ІІІ.Жаңа
сабақ:
Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Қыдырымпаз адамда ұят болмайды,
Жел мінезді адамда мұрат болмайды.
Терең
ойлау тапсырмалары: 55-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Шөлде
гүлдейді, құлпырады,
Суда
өмірі қырқылады.
Қарамен
жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың жалғауларын тап. Бұл сөздер қай септікте
тұр?
Ақпараттық
ізденіс. 56-жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жаз.
1.Күш –
білімде. 2. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады. 3. Ерлік білекте емес,
жүректе.
Ереже.
Жатыс септіктегі зат есімдер кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда? деген
сұрақтарға жауап береді.
Жатыс
септігі атау септікке –да, -де, -та, -те жалғаулары жалғану арқылы жасалады.
Бұл жалғауларды жатыс септік жалғаулары деп атайды.
Жатыс
септіктегі сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
57-жаттығу. Мәтінді
көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.
Жатыс
септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта.
Терең ойлау тапсырмалары: 58-жаттығу. Берілген
септіктердің сұрақтары мен жалғауларын салыстыр. Бұларды бір-бірінен қалай
айыруға болатыны жайлы қорытынды жаса.
1. Б.с.
кімге? неге? қайда? -қа, -ке, -ға, -ге.
2. Ж.с.
кімде? неде? қайда? -да, де, -та, -те. (жалғауларына қарай)
59-жаттығу. Сөздерді оқы.
Өзен,
жайлау, қыс, көген, бесік.
Өзенде,
жайлауда, қыста, көгенде, бесікте.
Шығармашылық тапсырма: Осы сөздерге жатыс
септік жалғауының тиістісін жалғап, әрқайсысымен сөйлем құрап жаз.
Бұл
сөздерге жатыс септік жалғауының әртүрлі жалғану себебін түсіндір.(жуан не
жіңішке)
Терең ойлау тапсырмалары: Кестені
пайдаланып, ойыңды дәлелдей білуге үйрен.
Бұл – жатыс
септіктегі сөз, өйткені
|
Ол кімде? (неде?
қайда?)
сұрағына жауап
беріп тұр.
Ол
сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр.
|
60-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жаз.
Гүл
ектік аулаға,
Көктемде
көңілді.
Бақта да, бауда
да
Ақ
гүлдер өрілді. (А.Бақтыгереева)
Терең
ойлау тапсырмалары: Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой,
олардың қай септікте тұрғанын ажырат.
Екі
септіктегі сөздер де қайда? сұрағына жауап береді. Оларды өзара
салыстырып, бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын айт.
Топтық
жұмыс тапсырмалары:
І топ:
Сурет бойынша әңгіме құра.Әңгімеңде жатыс септігіндегі сөз болатын болсын.
ІІ топ:
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен жатыс септіктегі сөздерді тап.
ІІІ топ:
Өлеңді мәнерлеп оқы. Жатыс септігіндегі сөздерді тап.
Сиырда аунамақ
жоқ,
Жылқыда
күйсемек жоқ.
Таста
тамыр жоқ,
Суда
қаймақ жоқ. (Бәйдібек би)
ІV топ:
Сурет бойынша әңгіме құра.Әңгімеңде жатыс септігіндегі сөз болатын болсын.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.