Инфоурок Другое КонспектыҚазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптары (5 сынып)

Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптары (5 сынып)

Скачать материал

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптары.

Мақсаты: 1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиаттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.

Көрнекілігі: Суреттер ,буклеттер , мақал-мәтелдер,даналардан шыққан сөздер, слайд.

Сабақ барысы:

«Дұшпанға қатал,

Досқа адал-халық»

Кіріспе

Ән: Қазақтың дәстүлері-ай

Орындайтын: Анель, Алина

Мұғалім: Қай заманның болмасын адамзат алдында тұратын міндеті- адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тірбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халыққа ғасырлар бойы бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап , адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп –білген салт-дәстүрлері,әдет-ғұрыптары барлығы да адамның дүние танымын қалыптастыратын өмір сабақтары.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра .Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек , олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс –тіршілік болмысынан туып қалыптасқанын көреміз.

Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.

Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды.Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келу үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.

1. оқушы

Шілдехана-Сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түпкірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып ,сыңғырлаған тиын салады, балаға денсаулық пен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілген күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.

2. оқушы

Қырқынан шығару - сәби дүниеге келгннен соң 40 күннен кейін оның алғашқы рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40 –күннің өзі ананың бой көтеріп ,денсаулығы түзелген кезде болады . Жалпы осы уақыт ішінде ананың да баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс .Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

3.оқушы

Есімін атау- Бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі . Қазақ аттарының көпшілігінің басқа халықтардан ерекшелігі . Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі . Ат қою "көз тимесін" деген оймен қойылады. Ат таңдағаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

4. оқушы

Бесікке салу- бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту , шашу , жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі ,яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойнына байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқашта салады ,оны «тыштырмақ» деп атайды. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік жырларының сөздері естияр балалардың ой- қиалына жыр етіп ,ананың мейір –шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.

5. оқушы.

Тұсау кесер- бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді.Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.

Тұсау кесер жырлары айтылады.

Қаз, қаз балам қаз балам.

Қадамыңды жаз балам

Әнеки, ақ бесік.

Әлдиіме бақ бесік

Шүмегіңді салайын,

Сылдырмағын тағайын.

Жібек көрпе жабайын,

Бауық барқыт пүліштей

Балдақтарың күмістей,

Жабдығыңмен сыйлысың.

Жатса бөпем жайлысын

Көсем сенен өседі

Жайлы болсын төсегі

6 оқушы

Баланы атқа мінгізу салты-баланың буыны бекіп ,4-5 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр ,жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тірбиелеудің біртүрі.

Балаға ер- тұмарын сайлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта) атқа мінгізіп той жасайды. Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

Қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру

Жораева Камшат

Қара жорға биі: орындайтындар :

Жорева, Тулегнова , Атен, Арзымов. Серикова

Бесікке салу көрніс :

Бата беру Жамболат Асхат



Қорытынды: Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.

Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші - айласында», «Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор





































H:\DCIM\100CANON\IMG_0244.JPG





H:\DCIM\100CANON\IMG_0262.JPG



H:\DCIM\100CANON\IMG_0225.JPG





H:\DCIM\100CANON\IMG_0254.JPG











































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптары (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 2423
    • DOCX 1.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нұрбек Қымбат Нұржақышқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нұрбек Қымбат Нұржақышқызы
    Нұрбек Қымбат Нұржақышқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8989
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой