Инфоурок Дошкольное образование КонспектыАшық тәрбие сағаты "Достық пен жақсылық"

Ашық тәрбие сағаты "Достық пен жақсылық"

Скачать материал

Тақырыбы: "Достық пен жақсылық"

Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру. Өзара достық, «жақсылық» ұғымдары, адамгершілік құндылықтары жөнінде мағлұмат беру. Достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету. Адал дос болуға, достаса білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, қорытындылау.

Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, жапырақтар, күн, сюжетті суреттер.

Барысы:

І. Шаттық шеңбер

Армысың, шапағатты күніміз!

Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, Табиғат анамыз!

Әдеппен бас иер баламыз!

Қайырлы таң, қайырлы күн баршаға,

Қош келдіңіз, біздің сыныпқа!

ІІ. Әңгімелеу

Балалар біз бүгін адам бойындағы достық пен жақсылық қасиеттері жөнінде әңгімелейміз.

- Балалар сендер «достық» дегенді қалай түсінесіңдер? Достар қандай болады? (балалардың жауаптарын тыңдап, тәрбиеші толықтырады) Сендердің достарың қандай екенін білу үшін ойын ойнайық балалар.

Ойын: «Менің досым»

Тәрбиеші: Балалар, мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?

Балалар: Менің досым ренжітпейді

Менің досым алдамайды.

Мен досыммен бірге ойнаймын.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Достар тату, мейірімді болады. Достар бір-біріне көмектеседі. Бірге ойнайды, бір-бірін ренжітпейді. Ал егерде ренжітсе кешірім сұрайды.

Балалар, достық туралы мақал-мәтелдер айтайықшы. Мақал-мәтелдерді талдау.

Балалар «жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жақсы адам – ол қандай адам? (балалардың жауаптарын тыңдап, тәрбиеші толықтырады)

Балалар, дұрыс айтасыңдар, яғни адам бойындағы жақсы қасиеттер ол–үлкендерге көрсеткен көмегі, кішіге қамқор болуы, ұлы табиғатты аялап, мәпелеуі, яғни ағаштарды сындырмау, жерге, суға, қоқыс заттарды тастамау, құстар мен жан–жануарларды қамқор етіп, туған жерге деген сүйіспеншілігі жақсы адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді.

Балалар сендердің бойларыңда осындай жақсы қасиеттер бар ма?

(балалардың жауаптарын тыңдайды)

Сендердің жақсы бала екендеріңді сынап, тексеріп, мүмкін бұл сұраққа өздеріңнің іс-әрекеттеріңмен жауап берерсіңдер. Алдымен мен сендерге «Жақсылық пен Жамандық» туралы мысалымды ұсынамын. Осы мысалды көре отырып, жақсы мен жаманның ара жігін ажырататын боласыңдар.

(балалар «Жақсылық пен Жамандық» мысалын тамашалайды)

 Балалар Жақсылық неге көңілді жүреді?

Ал Жамандық ше?

(балалардың жауаптарын тыңдайды)

Балалар, сендер Жамандыққа көмектесесіңдер ме?

Иә, «Жақсылық жасау да – бақыт...» Балалар: бір-біріңмен адал дос болып, жақсылық жасасаңдар үнемі көңілді жүресіңдер. Қазір нағыз жақсы достар екендерінді дәлелдейсіңдер.

ІІІ. Ойын: «Тірі суреттер» (жұптасып ойнау) Ым, пантамима арқылы көрсет.

-Арасынан қыл өтпейтін достар.

-Достар керісіп қалды.

-Достар кешірім сұрады.

-Достар армандауда.

-Достар қызық бірдеңе ойлап тапты.

-Достардың ойлағанындай шықпады.

Ойын: «Не істер едің?»

Ойын шарты: суретте көрсетілген жағдаяттарға, қойылған сұрақтарға өз ойларын еркін айтып, жауап беру.

Тәрбиелік мақсаты: балаларды жақсы қасиеттерге баулу.

ІУ. Балалар:

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Ата – анаға қамқор боп,

Асыл мұрагер болайық.

Досымызға берік боп,

Тату-тәтті болайық.

Әдепті де, тәртіпті

Жақсылығын қолдайық.

Балалар:

Жақсылыққа – жақсылық,

Әр кісінің ісі.

Жамандыққа – жақсылық

Ер кісінің ісі. (М.Әуезов)

Балалар:

Жақсы болсаң, жердей бол

Бәрін шыдап көтерген.

Таза болсаң судай бол

Бәрін жуып, кетірген.

Біреуге жақсылық етсең –

Ол жақсылықты міндет етпе! (М.Әуезов)

Балалар:

Жақсылық жүрген жерде, таршылық болмайды.

Тәрбиеші.

Жақсы сөз – жақсы тілек,

Болайық ізгі ниетті.

Жақсы ойлап кісіге,

Тілейік үлкен – кішіге – деп тамаша сөздермен айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, достарыңмен көңілді болып әрдайым, бақытты боласың.

У.Сергіту сәті

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады,

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы атқарады.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау менің – сол қолым

Барлық істі атқарады.

Мынау - менің оң аяғым,

Мынау - менің сол аяғым

Жақсылыққа апарады.

УІ. «Достық ағашы» ойыны. Балалар достар қандай болатынын айтып айтып ағашқа жапырақтар іледі.

Тәрбиеші балалар қараңдаршы, егер де достарың жоқ болса, мына жапырығы жоқ ағаш секілді көріксіз боласыңдар. Ал егерде, достарың көп болса мына ағаш секілді әдемі, көрікті боласыңдар.

Ағаш-тамырымен,

Адам-досымен мықты.

«Көңілді күн» ойыны. Балалар кандай жақсылық жасау керектігін айтып күн сәулелерін іледі.

Тәрбиеші: Балалар, егер де үнемі осындай жақсылық, жақсы істер жасасақ, осы күн сияқты жадырап, жайнап, көңілді жүреміз.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Бүгін біз достық пен жақсылық туралы әңгімелестік. Достарымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір-біріне көмектеседі. Достарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір - бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады. үнемі жақсылық жасап жүру керек.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Достық пен жақсылық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 342 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2017 1488
    • DOCX 17.3 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Назарханова Гүлнұр Сәрсенбіқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12718
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Создание музея в образовательной организации: теория и практика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 119 человек

Курс повышения квалификации

Развитие и воспитание детей дошкольного возраста в условиях реализации федерального государственного образовательного стандарта дошкольного образования (ФГОС ДО)

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс повышения квалификации

Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 098 человек

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе