Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты "Шын дос болу - бақыт"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Ашық тәрбие сағаты "Шын дос болу - бақыт"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

«Шын дос болу – бақыт»

Мақсаты: а) оқушыларға достық адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру, досқа деген танымын, талғамын шындау;

ә) өз ойларын ашық айта білуге, берілген сұраққа ойланып нақтылы толық жауап бере білуге үйрету, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту;

б) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өзінің, досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, сызба нұсқалар.


Барысы:

Кіріспе.

Досым саған сенемін, сеніп өтем,

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген өмірдің көрігі екен,

Достық деген адамның серігі екен, - деп Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлағанындай бүгінгі тәрбие сағатымыз «дос» туралы әңгімелесетін боламыз. Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керектігі жөнінде әрқайсымыздың өзіндік пікіріміз бар екендігі белгілі. Ал осы «дос» деген сөздің мәні неде екен?

Аталарымыз айтқанындай адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтанда жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғысатын, түсінетін, жарасып жүретін сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажетті табиғи тілек. Әйтпесе халық даналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын» демес еді.

Аристотель айтқандай «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсеі өйткені ешкім, ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».

Кезекті дос туралы тақпақтарға берсек:


Сулупан. Дос көп елді жүретін сыр ақтарып

Жандарынан тұратын шуақ тамып,

Домбырамның үні де естіледі,

Достарымның сырлары сияқтанып

Дос жүрегі қашанда аңсағаным,

Солармен қосылып ән саламын.

Асылбек. Ақ пейілді аңсаған достарымды,

Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.

Көңіл – дария, толқыған асылдарым,

Сендер менің жылдарым ғасырларым.

Тіршіліктің тұздығы достық екен,

Достарымнан ештеңе жасырмадым

Шын достықтың оттары жалындайды,

Дос қамалдар ешқашан алынбайды

Дос көңілдер есепке бағынбайды.

Дос жүректер өсекке бағынбайды.

Рахима. Күн шығады дүниені нұрландырып,

Достар әні өшпейтін бір мәңгілік

Дос көңілі сияқты шашырайды,

Күннің өзі көктегі тұрған күліп.



Жарылған. Сағыныш толы кеудені кернеп жыр – көшкін,

Достықтың келді сазына әнмен үн қосқым.

Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен,

Биіктен сайлап орнынан адал, шын достық.


Достық алдымен екі адамның адалдығы. Ал адалдық – рухани тазалық. Онсыз сен досың үшін майданда жан бере алмайсың.

Негізгі бөлім.

Бүгінгі сабағымызда мына сұрақтарға жауап іздеп пікір алысамыз.

1) «Дос», «дос болу», «достық» дегеніміз не? Достықтың шынайы белгісі қандай болады деп ойлайсындар?

2) Достық сезімі дегеніміз не? Ол нені білдіреді?

3) Нағыз достық белгісі не?

4) Қандай адамдар бір – бірімен дос бола алады?

5) Сенің досың барма? Ол қандай адам?

6) Қалай ойлайсың досқа сын айту жақсыма?


1) «Дос», «дос болу», «достық» дегеніміз не? Достықтың шынайы белгісі қандай болады деп ойлайсындар?

Сатбергенова Зәуре жауап береді.


Гаухар: Дос емес, достық сөзін көтермесе,

Салған жерден түбіне жетем десе.

Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Жандос: Нағыз дос бір – біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды

Жақсы – жаман айтар деп елемейді,

Бақ – дәулет сол адамнан айрылмайды.

Нурбол: Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей қылып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

Міне, балалар, достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, сырыңды айтатын, қуаныш қайғыңды бөлісетін адамның болуы. Бұл жөнінде ұлы В.Шекспир былай деген:

Не жетеді нағыз досқа, асылға,

Қуансаң да, қайғырсаңда қасында.

Қиналады – сен қиналсаң болғаны,

Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол дағы.


2) Достық сезімі дегеніміз не? Ол нені білдіреді?

Таугалиева Баян


Достық – аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гәуһар тас. Жұлдыз да, асыл таста кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш қүдірет те кірлете алмайды. Сондықтан да осыларға теңеген екен. Досыңның кішкене сыйын көптей көр, досыңа қанша көп берсең де аздай көр. Нағыз досың адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін сәтсіздіктрге мойымауға жәрдемлеседі. Сондықтан да достыққа ешқашан сызат түсірмеу керек.

Достық сезімі - өмірде адамдар бірін- бірі қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы,

біріне – бірі тірек болып, әсіресе қиын – қыстау күндерде бірге болып жанынан табылуы.


Кәне, енді дос туралы мақал – мәтелдерге кезек берейік.


Мөлдір 1.Жүз сомың болғанша,

Жүз досың болсын.

Теңдик 2.Қимас досың сұраса,

Қимасыңды бересің.

Эгамназар 3.Достың мыңын алма, бірін ал.

4.Ақылсыз достан сақтан.


Жазира 5.Пайдасыз мың жолдас, жоқпен тең,

Жанын қиған бір жолдас көппен тең.

Нұрхожа 6.Доссыз өмір, тұссыз ас.


Хор: «Достар туралы жыр»

3) Нағыз достық белгісі не? Айгазиев Жанабил

Жаны таза, жүзі жылы, жөні түзу, ақылды, парасатты болу – нағыз достықтың белгісі.

«Жақсы адам – тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң досың көп, жаман болсаң досың жоқ, орташа болсаң бір жақсыға ілесе аласың.

Нағыз достың бір белгісі – шыдам, сабыр. Ежелгі грек философы Биастың «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады» дегені рас.

Шын дос үшін қалайда,

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда

Досың менен қасыңда, - дегендей досты асықпай таңдап, оның қадірін білу керек.


4) Қандай адамдар бір – бірімен дос бола алады? Табылдыбаева Гаухар

Бір – біріне пейіл ықыласы түскен, жан – жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой – ниеті үлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. «Сен досыңның кім екенін айт,мен сенің кім екеніңді айтып беремін» деген екен ғой бір дана адам жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы достар жан – дүниесі, ой - өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенді мезгейді.

Достасу – ізгі ниетті адамдардың бір – біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып, іс - әрекетке ортақтасуы. Достасу – ігі қасиет. Ол ізгілікке әрбір әдепті адам пейілді болады.

Тимур. Достық - әдеп, сыйласым,

Дос - өмірлік қимасым.

Дос арыңда қымбатты,

Достық сезім тым тәтті.

Достық – игі жақсылық,

Достық ниет – жақсы үміт.

Достық жасап адамға,

Достаса біл әманда.

Нұрсұлтан. Өрге жүзген өнегелі ісімен

Таңда адал дос көп адамның ішінен.

Дүниеде жалғыз қалған – адамның өлгені,

Қапашылықтың бәрі соның басында.


Көрініс: Нұрбол, Тұржан, Жанабил, Нурсултан, Жандос, Асылбек




5) Сенің досың барма? Ол қандай адам? Крейова Әсем

Биби. Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.

Жадыра. Ағаш біткен дос болып тербелейді,

Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.

Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол,

Бір неше қол осынау жерде мені.

Баян. Достық деген таусылмайтын қазына,

Көктемде де солып қалар гүл емес.

Қарамайдыол сыйдың көп пен азына,

Нағыз достар сый да тілемес.

Міне, балалар, дос көзден де, көңілден де кетпейді. Ата – бабаларымыздан келе жатқан қағида, рухани өсиет достыққа адалдық туралы жан тебірентерлік сұлу аңыздар да бар.


Би: «Қамажай» Жайна, Асия, Жадыра


6) Қалай ойлайсың досқа сын айту жақсыма?

Кенесова Арайлым

Менің ойымша, егер сен досыңа ол туралы, оның қылықтары туралы не ойлайтыныңды тура, ашықтан ашық, тіпті қатаң түрде айта алмасаң немесе одан өзің туралы дәл сондай шындықты құлақ асып тыңдай алмасаң, онда сендер бір – біріңе шынымен сенбейсіндер, біріңді – бірің түсінбейсіңдер, құрметтемейсіндер дер едім.

Қанша дос боп жалғасам да аяулы арман тілекті,

Аямайтын ашы сыным ашындырар жүректі.

Табысыңа шын қуанып, сырға қоссам сыр алуан,

Бекер басқан қадамыңды бетке айтпай да тұра алман.

Ал кім ұлы адамдар, ақындар айтқан ұлағатты сөздерді біледі екен?

Тұржан. Жақсыменен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманменен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп. ( Махамбет Өтемісұлы)


Жанабил. Пайда жоқ бұл заманда толы достан,

Жақсы ғой жұртпен сирек жолығысқан.

Біреуге серігім деп сене өзі дұшпан.

Алдымен саған соның өзі дұшпан. (Омар Хайям)

Әлийма. Шырқ айналар шіркін тауық,

Жемің болса қолыңда.

Қайдағысы сені тауып,

Топырлайды жолыңда.

Досыңмын деп ант берді,

Жем іздеген жанама.

Жем таусылса жалт берді,

Сенерлік дос берді. (Сәкен Сейфулин)



Ән: «Достарым»




Қорытынды.


«Қабуснамадан» дос туралы өсиет оқып беріп, оны естелік ретінде таратып беру.

Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады. Достасудан бірлік, бірліктен тірлік, тірліктен жеңіс, жеміс, қуаныш, бақыт туады.

Олай болса балалар «Шын дос болу - бақыт» екен.
















«Манашы орта мектебі» ММ
















«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келсімнің және жасампаздықтың 20 жылы»




Дайындаған: Джумабаева.Г
















2011 – 2012 оқу жылы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-309307

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>