Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / «Қасиетіңнен айналдым –Мерғалым ата» тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

«Қасиетіңнен айналдым –Мерғалым ата» тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Б.Уахатов атындағы орта мектеп

Тақырыбы: Мерғалым Мұхтариханұлы 80 жылдығына

«Қасиетіңнен айналдым –Мерғалым ата»



Мақсаты: туған жердің топырағынан шыққан киелі, қасиетті, сынықшы, емші, көріпкел Мерғалым атаның өмірімен танысу, болашақ ұрпақты туған жердің тарихын құрметтеу, қастерлеуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

«Қасиетіңнен айналдым –Мерғалым ата» атты сынықшы, емші , көріпкел, оташы,бойына қасиет дарыған, қазіргі уақытта есімі ауылымызға берілген Кабдуллин Мерғалым Мұхтариханұлының 80 жылдығына арналған салтанатты шараға хош келдіңіздер.


2-жүргізуші:

Туған елдің топырағынан артында өшпес белгі қалдырған, еңбектері өлшеусіз,талапты да дарынды ғалымдар , еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері өсіп-өніп ұшып шыққаны белгілі.Солардың бірі еліміздің мақтаншы, республика көлемінде, ТМД елдерінде аты танымал халық емшісі болған Мерғалым атамыз.


1-жүргізуші:

Сарыарқа өңірі сияқты киелі, қарағайлы өлкеде, қасиетті топырақта дүниеге келіп, өсіп-өніп өзінің қысқа да саналы бар ғұмырын халқына арнаған, бойында ерекше қасиеті бар, медициналық білімі болмаса да оташы, сынықшы болған, көріпкел, бар қасиетін халқына арнаған, құрметті ,елінің елеулі азаматы бола білген- балтаның сабындай ғана қысқа өмірінде Республика көлеміне , ТМД елдеріне соның ішінде Ленинград қазіргі Санк-Петербург, Омбы,Новосібір,Якутяға танымал болған – Кабдуллин Мерғалым Мұхтариханұлы.


2-жүргізуші. Сөз кезегі мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің маманы Салимова Мейрамгүл Сагдатовнаға беріледі.













Оташы, сынықшы,қасиетті Мерғалым ата

Мерғалым Ғабдуллин көзінің тірісінде аңызға айналған адам. Елдің айтуында бала кезінде әлдекімге ренжісе сол адамның бір жері буынынан тайып кетеді-міс. Ол тоңтерістеу, халықтың ашқұрсақ уақытында өмір есігін ашып, соғыстан кейінгі жылдардағы ауыртпашылықты арқасымен сезініп өсті. Әдетте адамды меңдеген нақты дарын өз ортасына ерекше шуақты болып келеді.Ерекше қасиет пен мейірім шапағаты бір-бірінен ажырамас түсініктер. Оның қызылшырайлы, атжақты жүзінен қан ойнап, қой көздерінің қиығы күлімсіреп, қуақыланып, ортадан сәл тұрықтылау бойын тік ұстап, жіті басып, жайраңдап жүруші еді. Өзі теңдестерге тілінің аздаған шымшымасы да болатын. Үлкенге сәлемшіл, кішіге шуақты еді. Ол өзінің бойында әлдеқандай бір тылсым қасиеттің барын қашан сезгенін, сол сияқты осы қасиеттің табиғатының құпиясын өзімен бірге мәңгіге ала кетті. Сондықтан да оған емшілік осы шағында дарыған деп дөп басып айту қиын. Десекте кейбір деректерге сүйенетін босақ, мәселен,Н.Хасеновтың естелігінде 1941 жылы аңшы Молдақаш Сейсекенов аттан құлап, аяғы қайырылып қалады.Дереу Қортқа шапқыншы жіберіледі. 6-7 жасар сынықшы бала келе саптама етікті тіліп тастап, аяқты орнына салды. «Ортан жілік шорт үзіліпті. Бір-екі айда жүріп кетесіз» деп ойын балаларына ере кетеді екен.Асқа шақырған кезде өзі әліптес балаларды ерте келеді. Осыған қарағанда сынықшылық қасиет ерте бала кезден қонғанға да ұқсайды. Мерғалым тәрізді ерекше қасиет иесін өзі тәрізді көзі қарақты адам танып біледі екен. Сондай адамдардың бірі Түсіп молда (1900-1990) еді. Ол осы моллалығы үшін қамауға алынғанда есіктің құлпы өзінен-өзі ашылып қала береді екен. Сол кісі Майқарағайда қонақ болып отырғанда Мерғалым ас үстіне келеді. Бұрын бейтаныс екі адам бір-біріне сәл үнсіз қарасып, тұрып қалды. Түсіп ақсақал «мына жігіт қасиетті екен, нағашыларынан дарыған » деген екен. Сынықшы,қасиетті Мерғалым ата Қорт ауылында (қазіргі Мерғалым ауылы) 1935 жылы 8қыркүйек айында Мұхтарихан мен Рабиғаның отбасында дүниеге келген. Әкесінің әжесі Айша апа желек астында сынық салған шипагер,емші болған. Сол кісінің сынықшылық қасиеті Мерғалымның бойынан табылды. Сөйтіп, оқыс зардапқа тап болып, тәңірден жан сауға сұрап, қуат тілеген ем іздушілік мұңлықтардың алғашқы үміті мен сенімі Мерғалымға ерте ауғанды. Себебі ол бейбақтардың жолдары болып, жас баланың алдынан жеңілдік алып жазылып жатты.Ақыры «бұл балаға емшілік қасиет ұлы атасынан ауып дарыған» деген сөз бүкіл елге жайылып кетті.Сөйтіп әйгілі емші, сынықшы-оташы. Әртүрлі құбылыстарды, әсіресе аурулардың келуін алдын ала сезіп, болжап тұру қабілеті қонған, адамдардың сезім ықтиярын өз ыңғайына көндіретін үлкен қасит иесі, аруақты адам.Мерғалым атамызға қанша адам қаранып, шарапатта ем домын қабылдап, сауығып шыққаны туралы нақтала жазба деректер жүргізілмепті. Бірақ ел жұртшылығының айтуына үңілсек, Қорт ауылындағы емшінің үйіне жаңа келген сырқаттар кіріп жатса, алдыңғылары емдерін қабылдап, қош айтысып, кейінгілерге орын босатып аттанып жататын сияқты.Мың-мыңдаған бауыр қарындастарымызды әйгілі сынықшының қалай емдеп сауықтырғаны жөнінде басы қасындағы адамдар айтып берген. Мерғалымның қасиеті айқын көріне бастаған кездің өзінде ол елден ерек қамқорлық көрген емес. Екі қолға бір күрек дегендей еңбекке араласты, елден ат мініп, шапана жамылып кәсіп еткен жоқ. Атақ-абырой келген шағында да ерен қасиетін саудаға салған емес.Адам құрылысын зерделеп оқыған да жоқ. Бірақ зердесінде сайрап тұр. Күн өткен сайын бірден-бірге айқындала түсетін тәрізді. Ғажап. Сынықшының өзі туралы бастапқы ой байламы осы тәрізді болса керек. Күл-талқан болған сүйектерді салу шеберлігі де, оташылдығы, көріпкелдігі, болжау қабілеті де оның кереметігінің, қасиетінің куәсі.Көзі тірісінде аты төрткүл дүниеге мәлім болған,Республикадан тыс көршілес Ресей мемлекетіне аты шыққан қасиетті адамның біздің ауылымыздың тумасы болғанына мақтанамыз.Осындай ғұлама адамның, еліміздің үлкен мақтанышы бола білген, қазіргі таңда ауылымызға есімі берілген жанның жүрегі 1985 жылы 51 жасында мәңгілікке тоқтады. Жүрек тоқтады, дегенмен рухы, емі, қасиеті әлі талай жылдар санадан жоғалмайтыны сөзсіз.Соңынан оның алдынан қайтқан жүздеген адамдар, одан да көп аңыз, ғылым үшін Адам табиғатының ашылмаған тағы бір құпиясы қалды.Жақсылығын, емін көрген соңындағы ұрпақ Мекеңнің есімін ұрпақтан-ұрпаққа жүректерінде сақтап жүретіні анық.


Жүргізуші: сөз кезегі мектеп оқушыларына беріледі.

Трихқа шолу.

Н.Хасеновтың естелігінде 1941 жылы аңшы Молдақаш Сейсекенов аттан құлап, аяғы қайырылып қалады.Дереу Қортқа шапқыншы жіберіледі. 6-7 жасар сынықшы бала келе саптама етікті тіліп тастап, аяқты орнына салды. «Ортан жілік шорт үзіліпті. Бір-екі айда жүріп кетесіз» деп ойын балаларына ере кетеді екен.асқа шақырған кезде өзі әліптес балаларды ерте келеді.

