Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыҚазақ халқының рухани мәдениеті. Қолданбалы курс

Қазақ халқының рухани мәдениеті. Қолданбалы курс

Скачать материал

ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС  БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ»

10 – 11 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН

 

Түсінік хат

 

«Қазақ  халқының  рухани  мәдениетінің  тарихы» атты қолданбалы курсын  дайындау және енгізу ұлттық мәдениетті  терең  зерттеп, оқушылардың  қызығушылықтарын арттыру жолында туындаған мәселелердің  пісіп жетілуінен, заман талабы  қажеттіліктерінен туындады.

МАҚСАТЫ:  оқушыларға  қазақ   халқының   рухани  мәдениетінің        қүндылыкты-мәнді  мазмұны  мен  тарихилығын,  бай   мұралардың мағынасын, өркениеттік  тұрғысынан қазақ халқының мәдени дамуындағы заңдылықтар мен бағыттар, мәдени жетілуін, үйлесуінің  маңызын ашып көрсету.

 

МІНДЕТТЕРІ:

- сақ-үйсін  және ежелгі түркі   дәуіріндегі тайпалардың  өнері  мен   мифологиясының,   ежелгі   кезеңдегі рухани   мөдениеттің, исламның ықпалын анықтау;  

- мұсылмандық фактордың рөлі мен маңыздылығын, исламдануды    идеялық-құлықтық және әлеуметтік мәдени аспектілерін айқындау;

- қазақ фольклорының, жырау, ақын,билер,   музыканттар  шығармаларының,   жазба   әдебиет   ескерткіштерінің   мағынасын,  халықтың   діни   өмірінің, ағартудың, дәстүрдің, адамгершілік және эстетикалық идеалдардың мазмұнын ашу;

- отарлау   дәуірінің   мәдениетін   сипаттау;  қазақ   ағартушылығының   мәнін,   батыс-шығыс  өркениеттік  қарым - қатынас  мәселелерін анықтау.

 

Курсты оқып білу барысында оқушылар нені білу қажет:

- қазақ халқының материалдық мәдениетінің негізгі элементтерін;

-  қазақ халқының материалдық мәдениетін зерттеудің деректерін;

-  материалдық   мәдениеттің   негізгі   шаруашылық   түрлері  және   оның  салаларын.

 

Курсты оқып білу  нәтижесінде оқушы не істей білу керек:

 - халық ауыз шығармашылығында, музыкалық, әдеби, философиялық  шығармаларда көрініс тапқан халықтың рухани мұрасын білу, қазақ  мәдениетінің мәдени эволюция заңдарын, өзгешелігі мен мәнін түсіну;' тарихи-мәдени   өткенді   сараптай   білу,   тарихилық   принципті  қолдану;  тарихты  зерттеудің   өркениеттік тәсілінің  формаларын; баяндама жасауға және ауызша материалды дұрыс жеткізу , семинарларға   дайындық   барысында  қолда бар  ғылыми  әдебиеттердің деректерін сыни тұрғыдан қарай алу, деректер ретінде фольклор, көркем әдеби шығармаларды пайдалану және өңдеу.

 

Бағдарлама 68 сағатқа жоспарланған.

10 сынып аптасына – 1 сағат – жылына 34 сағат.

11 сынып аптасына – 1 сағат – жылына 34 сағат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.       ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ

 

р/с

Тақырып атауы

Сағат саны

мерзімі

ескерту

1.      

Кіріспе.                               

1

 

 

2.

Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті.

8

 

 

2.1.

Скиф- сақ  тайпаларының   дүниетанымы   және мәдени дәстүрлері.

1

 

 

2.2.

«Авеста» ежелгі Қазақстан тайпалары туралы. 

2

 

 

2.3.

Сақ-үйсін дәуірінің мифологиясы, діні мен өнері. 

2

 

 

2.4.

Ежелгі   ирандық  «нанымдардың, зороастризмнің, буддизмнің таралуы.

2

 

 

3.

Ежелгі түрік мәдениеті

8

 

 

3.1.

Ежелгі қағанаттар халқының   өзіндік мәдениеті мен   идеологиясының   бейнесін   ашудағы руналық  жазба ескеркіштердің рөлі.   

2

 

 

3.2.

Орхон   жазбалары   рухани   мәдениеттің  көрнекті   ескерткіші ретінде.

2

 

 

3.3.

Қытайлық-конфуциалық өркениетпен қарым-қатынас.

2

 

 

3.4.

Қазақ  халқының   дүниетанымындағы, әдет-ғұрпындағы  тәңіршіліктің көріністері

2

 

 

4.

Ислам ықпалымен рухани  жаңғыру және оның мәдени- өркениеттік мазмұны. Исламның таралуының   кезеңдері мен маңызы, сипаты мен ерекшеліктері.

8

 

 

4.1.

Түркілердің   исламдануындағы   рухани-мәдени   алғышарттары.

2

 

 

4.2.

Түркітілдес тайпаларыдң  исламға бет бұруы: рухани салдарлары.

2

 

 

4.3.

Яссауи     –     түркі     дәстүріндегі     мұсылмандық     мистицизмнің       /суфизмнің / негізін салушы.

2

 

 

4.4

Жүсіп     Баласағұни     поэмасы     түркі-мұсылмандық     әдебиет  дәстүрінің негізін салушы.

2

 

 

5.

Ортағасырлардағы  түркілердің  рухани мәдениетінің гүлденуі.

10

 

 

5.1.

Түркі оқымыстыларының Шығыстың ортағасырлық ғылымына қосқан үлесі.

2

 

 

5.2.

Әл-Фарабидің  ортағасырлық ғылымға қосқан үлесі.

2

 

 

5.3.

Махмұд   Қашқаридің   мұралары және Қаранид   мемлекетіндегі  этномәдени өзіндік ерекшеліктері мәселелері.

2

 

 

5.4.

Қазақтардың рухани  мәдениетіндегі тәңіршілдік пен шамандықтың  сарқыншақтары.

2

 

 

5.5.

Көшпелі ауылдың материалдық мәдениеті. 

1

 

 

11 сынып

6.

Алтын Орданың мәдени қайта өрлеу кезеңіндегі Дешті- Қыпшақ, Түркістан және  Жетісу түркілері.

4

 

 

6.1.

Алтын Орда дәуіріндегі түркілердің ағартушылық пен әдебиеттің дамуы.

1

 

 

6.2.

Ортағасырлық қазақтардың рухани мәдениеті мен ағартушылығын оқытудағы Қадырғали Жалайырдың «Жәми ат тауарих»шығармасының маңызы.

1

 

 

6.3.

Мұхаммед Хайдар Дулати шығармасындағы түркі- мұсылмандық тарихшылдық пен рухани дәстүрлердің көрінісі.

1

 

 

6.4.

Шығыс классикасы және қазақ мәдениеті.

1

 

 

7.

Ортағасырлардағы қазақ  дәстүрлерінің мазмұны.

3

 

 

7.1.

Фольклор.  Қазақ  батырлық  эпостары, идеялары  және  образдары.

1

 

 

7.2.

Қазақ ертегілері.

1

 

 

7.3.

Мақал-мәтелдері мен жаңылтпаштар және олардың рухани маңызы

1

 

 

8.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы  дін мен ағарту ерекшеліктері.

4

 

 

8.1.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы  шариғаттың рухани негіздері.

1

 

 

8.2.

Қазақ көшпелі қоғамындағы рухани идеалдардың үлгісіндегі салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

1

 

 

8.3.

Шариғат бойынша әйел, ер адамдар қоғамдағы орыны.

1

 

 

8.4.

Шариғат мұсылмандық парыз бен міндет негіздері

1

 

 

9.

Ауыз әдебиеті және билермен жыраулардың рухани  мұрасы.

6

 

 

9.1.

Ақын-жыраулар шығармашылығы. 

1

 

 

9.2.

Қазақ билері.

1

 

 

9.3.

ХІХ ғасырдағы әдебиеттегі дәстүрлердің қалыптасуына мұсылмандық  ағартушылықтың қосқан үлесі.

1

 

 

9.4.

Қазақстандағы мұсылмандық мектептер /мектеп, медреселер/.

1

 

 

9.5.

Көрнекті      суырып-салма       ақындар      мен     музыканттардың шығармашылығындағы дәстүрлер мен жаңашылдықтар.

1

 

 

9.6.

Қазақ шешендік өнері.

1

 

 

10.

Дәстүрлі мәдениет пен діннің       дағдарысы.

4

 

 

10.1.

ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамындағы дағдарыс.

1

 

 

10.2.

ХІХ   ғ.   қазақ   қоғамындағы   рухани   дағдарыс  Абай  өлеңдері  мен прозаларында.

1

 

 

10.3.

Шәкәрімнің рухани діни көзқарастары. 

1

 

 

10.4

Ән-күй өнері

1

 

 

11.

Отарлық кезеңдегі халықтың көркемдік-эстетикалық дамуы.

3

 

 

11.1.

Қазақ ағартушылары мен ақындары.  Абай Құнанбаев- ақын, ойшыл және ағартушы.

1

 

 

11.2.

Ы.Алтынсариннің  қазақ  даласындағы   білімнің  дамуына  қосқан  үлесі.

1

 

 

11.3.

Ш. Уәлиханов қазақ халқының рухани мәдениетін зерттеуші.

1

 

 

12.

Қазақ ағартушылығының  рухани және әлеуметтік бастаулары және оның жалпымұсылмандықпен  байланыстылығы.

3

 

 

12.1.

Қазақ халық композиторлары.

Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы.

1

 

 

12.2.

Біржан сал Қожағұлының шығармаларынң тақырыбы. 

1

 

 

12.3.

Қазақстанда қиссалар мен дастандардың таралуы.

1

 

 

13.

Қазақ ағартушылығының  мазмұны.

3

 

 

13.1.

ХХ ғ. басындағы орыс-қазақ мектептері.

Қазақстандағы жаңа әдістік мектептер.  

1

 

 

13.2.

Патша өкіметінңі  оқыту жүйесіндегі орыстандыру саясаты.

1

 

 

13.3.

Қазақ   зиялыларының   қазақ   тілді  оқулықтарды  дайындаудағы өзіндік үлесі.

1

 

 

14.

ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы қазақ  интеллектуалды  элитасының  мұрасы.

3

 

 

14.1.

Қазақстандағы мерзімді баспасөз. Қазақ  зиялыларынң   қазақ  баспасөзін     ұйымдастырудағы  қызметтері.  

1

 

 

14.2.

«Қазақ»  мерзімдік басылымы.

1

 

 

14.3.

Қазақ халқының салт-дәстүр мәдениеті туралы   мәлімет берген қазақ  мерзімді басылымдары.

1

 

 

15.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани  қайта өрлеуі. Қайталау сабағы.

1

 

 

 

 

2.       БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

     Кіріспе.   «Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» курсы ежелгі дәуірден  бастап ХХ ғ. басына дейінгі кезеңді қамтиды. Ұлттық мәдениет – бұл  күрделі, көп құрамды  құрылым, өзара байланысты және иерархиялық  бағынышты   құрылымдық   элементтерден   тұратын   жүйе.    Рухани  мәдениет  мазмұнына  діни-  философиялық идеялар мен көзқарастар, дәстүрлер, ырымдар, көркем әдебиет және т.б сияқты компоненттер  жатқызылады.

           Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті.

          Қазақстан   территориясындағы   этно   -   және   мәденигенездің   екі  кайнар көзі көпғасырлы ежелгі ирандық және ежелгі (орта азиялық)  түркілік    арақатынас      туралы     түсінік.  «Авеста»   ежелгі   Қазақстан   тайпалары   туралы.   Сақ-үйсін дәуірінің мифологиясы, діні мен өнері. Ежелгі ирандық «нанымдардың, зороастризмнің,   буддизмнің   таралуы.   Тілдер.   «Аң   стилің   өнері.   «Есік қорғаны» және ежелгі сақтар өнерінің әлемдік маңызы. Қола және ерте

    темір дөуірлеріндегі петроглифтер.

         Ежелгі түркі мәдениеті.

            Дәуірдің    этнотілдік   сипаттамасы.   Түркі    тілдері.      Руналық жазу.  ҮІІІ ғ.    Орхон жазбалары рухани мәдениеттің көрнекті ескерткіші ретінде. Ежелгі түркілік генеалогиялық аңыздар. Көшпелілер   мен   отырықшы           өркениеттер       арақтынасының   мәдени-

тарихи     алғышарттары     және     мәдени     үйлесу  мәселесі. Қытайлық-конфуциалық өркениетпен қарым-қатынас. Орталық Азияның  рухани   мәдениетіндегі   түркі-ирандық   (соғдылық)   синтездің   көрінісі. Зороастризмнің, буддизмнің, христиандықтың, манихейліктің таралуы. Діни-миссионерлік        бағыттағы     (буддистік,     манихейлік     және     т.б.

жазбалар)   ежелгі   ұйғыр   жазбаларының   ескерткіштері. Қазақ   халқының            дүниетанымындағы, әдет-ғұрпындағы   тәңіршіліктің көріністері.

   . Ислам   ықпалымен   рухани   жаңғыру   жэне   оның  мәдени-еркениеттік мазмұны.

       Этикалық дінге (исламға) бет бұру зандылығы. Табиғи (тарихқа дейінгі)   және   этикалық   діндер  ұғымы.

      Тәңіршілдік   пен   ислам   арасындағы   ежелгі   түркі   тайпалары. Мұсылмандық құндылықтар жүйесі. Исламныц таралуының кезеңдері мен   маңызы,   сипаты   мен   ерекшеліктері.   Мұсылман   өркениетінің жетістіктеріне   Қазақстан   түркілерін   тартуда   Араб   Халифатының, Саманидтер   мемлекетінің   рөлі.   Х-ХІІ   ғасырлар   -   түркілердің   жаппай

исламдануының   кезі.   Сопылық   бауырластықтардың   қызметі.   Рухани ұстаздар   ("өулие",   "баб").   Арыстан   Баб,   Ысқақ   Баб,   Әбдүжәлил Баб(Хорасан   Ата).   Исламның   ұлы   уағыздаушысы,   ақын   -   сопы   Қожа Ахмет Яссауи тұлғасы. Түркілердің ислам әлеміне интеграциялануының  қорытындылары.

       Орта ғасырлардағы  түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі. 

      Түркілер   Халифаттың   білім   мен   ғылым   жүйесінде.   Қарахандық

мәдени ренессанс. Түркі-ислам тарихындағы ұлы ғалымдар, ойшылдар мен   ақындар.   Түркі-ислам   синтезінің   жүзеге   асуында   "Шығыстың Аристотелі"   -   Әбу   Насыр   әл-Фарабидің   түлғасы.   Дүниетанымы: теоцентризм,        универсализм.         Қазіргі     замандағы         фарабитану жетістіктері.   Махмұд   Қашғаридың   "Диуани   лүғат   ат   түркі"   -   түркі

мәдениетінің энциклопедиясы ретінде. Түркілердің тілі, рухани өмірі, діні, фольклоры туралы мәліметтер. Сырдария мен Жетісу қалаларынан шыққан   мүсылмандық   Шығыстың   ғалымдары.   Жазу,   әдебиет.   Араб тілінің   таралуы   және   оның   сакральды   мәртебесі.   Медреселер   мен

мектептер. Қүран мен Хадистер: олардың түркі өлеміне тигізген рухани  әсері. Фарси тілінің түркілердің мәдени өміріне ықпалы. Жаңатүркілік әліпбидің       (араб     графикасында)     пайда        болуы.     Ұлттық  және жалпымұсылмандық   мәдени   компоненттердің   өзіндік   ерекшеліктерін

сақтау, орнықтыру және үндестіру проблемалары.Әдебиет    және    суфизм.   Қарахандық    әдеби   дәстүр.   Жүсіп Баласағүни.   "Қүдатғу   Білік"   шығармасының   көркемдік-эстетикалық

және   идеялық-философиялық   негіздері.   Ахмед   Иугінеки   және   оның "Хибат ул хақайық" туындысы. Түркі-мұсылмандар дінінің сипаттамасы. Мистицизм мен теологияның гүлденуі. Суфизмнің түркілік мектебі және оның   тарихи   миссиясы.   Суфизмнің   дамуына   және   Орталық   Азия халықтарын діни ағартуда

    Алтын Орданың мәдени қайта өрлеу кезеңіндегі Дешті-Қыпшақ, Түркістан және Жетісу түркілері.

      Монғол         жаулаушылығынң            мәдени         салдарыларының қайшылықтары   Шыңғыс   хан   империясындағы   діндер   күресі.   Ислам рөлінің   біртіндеп   өсуі   Алтын   Ордадағы   рухани   және   этномәдени жағдай.     Дешті     Қыпшақтағы     мәдени     қайта     өрлеу     процесстері. Қыпшақтық   исламның   монғол   ақсүйектеріне   әсері.      Берке   ханның

мұсылмандық     ағартуды,     суфизмді     жақтауы,     мемлекеттік     және қоғамдық   өміргі   шариғат   ережелерін   енгізуі.     Өзбек   Мұхаммед   хан тұсындағы Қазақстан даласындағы исламның толықтай және түпкілікті жеңісі. Қалалалар мен мұсылмандық архитектураның дамуы- мәдени қайта өрлеудің маңызды көрсеткіштері.

Алтын Орда  - жоғары дамыған полимәдениетті еуразиялық мемлекет Шыығс авторлары постмонғолдық кезеңдегі Қазақстан тұрғындарының рухани өмірі, діні және мәдениеті туралы.

   Ортағасырлардағы   қазақ   дәстүрлерінің   мазмұны .

            Көшпелі   қазақ   өміріндегі   мәні   зор   құндылықтар.   Рухани байлықтардың «басымдылығы (руханият). Ақсүйектік жөне батырлық дәстүрлер.   Көшпелілердің   халық   философиясы.   Қазақ   мөдениетінің жан-жақтылығы және интеллектуалдылығы.

      Ұлттық   эстетикалық   сана.   ұлттық   әдеби   шығарма,   музыкалық- әндік мәдениет, халықтық қолданбалы өнер эстетикасы. Сөйлеу өнері ("Өнер   алды   –қызыл   тіл).   Шешендік   өнер   дәстүрі.   Қазақ   тілінің қалыптасу        кезеңдері,       ерекшеліктері,        көркемдік-бейнелілігі, афористілігі(өткірлігі).     Поэзияның       көпқызметтілігі      және     оның

музыкамен байланысы. Дәстүрлі музыканың рөлі   мен ерекшеліктері, қазақтардың "музыкадағы" философиясы.

      Қазақ     санасының     тарихшылдығы.     Ұлттық     ғұламалар     мен батырларды пір тұту, ата-бабасын жеті ұрпақтан білу ("жеті ата") және туыстық   байланысты   -ажырату.  Генеалогиялық   дәстүр,   аңыздар мен шежірелер.

      Халықтық        білімдер,     салт-дәстүр       және      әдет-ғұрыптар.

Қазақтардың  дәстүрлі түрғын үйі - киіз үй - дүние мен социум рәмізі (модель) ретінде. Дағдылы қүқық. Этикет. Тиым салулар (табу). Үйлену кезіндегі   салт-жоралғылардың   мәні.   Ханды   сайлау   салты.   Халықтық мейрамдар, ойындар. 

     Дәстүрлі   қазақ   қоғамындағы   дін   мен   ағарту ерекшеліктері.

      Ислам-қазақ     дәстүріндегі     орталық,     жүйеқұраушы     элемент.

Мәдениет жүйесіңдегі исламның экзистенционалдық, гносеологиялық, идеал туғызушы, өркениетті, ретке келтіруші, бақылаушы, біріктіруші, қорғаушы     қызметтері.     Қазақ     исламының     мінездемесі.     Суннизм, ханафиттік   мазхаб,   суфизмнің   әсері.   Алтын   Орда   дәуірінің   діни жетістіктерімен сабақтастық.

      Исламдағы "бес парыз" және оны қазақтардың орындауы. "Бата" беру.  Бөбекке азан шақырып ат қою. Мұсылмандық жеке есімдердің таралуы. Сүндетке отырғызу рәсімі. Неке қию. Полигамия және оның мазмұны.   Мұсылмандық   жерлеу   рәсімі.   Мұсылмандық   сәулет   өнері (мешіт,   мазарлар).   Мұсылмандық   кітаби   мәдениеттің   әсері.   Ұлттық- мұсылмандық діни дәстүр.

Ауыз   әдебиеті   және   билер   мен   жыраулардың рухани мұрасы.

      Қазақтардың халық ауыз шығармашылығы. Фольклор жанрлары.

Ертегілер   мен   аңыздар.   Мақал-мәтелдер.   Салт-дәстүр   жырлары   - беташар, жар-жар, сыңсу, өсиет, қоштасу, естірту, жоқтау, бесік жыры т.б. Батырлар жыры. Казақ эпостарының тарихшылдығы. Лироэпостық жырлар.   Діни   және  шығыстық   сюжеттегі   дастандар   мен   поэмалар (киссалар).   Араб-парсы     классикалық      әдебиетінің   бай   мұраларын қазақтардың       меңгеруі.    Қазақтардың      этно-мәдениетіндегі       ақын жыраулардың рөлі. Көшпелілердің шешендік өнері.

Дәстүрлі мәдениет пен діннің дағдарысы.

      Ислам өркениетінің құлдырауы және көшпеліліктің дағдарысы - тоқырау мен европалықтардан жеңілудің алғышарты ретінде. Дәстүрлі білім беру мен діннің дамуындағы қайшылықтар. Идеялық және рухани бастамалардың әлсіреуіне байланысты қазақ дәстүрінің жүйе ретінде

ыдырауы.  XIX   ғ.  білім  беру  және   теологиялық  оқыту  жағдайы.  Діни білімнің жағымды жақтары. Дәстүрлі білімнің жағымсыз жақтары. Дін басылары, ақсүйектердің   (қожа   мен   төрелер)   моральдық   кері   кетуі, олардың жаңа дәуірдің "шақыруларына" жауап бере алмауы.

Отарлық кезеңдегі халықтың көркемдік-эстетикалық  дамуы.

      Әдеби-ақындық мұра. Дәстүрлі бағыттағы ақындар мен ойшылдар ("зар заман", "кітаби" ақындар, айтыскерлер және т.б.) Философиялық, әлеуметтік-тұрмыстық,   тарихи   және   діни   тақырыптарға   ақындардың ауызша суырып  салушылығы(импровизация),  ұлттық     эпостарды

орындау.

      Діни   және   тарихи-патриоттық   тақырыптардағы   поэмалар   және жырлар

      Қисса-дастандар   мен   шығыс   хикаяларын   орындаушылар   мен таратушылар.   Орынбор,   Уфа,   Троицк,   Астрахань,   Орал,   Қазан,   Санк- Петербург   типографияларында   қазақ   қисса-дастандарының   басылып шығуы. Тарихи жырлар. Музыкалық-әндік мәдениеттің гүлденуі.

      Дәстүрлі музыканың дамуы. Өнердің дамуындағы жа.іа бағыттар.

Абайдың,   Ахмет   Байтүрсыновтың,   Жүсіпбек   Аймауытовтың,   Шәкәрім Қүдайбердіұлының музыкалық мұрасы.

Қазақ ағартушылығының рухани және әлеуметтік  бастаулары және оның  жалпымұсылмандық жәдидизммен байланыстылығы.

Шығыс ағартушылығының(жәдидизм)  мәні.     Қазақстандағы мұсылмандық-түркілік жәдидизмнің ұлттық түрі. Ұлы Абай және "Алаш" интеллектуалды          қозғалысы.   Түркия,   Египет,   Қырым,   Еділ-Орал аймақтарындағы рухани орталықтардың рөлі.  Исмаил Гаспралы жөне оның     ой-пікірлерінің     Қазақстанға     әсері.    Жаңа әдістік     (жәдидтік) мектептер - оқу саласындағы реформаның мәні мен маңызы. Жәдидизм кезендері   -   мәдени-ағартушылық   (1905  жылдан   дейін)  және   саяси (1905     жылдан      кейін).    Жәдидизмнің       қайшылықтары.        Шығыс ойшылдарының  өз   жобаларын  діни   негіздеуге  жөне   синтез   идеясын жасауға тырысуы. Түркі халықтарының жаңа интеллектуалды элитасы -мұсылмандық реформаторлықтың көрнекті өкілдері. 

Қазақ ағартушылығының мазмұны.

  Демократиялық   бағыттағы   алғашқы   оқымыстылар,   реформатор- ағартушылар. Ш.Уәлиханов - жаңа қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі ғалым-шығыстанушы.   Ы.Алтынсариннің   көзқарастары.   Ағартушылық қызметі- Мұса Шорманов шығыстық-батыстық синтездің философиясын ұстанған қазақтың алғашқы қайраткерлерінің бірі. Оның үлы Садуақас Шорманов.      Жәңгір   хан   ~   билеуші   реформатор.   1841ж.Бөкей ордасында алғашқы мұсылмандық-еуропалық мектептің ашылуы. Өзге де   прогрессивті   бастамалары,  Жөңгірдің   және   оның  ұрпақтарының мәдениетке қосқан үлесі. Дәуір және Абайдың идеялық-адамгершіліктік ізденістері. Абай және қазақ халқының рухани мұрасы. Қазіргі кезеңдегі Абайтану мәселелері. Абай Құнанбайұлының дүниетанымының қайнар көзі. Данышпан Құнанбай қажының әкелік рөлі. Жаңа, оқымысты қазақ

идеалы (ежелгі     ұлттық-сопылық        "жауанмард"       концепциясын шығармашылық қайта ойлау негізінде дамыту). Абай өлеңдері. "Ғақлия" ("Қара сездері").       Абайдың   жаңашылдығы.   Абай   мектебі   -   оның            ұрпақтары, туысқандары,      достары     және     шәкірттері.     Поэзиядағы     -     шығыс тақырыбы, орыс  әдебиетінің аудармалары.

  ХІХ-ХХ   ғғ.   тоғысындағы   қазақ   интеллектуалды элитасыны мұрасы.'

      Ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы, оның дүниетанымы мен     және      идеалдары.       XX    ғ.    басындағы       Қазақстандағы ағартушылықтың     таралу     жолдары.     «Алаш»     бағдарламасындағы мәдени-ағартушылық            мәселе.   XX   ғ.      басьндағы   жәдидизмнің

саясаттануы.     Империядағы     «мұсылмандық     қозғалы     және     оған қазақтардың қатысуы.

      Тәуелсіз     Қазақстанның   рухани   жандануының   қазіргі   замандық процесстерінде   ХІХғ.   аяғы   -   XX   ғғ.басындағы   қазақ   және   шығыс ойшылдары мен зиялыларының өркениеттік сұхбат туралы, исламның ұлттық-түркілік   ерекшеліктері   мен      дінді   терең   талдау   жөніндегі

идеяларының маңыздылығы. Жаңа қазақ элитасы өкілдерінің көркемдік және ғылыми мұрасы.

      ХХ  ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани қайта өрлеуі. 

Рухани жанданудың, тілдің, мәдениеттің, дін мен ұлттық тұтастық мәселлелерінің   баспасөз   беттеріндегі   орны.   Мұсылмандық   баспасөз  дәуірі.    Ағартушылық,   жаңаәдістік   мектептер,   ұлттық   сана-сезім мәселелерінің   арқылы   халықтың   прогрессивті   ұлттық   сана-сезімнің

мәселелерінің көтерілуі, әйел жағдайы, татар, орыс мәдениеті және т.б жөнінде.   Газет   арқылы   халықтың   прогрессивті   ұлттық   сана-сезімінің қалыптасуы.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ халқының рухани мәдениеті. Қолданбалы курс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2017 5778
    • DOCX 38.2 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибраева Гульзар Кабиденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибраева Гульзар Кабиденовна
    Ибраева Гульзар Кабиденовна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8412
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе