Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы"Ата-ана бақыты бала" ата-аналармен тренинг

"Ата-ана бақыты бала" ата-аналармен тренинг

Скачать материал

Тренинг тақырыбы: «Сен өзгерсең,сенің әлемің де өзгереді»

Мақсаты:  Ата-ана мен баласы арасында жағымды қарым – қатынас орнату.

Қажетті құрал –жабдықтар : стикер, қағаз бен қалам.

Психологтың кіріспе сөзі:

Қайырлы күн! Бүгінгі мақсат – айналамыздағы адамдарымызбен қарым –қатынасымыз қандай, олар кімдер,біз кімбіз,өз –өзімізді жақсы тани аламыз ба деген сұрақтарға жауап іздеп,тұлғаның даму көзқарасын анықтау. Көңіл – күйлеріңізді көтеруге,бір –бірімізбен сыйластық қарым –қатынаста болуға, стресстен арылтуға арналған «Сен өзгерсең,сенің әлемің де өзгереді» атты психологиялық тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамыз. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

1.Сәлемдесу «Бір шындық, бір өтірік » жаттығуы

Жүру барысы: Қазір біз өзіміз бір шындық пен бір өтірік өз ойымызды айтамыз. Мысалы: Мен мұғаліммін және де менің ұшағым бар.  Өз ойымызды еркін болжамсыз жеткізуіміз қажет.

Талдау: Шындық бұл біздің қазіргі іс –әрекетіміз,қазіргі біздің бейнеміз, ал бұл біздің арманымыз, өз қиялымыздың жүзеге асуын қалап жүрген ойларымыз»

Сіздің ойыңыз қалай?

2-жаттығу   «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып  аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ  бұрышын жыртып аламыз.Осылайша  мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Талдау:

-         Кімде бірдей қар қиындысы шықты?

-         Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?

-         Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта  қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?

-                     Психолог сөзі:  Себебі,  бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы,  дүниетануы  көзқарасы  бәрі де әр түрлі.  Бүгіні  жиналуымыздың  бірден бір себебі  ҰБТ-ға балаңызды дайындауда  қолдау көрсету.

3-жаттығу «Мен үшін ҰБТ...»

Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде  пікір алмасайық.

Ата -анасы баласына ҰБТ- ден жоғары ұпай  ала алмасаң, бізден жақсылық күтпе, біз саған көмектеспейміз  дейді. Ал баласы ҰБТ- дан төмен ұпай жинап жүр. Осындай сөздерден оң  ол ешкімді көргісі келмеді.

Сұрақ: Ата- ананың бұл ісіне қалай қарар едіңіз? Сіздің ойыңыз? Өзіңіз балаңызды ҰБТ- ге қалай дайындар едіңіз?  ҰБТ -ға психологиялық ахуалды қалай жасайсыз?

4 «Рухани күш» ойыны

Қатысушылар екеу-екеуден орындыққа жайғасады.Шарты орындықтан бірін-бірі итеру,ығыстыру керек. Орындықтың жиегінен ұстауға болады.

Талдау: Бір нәрсеге сүйенсе, құламауға болады.

Демек сізге өмірде сүйеніш болар адамдардың бар екенін ұмытпа.

 

4 – жаттығу Сынақ; Мына стол үстінен кез – келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақты алмас бұрын 7 топқа бөлінгеніміз дұрыс. (Топпен жұмыс).

1.     Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

2.     Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылы ма?

3.     Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

4.     Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Гүлжамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

5.     Сіздің 16 жасар қызыңыз  және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ  күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін  енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан  қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға  дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

6.        Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

7.     Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

8.     Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

 

5-жаттығу  «Дыбыстық гимнастика»

Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.

А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады

Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді

И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады

О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді

Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі

Ха – ха – көңіл күйді көтереді.

 

Психолог сөзі. Ата-аналар сіздерге бүгінгі психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, отбасылық амандық, балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін деймін.  Барлығымыз бірлесе отырып, алдарыңызда тұрған үлкен Тілек ағашына мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарына, балаларыңызға деген тілектеріңізді жазып қалдырайық!

Осындай жақсы күндеріміз көп болсын, тілектеріміз қабыл болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ата-ана бақыты бала" ата-аналармен тренинг"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 725 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2018 482
    • DOCX 44 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем КАЛИЕВА МИРАМКУЛЬ НУРЛЫБЕКОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 18819
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Детская и подростковая депрессия: пути и способы преодоления

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 190 человек

Курс повышения квалификации

Основы медицинской психологии в деятельности педагога-психолога

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Диагностика и формирование пространственного представления у детей 5-9 лет

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 79 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе