САБАҚ
ЖОСПАРЫ «Келісілді»
Оқу ісінің меңгерушісі
Мерзімі:
05.12.2015 ж ___________________
Пән
аты: Физика
Сыныбы:
9 «а,ә,в»
Сабақтың тақырыбы: Бақылау
жұмысы №2. Динамика
негіздері
Сабақ
мақсаты:
1.
Білімділік: оқушылардың тарау бойынша алған
білімдерінің нақтылығын, меңгерілу дәрежесін айқындау; жұмысты орындау
барысында дайындық деңгейлерін анықтау.
2.
Дамытушылық : Оқушылардың білім деңгейін және
оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік : Өз
бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй
тапсырмасын тексеру:
І
нұсқа.
1. Серіппені
8 мм-ге созу үшін 0,04 Дж жұмыс істеу керек. Осы серіппені 4 см-ге созу үшін
қандай жұмыс атқару қажет?
2. Массасы
10 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 3 м/с2 үдеу алды. Массасы
24 кг дене дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу алады?
3. Массасы 200
г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0,5 кН/м-ға тең қармақ бауы қанша
созылатынын анықтаңдар.
4. 2 км
биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 20 мг жаңбыр тамшысына әсер етеін ауырлық
күішінің істейтін жұмысы қандай болады?
ІІ
нұсқа.
1. 60 Н күш
денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 4 м/с2
үдеу бере алады?
2. Қатаңдығы
40 кН/м серіппені 0,5 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару керек?
3. Жер
бетінен 300 км биіктікте ұшып жүрген жасанды серіктің жылдамдығы қандай? Оның
айналу периоды қандай?
4. Тереңдігі 5
м судағы көлемі 0,6 м3 тасты судың бетіне дейін көтерді. Тастың
тығыздығы 2500 кг/м3. Тасты көтеруде істелген жұмысты табыңдар.
ІІІ
нұсқа.
1. Ғарыш
ракетасы старт берілгенде Жер бетінен 20 м/с 2 үдеумен тік жоғары
қарай қозғалады. Кабинадағы массасы 80
кг ғарышке-ұшқыштың салмағын табыңдар.
2. Жер
бетінен 600 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен айналып ұшуы үшін жасанды
серіктің жылдамдығы қандай болу керек? Оның айналу периоды қандай?
3. Қатаңдығы
100 кН/м тең сымды 1 мм-ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек?
4. Массасы 2
кг денені 1 м биіктікке 3 м/с 2 үдеумен көтерегн кезде адам қандай
жұмыс істейді?
ІІІ.
Бағалау.
VI І. Үй тапсырмасын беру: тарауды қайталау ;
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.