Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыҚазақстан тарихынан қысқа мерзімді жоспар "Қазақстан жартастарына салынған суреттер" 5 сынып

Қазақстан тарихынан қысқа мерзімді жоспар "Қазақстан жартастарына салынған суреттер" 5 сынып

Скачать материал

Атырау облысы, Жылыой ауданы, №3 мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Мухамбедиярова Алтынгуль Жолымбетовна тарих пәні мұғалімі


Бекітемін:

Ұзақ мерзімді жоспар :

5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

 

Мектеп: №3

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:  Мухамбедиярова Алтынгуль

Сынып: 5

Қатысқандар  саны: 21

Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның жартастарға салынған  ежелгі суреттері

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Барлығы: 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру

Көпшілігі: 5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным – сенімдерін сипаттау

Кейбірі: ежелгі дәуірдегі өнердің даму ерекшелігін сипаттайды;

археологиялық ескерткіштерді салыстыру арқылы, алғашқы адамдардың діни наным-сенімдерін ажыратады;

Бағалау критерийлері

 

 

ü тасқа салынған суреттегі бейнелерді ажыратады;

ü суреттегі бейнелердің мазмұнын анықтайды;

ü петроглифтерді салыстырады, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды.

Дағдылар:

түсіну, білімін қолдану, талдау

Тілдікмақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология: анимизм, тотемизм, фетишизм, магия, өнер, петроглифтер, гравюра, тері өңдеу,  пиктография, археология. Оқытудың тілдік мақсаты:  Тасқа салынған суреттердегі бейнелер бойынша шағын әңгіме құрастырады (жазылым дағдысы) – «Себебін тап» тапсырмасы. Алғашқы адамдардың өнер ерекшеліктері туралы интерактивті түсіндірмені  тыңдайды (тыңдалым дағдысы);

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері.... Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі, дүниетанымы туралы келесі ақпараттарды береді...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша...

Келесі себептер/факторлар....

Ең басты жетістіктер ...

Құндылықтарды

дарыту

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, еңбегіне, тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыстар

Өнер пәнімен байланыса отырып, тасқа салынған суреттердегі ерекшеліктерді, суреттердегі графикалық өзгерістерді талдайды. Петроглифтердің географиялық орналасуын анықтайды. Ежелгі дәуірдегі алғашқы адамдардың діни наным-сенімдерін әлем тарихындағы өзгерістерін ажырата отырып, Испания, Африкадан табылған петроглифтермен салыстырады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта,   презентация арқылы оқушылардың шығармашылық түрде жұмыстануына мүмкіндік ашылып, пәнге қызығушылығы артады.

Бастапқы білім

Қазақстантерриториясындағы алғашқы адамдардың антропологиясын, тұрмысын, археологиялық ескерткіштерімен танысты.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

 

Ресурстар



Мағынаны тану кезеңі.

1)    (Б)2-тапсырма. Бейнематериалды талдау.«Тамғалы тас» деректі бейнематериалынан үзінді көрсетіп, мына сұрақтарды ұсынамын:

· Алғашқы адамдар неліктен бұл суреттерді салды деп ойлайсыздар?

· Олар қандай ойды білдіргісі келді?

Осы сұрақтардың аясында бүкілсыныптық талқылау жұмысын ұйымдастырамын. 

Ықтимал жауаптар: Алғашқы адамдар өз шаруашылығын, діни ғұрпын суретті бейнелер арқылы жеткізуге тырысқан. Олар осы суреттер арқылы қоғамдағы басты өзгерістерді көрсеткісі келді.

2)    (М) «Петроглифтер», «пиктография», «тотемизм», «анимизм», «магия» ұғымдарының мағынасын презентация арқылы түсіндіремін.

3)   (Д) 3-тапсырма. «Зерттеуші маман».Сыныптағы әр оқушы «петроглифтерді зерттеуші маман» кейпіне еніп, өз таңдаған петроглифінің «құпиясын» ашады. Оқушылар өздеріне ұнаған петроглифтерді таңдап, сол туралы барынша көп ақпарат іздейді, оның құндылығын сыныпқа негіздейді. Зерттеу сұрақтары:

·    Петроглифте көбінесе кімдер, қандай көріністер бейнеленген?

·    Алғашқы адамдар суретті салу үшін қандай тәсілдерді қолданған?

Қосымша 2

Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын.  Берілген суреттегі бейнелерге талдау жасауға бағытталған тапсырманы оқушы қабілетіне қарай былайша түрлендіруге болады:

1.    Суреттегі бейнелерді ажыратып, 2-3 сөйлемнен тұратын сипаттама жасайды.

2.    Жартастағы суреттер арқылы әңгіме құрастырады. Қосымша 3

4)    (Ж)4-тапсырма. Сыптағы оқушыларды жұпқа біріктіре отырып, Қазақстанда орын алған петроглифтегі бейнелерді ажыратуға тапсырма беремін. Таңбалы, Ешкіөлмес, Қойбағар ескерткіштері туралы шағын мәтіндер мен осы ескерткіштің суреттер топтамасы оқушыларға ұсынамын. Алдымен жұптағы оқушылар 5-6 петроглифтерде көп қайталанатын бейнелерді ажыратып, жазады. Оқушылар бұл петроглифтерді келесі критерийлерді басшылыққа ала отырып, зерттейді:

1. Петроглифтерде бейнеленген аңдардың және т.б. тізімін жасайды;

2.Бейнеленген көріністерді жазбаша сипаттайды;

3. Петроглифтердің ерекшеліктерін анықтайды:

- қандай аңдар көптеп салынды? Бұл неге байланысты болды? Сіздер қандай қорытынды шығара аласыздар?

- бейнеленген көріністер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігі туралы қандай ақпарат беруі мүмкін?

- осы петроглифтерді зерттей келе, олардың наным-сенімдері, дүниетанымы туралы қандай нәтиже шығара аласыздар? Тапсырманы тиісті критерийлерге сай түрлендіруіңізге (дифференцияция) болады. Қосымша 4

5)    (Д) 5-тапсырма. «Айырмашылықты анықта». Оқушылар өз зерттеулерінің негізінде Қаратау, Таңбалы, Ешкіөлмес, ескерткіштерінен табылған петроглифтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын.  Қосымша 5

6)   (Ж)6-тапсырма. «Қандай байланыс бар?» Тапсырманы орындау барысында оқушыларды жұпқа біріктіремін. Жұптардың әрбіреуіне Тамғалы суреттерін ұсына отырып, ежелгі суретшілердің күнбасты адамды бейнелеудегі себебін анықтатамын. Оқушылар күнбасты адамның құдайға теңелгендігін ажыратып беруі тиіс. Жұптағы оқушылар күнбасты адамның бейнесін талдай отырып, суреттегі бейнені қағазға түсіруге тырысады. Бейнедегі әрбір элементке сипаттама жасайды. Өз сипаттамаларын кейін басқа жұптарға барып таныстырады. Ортақ пікірге келген жұптар топтарға бірігеді.

7)    (Б)Үй тапсырмасы. Оқушыларға үйге тапсырма ретінде  «Алғашқы адамдардың шаруашылығы» тақырыбында суретті хат жазуды тапсырамын.  Тапсырманы орындау критерийлері:

1.    Сөздерді қолданбай-ақ, мағынасын суреттер арқылы жеткізу.

2.    Суретті хаттың мазмұны тақырыпты ашуы тиіс.

3.    Суреттегі әрбір бейненің тиісті мағынасы болуы шарт.

 

«Тамгалы тас» бейнематериалы

https://www.youtube.com/watch?v=td98ss3MwuE

Слайд 3

тақтада петроглиф суреттері ілінеді

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 5

 

 

 

Петроглифтер-ежелгі заманғы және ортағасырлық өнердің бірегей ескерткіштері

http://bm.yvision.kz/post/421180

 

http://www.kscience.co.uk/animations/lungs.htm

оқушыларға ноутбуктер таратылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.С.Садыков,

А.Т.Толеубаев, Г.Халидуллин, Б.С.Сарсекеев. Ежелгі Қазақстан тарихы, 1-бөлім. – Алматы:Атамұра, 2011 ж.

 

Зайнолла Самашев, Жұмаш Жетібаев. Қазақ петроглифтері. –Алматы, 2005 ж.

 

Жетісу жартас суреттері.

Баянжүрек.

ЗайноллаСамашев. Алматы. 2010 ж.

 

 

 

 

 

 

 

Тамгалы петроглифтері

http://www.uralrockart.ru/p1_gl4_1.html

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 11

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

10. (Ф) Қорытынды кезеңі. (Д) Кері байланыс.«Бұрыштар пирамидасы».Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін байқап, өзіндік қорытынды пікірін қалыптастыру мақсатында, сыныптың төрт бұрышында жазылған  төрт түрлі көзқарастың біріне орналасып, себебін түсіндіреді.

Қызықты болды….

Қиналған жерлерім…

Өзім орындай аламын…

Тапсырманы орындадым…

 

 

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулықжәне қауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

 

Қабілеті жоғары оқушылар:

Ø Топта ұйымдастыру жұмыстарын  алады;

Ø Сабақ барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытады.

Ø «Зерттеуші маман»әдісі арқылы ұсынылған суреттердегі бейнелерді ажыратып қана қоймай, сол бейнелер арқылы ежелгі адамдардың дүниетанымын сипаттайды.

Қабілеті орта оқушылар:

Ø Қандай байланыс бар? Тапсырмасы арқылы бірнеше суреттегі бейнелерді ажыратады. Салыстыру кестесін орындайды.

Ø Сабақ барысында зерттеу сұрақтарына жауап береді;

Ø Орта деңгейдегі жұптық жұмыстарға қатыса алады.  (Тапсырма мазмұны бір, орындау уақытына қарай ықшамдалған, бірақ оқушының таңдау құқығы бар)

Қабілеті төмен оқушылар:

Ø Петроглифтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Ø Деңгейлік сұрақтар;

Ø Мұғалімнің қолдауы;

Ø Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

Ø Оқушылар өзара бағалайды;

Ø Жұппен бағалау жүргізеді;

Ø Зерттеу жұмысын қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;

Ø Мұғалім әрбір тапсырмаға тиісті кері байланыс беріледі.

 

Оқушылар сабақ барысындатуындайтын қауіп-қатердің алдын алу шараларын белгілейді.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

 

 

Жалпы баға: Сабақта қойылған сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарына жеттім.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нен ібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Шартты белгілер:

(Б)– бүкілсыныптық жұмыс

(М) – мұғалім түсіндірмесі

(Д) – дара, дербес жұмыс

(Т) – топтық жұмыс

(Ж) – жұптық жұмыс

(Ф) – формативті бағалаудың мүмкіндіктері

 

 

 

 

Тапсырма

Төменде берілген кестеде Тамғалы және Баянжүрек петроглифтерін салыстырыңыз.

 

Петроглифтер

Тамғалы петроглифі

Баянжүрек  петроглифі

Орналасқан жері

 

 

Петроглифтердегі бейнелер

 

 

Ең көп кездесетін

суреттердің сипаттамасы

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

-          Тамғалы және Баянжүрек петроглифтерінің орналасқан жерін атайды;

-         Тамғалы және Баянжүрек петроглифтерінде бейнеленген суреттерді атайды;

-         Тамғалы және Баянжүрек петроглифтерінде бейнеленген суреттерді сипаттайды;

-         Тамғалы және Баянжүрек  петроглифтердегі бейнелердің мәнін түсіндіреді.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан тарихынан қысқа мерзімді жоспар "Қазақстан жартастарына салынған суреттер" 5 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 637 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2018 1541
    • DOCX 39.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамбедиярова Алтынгуль Жолымбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53335
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 331 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона