Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Күз мезгілі жайында білімін кеңейту, күз
мезгілінің ерекшеліктерін есте сақтауға үйрету.
Ойын сауық кешіне қатысушылар: балалар, тәрбиеші, күз
ханшайымы, алма, шие, өрік.
Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер, ата – аналар!
Мектепалды даярлық «Жауқазын» тобының «Алтын
күз» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Алтын күзде отбасыларыңызда
мереке болсын, дастарханыңызда молшылық болсын деп тілек білдіремін.
Тәрбиеші: Балапан білім ап ұясында,
Қыран боп биікке самғасын.
Риза боп тәрбиешілер, ата –
аналар,
Қуанып бір марқайып
қалыңдар – деп ортаға балаларды шақырайық.
Күз деген не күз деген,
Жауабын кім бар іздеген?
Күз деген жылдың мезгілі,
Кездесіп жүр бізбенен.
Ат қойып, айдар таққандай?
Осы бір мезгіл шақ қандай?
Ойланып көрген әр бала,
Жауабын өзі тапқандай.
Күздің көп қой жауыны,
Соғады кейде дауылы.
Неге күзді ұнатқан,
Адам заттың қауымы.
Соққанмен кейде дауылы,
Береке – күдің жауыны.
Сол жауынмен өсіпті,
Бақшаның қарбыз – қауыны.
-
Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?
-
Күз.
-
Күз
мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-
Балалар
жауабы.
Күз ханшайымы: Сәлем өрен достарым!
Сәлем ерен
достарым!
Ән айтыңдар
бақытты!
Молайтыңдар
шаттықты!
Қайыржан. Берекелі күз келді!
Мерекелі күз
келді!
Таңбай. Күз жемісті алтын күз!
Кемелденсін
халқымыз!
Исмағұл. Қалың астық жиылды,
Қамбамызға
құйылды.
Ардақты күз мың
алғыс,
Алтын өнім
сыйыңды.
Би:
«Қолшатыр»
Күз ханшайымы: Рахмет балалар өнеріңе,
Ризамын өнершіл
өнеріме.
Жалғас Ой, алақай тамаша!
Шашу шашты
жапырақ.
Бақтың іші
алаша,
Сары жібек
көйлектей.
Беркін Алтын күн әсем айналам,
Қараймын көзім
талғанша.
Сары алтындай
күзбен біз,
Қоштасамыз
ендеше.
Сән үлгісі: балалар
Көрініс: «Патшаның екі ұлы»
Тәрбиеші: Құрметті Алтын күз! Сізге арнап балалар мақал
– мәтел айтып береді.
Аманжол Жері байдың - елі
бай.
Альбина Жердің сәні - егін,
Ердің сәні –
білім.
Гүлдана Арпа бидай - ас екен,
Алтын, күміс -
тас екен.
Би:
«Үнді»
-
Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?
-
Күз.
-
Күз
мезгілінде неше ай бар?
-
Балалар
жауабы.
-
Қандай?
-
Балалар
жауабы.
Тәрбиеші: Ендеше балалар бізге күз айлары қонаққа
келіп қалды ортаға шақырайық.
Гүлбаян Қыркүйек
Білімге бастады,
Мал мен аң жүр билеп.
Құс шарлап аспанды.
Альбина Қазан
Жанартқан ғаламды,
Жаңбарлы ғажап ай.
Осынау заманда,
Орнатқан қазан ай.
Мадина Қараша
Мол байлық тергені,
Шаттығы қаншалық.
Қараша өнерлі,
Қараша ән салып.
Күз ханшайымы: Ал қыркүйек, қазаным,
Қолданатын
қараша.
Орындалсын
талабын,
Іс – істеңдер
тамаша.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің мерекемізге қатысқалы Күз
ханшайымы өзінің жемістерімен, көкөністерімен келіп отыр екен ортаға
шақырайық.
Бекет Алма
Алма пісті
келіңдер,
Жемістерін
теріңдер.
Гүлдана Өрік
Мен сары өрік,
сары өрік,
Аузыңа кәне сал
көріп.
Алдияр Шие
Мен шиемін,
шиемін,
Күннің көзін
сүйемін.
Қышқыл шырын
менде бар,
Төмен басты
иемін.
Хор: Қыстың қамын ойлаймыз,
Күздің тойын
тойлаймыз.
Күз ханшайымы: Ау, достарым тоқтаңдар,
Шаттықтада
тоқтам бар.
Қыста қызық
тойлаңдар,
Қыстың қамын
ойлаңдар.
Хор: Қатаң қысқа дайынбыз,
Қарсы аламыз
уайымсыз.
Күз ханшайымы: Уақыт өнбес тірліксіз,
Бақыт келмес
бірліксіз.
Қыстай еңбек етіңдер,
Қыстан аман
өтіңдер.
Тәрбиеші: байлығымды жинадым,
Барымды мен
сыйладым.
Алға бастар
жалым бар,
Аман есен
болыңдар.
Хор: Жасайды той халқымыз,
Жаса! Жаса!
Алтын күз!
Ән: «Жаңбыр»
Тәрбиеші: Осымен Алтын күз мерекесіне арналған
ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.