Инфоурок Другое Научные работыАвторлық жұмыс " Оқушылардың сауаттылығын жат жазу арқылы қалыптастыру"

Авторлық жұмыс " Оқушылардың сауаттылығын жат жазу арқылы қалыптастыру"

Скачать материал

 

Тақырыбы: Оқушылардың сауаттылығын арттыруда диктант  түрлерінің тиімділігі.

Жоспар:

І. Кіріспе бөлім

Дұрыс жазу методикасының негізі.

ІІ. Негізгі бөлім

1.Оқушылардың  сауаттылығын  арттыруда  диктант  түрлерінің тиімділігі.

2.Сауатты  жазуға үйретудің тиімді тәсілі.

3.Диктант мәтінің түрлері.

ІІІ.Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Оқушының ана тілі- оның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан мектепте ана тілін арнаулы әрі негізгі пән ретінде оқытуға ерекше мән беріледі.

    Тіл оймен тікелей байланысты және адамдардың ғасырлар бойы қалыптасқан ой жұмыстарының көрінісі болатындықтан, оның әр алуан тарам-тармақтарын тез игеру де оңай емес. Сондықтан бала қазақ тілін бастауыш мектептің есігін ашқаннан бастап, орта мектепті бітіргенше, кейбір жоғарғы оқу орындарының арнаулы факультеттерінде 4-5 жыл бойы негізгі пәнінің бірі ретінде оқиды. Әрине, әр басқышта ана тілдін оқытудаң мақсаты, білім көлемі әр түрлі болатыны түсінікті. Бірақ, бәрі негізгі бастауыш мектепте қаланады. Бастауыш мектепте балаға сурет салдырудан да, есеп үйретуден де, табиғатты танытудан да өзі сөйлеп жүрген ан тілін оқыту қиын. Тілден алатын білім көбінесе абстакциялы ережелер мен тілдік заңдарға негізделген материалдарға сүйенеді. Материалдың көлемі, балаларға берілеетін білім мөлшері олардың жас ерекшеліктерімен, материалдарды қабылдай білу қабілетімен тығыз байланысты болады. Осы тұрғыдан, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық және тіл дамыту материалдарын меңгертудің дұрыс әдісін табуда көп мән бар. Қазақ тілдің оқытудың мақсаты тек баланың сауатын ашу, ана тілі пәнінің ғылыми негізін білдіру ғана емес, сондай-ақ оларды Отанның патриоты етіп тәрбиелеуге, еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке, достыққа тағы басқа да өнегелі игі қасиеттерін бойына сіңіруге тиіспіз.

      Қазақ тілін сабақта оқытқанда, оқушы тек тыңдаушы, айтқанды, оқулықтағыны жаттаушы болмау керек, баянды білімнің белсенді «ойшылы» болу керек.

      Баланы әрдайым соған жетектей отырып, керекті қағидаларды түсіндіргенде ғана, ондай білім баланың бойына дариды. Бұл жұмыстың реті, әдісі мұғалімнің шеберлігіне қарай әр түрлі нәтиже беруі мүмкін. Қазақ тілінен беретін мұғалім осы талапты естен шығармауы керек.

     Қазақ тілі пәнінен білім,білік,дағдыны үнемі есепке алып отыру бастауыш мектептегі оқу процесінің ең қажет бөлігі.Сын жұмысы оқушылардың алған білім деңгейін және білім дағдының саналы түрде меңгерілгенін тексеру мақсатында өткізіледі.

      Бағдарлама  бойынша  берілген  маңызды  да  негізгі  тақырыптарды  өткеннен кейін кезекті сын жұмыстары жүргізіледі. 

     Ұсынылып  отырылған жұмыста  қазақ тілінен жат жазу  түрлері  берілген.Сын жұмыстары 1-сыныптан  бастап  жүргізілгені  жөн.Сөздерге  дыбыстық  талдау  жасау,буынға  бөлу,сөз,сөйлемдерді анықтау  шартты белгілер  арқылы жүргізіледі.Ал   дыбыс-әріптерді өту барысында бұл жұмыс өз жалғасын табады.Фонетикалық диктант үнемі жүргізіліп отырады.Оқушылардың есту қабілеті,зейіні дамытылады,тұрақталады.       

       Сөздік диктанты сабақтың бір бөлігі ретінде үнемі жүргізіледі.Оған 5-6 минут жеткілікті.

        Жатқа жазу,көшіріп жазу жұмыстарын орындауда тапсырмалар күні бұрын тақтаға  немесе  плакатқа  жазылып  ілінеді.  

        Әрбір  жұмысқа  арнайы  сұрау-тапсырмалар  берілген. 

        Бақылау диктанттарын  мұғалім  іріктеп  алуы  тиіс.Өйткені  жұмыстардың  ауырлауы да,жеңілдеуі де бар.Таңдау  мұғалімнің  ықтиярында.  

        Қорытынды  сын  жұмыстары  білім  мен  дағдының   қалай  меңгергеніп  тексеру  тәсілі  болып  табылады.Оның  мақсаты-оқу  жылында немесе  тоқсандық  жұмыс  кезінде  мемлекеттік  бағдарламаның  талаптарын  орындау  және  нақты  қорытындысын  тексеру.Қорытынды  сын –әрбір  оқушының  білімін   есепке алуда  ерекше  мәні  бар жұмыс.Ол  оқушы  мен  мұғалім  жұмысының негізгі  көрсеткіші  болып   табылады.    

         Зерттеу  мақсаты: Бастауыш сынып  оқушыларының  сауаттылығын  арттыруда  жат  жазу  түрлерінің  тиімділігін  қалыптастыру.

         Зерттеу  міндеттері:1.Оқушылардың  алдағы   уақытта  жоғары  сыныптарына  оқуына,жүйелі  білім   алуына  дайындық  жасау. 

2.Оқушылардың  жазба  сауаттылығын  арттыру  жолдарын  қарастыру.

3.Оқушыларына  грамматикалық  емле  ережелерін  толық  меңгерту.

          Зерттеу  объектісі:Бастауыш  сынып  оқушылары.

           Зерттеу  пәні:қазақ тілі.

          Зерттеу  әдістері:Педагогикалық эксперимент,бақылау,талдау.

          Зерттеу  болжамы:Бастауыш сынып  оқушыларына  қазақ тілі грамматикасы мен  емлесін  жат  жазу  арқылы  оқушылардың  жазба  сауаттылықтарын  арттырып,емле  ережелерін  меңгерту.  

 

 

 

І. Дұрыс жазу методикасының негіздері.

   Бастауыш класс оқушыларын дұрыс жазуға үйрету методикасында қолданылатын негіздер: көру сезімі арқылы қабылдау; есту сезімімен пайымдау; қол қимылдарымен әдеттену; грамматикалық түсінік бойынша саналы ұғыну факторлары. Оқушы неғұрлым жас болса, көру сезімі арқылы қабылдауға бейім келетін К.Д.Ушенский де, совет психологтары да дәлелді түрде түсіндіреді. Сондықтан әсіресе 1-класста көрнекі құрал қолдануға ерекше орын білдіреді. Көру процесі оқушының әсерлену, қызығушылық сезімдерін оятып, белгілі обьектіні есіне сақтауға жағдай жасайды. Алайда тиісті орфограмманы жалаң көрсетту жолымен есте берік қалдыру жеткіліксіз. Сол себепті көрумен қоса есту, қол қимылы факторлары байланысты қызмет атқарады. Сонымен дұрыс жазуға үйрету жағдылары артылған факторлардың өзара өзекті бірлікте жұмсалуы арқылы қалыптасады. Ал бұл факторлар ішінде оқушыларға саналы білім, берік іскерлік, дағды беру мақсатына грамматика жетекшілік қызмет көрсетеді, қазіргі оқыту әдісінде балалардың абстракциялы ойын дамытуға ерекше мән беріледі. Сонымен бірге біртіндеп есейе келе балалардың көру сезіміне қарағанда, ойлау қызметі алға шығатыны- психология ғылымында әлдеқашан дәлелденген факт. Ендеше, саналы ұғымға бағдарлайтын грамматикалық негіздің артықшылық рөлі бар деп білеміз.

   Орфографиялық жаттығулар. Орфографиялық дағды саналы түрде игерілген тіл қызметінің автоматтандырылған дағдысы ұзақ жүргізілген жаттығулар нәтижесінде қалыптасады. Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету міндетін жүзеге асыруда орфографиялық жаттығудың рөлі ерекше. Емле жаттығуларының түрі әр алуан. Олар үйретілетін орфограммаға сәйкес әрі оқушыларды сауаттылыққа дағдыландыру жұмысының сипатына лайық қолданылады. Барлық орфографиялық жаттығу жұмыстарын негізінде, үш салаға ажыратып қарауға болады. Олар: 1. Көшіріп жазу. 2. Диктант. 3. Орфографиялық талдау.

   Көшіріп жазу- оқушылардың көру сезімі арқылы қабылданған әріп, буын, сөз, сөйлем және текстерді жазбаша формада өрнектеп беруі. Балаларға көшіріп жазу әрекетін әліппені оқу кезеңінен бастап жүргізеді. Сол әу бастан олар әріп элементтерін, оның тұтас түрін каллиграфиялық жағынан дұрыс өрнектеп үйренуі тиіс. Өйткені әріптердің жазылуын, олардың сөз ішінде тәртіппен орналасуын ұқыпты орындау- дұрыс жазу дағдалыраны меңгерудің әліппесі іспетті маңызы бар мәселе. Оқушы жазудың каллиграфиясын сақтап, көркем жазуға қаншалықты ынта-жігер жұмсап әдеттенсе ол сауатты жазу дағдысына соншалықты тез төселеді. Себебі жақсы жазудың өзі емлелік қате жібермей, дұрыс жазу процесіне тиімді әсер етеді. Құнтты ойланып таза, көркем жазатын бала сауатты да жаза алады. Сондықтан оқушылардың каллиграфиясына баса назар аудару керек. Сонымен қатар балалар жаттығу материалын көшіргенде, ұқыпты түрде зейін қойып, бір жазғанын қайта түзетпей, сөзден әріп тастамай не оларды бір-бірімен алмастырмай, тыныс белгілерін де өз орнына қойып қатесіз жазатын дағдыға әліппе кезеңінен-ақ үйретілуі тиіс.

   Оқушыларды дұрыс жазу дағдысына үйрету үшін, оларға көшіріп жазу жұмысында ескерілетін нұсқау- ережелер түсіндіріледі. Ең әуелі балалар көшіріп жазатын метериалды түгел оқып шықсын. Әр сөйлемдегі сөздерді буынға ажыратып әрі ол буындарды іштен айтып ескерсін. Соңынан өзі жазған жұмысын тиісті текстің материалымен салыстырып, дұрыс-терісін байқасын. Көшіріп жазу жаттығулары қай класста да әр түрлі емлелік тапсырмаларды орындату мақсатымен жүргізіліп отырылады. Сабақ мақсатына орай көшіріліп жазу жұмысы алдында дайындық жасалады. Жаттығуда кездесетін (белгіленген) орфограммалар бар сөздер айтылады, ол сөздің неліктен солайша жазылатындығы талқыланып дәлелдетіледі. Өтіліп жатқан ережеге жататын орфограммалар текстен таптырылып, саны анықталады.

   Оқыту практикасында көшіріп жазу жұмысына грамматикалық лексикалық және сөз жасау мәнді тапсырмалар ендіріліп,- комплекстік сипат беріледі. Оның өзі балалардың емлелік дағдыларын қалыптастыруда теориялық негіз болып табылатын грамматика, емле, сөз жасау жөніндегі білімді қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді. Ондай комплексті жаттығу тапсырмаларының үлгілері мына сияқтылар:

- Көп нүктенің орнына керекті әріпті, буынды не сөзді қойып көшіріп жазу. Керекті обьектілер текстің соңында беріледі. Оқушы жұмысты орындауымен бірге, тиісті орфограмманның жазылу ережесін түсіндіреді.

- Көшіргенде, сөздердің түбірін және қосымшаларын ажырату, соған байланысты түбірлес сөздерді тану. Осы мәндес міндетті орындауға 2-класс қазақ тілінде мынандай тапсырам берілген.

   Мына сөздерді қөшіріп жазып, қосымшалардың астын сызыңдар:

етікші                                      малшы                                          бастық

етікті                                       малға                                             баста

етікке                                      малда                                           бастау

етіктің                                     малдың                                        басына

   Дегенмен бұл тапсырма міндетінде түбірлес сөздер жайында ештеңе айтылмаған. Ал тапсырмадағы 12 сөздің етік, мал, бас деген үш қана сөзден өрбіп тұрғанын салыстыру, бақылау әдістерімен балаларға ұғындыруға әбден болады. Осыдан түбірлес сөздер деген ұғымға қарай оқушыларды бейімдей түсеміз.

   - Жаттығу тексінің оң жағына немесе астына тізілген қосымшалардың, сөздердің орнын тауып, сөздердің байланысын дұрыс келтіріп көшіріп жазу. Бұл жұмысқа лайық тапсырманы 2-класс оқулығына келтіріледі.

   Бағанның оң жағындағы жалғауды қай сөзге жалғаса ондағы сөздер дұрыс байланысады?

 Тырна түлкі қонаққа шақырады.                      -ға

Тырна түлкі ьамақ береді.                                  -ты

Құмыра түлкінің басы сыймайды.                     -ні

Тырна құмырадағы тамақ өзі жеп қойды          -ге                                    

   Теріп көшіру. Мұнда сөздердің құрамы, сөз таптарына қарай іріктеп теріп жазылады. Сөздерді мағыналық тобына қарай саралап көшіру де осы тапсырмаға жатады. Мысалы, 1-класс қазақ тілінде мынандай жұмыс бар.

   Тапсырма. Сөздерді оқыңдар. Туыстықты білдіретін сөздерді бір бөлек, қызметті білдіретін сөздерді бір бөлек жазыңдар:

   Шопан, ата, әже, тракторшы, апа, қарындасым, инженер, сіңілім...

Бұл тәріздес тапсырманы орындау арқылы жас шәкірттердің зат тану ұғымы кеңіп, сөздік қоры жүйелі қалыптаса бастайды.

   Осы мәндес көшіріп жазу тапсырмасы басқа класстарда да баршылық. Мысалы, 3-класс қазақ тілінде дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек теріп жазыңдар деген тапсырма берілген.

-Байырғы құрылысы бұзылып берілген текстің сөздерін өзара байланыстырып қалпына қайта келтіріп көшіріп жазу. Бұл мәндес тапсырма синтаксис тақырыбына лайық беріледі. Сөйлемдегі сөздердің байланысын табу үшін және сөйлем мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына айыру үшін, сондай-ақ жалпы сөйлем құру тәсіліне дағдыландыру үшін осындай тапсырма берудің маңызы зор. Ол, әсіресе балалар ойдан сөйлем құрауға, мазмұндама, шығарма жазуға машықтану үшін елеулі пайда келтіреді.

         Негізгі  бөлім.

         Оқушылардың  сауаттылығын  арттыруда  жат  жазу  түрлерінің   тиімділігі.

        Бастауыш  сыныптарда  жазу  жұмысының  көптеген  түрі  бар.Соның   бірі-диктант. Бұл  ұғым  өз  бетімен  ойын  қағаз  бетіне   түсіруді  және  айтып  тұрғаннан  жазуды  меңзейді. 

Есту факторына негізделген жаттығу жұмыстарын оқыту практикасында диктант деп атау кеңінен орын алады. Бастауыш класстарда диктанттың  әріп,буын, сөз, сөздік,көру,ескерту, түсіндірмелі, терме, еркін бақылау, өздік және шығармашылық тәрізді түрлері қолданылады. Ал жаздырылаитын сипатына қарай 1-класста әріп диктанты, буын диктанты, сөз диктанты дейтін түрлер де пайдаланылады. Бұл балалардың әріпті жазуда қалай үйреніп келе жатқанын, белгілі буындардың құрамында неше әріп, қай әріптер бар екенін, буын жасап тұрған не әріп екенін, қалай түсінетіндігін байқау үшін, кемістіктерін қолма-қол түзетіп, дұрыс бағыт беру үшін жүргізіледі. Сонымен бұл диктанттардың оқушылар білімін байқау, бақылау, үйрету мәні бар.

   Есту сезімі арқылы қабылданып, негізінде жатқа жаздыратын диктанттар мұғалімнің сабаққа арнап алған материалды дауыстап айтуы(диктовкасы) бойынша жаздырылады. Бұл ретте мұғалімнің сөйлеуі, оқуы орфоэпиялық нормаға негізделу керек екендігін есте ұстаған жөн. Әріп   диктанты 1-сыныпта  алғашқы  әріптерді  үйренгеннен  кейін  өткізіледі.Ол  дыбыс  таңбасының  баспа  түрінен  жазба  түріне  аударып  жазуға  үйрету,дауысты,дауыссыз  дыбыстарды  ажырата  білуге  дағдыландыру  және  көркем  жазуын  қалыптастыру  үшін  қолданылады.

Ал әріптерді атағанда, дыбыс атымен айтылады. Бұл жағдайда дауысты дыбыстарды айтудың қиыншылығы жоқ, артикуляциялық жағынан ерекше шеберлікті керек ететіндер- дауыссыз дыбыстардың айтылуы. Мұғалім балаларға қай дауыссыз дыбыстың қалай дыбысталатынын артикуляциялық техникасын меңгертуге міндетті. Ал балалар сол дыбыстардың жазудағы таңбасын-әріптерін дұрыс біліп, дәл мүсінін тауып жаза алатын болсын.  

 

Буын диктанты  сауатты  жазуға  үйрету,қате  жазудан  сақтандыру,сөзді  буындап   оқуға,оны  жаттап  алуға     көмектесу,сөздерді  тасымалдай  білуге  үйрету сияқты  жұмыс  түрлерін  қамтиды. 

   Буын диктантын жаздырғанда, мұғалім буындағы дыбыстардың арасын ашпай буынды бүтін күйінде оқуы керек. Мысалы, со, шо, но түрінде бірге оқиды. Ал с-о, ш-о, н-а, н-о түрінде бөлек оқуға болмайды. Жоғарғы буындар осы қалпында мағына бермейді. Олар балалар танысқан сөздердің құрамында  кездеседі. Балалардың  сондай  білімдерін  пайдаланып, осы буындарды  қатыстырып  мағыналы  сөз  жасатқан  тиімді  тәсіл. Балалар   өзі ойлап   тапқан  сөздерді  зерттете     келіп, сөз диктанты түрінде жаздыру оқушылардың ұғымын жеңілдетеді, әрі жазу процесін біртіндер күрделендіре  түсіруге болады. Қазақ тілінің ерекшелігінде бір буынды сөздер көп. Буын диктантына осындай бір буынды сөздерді же жаздырған пайдалы. Осы тұста оқушылар жазған буындарының ішінде мағыналы чөз бар екенін де айырып, тіл құбылысын байқай бастайды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                әріп  пен  буын  диктанттарына  қарағанда  біраз  күрделірек.Мұндағы  басты мақсат-оқушыларға  сөз  белгілі  бір  ұғымды  білдіретінін,яғни  мағынасы  болатынын түсіндіру.Мұнда  оқушылар  өздері  есттіген  әрбір  сөздің  нақты мағынасын  түсінуімен қатар,оларды буынға  бөліп  жазып  үйренеді.Осыдан  кейін  ғана  олар  жеке  сөзді, әріпті  тастап  кетпей,артық  әріп  қоспай  немесе   әріптердің  орнын  ауыстырмай,әрбір сөздің  мағынасын                                                                                       түсініп,қатесіз,көркем  жазуға  дағдыланады.    Сөйтіп 1-класс балалары сөз диктантында бір, екі, одан әрі үш буынды сөздерді жатқа жазып дағдыланады. Ондай ретте ат-ата, сыр-сырла, Айна-Айнаш секілді сөздерді пайдаланып, олардың қандай буындардан тұратынын талдатып және мәні ұқсас емес буындар ажыратылады.

     Ескерту  диктанты:көлемі,орфографиялық  емле, сөздік  қоры  жағынан  бақылау  диктантына  жақын келеді.Мұнда  осы  ууақытқа  дейінгі  өтілген   барлық  материал  түгел  қамтылып,оқушыларды  бақылау  диктантына  тікелей  әзірлейді.                                                   

   Ескерту диктанты сабақта зерттелетін тілдік обьекті лер оқу материалынан таптырылып, алдын ала түсіндіріліп барып жаздырылатын диктант. Бұның өзі көру-ескерту және есту-ескерту болып екі түрге бөлінеді.

   Көру-ескерту диктанты 1-класта, 2-класта да пайдаланылады. Себебі бұл кластар оқушыларының көру сезімі, есту-ойлануға қарағанда, белсенді қызмет етеді. Бұл диктантты жүргізгенде текст (тіпті жекелеген сөз болса да)                                                                                           тақтаға жазылады, болмаса плакат түрінде дайындап әкеліп, класс алдына ілінеді. Сөйлемдегі қажетті орфограмманың қалай жазылатындығы талқыланады. Балалар мұғалімнің оқуы бойынша диктантты жатқа жазады. Класс тегіс жазып болғаннан соң тақтадағы жазу қайта көрсетіледі. Балалар                                                                      өз жазғандарын текспен салыстырып, қателері болса табады, оны өздері түзетеді.

   Жаздырылатын тексті кітаптан оқып алып, содан соң жатқа жазу да, не болмаса балалардың жаттаған материалы бойынша жатқа жазу да осы көру-ескерту диктантына жатады. Бұл соңғы екі түр 2-ші және 3-кластарда қолданылады.

   Есту-ескерту диктантын жүргізгенде, зерттеліп отырған обьект алдын ала ауызша талқыланады. Мұғалім оқыған текстен, сөйлемнен балаларға мағынасы түсініксіз, мүлде түсініксіз сөз диктант текстіне ендірілмеуі тиіс. Ондай сөз, жазылуы ескертілетін орфограммалар бұрын тапсырылады. Бұларға байланысты емле-ережелері сұралып, еске түсіріледі. Одан соң                                                                                                      мұғалім сөйлем жігімен ашық оқып диктантты жатқа жаздырады. Диктанттың бұл түрі бастауыш төрт класта да жүргізіледі. 1-класта айтылуы мен жазылуында ерекшелігі жщқ сөздер алындаы, әрі ол сөзде қандай дыбыстар бар екеніне дейін талданып алып жаздырудан бастап дұрыс жазу дағдысына үйретіледі. Текст біртіндеп күрделендіріле келіп, 3-класта айтылуы мен жазылуында өзгешелік бар сөздер де ендіріледі. Мысалы, сөздің кейінгі буындарында ерін дауыстылар естілетін, орыс тілі арқылы тілімізге енген сөздердің аяғында ұяң дауыссыз дыбыстар (в, г, д) келетін түрлері әдейі қатыстырылып отырады. Бұлай ету оқушыларды түбір сөзді морфологиялық принціп бойынша жазуға дағдыландырады. Сондай-ақ ол                                                           жаңа материал мен ертерек өтілген орфограммаларды байланыстырып жүргізуге де қолайлы.

   Есту-ескерту диктантын орындау процесінде де түсіндіру жолы жүріп отырады. Бұл да ерте басталатын жазу дағдысы. Оны 1-класта қолданғанда бала белгілі буынды я сөзді жазып отырып, сөйлеп түсінік айтады. Мысалы, тиісті сөзде неше буын, не деген буындар бар бар, әуелі қай буынды жазады, ол буында неше әріп бар екенін айта келіп, содан әрі жазатын әріптерін біртіндеп пәлен әріпті жазамын деп естірте айтады. Класс бір ырғақпен қатар жазып отырады. Одан әрі қарай оқушылар емле ережелерімен таныса келе жазу үстінде қай сөзді қалай жазатынын тиісті ережесін айтып, түсіндіріп отырады.                                                                

   Түсіндірмелі диктанттың материалы алдын ала талданбастан, бірден жатқа жаздырылады. Тек қана қандай емле-ережелерге көңіл бөлу керектігі ескертіледі. Бұл жаттығудың нәтижесі жазып болғаннан кейін оқушылар, сөйлем ішіндегі қай сөздің қандай ережеге сәйкес дұрыс жазылу емлесін                                             түсіндіреді. Тиісті орфограмманың астын сызады. Кейбір орфограммма жөнінде түсінік беруді жазбаша түрде орындауы да ендіріп, дамыта оқыту тәсілін қолдана бастаған жөн. Бұндай жұмыста үй тапсырмасы ретінде орындатса, балалар оқулықты да пайдаланып, көптеген білімді пысықтаған болар еді. Сөйтіп өздігінен оқуға, тұжырым жасауға тәрбиелене түседі.       Терме  диктанты  белгілі  бір ережені    оқушылардың  қалай  меңгегенін  байқау  үшін  сабақ  үстінде  жүргізіледі.Мұғалім  диктант  мәтінін  оқыр  алдында  қандай   ережеге  көңіл  аудару  керек екендігін  ескертеді.Оқушылар  мәтінді  түгел  жазбай,мұғалім  оқып  тұрған  мәтіннен  әрқім  өзіне  берілген  тапсырмаға  лайықты  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  немесе  сөйлемдерді  ғана  теріп  жазады. 

   Терме диктант өтіп жатқан ережелерге немесе мұғалім берген арнаулы бір тақырыпқа сәйкес келетін сөздер іріктеліп жазылады. Мұғалім жазуға арналған материалды сөйлем бойынша оқиды. Оқушылар әр сөйлемнен берілген тапсырмаға лайық келетін сөздерді теріп жазады. Тапсырма барлық класта да орындатылады. Мысалы, түбір сөз, туынды сөзді бір бөлек жазу. Ілік септік пен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесін табу немесе заттың аттарын білдіретін сөздерді теріп жазу. Диктанттың бұл түрі түсіндірілген ережені пысықтау, білімін бекіту үшін қолайлы. Сонымен бірге бүкіл класс коллективінің белсенді оқу еңбегін ұйымдастыруға, сабақ уақытын пайдалануға да тиімді.

   Еркін диктант жатқа жазу мен мазмұндама арасындағы өтпелі жаттығу жұмысы. Бұл диктантты жазғанда да тиісті бір емле ережелерін біліп қолдану дағдысы дамытылады. Мұғалім алға қойылған мақсатты айтып, көңіл бөлетін орфограмманы ескертеді. Жазылуы қиын сөз көрсетіледі. Тексті мәнерлеп тұтас оқиды, қайтадан мазмұн бірлігіне қарай бөлімдеп оқиды. Бірақ әр бөлім үш-төрт сөйлемнен аспайды. Оқушылар тексті сөзбе-сөз жаза алмаса, оларға өз сөзімен жазуға еркіндік беріледі. Бірақ берілген орфографиялық обьктілерді сақтап жазу талабын орындайды. Еркін диктанттың өздік диктант деген оқушыларға әлде де өз бетінше жазу мүмкіндігі біріліңкіремейтін түрі де практикада қолданылып жүр. Бұл диктант тексін мұғалім оқиды, немесе жазып әкелген плакаттан көрсетеді. Балалар есту және көру зейіндері бойынша текстің мазмұнын өздігінен баяндап жазады. Орфограммаларды ескеріп, ендіреді. Бұл диктант балаларды шығарма жазу дағдысына дайындайды.                                                               

     Өздік  диктантында  оқушылар  өтілген  материалдарға байланысты  әріптер  мен буындарды,сөз  бен сөз тіркестерін  және  жекелеген сөйлемдер  мен  жаттап алған  өлең,жұмбақ,жаңылтпаш,мақал-мәтелдерді естеріне  түсіріп,ойлана отырып өз  бетінше  жазады.

     Диктанттың  бұл  түрінің  өткенді  қайталап,тіл  ұстартуда  маңызы  зор.Мұғалім  өздік  диктантты  қай  күні  болатынын,нені қайталап келу  керектігін  оқушыларға алдын  ала  ескертіп  қояды.

      Шығармашылық  диктант-үйрету  диктанттарының  ішінде  мазмұн,құрылым,әдіс-тәсіл жағынан  ең күрделісі,оқушылардың ойлау қабілетін,сөздік  қорын, білім деңгейі мен  өздігінен  жұмыс  істеудегі шеберліктерін  арттыру  көрсеткіші.Бұл  диктанттың  көп  нүктенің  орнына  тиісті   әріптерді қою,сөздерді  дұрыс орналастыру арқылы  сөйлем  құрау,басы жазылған  мәтінді  аяқтау  сияқты  басқа  диктанттарға  ұқсамайтын  өзгешіліктері  болады.

Графикалық  (сызба) диктанты  сөйлемдегі  сөздердің  байланысын  сызба  арқылы  көрсету ,керісінше,берілген сызба бойынша  сөйлем  құрау  сияқты  түрлі   нұсқада  жүргізуге  болады.

    Бақылау  диктанты

   Бақылау диктанты практикада есту диктанты деп те аталады.Себебі бұл жазу жұмысы тек қана есту қабілеті арқылы атқарылады. Бақылау диктанты бір жаңа ережені түсіндіргеннен кейін, белгілі тақырыпты түгел өткеннен соң, немесе тоқсан, оқу жылы аяғында жүргізіліп, оқушылардың материалды қаншалықты меңгергендігі тексеріледі. Есту диктанты үйрету мәнінде қолданылады. Бір оқушы тақтаға, басқалары дәптерлеріне жазады. Тақтадағы жазу талданып, қателер түзетіледі. Осылайша келесі оқушы шығарылып, жазу жалғаса береді. Бұл тәсіл көр қолданылмағанымен, балаларды бақылау диктантын жазуға үйрету үшін дайындық сипатты маңызы бар. Бақылау диктантын жүргізгенде, текст ешқандай алдын ала талдаусыз жаздырылады. Жұмыс нәтижесі, көбінесе, үйге алып тексеру арқылы анықталып бағаланады. Бақылау диктантын жүргізудң біраз талаптары мен жолдары бар. Бұл диктант оқушылар шаршаған соңғы сабақта жүргізілмейді, ең қолайлы мезгіл- екінші сабақ. Жаздырылатын текст тұтас мазмұнда болса, мұғалім орфоэпиялық норманы сақтап, бір рет түгелдей оқиды. Жаздырарда сөйлем  бойынша, әр сөйлемді екі, үш рет қайталып оқиды. Ал өте ұзақ сөйлем болса, ондағы сөз тіркесі жігімен бөлімдеп оқылады. Текст жазылып біткен соң, тағы бір рет тұтас оқылады. Осы арада өз жұмысын өзі қарап, қатесі болса, тауып, түзету үшін балаларға төрт-бес минут уақыт беріледі.                   Бақылау  диктанты бұрын  өтілген  материалдарды оқушылар  қандай  дәрежеде  меңгергенін  және  сауаттылық  деңгейінің  қандай   екенін  анықтау  мақсатымен  жүргізіледі.Бақылау  диктанты  белгілі  бір  тарауды  оқып  бітіргеннен кейін  және  тоқсанның,жылдың  аяғында  өткізіледі.  Ол төмендегінше жүргізіледі:

        а)диктант  тақырыбы тақтаға  жазылады да,алғашқы  сөйлемнің  бірінші  сөзі  жаңа жолдан  басталатыны ескертіледі.Диктант  мәтінінде  кездесетін  жазылуы   қиын  немесе  ережелері  өтілмеген сөздерді  мұғалім  үзіліс  қезінде  тақтаға  жазып  қояды;  

         ә)диктант  мәтінін мұғалім екі рет  дауыстап  оқып,жазылуы қиын  сөздерді  тақтадан  қарап  алу  керектігін  ескертеді;

         б) егерде  диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз  тіркесінен  немесе  байланысты  сөйлемдерден  құралған   болса,мұндай  мәтіндердің  әрбір  сөзі  мен  сөйлемін  мұғалім үш  рет  қана  қайталап оқиды.Осыған орай диктантты  жазар  алдында  оқушыларға  әрбір сөзді  немесе  сөйлемді   қөңіл  қойып  тыңдап,олардың мағынасын  ұғып  алғаннан  кейін  ғана  жазуға  кірісу  керектігі  ескертіледі.Мұғалім   оқушылардың  түгелдей  жазылып  отыруын  қадағалап, ең  баяу  жазатын  оқушы  бітісімен, келесі  сөйлемді  оқиды.Бірақ   ол  жаңа  сөйлем  екені  айтылмайды;

        в)оқушылар  диктант мәтінін  түгел  жазып  болғаннан  кейін  мұғалім  мәтінді бастан-аяқ тағы  бір  рет  оқиды.Осы кезде  оқушылар  өз  жазғандарын  мұғалімге ілесе  отырып тексереді.  Қатесі  болса  түзетеді.      

Қорытынды  бөлім.

        Сауатты  жазуға  үйретудің тиімді  тәсілі.

         Оқу-тәрбие  жұмысында  оқушылардың  ой-өрісін  кенейтіп, өз  бетінше  еңбектенуге, ізденуге  және  өз  ойларын  ауызша,  жазбаша  жеткізе білугеүйрету-алға  қойылып  отырған  басты  мақсаттардың  бірі.Бұл  жұмысты  қалыптастыруда  диктант, мазмұндама, шығарма  жұмыстарының  маңызы  зор.Жазуға  үйретуді оқудан  бөліп  қарауға  болмайды.Оқуға  үйретудің  алғашқы  күнінен  бастап  жазуға  да  қойылатын  талапты  естен  шығармау  керек.Әліппе  кезеңінде  алған  білімдерін  пысықтап, оқу  және  жазу  дағдыларын  дамыта  түсу  мақсатында  арнайы  мағлұмат  берілген.Бірақ  бұл  мағлұматпен  шектелмей, балалар  кітаптарынан, журналдардан  өлең, ертегі, әңгіме  оқытып  жазғызған  жөн.Жазуға  төселдіру  үшін  де  үлкен  ізденіс, шеберлік  керек.Бұл  жұмыс  жеңілден  ауырға  қарай  күрделеніп  отырады.

         Сауатты жазудың  негізі  әліппенің  сауат  ашу  кезеңінде  қалыптасады.  Бұл  жұмыс  шығармашылықпен  ұштастырылғанда  ғана  оқушы  сауатты  жазуға  төселеді.Осы  мақсатта  оқу  белсенділігін  арттыратын  әріптік, буындық  үлестірмелі  материалдар  пайдаланып, берілген  сөздерді  талдап, оқытып, ауызша  диктант  жүргіземін. Ауызша  диктант  арқылы  құралған  сөзді  тақтаға  жазып, қатесіз  көркем  етіп  дәптерге  жазғызып, оны  оқытып, тақтамен  салыстырамын.Үйрету  диктанттары  жеңілдеп  басталып, біртіндеп  күрделенеді.Бір-екі  әріпті  үйретісімен  сабақ  ссайын  үйрету  сауатын  ашып, естуін  дамытады.Осындай   жұмыстың  бірі-әріптік  диктант. Ол  үшін  әріп  диктантын мына  мазмұнда өткізген  жөн:

       -Естілуі  бойынша  жазу;

       - Берілген  әріптің  бас  әрпін  жазу;

       - Кіші  әрпін  жазу;

       -Дауыстыны  жазу;

       - Дауыссызды  жазу;      

       - Қоятын  әрпі;

       - Жоғын  тауып  жазу;

      Әріп  диктантынан  кеткен  қатемен  жұмыс  істеуде  төмендегі  жұмыстар  жүргізіледі:

        - Өткен  дыбысты  естуі  бойынша  жаза  алмаса, алфавиттен  таңбалануын  көріп  жазу  немесе  оқушылар  көмегімен  орындап  дәптерге  жазу.

        -Бас  әріппен  кіші  әріпті  аралас  беріп, сыңарларын   тауып  жазу, астын  сызу.»Қатем  бар  ма?», «Көмекке  кел»  ойындары  арқылы  жұмыс  істеу.

       -Дауысты, дауыссыздар  еліне  саяхатқа  шығып, дыбыстарды  дауыстап, дауыссызға  бөліп  жинау.»Не  керек?»  ойыны  арқылы  дыбыстарды  атап, айыру.

       - Бас  әрпіне  қарап, кіші  әрпін  жазу.

       - Алфавиттегі  әріптердің  орнын  білу, жатқа  жзу, топтап  жазу.»Қай  әріпті  жоғалттым?», «Бос  торды  толтыр»  ойындарын  жүргізу.

         Әріп  диктантын  жазуға  үйренген  оқушыларға  сол  әріптерден құралған  буын  диктантын  жазу  қиындық  келтірмейді. Буын диктантын әріп диктантына біраз дағдыланған соң бастау керек, себебі әріптер мен буындардан сөз құрау дайындығынан өтеді, буындап оқуға, жазуға үйренеді.

Буын диктантын мына үлгіде жүргізіп отырдым:

- Берілген әріптен буын құра;

- Жоқ буынды тап;

- Буын жігіне айыр;

- Бір бунды сөз жаз;

Жазба жұмыстарында «Құраған сөзім дұрыс па?», «Буын қос», «Қайсысы дұрыс» ойындарын жүргізіп, суреттегі заттың атын берілген буыннан құрау, суретке қарап керек буынды қосу жұмыстарын жүргізу арқылы да нәтижеге жетуге болады.

Әріп, буын диктанттарын дұрыс жазып, сөздердің мағынасын түсініп алмайынша, бірден сөз диктантын өз дәрежесінде сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан жазуға үйрететін, жазу машықтарын нығайтып, қалыптастыратын диктанттың алуан түрін қолданып, оны талдау жұмысын сабақ сайын жүргізген тиімді. Оқушы сауаттылығн арттыруда бағдарламада берілген жазба жұмыстарымен шектелуге болмайды. Диктант жиі болса оқушылар сауаты артады. Диктант мақсаты- оқылған ережені оқушының қаншалықты меңгергенін, қосымша қандай жұмыс жүргізу керек екенін анықтау.

Диктант жұмысын жүргізу барысында қатені түзету жолдары түрліше болмақ. Жұмыс шағын болса, сол бойда қарап тексеріп, қатені түзетуге болады. Оған жататындар: үйрету диктанты, көшіріп жазу.

Бақылау диктантында қатені түзетіп, оқушыларды қатыстырып, жіберген қателермен жұмыс істеу көзделеді. Диктант қатесін сол күйінде арнаулы бір дәптерге жазып, төмендегі жұмыс түрлері жүреді:

·        Жекелеген жұмыс беріп, жіберген қатесін жаттығуға енгізіп, қайталап пысықтау;

·         Ауызша қате кеткен ережені сұрау;

·         Қиын тапсырманы сынып болып орындау;

·         Бірін-бірі тексеру;

·         Өзін-өзі тексеру;

·         Қате кеткен сөздегі әріптің астын сызу;

·         Ойын түрлерін қолдану.

Жақсы оқитын оқушылардың қатесінің астын сызып, қате көп болса, кейбірін түзетіп, қалғанын өздеріне түзеттірген нәтижелі болмақ.

Жазу жұмыстарынң ішінде диктанттың орны ерекше. Кез келген жаңа сабақ алдында немесе үй тапсырмасын тексеру барысында екі-үш сөзден тұратын шағын сөйлемдер жазғызып, оны өздеріне тексерту арқылы сауаттылыққа жаттықтырған жөн.

Жаңа тақырыпты өту немесе үйге берілген тапсырманы орындау ретінде берілген жаттығуды тек көшірмей, оқығанын жатқа жазып, талдау арқылы сауттылыққа жаттықтырған дұрыс.

Сурет бойынша сөйлем, шағын әңгімелер жазу жұмыстары да жиі жүргізіліп, тақырып бойынша шығармалар жазғызу да тиімді әдіс.

Керекті нүктелердің орнына тиісті әріп, буын, сөз қойып жазу сияқты жұмыстарды оқушалар ынтамен орындайды. Осындай жұмыс түрлерін сабақтың әр кезеңіне кірістіріп, жүргізгенде ғана оқушы сауатты жазуға тез төселуге болатынын тәжірибе көрсетеді.

   Қатеден сақтандыру жұмысы оқушыларды сауатты жазуға үйретудің тиімді тәсілдерінің бірі. Бұл жұмыстың кейбір жолдары мыналар:

- Оқушы өзін мұғалім алдында еркін сезінуі. Оқушы өз бетімен жазу жұмысын орындап отырғанда өзіне түсініксіз ұғымды, не жазылуы қалай екенін кәміл біле алмай отырған обьект туралы мұғалімнен қысылып-қымсынбай сұрап алуы тиіс.

- Оқушылар түрліше, әсіресе орфографиялық сөздікті пайдалан арқылы көптеген емлесі қиын сөздердің дұрыс жазылу жолын біледі.

- Емлесі қиын сөздердің дұрыс жазылу үлгісі класс қабырғасына іліп қойылады.

- Оқушыларға өз бетімен тапсырма орындатқанда, мұғалім орфограммасы қиын немесе әлі ережесі өтілмеген сөздерді тақтаға жазып қояды.

   Оқушыларды сауатты жазуға үйрету  жаттығулары ауызша және жазбаша тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларымен де ұштастырыла жүргізіледі. Ол төмендегідей реттерде қолданылады. Оқушы өзі орындаған жұмысында алдын ала берілген бір сөзді пайдаланады. Оқылған тексті мазмұндағанда, сөйлемдегі баяндауыщтардың жағын өзгертіп, қайта құрып сөйлейді. Оқушының сөздік қорын байытуға арналған жұмыста заттың аттары жақындық белгісіне қарай топталып, жікке айырылып көрсетіледі. Осы сәтте балалар жеке сөздің жазылуын естерінде ұстап қалады. Оқушыларға тыныс белгілері қойылмаған, я болмаса бас әріппен жахылмаған сөздер беріледі. Бұл секілді тапсырманы орындаумен бірге оқушы кейбір сөздің дұрыс жазылу емлесін еске сақтайды. Класқа кейде құрылымы бұзылып берілген сөйлемдерден жұмыс жасатылады. Осы сияқты тіл дамыту және байланыстырып сөйлеу тапсырмалары оқушыларды дұрыс жазуға үйретуде ұтымды түрде пайдаланылуы тиіс.

                                         Диктант түрлері

1-сынып. Әріп диктанты

1. Дыбыстардың кіші әрпін жаз.

а     т     п     н

2. Дыбыстардың бас әрпін жаз.

А     Т     П     Н

3. Дыбыстардың кіші әрпін жаз.

а     т     п     н     ғ     р     л

4. Дыбыстардың бас әрпін жаз.

А     Т     П     Н     Ғ     Р     Л

5. Дауысты дыбыстарды теріп жаз.

н   т   а   ғ   ш   у   л   р   о   п   қ

6. Дауыссыз дыбыстарды теріп жаз.

н   т   а   ғ   ш   у   л   р   о   п   қ

7. Дыбыстардың бас әрпін жаз.

У     Ш     О     Қ     Ғ     Т

8. Дыбыстардың бас әрпін жаз

Ң     Л     Р     П     Қ

Буын диктанты.

1. Буындарды жаз.

та     на     па

Сөз диктанты.

1. Сөздерді жаз.

апа     ана     ата

2. Сөз, сөйлем жазу.

Нан, аға, нан ал.

Таға. Ата, ат тағала.

3. Көпше түрінде жаз.

ат-аттар     ара-     патра-

4. Сөз, сөйлем жазу.

Ара. Аға, арала

Апа. Апа, нан ал.

5. Көпше түрінде жаз.

аға- ағалар     ата-

апа-                 ана-

6. Сөз, сөйлем жазу.

Шаш, апа, шашу шаш.

Алма. Айша, алма ал.

7. Сөз, сөйлем жазу.

Алаша. Қанат, алаш қақ.

Тоған. Аға, тоған аш.

8. Сөз, сөйлем жазу.

нан    шаш     қой     тау.

Айжан мектепке барды.

9. Сөз, сөйлем жазу.

мал     тал     аға     шар

анасы Шараға алма берді.

Көру диктанты.

«Кімнің есінде көп сақталды».

1. Балық, батыр, жусан, сағат, аймақ, қайық, домбыра, шағала, асқабақ, мысық.

2. Мысық, бастық, балықшы, жусан, нағашы, дауыс, жарыс, қорқақ, жуас, уық.

3. Ащы, электр, ою, қияр, хабар, цирк, фильм, альбом, тұщы, шаян, вокзал.

Көшіріп жазу.

Жазылуын есте сақта.

1. Іс- ыс                                          әк- ақ                                     ән- аң

   үн- ұн                                         гүл- күл                                 өт- от

   Өш- өс

2. Ірімшік, інішек, кесіртке, кешкілік, әкімшілік, інжу, керуен, көлеңке, жәрмеңке, әткеншек.

Сөздерді топтап жаз.

3. Әтеш, бота, өгіз, қаз, үйрек, бұзау, бөдене, тай, қозы, кекілік, ешкі.

Үй жануарлары: бота, ...

Құстар: әтеш, ...

4. Қызылша, алма, асқабақ, сәбіз, алмұрт, қауын, жүзім, қарбыз, өрік, шие.

Көкөністер: қызылша, ...

Жемістер: алма, ...

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшір.

5. Апам көрпеге ... тікті. ... – дене мүшесі. Тоты ... отыр. Атам ... отыр. Өзі ..., әрі ... .

Керекті сөздер: қатты, тыс, торда, тәтті, тіс, төрде.

6. Алдымыздан ... қоян зу етіп өте шықты. Әжем ... ет асты. Биыл ... бітік шықты. Әжеме ... әкелдім.

Керекті сөздер: сүр, дәрі, сұр, тары.

7. Менің атам бақты оны,

Үстінде бар ақ ... .

Ол не?- төлдің бозымы,

Білемін ғой ... .

Керекті сөздер: қозыны, тоны.

8. Көктемде өсімдіктер дүниесінде көп ... болады. Бәйшешек ... жарады. Ағаш ... . Ағаш ... жаяды. Алғашқы ... – жауқазын, қызғалдақ, сарғалдақ өсе бастайды.

Керекті сөздер: гүл, гүлдер, өзгерістер, жапырақ, бүршіктенеді.

9. Жұмбақ

Қабат-қабат ...,

Төбеде шашы ... .

Жеп көріп ем өзін ... ,

Жас шығарды ... .

Керекті сөздер: мен, түйілген, көзімнен, киінген.

Бақылау диктанты.

1. Мысық

Маратта ала мысық бар. Оны Марат жуындырды. Марат ала мысығын ойнатты.

Жазылуы қиын сөздер: жуындырады, ойнайды.

Тапсырма.

1. Жуындырды сөзіндегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

2. Мәтіндегі сөйлем санын жақша ішінде цифрмен көрсет.

                   Балық.

       Балық  суда  болады.Айдос  балық  аулауға  барады. Ол   алты  балық  ау       лады. Балық- пайдалы  тамақ.(14)                                                                                  Жазылуы  қиын  сөздер:аулайды, пайдалы.

 Тапсырма.

1.Дауысты  дыбыстардың  астын  сыз.

2.Аулайды  сөзі  қанша  әріптен  құралып  тұрғанын  жақша  ішінде  цифрмен  көрсет.    

                                 Құс  фермасында.

         Анам  құс  фермасында  жұмыс  істейді.Асыл  анаммен  бірге  фермаға  барды. Онда  түрлі  құстар  бар. Асыл  үйректерге, тауықтарға, қаздарға  жем  берді.(20)

        Жазылуы  қиын  сөздер: үйректерге,тауықтарға.

        Тапсырма.

        1.Анам, жем, онда сөздеріне  дыбыстық  талдау  жаса.

        2.Көп  нүктенің  орнына  тиісті  дыбыстар  қойып  жаз.

         Бо...у, пи...з, жи..., тұ...ы,  ...ирк

        3.Қай  әріптің  бас  әрпі  болмайды?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Авторлық жұмыс " Оқушылардың сауаттылығын жат жазу арқылы қалыптастыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 202 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2016 5754
    • DOCX 43.2 кбайт
    • 46 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсугурова Алия Кабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байсугурова Алия Кабаевна
    Байсугурова Алия Кабаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31971
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 113 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов