Тақырыбы: Жерді аялайық!
Мақсаты:
Ø Оқушыларға әлемді дүр сілкіндірген “экология” туралы
мағлұматтар беру.
Ø Оқушылардың білімдерін тереңдеңдету және жетілдіру.
Ø Табиғатты қорғау шараларын жан – жақты насиғаттау,
туған жер табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Көңілді тапқырлар сайысы. (КВН).
Әдісі: Сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үлестірмелі
қағаздар,
әріптер.
Сабақ
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Акт залын безендіру.
б) Топтарға орындар дайындау.
2.
Кіріспе сөз.
Қанат беріп, қайрат пен қиялға аман,
Пәк табиғат! Саған жыр жиі арнаған.
Жазалар ем алдымен адамды,
Жер – Ананы сәбише сүйе алмаған.
Жасыл бұта жая алмай жапырағын
Сусыз жерде сусылдап жатыр, ә құм.
Суретші емес, бәріңді орманшы боп,
Табиғатты
қорғауға шақырамын.
Жүргізуші:
Сәлематсыздар ма, құрметті оқытушылар мен оқушылар. Сіздермен “Жерді аялайық!.“орны
толмас ойсырау”” атты тақырыпта КТК өткізгелі отырмыз.
Бүгінгі
таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық “экология” мәселесіне үн қосу үшін.
Табиғат, Жер
– Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық
сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір – бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті екенін біз сіздермен бірге
анықтаймыз.
“Көңілді
тапқырлар кеші” төрт бөлімнен тұрады:
1.
Таныстыру;
2.
“Жерді аялайық!” үй
тапсырмасы;
3.
“Табиғат – сен тіршілік
тұнып тұрған” сұрақ – жауап;
4.
“Әріптер cыр
шертеді” капитандар сайысы.
5.
Би кеші.
Біздің “Көңілді
тапқырлар кешін” бастауға рұсат етіңіздер!
І. “Көңілді
тапқырлар кешіне” қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық:
1. “ Жастар ”
студенттері
2. “ АДАМ ”
студенттері
3. АВС – 15
тобы командасы
Әуен.
Жүргізуші:
Сайысымызда
әділ баға беріп, ортамыздан табиғаттың жан тәнімен қорғауға дайын жастарды
“Жасыл желек” марапатына ие болатын топты анықтайтын әділ – қазылар алқасымен
таныстырып өтейік:
1.
Әубәкір Батима Наскенқызы
- әдіскер.
2.
Қойшыбаева Ботагоз
Фазылқызы – тәрбие - ісінің орынбасары.
3.
Нигиметова Қарлығаш
Жазбаевна – ӘДБ төрайымы.
Сахна сыртынан әуен
ойнайды.
Жүргізуші:
Табиғаттың
тарылмасын мөлдір кәусар тынысын,
Пәк
табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың – дей отырып, “Таныстыру” сайысына
шақырамыз.
Жүргізуші: Әділ – қазылар “Таныстыру ” ұпай сандарын
берсеңіздер.
ІІ. “Жерді аялайық”
үй тапсырмасына кезек берелік.
Сахналық қойылым.
Жүргізуші:
“Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз.
Таба алмасам ақылды болар неміз? – деп, кезек сұрақ – жауапқа да келіп
жетті.
ІІІ. “Табиғат – сен
тіршілік тұнып тұрған” сұрақ – жауап.
”Әділ – қазылар
дайындаған сұрақтар.
- “Табиғат
– сен тіршілік тұнып тұрған” сұрақ - жауап сайысына ұпай сандарын
берсеңіздер.
Жүргізуші:
ІV. “Әріптер сыр
шертеді” сайысынада келіп жеттік.
Команда Капитандар
сайысы:
Таблода 42 әріп
берілген.
А,Ә, Б,
В,Г,Д,Е,Ж,З,И,Й,К,Л,М,Н,О,П,Р,С,Т,У,Ф,Х,Ц,Ч,Ш,Щ,Ъ,Ы,Ь,Э,Ю,Я осы әріптерден бір
әріп тастамай әңгіме құрастырасыздар. Әріптердің орындарын ауыстыруға
болады.Тапсырма түсінікті болса сайысымызды бастаймыз. “ Жастар” тобының
капитанына кезек береміз кезек береміз.
-
“Әріптер сыр шертеді” сайысының ұпай сандарын берсеңіздер.
Ән “
Табиғатым” орындайтын Каликова Маржан мен
Абильдина Дамира..
Жүргізуші:
Сөз кезегін әділ – қазылар төрайымы:
Әубәкір Батима
Наскенқызыына береміз.
Міне, сайыс мәресінеде жеттік. Сайыстың аты сайыс. Жеңілгенді жер
көтереді – дегендей екі топта өз өнерлерін ортаға салды. Жақсы дайындалған.
“ ” құрама командасы
Мақтау қазағымен марапатталады.
Жүргізуші:
Қасиетті,
қайырымды Жер – Ананың,
Мейірімінен
өмірге нәр аламын.
Аялы
алақанмен аялау да
Азаматтық
борышы әр адамның.
Жер –
ананың ажырамас бір бөлігі Табиғат.
Табиғатсыз адамдардың
күні жоғы ақиқат.
Химияның құдіреті
дамыған мынау ғасырда
Табиғатты жан –
тәніңмен қорғап өтші, Адамзат!- деп, “Көңілді тапқырлар кешін” аяқтаймыз. Көңіл қойып,
тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет.
ҚОШ САУ
БОЛЫҢЫЗДАР!
БЕКІТЕМІН:
ҚАРАЛДЫ:
директордың ОЖ ӘЦК
төрайымы:
орынбасары
Нигиметова Қ.Ж
Рахимжанова Г. Қ. _______________
_____________
«____» _______ 2011ж
«____» _______ 2011 ж
Көңілді тапқырлар
кеші
Тақырыбы:
Дайындаған оқытушы:
Нұрман Бағила
Төлеуқызы
Өткізген орны: АКТ
залы
Мерзімі: 30.11. 2011 ж
Астана – 2011
БЕКІТЕМІН: КЕЛІСІЛДІ:
ҚАРАЛДЫ:
директордың ОЖ Әдіскер
ӘЦК төрайымы:
орынбасары
Б.Н. Әубәкір Нигиметова Қ.Ж.
Рахимжанова Г. Қ. _______________
_______________
_____________ «____»
_______ 2011 ж «____» _______ 2011ж
«____» _______ 2011 ж
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш.
Дайындаған оқытушы:
Нұрман Бағила Төлеуқызы
Өткізген орны: 24 кабинет
Мерзімі: 28.11. 2011 ж
Астана - 2011
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.