Е.Айдарғалиев, облыстың құрметті азаматы: Мерғалымның емші- сынықшылық қасиетінің ерекше екендігіне өз көзім жетті.1972жылы он жасар немереміз Руслан велосипедтен құлап,қолын сындырды.Дәрігерге апарып,гипс салдырдық.Бірақ бала шырылдап қолды-аяққа тұрмады.Содан Майқарағайды бетке алып шықтық.Біздің келерімізді сезген Мерғалым түннің жарымында есік алдынан қарсы алды. Гипсті алып тастап,сүйектерді орнына келтірген соң бала бірден тынышталды. Небәрі екі апта ішінде бала құлан-таза жазылып кетті.Кейін дәргерлер еш ақау таба алған жоқ...


Баймаш Әлиқожа естелігінен

Баласы қатты сырқаттанып, төсектен басын көтере алмай дөңбекшіп «Алла-лап» қалыпты деседі.Бүкіл ауыл апшысы қуырылып қалады. Дереу Мерғалымға көрсетеді. Бұл баланың құйқасы кеуіп, жұқара келе бас сүйекке жабысып қалған. Сол себепті ауаның да, қанның да баруы қиындап тұр. Оған қазы тартып жібітемін. Сонда мүмкін ажырап кетер,-деп керегінше сылап, емдап қарайды. Өзінің білгіштігінің арқасында науқасты дерттен емдеп жазады.

1968 жыл.Ауаткомның кезекті сессиясы.Аудандық советтің үш депутаты ГАЗ-69 машинасымен ЗИЛ-130 машинасына соқтығысады. Ішінде 5 адамы бар ГАЗ-69 аударылып түседі. Жүргізуші аман, қалғандарына жеңіл көмек көрсетілген соң ауруханада қалмай үйлеріне қайтады. Аурулары жандарына батса да ойлары Мерғалымға көріну. Мерғалым сынықшыны үйлеріне алдырып, қаралады. Бұғанасы сынып, қабырғалары майысқан адамды сылап-сипайды. Жаны көзіне көрініп айқайлап жатқан адам Мекеңнің алақыны тиісімен ұйықтап та кетеді. Кейін сол адам санаториге барғанда айнаға түсірген кезде сынықтың орны да қалмағанына дәрігерлер таңқалысыпты.

Садуов Назымбек Гайсаұлының «Сынықшы бала» деген поэмасы бар.

Соның ІІІ бөлімінде генералдың алған емі туралы жазылады. Екі офицер келіп Саратовқа генералдың шақыруымен алып кетеді. Әскери госпитальда жатқан генералдың оң жақ жамбасы сынған профессор трафматолог аяқты кесу керек деген.Мерғалым ата сынған сүйекті бес минуттта жинаған. Неше күннен бері ұйқы көрмеген генерал ұйықтап кетеді.Отыздан көп дәрігер бақылап тұрған. Профессор таңқалып «признаю» деген екен. Тура үш күннен кейін айнаға түсіргенде орны да білінбеген. Кейін генерал ауылға қонаққа да келген екен.

Сөз кезегі Мерғалым атамен бірге жүріп, бірге өскен достарына сөз кезегін береміз.

Қали ата, Құсман ата,

Жүргізуші:алдарыңызда Уахатов атындағы орта мектебінің оқушылары. 1.Тыңдаңыздар артқы іні,алғы аға,

Қариялардан жырым бүгін,ал баға

Арналады жүрегімнің бұл күйі,

Кабдуллин Мұхтариханұлы Мерғалымға

Бұл атаның мол сыйлығы мол сана

Мол сыйлықтар мектебіңе толса да

Жайқалып өс,жақсы адамның ұрпағы

Сақтап, жаттап әр еңбегін бағала


Ризат

2.Талай даңқты елімізде аталарды біз көрдік,

Өмірлері олардың біздер үшін бір ерлік.

Есімі әр жүректе сақталсын деп,

Мұражайда ағаларға орын бердік.

Ертеден аты мәлім дүйім жұртқа,

Қай ұлыңды сыйдырам бала жырға,

Көтеріп шоқтығыңды асқақтатып,

Туар-ау талай әл нар тұлға.

Кімдерді әкелмеді туған елім,

Айналдым қасиетіңнен ару жерім.

Баршаға аян болған қасиетімен

Өзіңде өспеп пе еді Мерғалымдай ерің.


Нұрым

3.Шолпан жұлдыз секілді қайта жанған,

Шолпан жұлдыз секілді биік тұрған

Сынықшы, қасиетті Мерғалымның өмірі

Қазыналы мұра болып бізге қалған.

Айналайын- қайран ата қолыңнан,

Шипа болған дүйім жұртқа, ем болған.

Сол қолыңнан тәй-тәй басып кетті ғой,

Төрткүл дүние азаматы ем алған.


Айсана

4.Сүйем сені туған ел,атамекен.

Абзал анам сенсің ғой құшағы кең.

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не таптым,қайда кетем.

Топырағыңнан жаратқансың Мерғалымдай атамды.

Қасиетіңнен тудырғансың Қаршығадай ұлыңды.

Сүйем сені туған ел,атамекен.

Өсе берсін қасиетті адамдардың ұрпағы.


Аяулым

5 Ежелден Қорт-Жаңауыл киелі жер,

Дарыған құт-береке иелі жер.

Тумасы осы өңірдің Мерғалымды,

Сыйынып, пайғамбардай сүйеді ел.

Шіркін- ай, аңғал едің, аңғал едің,

Опасыз бұл дүние жалған едің

Дау-дамай бола қалса ел ішінде,

Арасын ағайынның жалғап едің.

Ерхат

6.Ұрпағы едің,асқарлы едің,асқақ ең,

Тартып алды бізден сені басқа әлем.

Лүп-лүп соққан жүрегіңнің қанымен

Жазып кеттің өшпестей ғып аңызды сен.

Дарыған сынықшылық нағашыңнан,

Айналдым Қорт деген ағасынан.

Ұстапсың он екіде бұл өнерді.

Жері жоқ еліңнің де баласынған.




Жәмилә

7.Дәуірлеп,көтеріліп дара тұлғаң

Сөйледің өзің туған даласынан

Жүректі желпіп өткен жібек желдей

Еркелеп қиқулы аққу қанатынан

Маңдайдан сипап өткен самал желді,

Қайран ата, алақаның деп білем.

Өзің емдеп, сауықтырдың сырқатты,

Сондықтанда барша халық бас иеді.


Дамир


8. Қасиетің бір басыңа жеткен аға,

Өнегең көпке тарап кеткен аға,

Сондықтан дүйім жұртақа ардақты,

Өмірден тым ертерек кеткен аға,.

Бойыңда бар ерекше қасиетің,

Барша жұрт тағзым етіп, бас иетін.

Шипалы алақаның тигенінде

Сынық түгіл бусанып тас иетін.


Диляра

9. Ауыр сырқатпен арпалысып жеңіліп,

Тірлікті қимай ып-ыстық жасы төгіліп.

Шыбындай жаны көзге көрініп жатқанда,

Өзің емдесең кететін ажал шегініп.

Ғұмырды қолдан ұзартсам деген парызыды.

Арқалап өттің кеудеңде күліп таң ізгі.

Содан ба адам бәрін де естен шығарар.

Өзіне ғана айтты ма соңғы арызды.


Қуанышбек

10/О, киелім,игі бір тілек тілесіп,

Отырмыз бүгін тамаша бір жыр үлесіп,

Жүректі желпіп өткен жібек желді,

Алақыны атамыздың деп білдік.

Іздейді бүгін мына ұрпақ, мына күн,

Шулап жатыр ма киелім бүгін құлағың.

Рухың бүгін ғарышқа қанат қағып,

Ерттеп мініп жыр тәңірдің пырағын.


Бақберген

11/ Кімге келіп, кімнен дәуір өтпеген,

Неше дүркін жер жаңарып көктеген.

Адам деген соғып кетер жолаушы

Өте тұғын өмір атты өткелден.

Қыс артынан жаз келеді жадырап,

Сен өткенде ел жылады аңырап.

Сан мыңдаған сауықтырдың сырқатты

Көлдей қылып алғыстарын жаудырды.



Ақерке

12/ Мерғалымды ел атады бала деп,

Бала емес ол бір туған дана деп,

Әзілдеуші ем ем арасында мен дағы

Санаушы едім, жанға сая, пана деп.

Қасиетің дәру қонып бойыңа

Бөтен пиғыл болмап еді ойыңда

Қошеметтің белгісіндей өзіңе,

Қаншама ел жиылар-ау тойыңа


Жүргізуші: алдарыңызда Қалым Еркежен. «Ауылым» әнімен.

Сөзі: Жұпар Нұртасқызы

Әні: Маржан Мерғалымқызы

Биылғы жылы Мерғалым атаның туғанына 80 жыл толғалы отыр. Ұлыларын ұлықтай білген дархан елім биыл да мерейлі тойды атап өтпек. Артында мәңгілік өшпестей із қалдырған қасиет иесі, сынықшы, емші, оташы, көріпкел, қазіргі таңда ауылымыздың аты аталып жүрген атамыздың жарқын бейнесі келешек ұрпақ есінде мәңгі қалмақ.

Сөз кезегі мектеп директорына беріледі.

Сөз кезегі Қаршыға ағаға беріледі.

Мұражайға саяхат.


































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров337
Номер материала ДВ-097201
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх