Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Қазақстан тарихы. Тақырыбы:Тас дәуірі тарауын қайталау 6 сынып

Қазақстан тарихы. Тақырыбы:Тас дәуірі тарауын қайталау 6 сынып

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

6 сынып
Такырыбы: Мыс - тас ғасыры (энеолит)
Мақсаты: Оқушыларға энеолит дәуірінің ерекшелігі,Тарихи ескерткіштері туралы толық түсіндіру.
Дамытушылық: Тас дәуірінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, еңбек құралдарының жетіле түсуін анықтауда өз бетімен ізденуге баулу.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, ата - баба тарихын құрметтеуге мәдени ескерткіштерді сақтай білуге тәрбиелеу.
Термин сөздер: Археология, тас дәуірі, Ботай тұрағы
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, тірек - сызбалар, тест - тапсырмалар.
Сабақ типі: жаңа материалды игерту ж/е өздігінен оқып үйрену сабағы.
Сабақтың өтілуі әдісі: Түсіндірмелі, топтық - сайыс сабақ.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты 3 топқа «неолит»,«мезолит»,«Палеолит» болу ж/е топ басшыларын сайлау.
V. Үй тапсырмасын тексеру.І. тапсырма: тест жұмысы
Жауабы: 1 - Ә; 3 - Б; 5 - Б; 7 - Ә, 9 - Б (40 мың)
2 - А; 4 - Б; 6 - Б; 8 - Б; 10 - Ә.
Бағалау:1 - 6 сұрақ – 3
,7 - 8 сұрақ – 4,9 - 10 сұрақ – 5,2. тапсырма. Сөйлемді толықтыр:
1. Олдувай.
2. Питекантроп қанқасы
3. Үңгірлер
4. Неолитте.
5. 100 мың жыл.
6. жіп орнына жануар сіңірлерін пайдалану
7. Неандертальдық
8. Бифас
9. микролиттер
10. Еңбек бөлінісі
тапсырма. Видео көрініс. Осы арқылы әр топ шағын әңгіме құрастыру.
1 тапсырма. Әр топ басшысын сұрақ қою.

«Палеолит» тобына
1. «Тарих» сөзін алғаш кімдер қолданды? (арабтар)
2. Дүниежүзінде қанша этнос бар (3000)
3. Тарихтың қайнар көзі неде (деректер)
4. Тасқа, қышқа жазылған сүрет жазулардың атауы (пиктография)
5. Жазбаша тарихты тұңғыш рет қағаз бетіне жазып қалдырушылар (жылнамашылар)

«Мезолит» топ басшысына

1. «Неолиттің басты жаңалығы қандай? (Балшықтан ыдыс жасау, егіншілік пен мал шаруа)
2. Малды қолға үйрету мен егіншілік қай кезеңде қалыптаса бастады? (мезолитте)
3. Питекантроп пен синантроп қалай атайды? (тік жүретін адам)
4. Неандерталь адам қай жерден табылды (Германия)
5. Неолит ескерткіштері Қазақстанның қай жерлерінен табылған:
Арал, Солт. Қазақстан - Пеньки селосы, Балқаштың сол г. Орт. Қазақстанда Қараганды, Зеленая Балка, Жезқазган өңірі, Шығыс Қазақстан, жалпы 500 - ден аса тұрақтар табыл.

«Палеолит» - тобына
1. «Тарих» сөзін алғаш кімдер қолданды (арабтар)
2. Дүниежүзінде қанша этнос бар (3000)
3. Тарихтың қайнар көзі неде? (деректер)
4. Тасқа, қышқа жазылған сурет жазулардың атауы (пиктрафия)
5. Жазбаша тарихты тұңғыш рет қағаз бетіне жазып қалдырушылар (жылнамашылар)

Жаңа тақырып: Мыс - тас ғасыры (энеолит)
Бұл кезең б. з. б 3000 - 2800 жылдары өткен мыс - тас дәуірінде мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталады. Ең бірінші қолданылған металл - мыс. Бұдан 7мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді.

Әйелдер сәнді бұйымдарын ж/е т. б. заттар жасады.Энеолит сөзі - мыс - тас ғасыр дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ.
Мыс - тас ғасыры қоғамда дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ.Мыс - тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды.
Еңбек бөлінісі Аталық ру үстемдігі
Қазақстанның аумағында энеолит кезеңінің қалыптасты ерекше ескерткіші: -
Солт. Қазақстандағы Ботай тұрағы.
Маңғыстау жеріндегі Шебір елді мекені Б. з. б 3 - 2 мыңжылдықтармен мерзіміделеді.
Бекіту: Салыстыру
1. Палеолит
Б. з. б 2, 5 млн - 12 мың жыл
Тас құр. пайдаланды. аң аулап, терімшілдік пен айналысты, отты пайдаланды
Питекантроп - Епті адам
Рулық қауым
2. Мезолит
Б. з. б 12 мың - 5 мың жыл
Садақпен пен жебе жас. Микролит - жаңқа тастардан жасалған құрал табиғи – климат өзгеріс
Синантроп - Тік жүретін адам
Тайпаларға біріктірілген қауым 3 - ке бөлінді. Қариялар, ересек, балалар.
3. Неолит
Б. з. б 5 мың жыл - 3 мың жыл
Егіншілік қолға жануарлар мен иттер үйретілді
Неандерталь - Тік жүретін адам
4. Энеолит
б. з. б. 3000 - 2800 жыл
Саналы адам - кроманьондық
Бағалау.
Үйге тапсырма: 15 Тест құрастыру Тақырыпты оқып келу





























Сұрақтар: Алғашқы адамдардың еңбек құралдары – қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар. Алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Алғашқы адам «епті адам» деп аталды
«Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан табылды. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Алғашқы адамның бірі питекантроп. Питекантроп 1891 жылы алғаш Ява аралынан табылған. Питекантроп 1 млн жыл бұрын өмір сүрген.
Синантроп Солтүстік Қытайдан табылған. Синантропты «қытай адамы» деп атайды. Синантроп бұдан 500 - 200 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Питекантроп пен синантропты «тік жүретін адам» деп атаған
Неандерталь Германия жерінен табылған.
Неандерталь адамының бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келген.
Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен табылған.
Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100 - 35 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Неандертальдықтар тастан, сүйектен, ағаштан құрал жасай білген. Неандертальдықтар отты пайдаланған
«Саналы адам» яғни қазіргі адам бұдан 40 - 35 жыл бұрын өмір сүрген.
Ертедегі адамдардың ұжымы тобыр деп аталды. Тас дәуірі 3 кезеңге бөлінеді: палеолит, мезолит, неолит
Палеолит – ежелгі тас ғасыры, мезолит - орта тас ғасыры, неолит - жаңа тас ғасыры деп аталады.
Сібірге алғашқы адамдар Еуропа мен Азиядан қоныстанған
Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен бұдан 1 млн-дай жыл бұрын пайда болған.
Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары.
Алғашқы адамдардың тұңғыш баспанасы үңгірлер болды.
Алғашқы адамдар таяқты ұштау, өлтірген аңдар денесін боршалағанда, терісін сылғанда чоппер қаруын пайдаланған.
Сүйектен ине мен бізді дайындаған.
Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің 5 мыңнан астам аса еңбек құралдарының бәрі - қашау мен үшкір заттар.
Палеолит дәуірінің хронологиясы – б. з. б 2 млн 500 мың – 12 мың жыл
Мезолит дәуірінің хронологиясы - б. з. б 12 - 5 мың жыл
Неолит дәуірінің хронологиясы - б. з. б 5 - 3 мың жыл бұрын болған
Тастан жасалған құралдар орта ғасыр мезолитте пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады.
Б. з. б 5 мыңжылдықта неолитте тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді.
Адамдар неолитте тасты жылтырата тегістеуді үйренді.
Неолит кезеңінде еңбек құралдарының жаңа түрлері: дәнүккіш, келі, балта, қайланы ойлап тапты.
Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан айырмашылығы – еңбек құралдарын жасай білуі еді.
Бұдан 100 мыңнан 13 мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты.
Алғашқы адамдар жіп орнына жануарлардың сіңірлерін пайдаланған.
Алғашқы адамдар ыдыс - аяқты саз балшықты күйдіріп жасады.
Палеолит дәуірі ерте, орта және кейінгі болып үшке бөлінеді.
Ерте тас ғасыры б. з. б 2 млн 500 мың жылдан 40 - 35 мың жылға дейінгі уақытты қамтыған.
Орта тас ғасыры б. з. б 100 - 40 мың жыл аралығын қамтыған
Кейінгі тас ғасыры б. з. б 40 - 12 мың жылдықты қамтыған.
Ерте тас ғасырының ең көне тұрақтары – Маңғыстау түбіндегі Шақпақата, Қаратаудағы, Арыстанды өзені бойындағы ескерткіштер
Бифас – екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал
Ретушь әдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік - ойықтар жасау арқылы өткірлеу
Қырғыштардың сыртқы пішіні сопақша, үшбұрышты, ұзынша төртбұрышты болып келген.
Қырғыштардың жүзін ретушьпен өңдеген.
Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000 ға жуық тас құралдар табылған. Ортаңғы тас ғасырында неандерталь адамы өмір сүрген.
Неандерталь баланың сүйегі 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен табылған.
Неандерталь адамдары шақпақ тастармен от жағуды үйренген.
Кейінгі тас ғасырында б, з, б 40 - 12 жылдары қазіргі адамға ұқсас адамдар «саналы адам» қалыптасты. Бұдан 40 - 30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды.
«Саналы адам» сүйегі алғаш рет Францияның Кро - Маньон үңгірінен табылған.
Саналы адамды кроманьондық деп атайды.
«Саналы адамның» миы «епті адамның» миынан екі есеге үлкен.
Шығыс Қазақстандағы Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің жанынан кейінгі тас ғасырының тұрақтары табылған.
Мұнда қырғыш құралдар табылған. Хронологиясы 25 мың жыл бұрын.
Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағынан табылған қырғыштар жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ болып келеді.
Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын ескерткіштердің ішіндегі ең көрнектісінің бірі - Батпақ. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылған. Тұрақтың жас мөлшері – б. з. б 30 - 25 мыңыншы жыл. Қырғыштар ұзынша келген тас сынығынан табылған.
Адамдар тобы бірте - бірте туысқандардың ұжымына - рулық қауымға айналды.
Рулық қауым шамамен «саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді.
Ру ішіндегі тіршілік пен іс - әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті.
Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады.
Мезолиттің хронологиялық шеңбері – б. з. б 12 - 5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.
Мезолит заманының үлкен жаңалығы - микролиттер.
Микролит ұзындығы 1 - 2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал.
Микролит деген сөздің мағынасы ұсақ тастар.
Мезолит заманының тағы жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы.
Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауларын мекендеді.
Қазақстан аумағында 20 - дан астам мезолиттік тұрақтар белгілі.
Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40 - 60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана Есіл өзенінің аңғарынан табылған.
Б. з. б 8 мыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат орнады.
Мезолит дәуірінің ерекшелігі жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіру.
Мезолит заманында рулық қауым күшейіп, тайпаларға бірікті.
Мезолит заманында ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.
Мезолит заманында қауым мүшелерінің құқықтары тең болды. Қауым үш топқа бөлінді: қариялар, ересектер, балалар. Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау (инициация) ғұрыптары арқылы жүзеге асты.
Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды.
Алғашқы егіншілер жерді таяқ қазғышпен қопсытты.
Жаңа тас ғасыры б. з. б 5 - 3 мың жылдықтар аралығын қамтыды.
Неолит заманында адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық ыдыстарға өрнектер сала білді.
Неолит кезеңінің тұрақтары Шығыс Қазақстандағы Усть - Нарым, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан. Олар жаңа тас ғасырының соңғы кезіне яғни б. з б. 5 мыңжылдыққа жатады.
Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б. з. б 5 мыңжылдыққа тән.
Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар табылған.
Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары жасалған.
Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған.
Жезқазған өңірінен 150 ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылған.
Шығыс Қазақстаннан табылған құрал саймандар құрамалы болып келген.
Тас дәуірінің дамыған кезеңі – неолит
Неолит тұрғындары шыбықтан шарбақ тоқуды меңгерді, өру мен тоқу ісімен шұғылданды.
Неолит кезеңінде адамдар кен кәсібі және тоқымашылықпен айналысты.
Неолит заманына жататын Сексеуіл тұрағы Қызылорда облысында орналасқан.
Сексеуіл тұрағынан 80 пайызы қой мен сиырдың, қалғандары жабайы жылқылардың қаңқасын тапқан.
Неолит дәуірінің үлкен жаңалығы - қыш құмыра (керамика) жасауды үйренуі. Бұл дәуірді сондықтан «қыш құмыралар заманы» деп те атаған.
Қазақстан аумағынан неолиттің 500 - ден аса тұрақтар табылған.
Көзе - саздан жасалған қыш ыдыс.
Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс - тас ғасырынан (энеолит) басталады. Хронологиясы шамамен б. з. б 3000 - 2800 жылдары өткен.
Ең бірінші қолданылған металл - мыс.
Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді.
Энеолит сөзі - мыс - тас ғасыры дегенді білдіреді.
Мыс - тас ғасырында қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты.
Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың – егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінді.
Энеолит кезеңінің ескерткіші Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы.
Ботай тұрағы б. з. б 3 - 2 мыңжылдықпен мерзімделеді. Тұрақ 15 гектер жерді алып жатыр. Тұрақтан 158 тұрғын үй табылған. Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орналасқан.
Ботай тұрағынан жылқы сүйектері өте көп табылды.
Энеолит ескерткіші Маңғыстаудағы Шебір жерінен табылған. Мұнда тас пен қыштан жасалған еңбек қралдар. Ыдыстары саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді болып келеді. Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ сияқты өрнек пайдаланған.
Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскасының қабықтарын моншақ етіп таққан.
Алғашқы адамдар егінді жинау уақытын аспандағы жұлдыздардың орналасуымен анықтаған.
Айдың қозғалысын бақылау арқылы алғашқы қарапайым күнтізбе жасап, жылды тепе - тең айларға бөлген.
Адамдар өз білімдерін суретті хат - пиктография (тасқа түсірілген хат - суреттер) арқылы хабарлаған.
Шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.
өте ерте заманғы жерлеу ғұрпында өлген адамның үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Мұндай сенімді анимизм дейді.
Тотемизм - адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырған.
Адамдар мен жануарлардың ойма суреттері (гравюра), рельефтер, суреттер үңгірдің қабырғаларында бейнеленген.
Алғашқы қауым суретшілері суретке ағаш көмірін пайдаланған.
Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.
Қарағанды облысынан табылған орындалуы бірегей қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.













































Алғашқы адамдардың

  • пайда болуы

1. Адамзат тарихы дамуының алғашқы кезеңі: _____________________________
Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты 
тас дәуірі деп аталады. 

2. Адамды жануарлар дүниесінен бөліп шығарған: ________________________
_____________________________________________________________________3. Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы: _____________________________________________________________________

4. Ғалымдардың алғашқы адамға берген атаулары: _______________________________
5. «Епті адамның» (Ноmо habilis) табылған жері: ________________________________
6. «Епті адамның» өмір сүрген уақыты: _________________________________________
7. «Тік жүретін адам» (Ноmо еrесtus) деп аталғандар: _____________________________
8. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылды: _________________________________
9. Питекантроп өмір сүрді __________________________________________________
10. Синантроп табылған жер: _________________________________________________
11. Синантроп («қытай адамы») өмір сүрді: ______________________________________
12. Жер бетінде 100 - 35 мың жыл бұрын өмір сүрген: _____________________________
13. Неандертальдық адам табылған жер: _____________________________________
14. 1938 жылы Өзбекстандағы неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір:______
Неандертальдық баланың бет әлпетін қалпына келтірген антрополог-ғалым:

_________________________________________________________________
15. Неандертальдықтардан кейін, 40-35 мың жыл бұрын қалыптасқан: ______________
16. «Саналы адам» сүйегі алғаш рет табылған үңгір: ___________________________
17. «Саналы адамның» табылған жеріне байланысты ғалымдардың берген атауы: ____
_____________________________________________________________________
Тас дәуірінің кезеңдері

18. Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі:
I. Палеолит - _______________________________________________________
II. Мезолит - _______________________________________________________
III. Неолит - ________________________________________________________

19. Тас дәуірі (палеолит): ________________________________________________
Ерте тас ғасыры (ерте палеолит): _________________________________

  • Орта палеолит (мустье): _________________________________________

  • Кейінгі палеолит: _______________________________________________

20. Мезолит — орта тас ғасырының хронологиясы: ________________________

21. Неолит - жаңа тас ғасырының хронологиясы: __________________________

Палеолит
Ерте палеолит

22. Алғашқы еңбек құралдары негізінен жасалды: __________________________

23. Ежелгі адамдардың алғашқы еңбек құралдары:_______________________________
24. Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік-ойықтар (араның жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу: _____________________________________
http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48171/48171_html_m545b9535.png25. Домалақ малта тасты екі жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара сияқты жасалған құрал:______________________________________


26. Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құрал: __________

27. Ертедегі адамның ең алғашқы кәсібі: ______________________

28. Алғашқы адамдар аулаған аңдар:___________________

29. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспанасы:_______________

30. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесi:__

31. Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың замандасы:__________
Мамонт________________________ http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48171/48171_html_m215ae743.png

  • Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі адамдар 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. 

32. Қазақстанда ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы: ____________
33. Жамбыл облысындағы 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар: __
34. Жамбыл облысынан табылған 
бес мыңнан (5000) аса еңбек кұралдарының барлығы: _______________________________

  • Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір: _____


35. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері (Бұлардан табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувай сайынан табылған ең көне құралдармен замандас):
_______________________________
36. Орталык Қазақстан жерінен түзу, кейде қайқы тас пышақ сияқты қырғыштар табылған тұрақ: ______________________________________________

  • Орта және кейінгі палеолит

37. Жер беті күрт суып, мұздық пайда болды: _________________________

38. Жер бетінің күрт сууына байланысты алып мұздық пайда болған аймақтар:
_____________________________________________________________________
39. Ғалымдардың айтуынша жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы:_______
40. Ауа-райының күрт сууына байланысты орта палеолитте: ________________
41. Ежелгі адамдар ең әуелі (мұз дәуіріне дейін) отты алды: _____
42. Ежелгі адам жіп орнына пайдаланды: _________________________
43. Тас дэәуірі адамдарының ине мен біз жасаған заты: ______________________

44. Рулық қауым қалыптасты: ______________________________

  • Рулық қауым - туысқандардың ұжымы.

45. Тас дәуірінде ру ішіндегі мәселелерді шешкен: ________________

  • Кейінгі палеолит адамдары рухани жағынан жетіле түсті. Діни наным сенімдер қалыптаса бастады. Олар өлген адамдарын жерлегенде түрлі әшекей заттарын бірге көмген. Сонан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.

46. Адамның шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыратын наным-сенім: _____________________________________________

47. Табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін түрлі тылсым әрекеттер жасау: ____________________________________________________________________

48. Ежелгі адамдардың жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы: _______________________________________________

49. Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігінен туған: ______________________

50. Адамның рухани мәдениетінің дамуы туралы мағлұмат беретін: ________________

http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48171/48171_html_m4256dd04.png51. Археологтардың тапқан сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерінде ең көп кездесетін бейнелер: ____________________________

52. Тасқа түсірілген сурет-хат: ____________________________

53. Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын 300-ге жуық тас құрал табылған тұрақ: ________________________

54. Шығыс Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын тұрақ: 

_______________________________________________________ 
Пиктография

  • Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі палеолиттік тұрақтар табылды.

Мезолит_________________________

55. Ғалымдардың есептеуі бойынша мұздық ери бастады: _________________________

56. Мезолиттің басында ___________________________________________________
_____________________________________________________________________

57. Мезолитте _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________


http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48171/48171_html_m43f320e3.png
58. Мезолиттің басты жаңалығы: _________________________ 

59. Мезолит адамының негізгі кәсібі: ______________________

60. Қазақстандағы мезолиттік тұрақтар саны: _________________

61. Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр мезолит баспанасы табылды: ________________________ Садақ пен жебе 

▪ Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Себебі: үнемі жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді.

62. Мезолитте ____________________________________________________________

63. Алғашқы қауымды егіншілікке алып келген: _______________________________

64. Егіншілік пайда болды: _______________________________

65. Алғашқы егіншіліктің егін оратын тас құралы:_____________

66. Ертедегі егіншілердің жер жыртатын құралы: _______________

67. Мезолит заманының үлкен жаңалығы, ұзындығы 1-2 см ұсак жаңқа тастардан жасалаған құралдар: ____________________ Егін ору

68. Мезолит дәуірінде әйелдер мен ерлер арасында _________________________

Ерлер, негізінен, аң аулады, әйелдер көбінесе терімшілікпен айналысты. 
http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48171/48171_html_1fd3b3d1.png


69. Орта тас дәуіріндегі балалар тобынан ересектер тобына өту үшін жүзеге асырылған: 
__________________________________________________

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:оқушыларға тас дәуірі тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Логикалық ойлау, оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Түрі: жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдері:топпен жарыс, сұрақ – жауап, танымдық ойын.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

— Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ.

- Оқушыларды топқа бөлу. Әділ- қазыларын тағайындау.

- 1-топ«Палеолит»

- 2-топ«Мезолит»

- 3- топ«Неолит»

1-кезең. «Сенемін – сенбеймін».Шарты: әр топқа кезекпен төрт – төрттен 12 сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады. Әр дұрыс жауап 2-ұпаймен есептеледі.

«Палеолит» тобына сұрақ.

Тарих – адамзаттың басынан өткен оқиғаларды зерттейтін ғылым. Тарих сөзі арабша «зерттеу, оқиғалар туралы әңгіме» деген мағына береді. (сенемін)

«Мезолит» тобына сұрақ.

Тұрақ – тас дәуіріндегі адамдар мекендеген орын. Тұрақтар үңгірдегі және аспан астындағы болып екіге бөлінеді. Үңгір тұрақтарын адамдар бірнеше күннен мыңдаған жылдарға дейін мекендеген. (сенемін)

«Неолит» тобына сұрақ.

Археология – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым. Археология атауы грекше « архео» — көне, «логос» — зерттеймін деген мағынаны білдіреді. (сенемін)

«Палеолит» тобына сұрақ.

Микролит – қола құралдардың өндіріске енген кезеңі. (сенбеймін)

«Мезолит» тобына сұрақ.

Мұз дәуірі – б.з.б. 100-13 мыңж. Орта палеолит пен мезолит аралығында жер бетін ұзақ уақыт мұз басқан кезең. (сенемін)

«Неолит» тобына сұрақ.

Синантроп – ақыл –ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жаратылысынан әлдеқайда жетілген адам. (сенбеймін)

«Палеолит» тобына сұрақ.

Бифас – екі жағынан да өнделген қарапайым шапқыш тас құрал (сенемін)

«Мезолит» тобына сұрақ.

Терімшілік – жинау, теру. Алғашқы адамдар жер бетінде ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс – жидектерді теру, жеуге жарамды тамырларды қазып алу, құстардың жұмыртқасын жинап қрек ету. (сенемін)

«Неолит» тобына сұрақ.

Ретушь – ағаш сапқа орнатылған, үш ашалы сүйектен және темірден жасалған ұштығы бар балық аулайтын құрал. (сенбеймін)

«Палеолит» тобына сұрақ.

Мамонт — палеолит дәуірінде Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада кеңінен таралып, мұз басу кезінде құрып біткен, салмағы 5 тоннаға дейін жететін алып піл.(сенемін)

«Мезолит» тобына сұрақ.

Этнография – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы (сенбеймін)

«Неолит» тобына сұрақ.

Питекантроп – б.з.б. 1 млн.жыл бұрын өмір сүріп, тік жүру қабілетін меңгерген ерте палеолит адамы. Алғашқы питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралынан табылды. Миының көлемі – 950 см. 3. (сенемін)

2-кезең. «Жұмбақ жылдар». Шарты: берілген жылдарда қандай тарихи оқиға болғандығын айту керек. Дұрыс жауап бір ұпай.

«Палеолит» тобына сұрақ.

1. Б.з.б. 2,6 млн.- б.з.б. 40 мың жыл. ( ерте палеолит кезеңі)

2. Б.з.б. 140 – 132 мың жыл бұрын ( Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас құралдардың пайдаланған уақыты)

3. Б.з.б. 3000 – 1800 жыл (энеолит кезеңі)

4. Б.з.б. 3-2 мыңж. ( Ботай тұрағының мерзімі)

«Мезолит» тобына сұрақ.

1. Б.з.б. 2,6 млн. – 800 мыңж. ( олдувэй кезеңі)

2. Б.з.б. 40-12 мыңж. ( кейінгі палеолит кезеңі)

3. Б.з.б. 30-25 мыңж. ( Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағының уақыты)

4. Б.з.б. 12- 5 мыңж. ( мезолит кезеңі)

«Неолит» тобына сұрақ.

1. Б.з.б. 5 – 3 мыңж. (неолит кезеңі)

2. Б.з.б. 40 – 30 мыңж. ( «саналы адам»)

3. Б.з.б. 100 – 13 мыңж. ( мұз дәуірі кезеңі)

4. 1856 ж. ( неандерталь адамы табылды)

3-кезең. «Сен маған – мен саған».Шарты: үш топ бір – біріне үш сұрақ қояды. Дұрыс жауап бір ұпай.

4- кезең. «Ежелгі адамдар елінде».Шарты: топқа түскен адам туралы толық мағлұмат айту. Дұрыс, әрі толық жауап 3 ұпай.

«Палеолит» тобына сұрақ.

«Кроманьон» — адамның эволюциялық даму сатысында неандерталь адамнан соң қалыптасқан қазіргіге ұқсас саналы адам. Бұл адамның қаңқасын 1868 жылы Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны «кроманьондық» деп атайды. Миының көлемі – 1500 -1800 см. 3, бойы – 1,68 – 1,94 метр, жасы б.з.б. 40 мыңж.

«Мезолит» тобына сұрақ.

Неандерталь – 1856 жылы Германияның Неандерталь жотасынан қазып алынған орта палеолит кезеңінің адамы. Табылған жерінің атына байланысты «неандерталь адамы» деген атау алған.

«Неолит» тобына сұрақ.

Синантроп – ерте палеолитте өмір сүрген «тік жүретін адамның» екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу – коу – дянь үңгірінен қазып алынған. Миының көлемі – 1075 см.3, жасы б.з.б. 1 миллион жыл. Кейде синантропты « Қытай адамы» деп атайды.

5 – кезең. «Сандар сөйлейді».Шарты: жылдар айтылады. Дұрыс жауап саны 2 ұпай.

«Палеолит» тобына сұрақ.

- 1 млн. 750 мың ( епті адам)

- б.з.б. 2,6 млн. – б.з.б. 40 мыңж. ( ерте палеолит)

- б.з.б. 140 – 40 мыңж. (мустье кезеңі)

- б.з.б. 100 – 35 мыңж. ( неандерталь адамы)

«Мезолит» тобына сұрақ.

- 1 – 2 сантиметр ( микролит)

- 1938 жыл ( Тесіктас үңгірі, неандерталь баласы)

- б.з.б. 10 мыңж.бұрын ( егіншілік пайда болды)

- б.з.б. 5 – 3 мыңж. (неолит кезеңі)

«Неолит» тобына сұрақ.

- б.з.б. 800- 140 мыңж. ( ашель кезеңі)

- 7 метр – ( мустье кезеңіндегі Ш.Уәлиханов тұрағының қалыңдығы)

- 150 тұрақ ( неолит кезеңінің Жезқазған өңірінен табылған тұрақтар саны)

- 15 гектар, 158 тұрғын үй ( Ботай тұрағының аумағы, тұрғын үй саны)

ІІІ.Қорытындылау.Ұпайлар санын есептеп жеңімпаз топты анықтау.

ІV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма.

— тарауды толық қайталау;

— кескін картаны толтыру.

Автор
Дата добавления 28.05.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1960
Номер материала 294638
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх