Инфоурок Другое ПрезентацииҚазақстан Республикасынынң 25 жылдық мерекесі

Қазақстан Республикасынынң 25 жылдық мерекесі

Скачать материал

 

 

Күні: 15 желтоқсан 2016 жыл

Тақырыбы: «Жасай бер мәңгі, Егемен елімсазды бағдарлама

Мақсаты : Қазақ қоғамының жиырмасыншы ғасыр тарихына, жетістіктеріне тоқталу. Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, өз құқығын қорғай білуге баулу. Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын , халқын  сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу, оқушыларды өз Отанын, туған тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Тәуелсіздік туралы толық мәлімет беру.

ХОР: «Атамекен»

І –ж: мектебіміздің директоры Токбаев Серік Қайырханұлына сөз береміз.

ІІ – ж: Мұғалімдер мен кіші қызметкерлерді марапаттауға кәсіподақ төрағасы -Қанатов Сәрсенбай Қуанышұлына беріледі.

І – ж: Келесі кезекті оқушыларды марапаттауға  оқу ісінің меңгерушісі  -Жанбаулиева Шаттық Жаксыбайқызына беріледі.

ІІ – ж: Сазды бағдарламамызды бастамас бұрын мектебіміздің шежіресіне тоқталып өтсек, ол туралы тәрбие ісінің меңгерушісі - Уразғалиева Ботакөз Бекежанқызы шолу жасайды.

І – жүргізуші: Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз.Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай  көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан да айтып өтуіміз қажет.

ІІ - жүргізуші: Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіз күнімен құттықтаймыз!

              Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтуде. 1991 жылы 16 – желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл мереке – ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Бұдан 25 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата – бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі.

І - жүргізуші: Отан десе ойыма......

Түсер еске ақсақалды қария,

Туған жерім-құт мекенім,дария.

Егеменді елім,туым,әнұран.

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Түсер еске Махамбеттей батырлар.

Осы жолды аңсап еді ақындар.

Отанымның өр намысты киесі,

Мен сүйетін қалың қазақ халқым бар.

Кезекті  мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндеріне береміз.

ӘН: 1- сынып оқушыларының орындауында

 

 

 

ІІ - жүргізуші:

Отаным менің-кең байтақ Қазақстан,

Аман өткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз ауызына қаратқан,   

Кім бар, кәне, артық дейтін қазақтан.

ҚАЗАҚ БИІ: 8 - 9 сынып қыздары

І - жүргізуші:

Бостандықтан жас жүрек жасқана ма?!

Биіктеп тау шыңындай асқарларға,

«Елу жылда ел жаңа»дегендей,

Ел ордасын қондырдың астанаға. 1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз ғана уақыт ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп үлгерді, өзіндік даму жолын таңдап үлгерді. Елдің әлеуметтік саяси-экономикалық  дамудағы табыстары Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасы ел басқаруда бірден-бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді.

ӘН: «Қазақ жастары» орындайтын Әмірхан Т

ІІ - жүргізуші: Басынан бұл қазақтың нелер өтті,

Жамандық пен жақсылық бәрі кетті.

ХХ ғасырды шыңдаған соң

Аңсаған Еркіндікке қолы жетті дей келе сонау біздің билеріміз, батырларымыз, жүректері «тәуелсіздік» деп соққан әрбір азаматымыз бен азаматшамыз, Қайрат, Ербол, Ляззат,Сәбиралар  да осы бағытты қалаған  болатын. Міне, осы тәуелсіздігімізге бүгінде  - 25 жыл.

Аманкелдиева А «Тілдің туы»

Амангелдиев Ж «Даниярға»

Айдынғалиева Д «Мен - қазақ»

Бекенова А «Туған жер»

Гайнуллиева Г «Отан...»

Хамидуллина А «Үш бақытым»

І - жүргізуші:

Көпшілігі кемімей толсын деймін,

Барлық елдің басына бақ қонсын деймін.

Келешекте Қазақстан Республикасы

Орта Азияның «Барысы»болсын деймін!!!

Қазақ биі: 7 сынып қыздары

ІІ - жүргізуші:

Таң қалдырған Қазақстан бұл әлемді.

Берекелі,кең байтақ жалпақ елді.

Тәуелсіздік көк туын көкке ұстап.

Қазақстан адымдап бара берді.

ӘН: «Жүрегім қазақ» 5 – 6 сынып оқушылары

 

 

 

 

І - жүргізуші: «Қазақстан-2030»бағытымыз.

Саясатпен жақындап алысымыз

Республикам елдердің алды болсын

Әрқашан алға бассын бар ісіміз

ФЛЕШМОБ: «Алға, Қазақстан»

ІІ - жүргізуші:

Ендігі айтарым-жастар халқын сүйсін,

Ел үшін,еркіндік үшін күйсін деймін.

Бұрынғы өткен батыр, ер бабалардай

Жерін, халқын, елін қорғап жүрсін деймін.

ХОР:  «Көк тудың желбірегені»

І – жүргізуші: Құрметті  кешке  жиналған  көрермен  қауым, сіздерге  өмірлеріңіз

ұзақ, дендеріңіз  сау, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі, шат-шадыман шаттыққа толсын деген игі тілектер жолдаймыз, біз өздеріңіз бен қоштасамыз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

 ІІ – жүргізуші: ӘрқашандаТәуелсіз  Қазақстанның таңы  нұрлы болып, егемен елдің  ұрпағының еңсесі  биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін.  Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей,  қадірлей білейік, ағайын!

Қазағым еркіндігің құтты болсын

Елімнің гүлденгенін өзге көрсін дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған сазды бағдарламамызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талпын ЖОББ мектебі


 

Тақырыбы: 

 

"Жасай бер, мәңгі
 Егемен елім"
сазды бағдарлама

 

Тәлімгер: Г. Ж. Муханбетова

 

 

 

 

 

2016 – 2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан Республикасынынң 25 жылдық мерекесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 244 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2017 405
    • DOCX 354.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муханбетова Гулнар Жаскайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11945
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой