Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАта-аналар жиналысы "Баланың бас ұстазы ата-ана"

Ата-аналар жиналысы "Баланың бас ұстазы ата-ана"

Скачать материал

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата- ана

Мақсаты:

1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.

2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.

3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

Міндеті:

1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.

2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.

3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.

Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,

Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Жиналыс барысы

1.      Ұйымдастыру кезеңі:

2.      Психологиялық дайындық

2. Кіріспе:

1. Жиналыс мақсатын айту

Кіріспе сөз. Мұғалім:

Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.

Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

3.      Қызығушылығын ояту.

Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»

Мақсаты: Ата - анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.

1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?

2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?

3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?

4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?

5. Сүйіп оқитын пәні?

6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?

Нұсқау: Берілген сұрақтарға ата - ана да, бала да бірдей жауап жазып отырады. Соңында жазылған жауаптарды өзара сәйкестендіру. Дұрыс сәйкес келген жауапқа бір ұпайдан беріліп отырады.

Қорытынды: Көп ұпай жинап алға шыққан ата - аналарды мадақтау. Ал, аз ұпай жинаған ата - аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.

4. Баяндама.

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес.

 Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында.

Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал - мәтелдерден көруіңізге болады.

Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:

1.      Таңертең сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.

Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;

7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

.. Жаттығу. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 - 10 минут.

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

9. Сенімділік

10. Ата - ананың сөзі заң

11. Ата - ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай

13. Отбасылық қарым - қатынас

14. Махаббат

15. Мейірімділік

16. Шынайылық

17. Сырт көзге үлгі болу

18. Береке

19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет

20. Көп бала

Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.

 

6. Қорытынды бөлім:

Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жақсы көретін түсін қандай?

2. Қандай тағамды ұнатасын?

3.Ата-анаң   еркелеткенде қалай атайды?

4. Ең жақын досыңның есімі кім?

5. Сүйіп оқитын пәнің?

6. Би, ән, тоқыма, доп , күрес, футболдың қайсысын  ұнатасын?

 

 

1. Жақсы көретін түсін қандай?

2. Қандай тағамды ұнатасын?

3.Ата-анаң   еркелеткенде қалай атайды?

4. Ең жақын досыңның есімі кім?

5. Сүйіп оқитын пәнің?

6. Би, ән, тоқыма, доп , күрес, футболдың қайсысын  ұнатасын?

 

 

1. Жақсы көретін түсін қандай?

2. Қандай тағамды ұнатасын?

3.Ата-анаң   еркелеткенде қалай атайды?

4. Ең жақын досыңның есімі кім?

5. Сүйіп оқитын пәнің?

6. Би, ән, тоқыма, доп , күрес, футболдың қайсысын  ұнатасын?

 

1. Жақсы көретін түсін қандай?

2. Қандай тағамды ұнатасын?

3.Ата-анаң   еркелеткенде қалай атайды?

4. Ең жақын досыңның есімі кім?

5. Сүйіп оқитын пәнің?

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

9. Сенімділік

10. Ата - ананың сөзі заң

11. Ата - ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай

13. Отбасылық қарым - қатынас

14. Махаббат

15. Мейірімділік

16. Шынайылық

17. Сырт көзге үлгі болу

18. Береке

19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет

20. Көп бала

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата-аналар жиналысы "Баланың бас ұстазы ата-ана""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.12.2015 2574
    • DOCX 27.1 кбайт
    • 119 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умбетьярова Бахтыгул Нуржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17383
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе