Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Туған жер ұғымы"

Ашық тәрбие сағаты "Туған жер ұғымы"

Скачать материал

                  

                                         

     Сабақтың тақырыбы:       Туған жер ұғымы              

     Сабақтың мақсаты:   1.     Мәтін бойынша жұмыс істей отырып,

                                                білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара байланыстырып,

                                                ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.                                                                       

                       2. «Туған жер. Атамекен. Отан» тарауы бойынша өтетін

                             сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, сауатты жазу

                                           дағдыларын және ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

                        3.      Қазақ халқының салт-дәстүріне баули отырып,

                            адал еңбек етуге, мәдениеттілікке, табиғатты

                            қорғауға, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.                                        

Сабақтың түрі:               аралас сабақ                                  

Сабақтың әдісі:               түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, топтық жұмыс.                                  Сабақтың көрнекілігі:   тақырыпқа байланысты суреттер.

 Сабақтың пәнаралық байланысы:     орыс тілі.

                                  Сабақтың барысы:

  І.  Ұйымдастыру кезеңі.

  ІІ.      Үй тапсырмасын тексеру.  

 Өткен тақырыптарды қайталау. 3-4 нұсқадан тест тапсырмаларын қарастыру.

ІІІ. Бекіту кезеңі.

      Топтық жұмыс. Жазбаша орындайды.   

               Сыныпты үш топқа бөлу. Дайындалған тапсырмалар ішінен әр топ өз   тапсырмаларын алады. Дайындыққа 15 минут уақыт беріледі.

         І, ІІ, ІІІ, ІҮ топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.     

              Әр топтан бір оқушы шығып, үстелдегі конверттің бірін таңдап алады.

       Конвертте өткен грамматикалық тақырыптарға  жазылған тапсырмалар бар.

         Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін жауап үлгісі бойынша бір-бірінің

         тапсырмасын тексереді.

ІҮ.  Мақсат қою кезеңі.

              1. Кіріспе әңгіме.

              2. Екпін. «Туған жер ұғымы»  мәтіні бойынша жұмыс.

3. Жаттығу жұмыстарын орындау.

4. Бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

Ү. Материалды түсіндіру кезеңі.

1.  Кіріспе әңгіме.

-- туған жер;

-- туған жерді сүю;

-- Жер-Ананы құрметтеу туралы айтамыз.

2. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар, түсінгендеріңді мазмұндап беріңдер.

                                       Туған жер ұғымы

        Әркімге туған жері қымбат! Адам үшін туған жерден артық еш нөрсе жоқ. Туған жер деп адам өзінің туып-өскен жерін айтады.

        Туған жер ұғымы — кең үғым. Бұл ұғымға туған үйің, туған ауылың, туған қалаң жатады. Қазақ халқында туған жер мен туған ел, Отан деген түсініктер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымдар. Қайда жүрсең де өзің туып-өскен ауылыңды, қалаңды ұмытпайсың, себебі сол жерлерде сенің балалық шағың, жастық кезің өтті.

       Біздің халқымызда кіндік кескен жер, өңір, аймак, өлке — атамекен үғымына кіреді. Біз үшін атамекен, туған жер — құдіретті, қасиетті нәрселер. Көлемі бес Францияға, тоқсан екі Бельгияға пара-пар еліміз қазір даму үстінде.

       Әрине, жас кезіңде жер бетін аралап, көргің келеді. Бірақ өз туған еліңді ұмытпа! Шетелде білім алып, көп нәрсе үйренсең де, Отаны-мыздың келешегі үшін еңбек етуге тырыс.

Қазак халқында "Ел іші — алтын бесік", "Ел-елдің бәрі жақсы, ез елің бәрінен жақсы" деген даналық сөздер бар. Еліңнің, жеріңнің кадіріне жетпесең, өз қадірің де болмас. "Дүниеде туған еліңнен артык ел де, жер де жоқ" деген белгілі жазушымыз Ғ.Мүсіреповтің сөзін ұмытпайық.

         Отансыз, туған жерсіз біздің рухымыз биік болмайды.

1. Сөздік жүмысы. 1.  Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптеріне   жазу.

2.  Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:

3.  Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4.  Сөйлем құрау.

ҮІ. Түсінгенін тексеру кезеңі.     

      1. "Туған" сөзі төменде берілген сөздердің кайсысымен тіркесе алады? Жазыңдар. Үлгі: туған қала, туған бала,

Аға, мектеп, оқулык, ана, бауыр, сөз, тіл, күн, ел, мемлекет, Қазақстаным, адам, әлем, Отан, дос, халық, өмір, қонақ, жер.

1.     Сөйлемдерді толықтырып айтыңдар. Сонда жоғарыдағы мәтіннің түйіндемесін (резюмесін) жасайсыңдар.

Туған жер деп .... Адам үшін туған жерден .... Туған жер үғымы .... Сондықтан да қазақ халкы .... Отансыз, туған жерсіз .... Шетелде білім алсаң да ... .                                                                  

ҮІІ. Бекіту кезеңі.

3.   Шағын мәтінді оқып, туған жер туралы айтылған сөйлемдерді теріп жазыңдар.

 4. Берілген сүрақтар бойынша өздеріңнің туған жерлерің туралы айтып беріңдер.

1. Туған жерің Қазақстанның кай жерінде?

2. Туған жеріңде кандай өзен, көл бар?

3. Туған жеріңде кандай оқу орындары бар?

4. Сен қай мектепте оқисың, ол қайда орналасқан?

5. Ата-анаңның туып-өскен жерін білесің бе?

6. Туған жеріңде кандай атакты адамдар дүниеге келген?

ҮІІІ.   Үй тапсырмасын беру.

       1. Жаңа сөздерді жаттап алып, олардан сөйлем құрастырып жазыңдар.

          6-бет. 5,6,7,8-тапсырмаларын орындаңдар.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Туған жер ұғымы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 259 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2017 2766
    • DOCX 19 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Далабаева Асия Смайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Далабаева Асия Смайловна
    Далабаева Асия Смайловна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8379
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой