Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық сабақ тақырыбы: "Үй жануарлары"

Ашық сабақ тақырыбы: "Үй жануарлары"

Скачать материал

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Үй жануарлары»

 

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір- біріннен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал- мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ жауап арқылы балалардың тілін дамыту.

 

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап,  әңгімелеу, қайталау, көрнекілік әдістері.

 

Көрнекілік: үй жануарлары қой, сиыр, түйе, ешкі,жылқы, үйдің суреттері, макеттері. Малдан алынған өнімдер: Сүт, айран, құрт, ет, жүн, жылы тоқылған қолғап.

 

Оқу іс-әрекетінің барысы:

 

Кіріспе:                  Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың көңіл күйлерін көтеріп, Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін бастау үшін балаларды орындарыннан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу.

 

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

 

Тәрбиеші:

Айдай жарқырап,

Күндей жадырап.

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.

 

Күз мезгіліне тоқталу.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі.)

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Күз мезгілінде ауа райы өзгереді. Күн салқындап, жаңбыр көп жауады. Аспанды жиі бұлт торлайды. Жел көп болады.

-Күз айларын айтайықшы.

Қыркүйек, қазан, қараша.

-Күз туралы тақпақ айтайықшы.

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің қызық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау.

 

Негізгі бөлім:

-Балалар  адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?

-         Үй

-Үй қандай бөліктерден тұрады?

-         Төбесі, есік, терезе , үйдің қабырғасыннан тұрады.

-Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

-         Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды.

-Балалар дұрыс айтасыңдар енді алдымыздағы тұрған үйдың неше терезесі бар екенін санайық

-         1, 2, 3, 4, 5

-Балалар әр терезеде жұмбақтар бар екен мен сендерге оқып берейін

 

1.     Терезе

Қамыс құлақ,

тостаған тұяқ,

мінсең қанат,

сүті дәрі, еті тамақ.   

                      (жылқы)

2.   Терезе

Кезікті бір жануар.  

Үстінде екі тауы бар,

                           (Түйе)

3.   Терезе

 

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар 

                            (қой)

4.   Терезе

 

Өзі күшті, мүйізі мықты,

Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт.

(сиыр)

 

5.     Терезе

Секең- секең етеді,

Таумен тасқа жетеді.

          (Ешкі)

 

Жұмбақ шешілген терезе ашылып ішіннен көрінген үй жануарлары тақтаға ілінеді.

 

«Бұл не?» ойыны.

Балалар суреттегі жануарларды атайды. Балалар үстелдің үстінде жатқан суреттерді мұқият қарап, жануарлардың атын атап, тақтаға жапсырады.

-Жарайсыңдар, балалар! Бір сөзбен біз оларды «Төрт түлік » мал дейміз.

 

 

 

 

Дидактикалық ойын «Адаспай тап». Сәйкестендіру тесті

Ойын шарты: Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру. 

 

 

 

 

http://www.freetorg.com.ua/_data/lead/3121/1597966i.jpg

http://zoofayna.ru/wp-content/uploads/2011/08/verbluja_sherst.jpg

-Балалар мен сендерге үй жануарларының аталары туралы тақпақты айтып берейін мұқият тыңдайық.

Жылқы атасы- Қамбар ата,

Сиыр атасы- Зеңгі баба.

Түйе атасы- Ойсыл қара,

Қой атасы- Шопан ата.

Ешкінің иесі- Сексек ата.

Балалар тақпақты қайталап, естеріне сақтайды.

 

Дидактикалық ойын: «Мекеніне апар» ойыны

Мақсаты: Үй жануарларын дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау қабылетін дамыту.

Барысы: Қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды.

 

Сергіту сәті:

Жазда атамның аулына

Барып едім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап, секіріп.

Ақ маңдайлы айма екен

Шекер ме екен бал ме екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен. 

 

-Үй жануарлары қандай дыбыс шығарады?

 -Жарайсыңдар балалар, сиыр «мө-мө-мө» деген дыбыс шығарады. Сиырдың адамға пайдасы көп. Сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігеміз, сондықтан да сиырды күтіп бағуымыз керек. Сиырға шем шөп берерде «аухау-аухау» деп шақырамыз.

-Қой «мә-мә-мә» деп маңырайды. Суарарда «пұшайт-пұшайт» деп шақырады. Қойдың сүтін қорғасын дейді. Етін жеп, жүнін тұрмыста пайдаланымыз.

-Ешкіні , лақты «шөре-шөре» деп шақырады. Ешкі сүті құнарлы, ем болып келеді. Ешкінің түбітінен шәркей, орамал, қолғаптар тоқиды.

-Жылқы кісінейді. Жылқыны «қырау-қырау» деп дауыстап шақырады. Жылқының сүтінен қымыз аламыз. Жылқының еті адам ағзасына пайдалы.

-Түйе «бө-бө-бө» деп боздайды. Түйені «көс-көс» деп шақырамыз. Түйенің сүтінен шұбат дайындайды.

Қорытынды: Балалар, енді осы келген қонақтарымызға үй жануарлары туралы тақпақтарымызды айтып берейік:

 

Балаларды мақтау- мадақтау арқылы ашық сабақты аяқтау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ тақырыбы: "Үй жануарлары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 354 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2016 18061
    • DOCX 281.6 кбайт
    • 194 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таласбаева Толқын Турганбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21554
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 135 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога-психолога в организациях дошкольного образования

Педагог-психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 345 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика воспитания детей дошкольного возраста по системе Марии Монтессори

Монтессори-педагог

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов