесі бойынша. Отбасымен жұмыс, балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру ерекше рөл атқарады Барлық педагогтар Күні бойы Балабақша жағдайында құрылған денсаулық сақтау ортасы баланың әлеуметтік ортаға бейімделуін, олардың қимыл белсенділігіне деген сұраныстарын іске асыруға және қимыл дағдыларын барынша тиімді дамытуға ықпал етеді. Жұмыста денсаулық сақтау технологияларын қолдану тәрбиелеу-білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтар мен ата-аналардың тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құнды бағдарларын қалыптастырады, ал балалардың СӨС ынтасын қалыптастырады. Денсаулық паспорты. Балабақша жұмысы балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған және денсаулық сақтау технологиясы сауықтыру орталықтарымен тығыз байланыста біртұтас жүйемен іске асырылғанда ғана толыққанды әрі нәтижелі деп саналады. Жыл сайын тәрбиеленушілер тар шеңберлі мамандардан медициналық тексеруден өтеді. Жыл сайын суық тию және өзге сырқаттардың деңгейі төмендейді, физикалық даму көрсеткіші жақсарады, балалардың физикалық дайындығы артады. Іске асыру бағыты. Балабақшаның осы жеке және ізденушілік жұмысы күні бойы және медициналық және педагогикалық қызметкерлердің: тәрбиешінің, музыка жетекшісі мен дене шынықтыру бойынша нұсқаушының қатысуымен кешенді түрде іске асырылады. Осы ортақ үдерістің қатысушылары бола тұра, біз денсаулық сақтау үдерісін құру үшін іс-тәжірибеге әртүрлі әдістер мен тәсілдерді енгізуді қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды саламатты өмір салтының негізгі қимылдары мен дағдыларына машықтандыруға  баса назар аударамыз. Инновациялық қызметті өткізуге педагогтар теоретикалық тұрғыдан дайындалды: әдебиеттер зерттелді, ресурстар талданды, топтағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білім беру үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелері айқындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              №18 балабақша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балабақшада денсаулық сақтау технологиясын іске              асыру» жобасы

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

                          Өткізген:ортаңғы топ тәрбиешілері

                                                          Темиргалиева Л.Ш.

                                                           Байдавлетова АС

 

 

 

 

                                                                     

 

 

                                 Қостанай-2016ж

 

 

 

 

 

                                           

«Балабақшада денсаулық сақтау технологиясын іске              асыру» жобасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызыл кітап құпиясы

Жарияланды 1-04-2013, 23:07 Категориясы: Бала-бақша 

Білім беру аймағы: Таным.
Бөлімдер: Айналамен танысу.

Тақырыбы: Қызыл кітап құпиясы.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабы» туралы түсініктерін қалыптастыру оның маңызы туралы түсіндіру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: сирек кездесетін аңдар
Билингвалды сыңары: Қызыл кітап - Красная книга.
Заттық дамыту ортасы: Сирек кездесетін аңдар мен құстардың суреттері көрме.
Шаттық шеңбері: Күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық.
Күтпеген сәт:
Сауысқан ұшып келеді.
- Балалар, маған мынау қандай кітап екенін түсіндіріп беріңдерші?
Тәрбиеші: Қане, сауысқан берші көрейік. Ой, балалар бұл Қызыл кітап.
Тәрбиеші балаларды сирек кездесетін аңдар мен өсімдіктер жайлы кітаптардан жасалған көрмеге шақырады.
Бұл кітаптарда осы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы анықтамалар, қызықты әңгімелер және олардың түрлі - түсті суреттері бар.

Қызыл кітаптың маңызы зор. Ол жойылып бара жатқан аң - құстарды, өсімдіктерді қорғауға, оларды аулауға, бейберекет жасауға тыйым салады және туған табиғатымыздың байлығын қорғап, кейінгі ұрпақтарға жеткізуді мақсат етеді. Сол арқылы табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелейді.
Әліппе дәптермен жұмыс: Н. Хасенов «Қызыл кітап».
Тапсырма: «Қызыл кітап» дегенді қалай түсінесің?
-«Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен құстарды ата.
«Қызыл кітап» деп неге аталған?
- Сирек кездесетін қандай өсімдіктер мен жануарларды білесіңдер?

Әліппе дәптермен жұмыс: С. Асанов «Наурызым қорығы».
Тапсырма: Сен тұратын жерде қандай қорық бар, әңгімелеп бер.
Берілген үш көріністі суреттеп, тауып бер.
Балалар сауысқан мен амандасады.
Балалар көрмені көріп сұрақтар қояды.
Қойылған сұрақтарға жауап береді, жойылып бара жатқан аң - құстарды атайды.
Балалар, салған суреттеріңді сауысқанға көрсетейік.
Тәрбиеші: Сауысқан «Қызыл кітап» не екенін түсіндің бе?
Сауысқан: Рахмет, сіздермен мен «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен құстарды білдім.(Сауысқан өзінің сыйлығын беріп ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар, сендер іс - әрекетке жақсы қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер, жарайсыңдар балалар.
Балалар сауысқанға орындаған тапсырмаларын қуана көрсетті.

Күтілетін нәтиже:
Білу: Сирек кездесетін аңдар мен құстарды білді.
Меңгеру: «Қызыл кітап», оның маңызың меңгерді.
Жасай алу: Әліппе дәптермен жұмыс жасай алды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ “Сиқырлы елге саяхат”"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 184 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2017 2044
    • DOCX 70.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темиргалиева Лязат Шагировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Темиргалиева Лязат Шагировна
    Темиргалиева Лязат Шагировна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3043
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация и содержание работы логопеда-дефектолога в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 387 человек

Курс повышения квалификации

Песочная терапия в работе с детьми

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 241 человек

Курс повышения квалификации

Основы формирования предпосылок функциональной грамотности дошкольников

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов

Мини-курс

Основы финансового рынка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Визуальные искусства: анимация и фотография

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе