Инфоурок Дошкольное образование Рабочие программыҚазақстаным туған жерім тәуелсіздікке арналған сценарий

Қазақстаным туған жерім тәуелсіздікке арналған сценарий

Скачать материал

     № 44 «Мерей»  бөбекжайы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Менің Қазақстаным –

менің болашағым!»

 

 

 

 

 

                                         Дайындаған: Талиева А.Ғ

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Орал 2014

 

 

Тақырыбы:   «Менің Қазақстаным -  менің болашағым!»

Мақсаты:

                   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы  туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп  толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.

             Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жасыл үлкен ширма орнатылған (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері.

 

Қанатты сөз:

1.     Туған жер – алтын бесік.

2.     Отансыз адам , ормансыз бұл-бұл.

                      

Жүргізуші: Іс - шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады. (Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)

 

                                        

-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет. Яғни,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік  туы бар.

Описание: 28   Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі.

Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев.

    - Балалар, мынау біздің еліміз- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.

    Балалармен сұрақ –жауап  арқылы түсінгендерін пысықтайды.

     - Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

    -  Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.

    - Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.

    - Ал, енді, балалар,  мемлекеттік туымыздың  түсі қандай екен?

    -   Мемлекеттік туымыздың түсі: көк, көгілдір .

    -  Неге ұқсайды?

    -  Аспанға ұқсайды.

    -  Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.

Балалардың жаттаған  «Қазақстан жалауы» деген өлең жолдары тыңдалады.

1 – бала: Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.

                Намысын ешкімге қолынан бермеген.

                Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

                Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

 

2 – бала:Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

               Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

               Қазақтың тілері ата жол салтымен

               Достасу, туысу әр елдің халқымен.

 

3 – бала: Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

                Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

                Қазақтың елі мен даңқты даласын.

         4 – бала: Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

                         Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.

                         Алтын торда алтын торда бұлбұл құс                                                                                                                

                         Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат

 

         5 – бала:Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

                        Көк туымды қалайша құлатармын.

                       Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

                        Бәріміз баласындай бір атаның.

                        Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

                        Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

                       Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

         6 – бала: Қазақстаным менің,
                      Жәннатым!
                      Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
                      Қуат бар сенде дастасып бірге табатын!
                      Қазақстаным менің,
                      Қазақстаным менің –
                      Ырысым!...

Жүргізуші:  - Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы  мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар).

 

                                  Мақал – мәтелдер:

1- бала :  Отан – елдің анасы,       Ел – ердің анасы    

    2- бала :  Отанды сүю - отбасынан басталады

3- бала :  Отансыз адам –  Ормансыз бұлбұл 

4- бала :  Ел іші - алтын бесік

5- бала :  Еңбек түбі береке,  Көптің түбі мереке

Жүргізуші:  -  Сөзжұмбақты шешу (интерактивті тақтада)

Қазақстан, Отан, Қазақстан азаматы туралы ой-пікір. Отан туралы ой-пікір. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
1.Қазақстанның ауа райы қандай?
2. Қазақстанның елордасы қай қала?
3.Қазақстанның елбасы кім?
4.Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
5.Қазақстанның рухани астанасы қай қала?
6.Қазақстанның ұлттық валютасы не?
7.Қазақстан неге бай?

 

Жүргізуші: -Қане, балалар шаршаған болармыз, бойымызды сергітіп алайық Музыкалық ырғақты қимыл:   «Бір оңға, бір солға!»

 

Жүргізуші:   -Ата –бабамыздың өткен өмір  жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі. Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!

           Құс ұясыз,

           Жыртқыш інсіз болмайды.

           Отансыз жан өмірінде оңбайды,

           Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

           Тірі адамға сол қайғы,

деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар. Ендеше еркін құстай самғай аламыз. Ендеше биімізді тамашалайық.

Би: « Аққу»

Жүргізуші : Қазақстан туған өлкем.

                       Жер көп пе сендей көркем?

                       Көрсін деп күллі әлемге,

                      Жалауыңды желге желпем.  

 

 

Ойын:

«Туған жерді гүлдендір»

(Балалар алдын ала  суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп  Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: -Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер.

     Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.

      «Туған жер –алтын бесік» - демекші, балалар, бүгінгі  ойын-сауық кешімізде «Балабақша» әнін орындаймыз.

Ән:  «Балабақша»

Жүргізуші: - Барлық    айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік – деп  бүгінгі ойын-сауық кешімізді аяқтаймыз.                                                                                                                                                                                                                                                                                               

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстаным туған жерім тәуелсіздікке арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 2809
    • DOCX 487 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Талиева Асем Гарифоллиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Талиева Асем Гарифоллиевна
    Талиева Асем Гарифоллиевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76620
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 5 738 человек

Курс повышения квалификации

Потенциал теории воспитания и ее реализация в актуальных педагогических технологиях в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе ДОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 228 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе