Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАта-анамен жұмыс жасаудың тиімді жолдары

Ата-анамен жұмыс жасаудың тиімді жолдары

Скачать материал

«Бірлік орта мектебі»  мкм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата –аналармен жүргізілетін жұмыстарға қысқаша шолу
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


   Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері:

 

          В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

 

    Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.

2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

3. Ата–аналар ұжымын құру.

4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру..

 

    Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі:

1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.

2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.

4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі 

 

 

 

 

 

 

        Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.  Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
      Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы.
Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады.

      Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.
1-кезең:   Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарын, кезекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
2-кезең: Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады.
- тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
- қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру;
- сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу;
- психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;

Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу. Ата-аналардан оқу жылының басында 3 түрлі сұраққа жауап алуға болады?
1. Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?
2. Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек?
3. Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз?
Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі сауалнамаларды алып қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлауға болады.
 Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын.
Заң:
 Ата-аналарға құқықтық білім беру негізінде өткізілген жиналыста ата-аналар топтарға бөлінеді. Әр топқа мынадай үлгідегі тапсырмалар беріледі:
 а) Қазақстан Республикасының құқығы жайлы балалардың құқығы қалай қорғалған?
 ә) Өз балаңыздың құқығы бұзылған кезі болды ма? Сіздің әрекетіңіз, т. б
 б) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай? Сіз қалай орындап жүрсіз?
 Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөліседі, пікір алмасады. Пікірталас соңында заңгер ата-аналардың және сынып жетекшісінің қорытынды сөзі айтылады.

- принциптер;
- ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру,
Оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.
  Формалары:
- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары);
- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (сыныптағы іс-шараға қатысу және ата-аналар арасында әр түрлі жарыстар ұйымдастыру);
- әр түрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;
- отбасылық ойын байқаулары;
- оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына тоқталу);
- жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу;
Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.
      Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай ұйымдастыратыныма тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада: өлең, эссе, сурет салу, әңгіме жазу, т. б. Осылай танысу ата-аналарды жақындастыра отырып, ұйымшылдығын арттыруға көп көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын әңгімелейді. Бұл әрекет ата-аналардың бір-бірінің қуанышына ортақтасуға, жақындастыруға және ынтымақтастығын арттыруға арналады.

   Ұзын сонар баяндама оқып тыңдау сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің ескі формасын осы сияқты жұмыстармен алмастырып түрлендіруге болады.
Сынып жетекшісі, отбасы салыстырмалы түрде тәрбиенің тыйым институты, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс.

    Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөніндегі қазақ халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт «Халықтың көптеген топтарының бірлігі жекешіл және қоғамдық негіздерін салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуінің өзі қоғамдық ұйым, бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр. Жас ұрпақты бір бағытқа бейімдеп, олардың іскерлік қабілетін тәрбиелеп жетілдіретін ерікті қоғамдардың бүгінгі ТМД елдерінде, тіпті Америка, Ұлыбритания, Франция сияқты өркениетті елдерде де өмір сүріп отырғанын жақсы білеміз.

  Олай болса, жас ұрпақтың білім, білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін саясатын тысқары ерікті қоғамын құрудың мектептегі оқу-тәрбие ісін жүйеге келтіру де пайдалы екені сөзсіз.
Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған мақсатымызды жүргізу үшін нақты педагогикалық көмектер ұйымдастырған абзал.
   Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік. Тәлім-тәрбие беру барысында ата-аналардың да саяси сауатты, көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары
- Даралық Топтық
- Педагогикалық Ашық Сұрақ-жауап Жалпы лекция есік кеші ата-аналар жиналысы
- Білім мекемелерінің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі
- Педагогикалық лекция,
- консультация
- Ашық есік күні
- Сұрақ-жауап кеші
Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Алғыс
2. Топтың жиналыс әңгімесі
3. Жанұямен жеке дара жұмыс
4. Оқушының мінездемесі
5. Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру
6. Педагогикалық талап
7. Қиын жанұялармен жұмыс
8. Педагогикалық консультация, жеке әңгіме

Осы атқарылатын жұмыстардың мазмұнына жеке дара тоқталатын болсақ:
1. Алғыс-қызметтің биік адамгершілік мотивтерін жүзеге асырудағы табыстарды қолдап, көтермелеудің шарасы. Ата-аналарға алғыс жариялау сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігінің жанұяға назар аударуының қамқорлық көрсеткіші.
2. Топтың жеке әңгімесі-жанұямен саралап жұмыс істеудің жетерліктей тиімді әдісі. Әңгімелесу тәрбие істерін жақсарту жолдарын бірлесіп іздестіру сипатында болды. Тәрбиелік міндеттерді шешуде ата-аналармен толық әңгіме жиналыс өткізу керек.
3. Жанұямен жеке дара жұмыс жүргізу-сынып жетекшісінің ата-анамен араласуының күрделі түрі, баланың даралық қабілеті мен отбасы туралы білімдерін нақтылай түсуіне, жеке басты дамытудың жеке бағдарламасын жасау үшін ұйымдастырылады.

4. Оқушының мінездемесі - жеке адамды дамыту туралы, оның негізгі жеке даралық ерекшеліктері туралы құжат. Ол-оның оқушылармен және ата-аналармен жеке жұмысындағы педагогикалық қызметі, педагогтың баланың қалыптасып келе жатқан жеке басы жөніндегі мінездеме таныстыруы.
5. Қоғамдық негіздерде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру - ата-ананың мектептің тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы.
6. Ата-аналармен жеке әңгімелесуге қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар-фактілерді жинақтау қорыту, бақылауды талдау және қорыту, педагогикалық тапсырма беру, мұғалімдер бөлмесінде, дәлізде талқыға салмай, жеке талқылау.
7. Қиын жанұялармен жүргізілетін жұмыстар - бала үшін күрестің әрқашан азап шегудің куәгері болып көрінетін, оның ата-анасының жеке басына қатысы жөнінен инабаттылықтың барлық нормаларын
барынша қатаң сақтау жағдайында өз әсерінің үдемелілігін қамтамасыз етуге тиіс.
8. Педагогикалық консультация - ата-анамен жүргізілетін педагогтың жұмыстары.

   Жаңадан қабылданған ҚР-ның «Білім туралы» заңын, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, 12 жылдық білім беруге көшу ұстанымдарын орындай отырып, ҚР-ның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін педагогтар қауымы өз бойындағы күш-жігерін оқушыларға сапалы білім, үлгілі тәрбие беруде аямайды деп сенемін. Тәрбиелі бала, баланың болашағы деп шырылдайтын ата-ана, қоғамның өз деңгейінде жүруіне әсер ете алатын ата-аналар мен сынып жетекшілерінің жұмыстары жандана берсін демекпін.

 

                         Мектеп, оқушы, ата - ана: үштік одағы.

           Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі, мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
      Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмыспен қамтылуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата - аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс - қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс - әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата - аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата - аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.
Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ата – ана - оқушы - мұғалім үштік одағы тығыз жұмыс атқарады. Әртүрлі формада ата – аналар жиналысы, оқулары өткізіледі.
    Бастауыштың әр сатысында оқыту мен тәрбиелеудің негізі қалыптасады. Ата – ана, қоғам, мұғалім бірлесе отырып, жоғарыда айтылған жұмыстар нәтижесінде бастауышта білім мен тәрбиені қалыптастырып, алмастай өткір, мықты, берік, өз ортасында үнемі жарқырап жүретін жан – жақты, бәсекеге қабілетті, дүние жүзіне танымал, ұлттық сана - сезімі оянған, Отанын, елін шын жүрегімен сүйетін азаматты тәрбиелеп шығару – біздің мақсатымыз.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата - аналармен өзара іс - әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата - аналарын жан - жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір – қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата - аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( педагогтар үшін жадынама)

      Білім мен дағды күнделіктегі ізденістің жиынтығынан жасалады.
( Д. И. Писарев )


    Сынып ата - аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл сынып ата - аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата – аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.
Мектепте сынып ата - аналар жиналысында көбінесе мынандай жағдайды көруге (елестетуге ) болады: жиналысқа қатысуға тиісті болған 25 - 26 ата – ананың тек 30 % ғана келіп отырады. Осыдан, біз, педагогтар, ата – ананың бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтынын байқаймыз. Сол себептен ата – аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұгындыру мақсатында жиналыстарды дұрыс, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет. Жоғарыда атап көрсетілген жағдайды өзгерту үшін жиналыстарды қалайша қызықты және тиімді өткізуге болады?
Сынып ата – аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс – тәсілдері бар. Осы әдіс - тәсілдер арқылы педагогтар:
а) ата – аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
ә) педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына қызығушылығын
арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі.
Ата - аналар жиналысы мектеп өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс бастаған жас сынып жетекшісіне ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.
1. Ата - аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы күнді және уақытты таңдаған жөн. Осы уақытқа сіздердің оқушылырыңыздың, ата - аналарының да ешқандай істері жоспарланған болмауы керек.
2. Ата – аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі – шақыру қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады. Мәселен: типографиядан шыққан варианты, оқушылардың өз қолымен жасалған нұсқасы немесе ата – аналар комитетінің көмегімен. Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата – ана қолына жиналысқа 2 сағат қалғанда емес, бәлкім алдын ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін сынып жетекшісінің, сынып ата – аналар комитеті төрағасының ( төрайымы ) телефон нөмері жазылғаны жөн.
Шақыру қағаздары сынып қорында жиналып, кез келген мейрам, әсіресе оқу жылының аяқталуы немесе мектеппен қоштасу кештерінің көркі болуы мүмкін.
3. Сынып ата – аналар жиналысына Сіздердің сынып оқушыларыңызды қызықтыратын маңызды проблеманы таңдаңыз және ата – аналармен бірге шешімін таба білуге әрекеттеніңіз.
4. Әсіресе сыныпта ата - аналардың отыру қалпына мән беріңіз. Ата - аналар жиналысына қатысушылардың бір – бірін жақсы көре алуы және естуі үшін үстел мен орындықтарды дөңгелек түрінде орналастыру керек.
5. Ата – аналар бірін - бірі жеткілікті жақсы танымаған жағдайда ата - аналардың аты - жөні жазылған визиткаларды дайындаған жөн.
6. Ата - аналармен жиналыс қатысушылырына арналған ережені ойлап табыңыз. Мысалы:
- міндетті түрде сыртқы киімді шешу;
- проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;
- ұсыныстарға, пікірлерге қарсы шыққанда өз ұсыныстарын енгізу;
- бір - бірін аты - жөнімен атауға; т. б.
7. Жиналысқа шақырылғандардың уақытын бағалай біліңіз.
Осы мақсатпен уақыт тәртібін ( регламент ) орнатыңыздар және оның сақтауының қатал қадағалыңыздар.
8. Жиналыс барысында ата – аналардың өзара қарым – қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікіралысу ұйымдастырыңыз.
9. Жиналысты еркін және ашық түрінде өтуіне ата - аналарға кофе - брейк ұйымдастыру да тиімді.
10. Проблемалық мәселелерді талқылау барысында педагогикалық және өмірлік тәжрибеге ие ең беделді ата – аналар, мектеп кенесінің мүшелерінің пікіріне сүйеніп, басшылыққа алыңыз. Жиналыста нақты шешім қабылдауға қол жеткізіңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бірлік орта мектебі» мкм мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналар жиналысының хаттамасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сынып:  1  «Ә»

Сынып жетекшісі: Шілдебай Мөлдір Күмісбекқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірлік, 2016

 

 

Хаттама № 1

 

 «Балқаш ауданы білім бөлімінің Бірлік орта мектебі» мк мекемесінде 1 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті.

04.09.2016

Жалпы оқушы саны – 18

Қатысқаны – 18

Күн тәртібінде:

1.      «Отбасы мен мектептің байланысы»!» мектеп психологы Оспанова Айнұрдың баяндамасы.

2.     2016-2017 оқу жылындағы жаңартылған білім беру бағдарламасымен қысқаша таныстырып өту

3.     Оқушы портфолиосы

4.      «Қауіпсіздік ережелері» туралы.

5.     Ата-аналар комитетін сайлау

 «Амандасу» салты

   Ең алдымен сынып жетеші ата-аналарға бір ақ парақ қағаздан ұсынып шықты.Сол қағазға барлық ата-аналарға сағат салуды ұсынды. Сол сағаттың тілдерін салып 3,6,9,12 сандарын жазуды ұсынды. Төрт санның тұсына кез-келген жиналыста отырған ата аналардың есімдерін жазу нұсқалды.Содан кейін ғана барып мұғалім ата-аналарға:

-         3 санының тұсына жазылған ата-анамен қол алысып;

-         6 санының тұсына жазылған ата-анамен төс қағыстырып;

-         9 санының тұсына жазылған ата-анамен  тізе түйістіріп;

-         12 санының тұсына жазылған ата-анамен бетінен сүйіп амандасу керектігін нұсқады.

Тыңдалды:

1.«Отбасы мен мектептің байланысы»!» мектеп психологы Оспанова Айнұрдың баяндамасы тыңдалды.

2 сұрақ бойынша  сынып жетекші Шілдебай Мөлдір сөз сөйледі. Биылғы мектеп табалдырығын аттаған оқушылар үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу үлгісі енгенін айтты. Үлкен жауапкершілік ата-анаға да, мұғалімге де артылатыны, жаңартылған білім беру үдерісінде 1-сынып оқушылары қалай білім алатыны және қандай жетістіктерге жететіні туралы қысқаша мәлімдеді.

3  сұрақ бойынша сынып жетекші өзге сыныптың оқушыларының порфолиоларының нұсқасын көрсете отырып, сынып оқушыларына да осындай портфолио басталу керектігін айтты.

       4   сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік  ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізілді.

       5  сұрақ бойынша ата-аналар комитетіне дауыс берілді.

 

Жиналыс қаулы етеді:

1.     Ата-ананың мектеп өмірімен тығыз байланыста болуы ата-ана мен сынып жетекшіге міндеттелінсін;

2.     Ата-ана тарапына  балаларының сабаққа дайындығын бақылау жүктелінсін;

3.     Оқушы портфолиосына ата-ана тарапынан демеушілік көрсетілуі;

4.     Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп, қадағаланып отырылсын ;

5.      Ата-аналар арасынан көпшіліктің дауыс беруі бойынша Анипина Айгүл , Кулумбетова Гүлсима, Құрмашова Дамира сайлансын;

 

 

 

 

Ата-аналар комитетінің

төрайымы:                                 Анипина Айгүл                 

 

Хатшы:                                      Шілдебай Мөлдір

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата – аналардың өз балаларының сабаққа жіберу кезіндегі қауіпсіздігін қадағалау

 

Оқушының аты-жөні

Ата –анасының қолы

1

Абдикадирова Жұлдызай

 

2

Алматұлы Айхан

 

3

Бақытұлы Бағнұр

 

4

Дарханұлы Арнұр

 

5

Дауренқызы Аружан

 

6

Дәулетияр Данияр

 

7

Исағұл Тастемір

 

8

Көшербай Жібек

 

9

Қанат Жамила

 

10

Мұхтар Райысбек

 

11

Мұратқызы Айгерім

 

12

Мырзабек Айбота

 

13

Нұркен Жансая

 

14

Сағымбекқызы Өзипа

 

15

Серік Гүлім

 

16

Серік Жантуар

 

17

Ушуров Дильшат

 

18

Хамза Ахерке

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Хаттама     № 2

                                              № 2 сынып жиналысы   

«Бірлік орта мектебі » мемлекеттік комуналдық мекемесінде 1 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті.

Сынып жетекші:           М.Шілдебай

 

Барлығы: 18 ата-ана

Қатыспағаны: 6 ата-ана

Себептісі: 3 ата-ана

«28»  қазан  2016 ж   

                        

                                                 Күн тәртібіндегі мәселе:

1. Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі өмірінің қауіпсіздігі туралы

2. Оқушылардың сабақтан кешігуі мен сабақтан себепсіз қалуы.

3. Оқушылардың тоқсандық қорытындысы

4. Ата-аналардың ашық есік күнін хабарлау

Тыңдалды:

        Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Шілдебай Мөлдір адам өмірінің қауіпсіздігі туралы ескерілетіндігін айтып түсіндірді. Мектеп оқушыларының кешкі сағат  19.00 –ден кейін көшеге шықпауға, ойнамауға, мал бағуға, тойларға, дүкендерге жалғыз бармау  туралы ескерту жасап, оқушы мен ата-аналары қол қойды.

Оқушының аты-жөні

қолы

Ата-анасы

Телефон нөмірі

қолы

1

Абдикадирова Жұлдызай

 

 

 

 

2

Алматұлы Айхан

 

 

 

 

3

Бақытұлы Бағнұр

 

 

 

 

4

Дарханұлы Арнұр

 

 

 

 

5

Дауренқызы Аружан

 

 

 

 

6

Дәулетияр Данияр

 

 

 

 

7

Исағұл Тастемір

 

 

 

 

8

Көшербай Жібек

 

 

 

 

9

Қанат Жамила

 

 

 

 

10

Мұхтар Райысбек

 

 

 

 

11

Мұратқызы Айгерім

 

 

 

 

12

Мырзабек Айбота

 

 

 

 

13

Нұркен Жансая

 

 

 

 

14

Сағымбекқызы Өзипа

 

 

 

 

15

Серік Гүлім

 

 

 

 

16

Серік Жантуар

 

 

 

 

17

Ушуров Дильшат

 

 

 

 

18

Хамза Ахерке

 

 

 

 

 

    Күн тәртібіндегі  екінші мәселе бойынша сынып жетекші Шілдебай Мөлдір тағы да сөз кезегін алды. Ата-аналар қауымына  балаларды қадағалау қажеттігін және сабақтан себепсіз қалдырмауды, кешіктірмей уқытымен мектепке әкелуін талап етті.

   Үшінші мәселе бойынша  ата-аналар балаларының тоқсан бойына атқарған жұмыстары мен оқу үлгерімдерімен танысты.

    Төртінші  мәселе бойынша мектеп тарапынан ата-аналар үшін белгіленген «ашық есік күні» хабарланды. Аптаның төртінші күні ата-аналар үшін барлық сабақтарға, іс-шараларға келіп балаларын қадағалауына болатыны жайлы ескертілді.

Шешім қабылданды:

1.     Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар ескертіп отырсын;

2.     2-тоқсаннан бастап әрбір ата-ана өз балаларының сбаққа кешігуі мен сабақтан қалуын қадағаласын;

3.     2 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.

4.     Ата-аналар тарапынан аптаның әрбір бейсенбісінде мектеп қоғамындағы кез келген сабаққа және іс-шараларға келіп қатыссын;

 

 

Ата-аналар комитетінің

Төрайымы:                                    Анипина Айгүл

Хатшы:                                          Шілдебай Мөлдір                                   

 

                                      

 

 

 

 

 

Ата- аналармен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналармен жұмыс

 

Ата – аналар комитетінің құрамы

 

                                                                                                           

Аты-жөні

Атқаратын қызметі

Жұмыс орны,қоғамдық қызметі

Телефоны

1

Құрмашова Дамира

Есепші

«Бірлік» агрофирмасы

93-7-21

2

Кулумбетова Гүлсима

аспазшы

«Толғанай » балабақшасы

53-4-37

3

Анипина Айгүл

Үй шаруашылығында

-----------------

93-750

4

 

 

 

 

 

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналар жиналысының өтілу жоспары

2016-2017  оқу жылы

 

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1 мәжіліс

1

 

   2

   3

   4

   5

 Баяндама

«Отбасы мен мектептің байланысы»

2016-2017 оқу жылындағы жаңартылған білім беру бағдарламасымен қысқаша таныстырып өту

Оқушы портфолиосы

 «Қауіпсіздік ережелері» туралы.

 

Ата-аналар комитетін сайлау

 

 

қыркүйек

 

Сынып жетекші

психолог

2 мәжіліс

1

 

   2

3

1. Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі өмірінің қауіпсіздігі туралы

Ата-аналардың ашық есік күнін хабарлау

І тоқсан қорытындысы

Әр түрлі мәселелер

 

қазан

Сынып  жетекші

 

3 мәжіліс

1

2

 

3

4

Баяндама «Отбасындағы  тәрбиенің  ерекшелігі»

Ата-аналар комитетінің жарты жылдық жұмыс есебі

ІІ тоқсан қорытындысы

Әр түрлі мәселелер

 

қаңтар

сынып

жетекші

4 мәжіліс

1

2

3

«Тазалық – денсаулық кепілі» баяндама

ІІІ тоқсан қорытындысы

Әр түрлі мәселелер

 

сәуір

Сынып  жетекші

Мектеп мейірбикесі

5 мәжіліс

1

   2

3

4

«Жазғы демалыс кезіндегі еңбек пен демалыс» баяндама

Ата-аналар комитетінің жылдық есебі

ІV тоқсан қорытындысы

Әр түрлі мәселелер

 

мамыр

Сынып  жетекші

 

 

 

 

Жауапты:         сынып жетекші: М.Шілдебай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналармен байланыс

Іс-шара атауы

Уақыты

1

Білім күні салтанатына қатысу

1 Қыркүйек

2

Ағымды  сынып ата-аналар жиналысына қатыстыру

Жыл бойы

3

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысына қатыстыру

Жыл бойы

4

Ұйымдастырушылық қызмет

-сыныптың әлеуметтік төлқұжатын толтыру;

-оқушылардың тұрмыс жағдаймен танысу мақсатында олардың үйлеріне бару.

 

Қыркүйек

Демалыс уақытында

5

Сауалнама жүргізу және диагностика

-отбасындағы эмоционалдық атмосфераны, ата-аналардың психологиялық мәдениеті деңгейін, отбасы тәрбиесі ерекшелігін, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынас сиаптын анықтау үшін балалар мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізу.

 

 

Жыл бойы

6

Психологиялық-педагогикалық ағарту

-баланың зиянды әдеттері. Оған калай  қарсы тұруға болады;

-ата-аналар мен балалардың тұлғааралық қатынас мәдениеті;

-есірткі және жасөспірім.

 

Қараша

 

Қаңтар

Наурыз

7

Психологиялық-педагогикалық кеңес беру

-баланың ызақорлығының, өкпешілдігінің алдын алу;

-отбасы ішілік қарым-қатынас  және оның салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі,

-ата-аналар мен оларды алмастырушыларға жеке отбасылық кеңес беру.

 

Қазан

 

Сәуір

 

Жыл бойы

 

 

 

Сынып жетекшісі :                   Шілдебай Мөлдір

 

                                 1 «Ә»- сыныбының әлеуметтік паспорты

1.     Оқушылар саны- 18

Қыздар- 10

Ер балалар-  8

Балалардың туған жылдары : 2009-2010

2.     Отбасы құрамы

Отбасына мінездеме

Балалардың аты-тегі

Туған жылы

Ата-аналардың аты-тегі

Мекен-жайы,

телефоны

Көп балалы отбасы

1.Бақытұлы Бағнұр

 

2. Дарханұлы Арнұр

 

3.Исағұл Тастемір

 

4.Мұхтар Райысбек

 

5.Ушуров Дильшат

 

6.Хамза Ахерке

28.07.2010

 

27.11.2009

 

27.09.2009

 

      24.10.2009

 

09.01.2010

 

20.08.2010

Мамбетбаев Бақыт

Сабаева Мая

Дүйсенбеков Дархан

Умашева Нұргүл

Алтикбаев Нуриден

Алтикбаева Дидар

Қаймолдаев Мұхит

Терликбаева Ляззат

Ушуров Мұсажан

Қоғалбаева Айгүл

Сейсеке Хамза

Хабылкәрім Жазира

Бірлік ауылы,

53-3-57

Бірлік ауылы

 

Бірлік ауылы

93-709 

Бірлік ауылы

93-678

Бірлік ауылы

 

Бірлік ауылы

53-303

Толық емес отбасы(ата-анасы ажырасқан)

Дәулетияров Данияр

16.08.2009

Дәулетиярова Меруерт

Бірлік ауылы,

53-335

Толық емес отбасы(жалғыз басты аналар)

Сағымбекқызы Өзипа

28.03.2010

Сейсенова Салтанат

Бірлік ауылы,

93-693

Аз қамтылған отбасы

Дәулетияр Данияр

 

16.08.2009

 

Дәулетиярова Меруерт

Бірлік ауылы,

53-335

 

Отбасындағы жалғыз балалар (саны): 3

Аға (апа) және іні (сіңілі) барлар: 15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

Мектеп директоры

                         М.Ж.Касенова

 

2016-2017 оқу жылы

 

1. Жетім  және  ата – анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар

Жалпы : жоқ

Жетім балалар : жоқ

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар : жоқ

Оның ішінде асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік

жәрдемақы алатын балалар саны : жоқ

2. Қорғаншылық және қамқоршылық

Қорғаншылықтағы отбасы : жоқ

Қамқоршылықтағы отбасы :  жоқ

3. Патронаттық тәрбие туралы

Патронат тәрбиедегі балалар : жоқ

Патронат тәрбиешілер : жоқ

4.Жалпы ата –ана саны :34

әкелері:     16

аналары:   18

5. Толық емес жанұя жалпы : 2

Әкесіз : 2

Анасыз: жоқ

6. Аз қамтылған отбасы : 1

Балалары __1 (ыстық тамақ)

7. Көп балалы отбасы ___6__

 Балалары : 6 (ыстық тамақ) 4  

8. Мүмкіндігі шектеулі

Ата-аналар __жоқ__    

 Балалар __жоқ__           

Оның ішінде :

 Қосалқы бағдарламамен оқитын: жоқ

Үйден оқитын : жоқ

Оқуға жарамсыз: жоқ

9. Оралмандар отбасы : 2

Оның балалары: 2

 10. Мектеп бақылауындағы қолайсыз отбасы: жоқ

Оның балалары : жоқ

 

 

 

       

 

         Сынып жетекшісі:                           Шілдебай Мөлдір

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптың ұлттық құрамы

 

Ұлты

Саны

 

Қазақ

17

 

 

Ұйғыр

1

 

6.Оқушылардың денсаулық жағдайы:

Үйде жеке оқитындар: жоқ

Созылмалы ауруы барлар: жоқ

Көру қабілеті бұзылғандар: 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Баяндамалар

Сауалнамалар

Жаднамалар

 

 

2016 – 2017 оқу жылы

 

1.  І  ата-аналар жиналысы «Отбасы мен мектептің байланысы!»  -  мектеп психологі  -  А.Оспанованың баяндамасы

2.  ІІІ – ата-аналар жиналысы баяндама «Отбасындағы  тәрбиенің  ерекшелігі»  сынып жетекші М.Шілдебай

3. ІV ата-аналар жиналысы «Тазалық – денсаулық кепілі» баяндама мектеп мейірбикесі

4.  V ата-аналар жиналысы  «Жазғы демалыс кезіндегі еңбек пен демалыс» баяндама – с/ж М.Шілдебай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
Н.Ә.Назарбаев.
Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті.
Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады. Ата-аналармен кездескенді оларды мектептің талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері жөнінде келісіп алады. Олар көпшілікке педагогикалық білім таратып, ата-аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата-аналардың өз балаларының қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады. Егер ата-аналар мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек көрсетеді. Бірақ кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке бір ерекше бағытын, балалармен қарым-қатынастығы дара әдісін қарама-қарсы қояды. Кейбірі балаларын еркелетіп, шолжыңдандырып жібереді, барлық тілектерін орындауға тырысады, еңбектен қол үздіреді. Мұндай отбасыларда балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл бірте-бірте оқу еңбегіне де теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде балалар нашар оқып, үйге берілген тапсырмаларды орындамайтын болады. Мұндай кемшіліктерді көрісімен сынып жетекшісі педагогикалық сипаттағы шаралар қолдану керек. Яғни балаларға сезімталдықпен қарау, олардың бастамаларын және дербестігін тұншықтырмау керек екенін ата-аналарға ескертіп отырған жөн. Кейде отбасы мен мектептің арасында келіспеушіліктер болып қалады. Бұл балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру үрдісін қиындатады. Ал мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығы талап пен тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз етеді. Бірақ отбасы бұрынғысынша тәрбиенің маңызды ұясы болып қала береді.
Ал мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады.

Зерттеу жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйымдастыруда ата-аналармен байланысады. Олар әр түрлі формада ұйымдастырылады.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан бірліктегі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу тиімді болады, тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурсиялар, сайыстар, олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола алады.

Отбасы тәрбиесі.
Ата-ананың баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеу.
Мектептің отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін айқара ашып, балалармен өткізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызуы қажет. Тіпті кейде ата-аналар арнай дайындықты талап ететін үйірмелерді басқаруға саяхаттар мен серуендерді ұйымдастыруға шақырылады. Оларға оқушылар тарапынан концерттер мен қойылымдар, көрмелер ұйымдастырылады. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері қажет болғанда отбасына оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері мен ұнамды әрекеттері жайлы хабарлап, хаттар жолдайды.
Мектептің ата-аналармен жүргізілетін негізгі мақсаты: ата-аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету; ата-аналарды отбасында балаларымен өзара ынтымақты қарым-қатынаста болуға үйрету.
Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестігі отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата – аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата – аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын, ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімін, мейірімділік пен сыпайылықтың қажеттілігін біледі. Ата – аналар балаларымен ынтымақты қарым – қатынас нақтылы әдістерін үйренеді, отбасында пайда болған өзара түсініспеушіліктерге байланысты жеке дара кеңестер беру ұйымдастырылады.
Отбасы-саналықпен ынтымақтастықтың және болашақтың бастау алар негізі. 
1. Балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральбық қана емес, заң жүзінде міндеті.
2. Бала тәрбиесі мәселесіінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс. 
3. Бала бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін , оның үлгі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек. 
4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата – анасы үлгі болуға тиіс
«Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі – саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ана-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы керек. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын. 
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Отбасы және балабақша» журналы
2. «Сыныптағы тәрбие» журналы
3. «Тәрбие құралы» журналы
4. «Бала тәрбиесі» журналы

Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері

Жарияланды 30-03-2012, 20:10 Категориясы: Ұстаздарға 

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.

Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен - ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке - шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте - бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата - ананың беделін түсіреді.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке - шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті - үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең - ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді.

Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата - анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай - шу мен дау - жанжалға, ұрыс - керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата - ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың « Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру - шынында да оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата - анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар.

Қарапайым мысалға жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті? Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасуға бейім болып алды?- деген сияқты сауалдар алдыңнан кесе - көлденеңдейді. Әрине, оның себептерін жан - жақтан іздеуге болады. Ата - анасын жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды. Ата - анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата - анам да осындай болса, деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата - ананың қолынан келе бермейді.

Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата - анасының уысынан шыққан соң өзін - өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп, қаруландырады. Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя - мектеп. Иә, олардың алтынға балануы неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп арқылы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан - жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты - ортақ, міндет - біреу.

Демек, мұғалім мен тәрбиеші қауымның қиындықтарға жиі кездесіп, үнемі толғаныста жүретіні де содан.
Сондықтан кез келген мұғалім баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу - тәрбие жұмысындағы қызметін өзін - өзі танудан бастағаны жөн. Өзіңнің бала болғаныңды, өзіңнің ата - ана екеніңді, өзіңнің ұстаз екеніңді ой елегінен жиі - жиі өткізіп отырсаң, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Ғұлама Әл - Фараби «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту, ең қиыны өзіңді өзің түсіну» десе, К. Маркс «Өзіңді өзің тану даналықтың бірінші белгісі» деп ескертеді. Ең бастысы, баланың жан азығына зәру екенін еш уақытта ұмытуға болмайды. Абай атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі - білсем екен деп ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі « жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен.»деген үлкен пәлсапалық ой жатыр. Яғни, балаға туғаннан тән азығы - тамақ қандай қажет болса, жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата - ана да әсте естен шығармағандары жөн

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата-анамен жұмыс жасаудың тиімді жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 377 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2017 39413
    • DOCX 65.7 кбайт
    • 1063 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шілдебай Мөлдір Кумісбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шілдебай Мөлдір Кумісбекқызы
    Шілдебай Мөлдір Кумісбекқызы
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85288
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 389 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Управление бизнес-процессами и инновациями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе