Инфоурок Дошкольное образование Научные работыБала өміріндегі ойынның рөлі

Бала өміріндегі ойынның рөлі

Скачать материал

 

 

 

 

Ақтау -2017ж.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                            Кіріспе

 

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»

 Абай Құнанбаев

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады.

 

БАЛА ӨМІРІНДЕГІ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ

 

«Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын — жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың  ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті  өндірудің негізгі жолы екені айқын.

Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.

Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым   жасалады:

 Ойын — тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді  тәрбиелейді.

Ерік  және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны  жетілдіреді.

Ұжымдық сезім  әрекеттері өсе түседі.

Эстетикалық тәрбие беру —  өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік  береді. 

   Дене күшінің жетілуіне көмектеседі — ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

 

 

БАЛА ДАМУЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫҢ МАҢЫЗЫ

 

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған». Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.

Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар…». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Мысалы, «Соқыр теке» ойыны («Ақ сандық, көк сандық» Құраст. Ш.Ибраев.А., 1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:

Қараңғыда көзім жоқ,

Маған жақын келіңдер,

Тиіп кетсем сөзім жоқ,

Бір қыз ұстап беріңдер!..

Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрғандар мазақтап:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Тотияйын салайын,

Оң көзіңе топырақ,

Ал, ұстап көр, батырым,

Топырағын алайын,

Міне, келе жатырмын!

деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.

Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.

Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да «халықтың бар байлығы малда болды». Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.

Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтың тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан серігі екендігін шабыттана жырлаған.

Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлық мәдениет пен өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды, келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын «ақбайпақ», «көк сиыр», «түйе-түйе», «соқыр теке» т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.

Бұл ойындардың барлығы дерлік қазақ халқының төрт түлікті аса бір сүйіспеншілікпен дәріптеп, қадірмен тұтып, жануарлардың бойында адам баласының қасиеттері бар, сондықтан жан-жануарлардың бәрі бірдей деген ұғымнан барып шыққан ойындар болды.

Қазақ халқының малды соншалықты қадірлейтін себебі сол, халықтың саяси әлеуметтік және экономикалық жағдайының даму процесінде осы төрт түлік арқасында жеке адамның қай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждық көрмеді. Сондықтан да төрт түлік қазақ халқының ауыз әдебиетінің, өнерінің, мәдениеті мен ұлт ойындарының негізгі кейіпкері.

«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.

Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.

Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ананың ойлау, қиялдау, армандау қабілетін қалыптастыру үшін халық ауыз әдебиетінің жанрларын – ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтар, санамақтарды айтып үйреткен.

Мысалы, «Тоғызқұмалақ» ойыны:

Қызықтырған есепшіні, ойлыны,

Бабалардың бұл ежелгі ойыны.

Екі адамға тең бөлінген мал жайы,

Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.

 

Онда бар он сегіз ұя – кіші отау,

Екі қазан – үлкен келген іші отау.

Бір жүз алпыс екі – барлық құмалақ

Сексен бірден екі ойыншы тұр қамап.

 

Әрқайсының сегіз ұя – ойы бар,

Әр ұяның дәл тоғыздан қойы бар.

Екі ойыншы – екі қойшы кезекпен

Түсіреді ұяға қой есеппен.

 

Бір-бірінің ұясына айдайды

Қой – құмалақ санын жіті аңдайды.

Ұяда қай жұп болса қой – құмалақ

Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ.

 

Солай талай қой қазанға түседі

Есепке оны екі қойшы тізеді.

Кімде-кімнің қазаны тез толады,

Сол ойыншы ұтып шыққан болады.

 

…Қызықтырған бүгіндерде ойлыны

Міне, осындай бабалардың ойыны.

 

Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқай бала өміріндегі ойынды және ермекті «ол — баланың еңбегі»,- дейді, демек бұл жай ермек емес, бала әлеміндегі кәдімгі еңбек. «Сондықтан да бала еңбегі – ойын. Ендеше, ойын балалардың күнделікті тіршілігі адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты. Тіршіліктің түрі бар. Сол сияқты балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істейтін істері бар. Ол іс – жас уақытындағы ойын». Сондықтан да қазақ балаларының негізгі ойындары асық, құмалақ (түйенің, қойдың), бес тас, доп міне мұның бәрі осы балалар еңбегінің құралдары болады. Өмір мен өнерге деген талаптың түп негізінің өзі осы асық, доп, құмалақ, ләңгі, қуыршақ, мәшине, үй болып т.б. ойнауларда жатыр. Ендеше халықтың бұл дана сөзін тура мағынасында түсінуге болмайды.

Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез — құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», «Ақсүйек», «Тоғызқұмалық», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны   байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, ерлікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі – «Он бір қара жұмбақ». Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы балаңың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету,тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес  дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес.

Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға  ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып  өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!

Қазақ зиялыларынан А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б ойынның бала өміріндегі басты іс-әрекет екендігін атап көрсеткен. Ойынның тәрбиелік негіздерін адам баласының саналы ғұмыры басталғаннан әр кезеңде әр түрлі пікір айтып,өз ұрпақтарын тәрбиелеп, білім беруде іске асыру мәселесін үзбей айтып келеді.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтарының бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдалы аса күшті екені баршаға аян. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал ретінде: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.

 

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :

·       балалардың денсаулығын нығайту;

·       денені шынықтыру;

·       мәдениетін қалыптастыру;

·       өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

 

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек – Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек», «Теңге алу» т.б.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын  үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез — құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері айтылады.

Ұлы педагогтар халық мұрасының,ұлттық колоритінің, құндылықтардың қайталанбайтын түпнұсқалығын, тілдің, оның формалары мен мазмұнының ерекшелігін өсіп келе жатқан ұрпақтың танып, білуіне халықтық ойын арқылы жағдай жасау қажеттілігін жариялаған. Ұлттық ойындар арқылы моральдық құндылықтар қалыптасады, тапсырылған іске ұжым алдындағы жауапкершілік, достық сезімдер,мақсаттарға жету іс-әрекеттері, өзекті сұрақтарды шынайылықпен шешу жүзеге асырылады. Ойын-барлық тәрбие нормаларының қайсысынан болса да жоғары тұрады,өйткені ол баланың тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға,баланың белсенділігін арттыруға,өз бетімен әрекет етуге мүмкіндік береді. Қазақтың ұлттық ойындарының педагогикалық, психологиялық мәні А.Б.Бүркітбаев, Ә.Диваев,  Т.Ш.Қуанышева, А.К.Меңжанова, М.Т.Тәнікеев, Б.Т.Төтенаев, М.Т.Тұрыскелдина, А.Қ.Айтпаева және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Қазақ халқының Ұлттық ойындарын жинаушы этнограф Ә.Диваев өзінің «Қазақ балаларының ойыны» деген еңбегінде оның балалар тәрбиесіндегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөледі.

Жасөспірімдерді әдет-ғұрып бойынша жас ерекшелігіне қарай бөлу

1-7жасқа дейін-сәби

7-15 жасқа дейін-бозбала

15-30 жасқа дейін-жігіт

Осының негізінде қазақ ойындарын 3топқа бөлді:

Қазақ ойындары

Сәбилер ойыны

Бозбалалар ойыны

Жігіттер ойыны

 

С.Ұзақбаева, А.Айтпаева жасаған қазақтың халық айтқан классификациясы «Айтыс ойыны», «Жаңылтпаштар», «Санамақ», «Аңдардың айтысы» сияқты ойын балалардың тілге,имправизацияға, ақыл-ой әрекеттеріне қабілетін дамыту қызметтері арқылы көрсетіледі.

Ұлы Абай «Адамның ерекше қасиеттері-ақыл-ой, сана – сезім, ішкі жан дүниесі, жоғары кәсіби-дәрежесі, шығармашылығы ұстаздан қалады» - деп тегін айтпаған. Олай болса, баланың бойындағы ерекше қасиетті,  шығармашылықтың қабілетті ашу-тәрбиеге жүктелер жауапты міндет.

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ӨТКІЗГЕН САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ 

 

Сабақтын тақырыбы: «Жайлауда»

Сабақтың мақсаты: Балаларға ұлттық ойындарды тәрбие беру, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру; Еңбекке, төзімділікке, ертілікке тәрбиелеу, Отанын, жерінің табиғатын сүйе білуге баулу; Ойынның шартын дұрыс орындай білуге, аяғына дейін ойнай білуге дағдыландыру; Ұйымшылдыққ, бір-біріне қамқор бола білуге үйрету. 

Сабақ барысында: Балалар әдемі табиғат көрінісімен безендірілген музыка залына келіп,отырған қонақтармен амандасады. 

Тәрбиеші: Бүгінгі сабаққа көп келіп қатысып отырғандықтан күнделікті сабақтың ерекше өтетінінайта келіп, бүгін (Қабырғада сүйеулі тұрған ойыншық аттарға қарап:) біз балалар жайлауға шығамыз- дейді.

(Қабырғаға сүйеулі тұрған ойыншық аттарға қарап:)

Міне, біздің арғымақтарымыз әзір тұр. Аттарыңа мініңдер. (Балалар бір-бір ойыншық аттарды алып, мініп, бірінің артынан бірі ретімен тұрып, дайындала бастайды.)

«Сал күрең» күйі естіледі, балалар бір- бір атын басын ұстап шаба жөнеледі.Залдың орталық қабырғасына жеткеннен кейін, бір шенбер айналып өтіп тоқтайды.


Тәрбиеші: - Ал,біз жайлауға келіп жеттік. Айналаға қарандаршы,қандай әдемі таза ауа, көк майса шөп, кәусәр бұлақ, таудан жібек жел есіп тұр.Ал енді аттарымыз терін бассын, біз отырып өзіміз де біраз дем алайық.Табиғатты тамалшалайық.(аттарын белгілі бір жерге қойып, балалар жайғасып отырады)

Осы кезде күйтабақтан Динаның «Тойбастар» күйі орындалып, балалар оны ұйып тындайды.Күй аяқталған соң балаларға сұрақ қойылып, тындалған күй жайлы әңгіме жүргізді.


Тәрбиеші: Жаңағы тыңдаған күйден нені естідіндер? 
Балалар: Аттардың шауып келе жатқан дбірін. 
Тәрбиеші: Тағы не естідіңдер? 

Балалар: Күй артылды. 

Тәрбиеші: Күй көнілді ме, көңілсіз бе?

Балалар: Көңілді. 


Тәрбиеші: Балалар күйді зейін салып, жақсы тыңдапсыңдар. Расында үйден домбыраның үнің, шауып келе жатқан аттардың дүбірін, қуанышты білдіретін көңілді шаттықты сезуге болады. Мұндайды көңіл-күй адамда қай кезде сезіледі? 

 

Балалар : Той болайын деп жатқанда, қуанғанда. 

Тәрбиеші : Өте дұрыс, яғни қуанғанда. Аттың дүбірі – тойға асығып шауып келе жатқан шабарманның дүбірі, домбырадан күй төгіліп, ән шырқалып, тойдың болып жатқаны білінеді. «Тойбастар» күін тыңдадық. Күйді шығарған күйші – сазгер, үлкен әжеміз Дина Нүрпейісқызы. 
Сонымен балалар, жайлауда үлкен той болып жатыр екен. 
Қане, біз де тойлайық. Айтыңдаршы балалар, жайлауға жұрт қай уақытта шығады?. 

 

Балалар: Жаз шыға, қыс өтіп, қар еріп, шөп шығып, күн жылынғанда. 

Тәрбиеші :Ал балалар, біз көктем туралы ән білеміз бе? 


(Осы кезде Қ. Қуатбаевтың «Көктем» әнінің сөзінің мазмұнына сай қимылдарды көрсете отырып, шеңберде жүру арқылы сергіту сәті орындалады). 


Өлеңді орындап болған кезде, залға асыға басып Алдар Көсе кіреді. 


Алдар Көсе :Той тойланып, думандатып жатқан кімдер дем, өзіміздің «Қызғалдақ» тобының балалары екен ғой. 

Сәлеметсіңдер ме балалар? ( балалар амандасады). 


Алдар Көсе : Иә, тойларың тойға ұлассын! 


Жайлауға шығып, тамаша табиғаттың аясында тойлап жатыр екнсіңдер. Енді менімен бірге «Қамшы алу» ойының ойнайық. 

Ойының мақсаты : Балаларды ептілікке, жылдамдыққа үйрету. 


Ойынын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады да, әр баланың тұсына жерге қамшы қойылады, әуен ойналған кезде немесе тәрбиешінің белгісімен балаларқимылдар жасап, қамшыны айналып жүреді. Әуен тоқтағанда, немесе тәрбиешінің белгісі бойынша 2-3 қамшы алынып тасталады да, қалған қамшыны балалар алып үлгеру керек. Қамшы ала алмаған балалар ойыннан шығады. 
Қамшыны әр ойын сайын азайтып, бір қамшы қалдырып, ойынды жалғыстыру. Сонғы қамшыны қай бала алса, сол жеңіске жетеді. 


Алдар Көсе: Сендер өте епті екнсіңдер, мен сендермен ойнағаныма өте риза болдым. Ойын ойнадық, енді балалар сендер би де білетін шғарсыңдар? 

Топтағы барлық балалар қазақтың халық әуені «Бипыл» музыкасына «Бипыл» биін билейді. 


Алдар Көсе: Ой, жарайсындар, тамаша билейді екенсіңдер. Енді кім маған көктем туралы тақпақ айтып береді? 

Көктемде.

Көктем, көктем, көктемде,

Қүстар келіп жатқанда,

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.

Өлең: Көктем көркі.

Сансыз көкек сұнқылдап,

Көктем келді ертелеп.

Нәзік үнмен сынқылдап,

Бұйра бұлақ еркелеп,

Көктем бұлттар еркелеп,

Жерге төкті өрмеген.

Өте тамаша оқиды екенсіңдер, балалар. Енді сендердің арғымақтарыңмен «Қыз қуу» ойынын ойнайық. (Ойын «Қыз қуу»).

Барлық бала қосылып Ә. Еспаевтың « Ойлан, тап» әнің әуеніне салып.

Балалармыз көңілді,

Қайғыруды білмейміз.

Біз сүйеміз өмірді,

Ойнаймыз да билейміз.

Зымыраймыз көгалда......

Осы әуенмен шеңбер жасап тұрып, «Сақина салу» ойыны Алдар Көсемен бірге ойналады. 


Алдар Көсе: Ал, балалар, тағы қандай өнерлерің бар?

Осы кезде, қыздар тобы ортаға шығып, «Кел билейік» әнін билеп тұрып орындап береді.

Муз. Б. Байкадамовтікі.

Сөзі М.Әлімбаевтікі.

Кел билейік, кел билейік

Неге тұрсын билемей?

Кел билейік, іркілмейік,

Неге отырсың үйренбей?

Жалуғыды білмейміз,

Жабығуды білмейміз,

Жауқазындай көзді тартып,

Жайраң қағып билейміз.

Біз өнерсіз баламыз ба,

Көрсін аға-апалар.

Көсін папа, мамыз да,

Ырза болсын аталар.


Алдар Көсе: Ал,балалар, жайлауға шығып, ән айтып, ойын ойнап, би билеп көңіл көтердік.Жақсы демалдық.Енді сендердің жайлаудан бақшаларына қайтатын мезгіл де таяп қалыпты. 


Тәрбиеші: Ал,қане, біздің арғымақ аттарымыз қайда екен?

Бақшамызға қайтайық.

Менің «атым» жоқ. Біреуіне міңгесейін,- деп Алдар Көсе ең алдыңғы баланың атының артына отырып,балаларды бастап, «Сал күрең» күйінің желісімен залдан шығып кетеді. 

 

 

 

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

 

Тәрбиенің қайнар көзі – халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеп, құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген

абзал. 

Балалардың тіл дамыту мен көркем әдебиет пәндеріне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс, сайыс сабақтарын ұлттық ойын түрлерін қолдана отырып балаларымды ізденімпаздыққа баулимыз. Сабақ барысында ойындар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздерді қолдану арқылы болашақ ұрпаққа жақсы тәрбие бере отырып, олардың ұлтын, тілін, дінін, салт-дәстүрін сүюге жол ашамын.

Ойын арқылы өткізген сабақтарда балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, іс-әрекетке ден қойып,өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады. Осы тәжірибелердің негізінде ойын элементтерін сабақ үстінде барынша кең қолдануға көше бастадым.

Мысалы, «Сауат ашу»сабағында өткенде түрлі ойын арқылы тақырыпты балаларға қызықты етіп түсіндіруге болады. «Әріптер» мен «Буындар» түсіндіргенде, жарыс ойындары қолданылады. Тәрбиеші суреттерді тақтаға бір жол етіп іледі де,балалар суретке тиісті сөздерді тауып, екінші қатарға жазуды талап етеді. Ойынның тәртібі бойынша берілген сөздерді кім бөгелмей дұрыс және көп айтса, сол ұпай алады. Ұпайды көп жинаған қатар жеңіп шығады.

 

Арынды арқан 

Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның екінші бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында тұрады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқшы байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар секіріп арқанды аяқтарының астынан өткізіп тұрулары керек. Кімде-кім арқаннан секіре алмай қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша ортада өнер көрсетеді.

Немесе, былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеіңмпаз атанады.

Ойынның екінші түрінде командаға бөлініп ойнауға болады. Белгіленген уақыт аралығында қанша бала қалады, солардың санына байланысты. Қай команданың балалары көп қалса, сол команда жеңімпаз атанады. 

 

Сақина жасыру 

Бұл ойын жасөспірімдер арасында ойналады.

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойышылар дөңгелек шеңбер бойымен отырады тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қарсы жұмған алақанның ішіне қолына сақина алып, әр ойыншының қолына қолын кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқаруша жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, олар алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші күні бұрын сайланған кезекшіден «Сақина кімде» деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін табуы керек. Егер кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлнң айтып, би билеп т.б. көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

 

Бұғнай 

Ойын жүргізуші ойынға қатысушыларды айнала отырғызып жүріп, бірінші «бұғнай», екінші «бұғнай», үшінші «бұғнай» т.б. деп бас-басына реттік санмен атап шығады да, кез-келген бірін, мәселен он жетінші бұғнайды дауыстап шақырады. Ата аталған бұғнай орнынан ұшып тұрып, келесі біреуін шақыруы керек. Әдетте малдасын құрып не жүресінен отырған балалар бірден тез тұра алмай қалады, ал кейбір сасқалақ ойыншы аты аталмаса да, орнынан атып тұрады. Мұндай ойыншылар айыпты саналып, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. 

 

Дауыста, атыңды айтам 

Ойнаушылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасайды. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кезкелгеніне ұсынып – дауыста, атыңды айтам,-дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі дауысын бұзып шығарады. Шеңбер бойындағы ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады. Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады. 

 

Жаяу тартыс

Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, екі басы біріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – ойыншылардың бірін-бірі тартып белгіленген мезеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана жеңіске жеткен ойыншыны жариялайды. 

 

Жаяу аударыспақ 

Мұнда балалар «Батырлар соғысы» деп те атайды. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әркім бір-бір баланы ат қылып мінеді де, соның үстінде отырып тартысады. Астындағы балалар тыныш тұрады. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сонысы жеңіледі. 

 

 

 

Жаяу көкпар 

Ойын – күні бұрын белгіленген жерде өткізіледі. Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды..

Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды екі, төрт жүз әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі екінші көмбеге кім бұрын әкелсе , сол ұтқан болады.

Егерде екінші бір ойыншы жол ортада қуып жетіп басып озатындай шамасы болса, көкпарды қарсыласының қолынан алып кете береді. Ал көкпарды алып келе жатқан ойыншының мұндай жағдайда қарсыласуына болмайды. Көкпардың орынна түйілген орамалды пайдалануға болады. 

САЛТ-ДӘСТҮРДІ ТАНЫСТЫРУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

 

Мақсаты: Ұлттық ойын арқылы балалардың бітімінің дұрыс қалыптасуына жетілдіру, тілін дамыту, ой танымын кеңейту. Ата-бабамыздың ерекше дәстүріне, бай мәдени мұрасына қамқорлықпен қарау, халқымыздың тұрмыс тіршілігіне байланысты дүниеге келген киіз үйдің ұлттық мақтаныш екенің бала санасына жеткізу. Балаларды туған еліне сүіспеншілік сезімдерін, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. 

 

Салт – дәстүр: «Тұсау кесу»

Мақсаты: Ұлттық ойын арқылы балалардың бітімінің дұрыс қалыптасуына жетілдіру, тілін дамыту, ой танымын кенейту. Ата- бабамыздың ерекше дәстүріне, бай мәдени мұрасына қамқорлықпен қарау, халқымыздың тұрмыс- тіршілігіне байланысты дүниеге келген киіз үйдің ұлттық мақтаныш екенің бала санасына жеткізу. Туған еліне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

 

Ән - күй залына кіру. 

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, Ата-аналар, тәрбиешілер, балалар.

Казір «Қызғалдақ» тобынын балалары «Тұсаукесер» - салт-дәстүрін көрсетеді.

Тәрбиеші: Балалар сендер қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер? 

Балалар: Шілдехана

Ат қою 

Бесікке салу

Қырқынан шығару

Тұсаукесер

Сүндетке отырғызу

Тілашар

Қыз ұзату

Әже: Отағасы, бүгін немереміздің Айболдың тұсауын кесетін күн ғой, кімге кестіреміз?

Ата : Ия, тұсауын кесіп, алғашқы қадамына, арнап елді шақырып той өткізу керек.

Әже : Ендеше бәйбішелер көп қой, сол бәйбішелерге сайыс- өткізу керек. Сайыста жүн түтеді, жүнді бірінші түтіп берген бәйбіше тұсауын кеседі. 

Ата : Дұрыс айтасын, онда бәйбішелерді сайыстырған соң, сайыста кім женеді, соған тұсауын кестіреміз. Ұлкен немерем Ануар қайда ?

Бар, қонақтарды шақыр, той болады деп.

Ануар: Сүйінші, сүйінші, бүгін біздің үйде той болады, бауырым Айболдың тұсауын кеседі – деп (кіреді). Келіндер, келіндер біздің үйге.

Сөзге ұста,

Ойға нық,

Атам біраз ойланып: «Шақыр» - деді, - келсін тез,

«Тұсаукесер» тойға жұрт – деп барып Айболдың қасына отырады.

Қонақтар келеді.

Сайыс: Жүн түту.

3- Бәйбішілер шығады, Аида бәйбіше, Алима бәйбіше, Амина бәйбіше.

Тәрбиеші: «Тұсаукесер» - рәсімін, сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғүрып, ырым.

Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол ниеттен баланың аяғын жылдам басатын әйелге қидырады.

Сүріншек, жайбасар адамға кестірілмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашады. Баланың ата- анасы кесушінің кәдесін береді. «Тұсаукесердің» арнайы жыры бар, жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар.

Көбейіп, көгере берсін деп – көк шөптен есіп жасайды.

Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді.

Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.Өмірдегі кездескен қиыншылықты женіп, қойған мақсатына жетсін- дейді.

Ерте кезде «Тұсаукесер» өткен соң балаға Ат пен ертоқым сыйлыққа тартылған екен, балаға

Енді «Тұсаукесер»- рәсімің бастаймыз.

Аида бәйбіше мен болдым – деп айтады 

Әже: келінім Назым әкел қайшынды, әкел ақ матанды, ала жібінді бер – ала жіппен кессе адал болады – деп айтатын үлкендеріміз. Назым келініқайшы, ала жіп әкеледі.

Баланың аяғын ала жіппен, тұсайды.

Аида бәйбіше : Қаз – қаз , балам, қаз балам

Қадам бассан мәз болам.Күрмеуінді шешейін

Тұсауынды кесейін деп (қайшымен ала жіпті қияды.

Қаз-қаз балам, қаз балам.

Тақымынды жаз балам.

Қадамынды қарайын.Басқанынды санайын

Қаз- қаз балам жүре ғой

Балтырынды құрай Балтырыниды түре ғой – деп (балана 3-4 рет аттатады).

Ата: Е- құлыным.

Қаз-қаз балам жүре ғой

Балтырынды түре ғой

Тай- құлын боп шаба ғой

Озып бәйге ала ғой.

Қаз- баса ғой, қарағым

Құтты болсын қадамын

Өмірге аяқ баса бер

Асулардан аса бер. 

Әже: Тәй- тәй балам, тәй балам,

Жүре қойшы жай, балғын

Қарыс сүйем қаз бастың

Қадамыңнан айналдым.

Назерке келін : Құйылғандай көктен нұр,

Ғажап дәстүр екен бұл

Тұсау үзген

Құлындай 
Мәз – мейрам боп бөпем жүр. 

Тәрбиеші :Ал құрметті қонақтар бүгінгі салт- дәстүріміз «Тұсаукесер» кімнің қандай тілегі бар?
Диана : Сары тісті болсын,

Ақ шашты болсын,

Өмірін ұзақ болсын,

Уайымын аз болсын.

Ақжол: Туған елді,

Туған жерді даттама,

Туған тілден безгендерді

Мақтама 
Қазақ ұлы деген атқа сай болып

Ұлттық әдет, салт- дәстүрден аттама.
Тәрбиеші: Рахмет, қонақтар тілектерініз қабыл болсын.

Енді ауылдың екі ауыз өленің айтайы

Әнсіз- тойдың сәні келе ме? 

Ән: « Дастархан» 

 

3.Айналайын ағайы Тәрбиеші: Енді қонақтар ұлттық ойындар ойнайық «Күш-сынасу» 

Ата : Ал енді батамен ел көгерер, жанбырмен жер көгерер- дегендей ақсақал Сабыр, ақсақал Сардар бата беріңіздер мына немере Айболға. 

Сабыр ақсақал : Біс-міл-лә, рах-ман- и- ра –хим.

Шынға өрле-

Тартыңба да алқынба,

Шындық үшін

Ақ алмастай жарқылда.

Сүйіндір де,

Сүініш бол еліңе,

Сүрігенде-

Арқа сүйе халқына!

Аумин! 


Сардар: Отырған жерің орда болсын,

Барған жерің базар болсын

Жүзін жарқын болсын!

Тілін ұзын болсын.

Жортқанда жолын болсын!

Денсаулығын мықты болсын!

Берген батам осы болсын.

Аумин! 
Тәрбиеші : Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымын

Елгезек бол, еріңбе

Ілгере бас, шегінбе – деп Айболға баламызға айтқым келеді.
Әже : шашу шашады. 

Тәрбиеші : Осымен бүгінгі «Қызғалдақ» тобында өткен, «Тұсаукесер» дәстүрімізді аяқтаймыз.

Келіп көргендерінізге рахмет.

Сау болыңыздар. Тойға той ұлассын. 

 

 

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНАТЫН ӨЛЕҢ-ЖЫРЛАР 

 

Аула ойындары 





Ақсерек – Көксерек 
Бөлінейік екіге,

Тұрайық жолдың шетіне.

Қол ұстасып алайық,

Ажырамастай бекіне.


Бірінші топ:

Ойынға бала көп керек,

Қалмасын ешкім өкпелеп.

Ақсерек – Көксерек,

Сіздерге бізден кім керек? 
Екінші топ:

Мықты біздің шебіміз,

Бұздырмаймыз, тегі, біз.

Болса сынап көріңіз,

Күшіңіз бен ебіңіз.

Біздің берік араны, -

Екпінмен соғып қалады.

Бұзса олжа алады,

Бұзбаса тұтқын болады.

Шақырамыз сынаққа,

...... – деген баланы. 

Тақия тастамақ 
Ойым бар бір ойын бастамақ,

Аты оның «Тақия тастамақ».

Шеңберді айнала бастаймын.

Бірінің тұсыңа жеткенде,

Сездірмей тақия тастаймын. 
Ақырын, аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Бірінің тұсыңа жеткенде,

Сездірмей тақия тастаймын.


Қайтадан келгенше оралып,

Түк сезбей отырсаң омалып.

Тақиямен төмпештеп қуамы,

Маубасқа керегі сол анық.


Сездірсем ебімнің жоқтығы

Іске жан болғаным жоқ қыры.

Орныңа жеткенше жүгіріп,

Өзіңнен аламын соққыны.


Шығасың тақия тастауға,

Ойынды басынан бастауға.

Сезімтал балаға күлкі боп,

Тағы кім сұрар деп бас сауға.

 
Алтыбақан 
Алтыбақан тебеміз,

Жеткенше көкке төбеміз.

Көтеріліп биікке,

Алыстарды көреміз.


Кім қызықса «кел» - дейміз,

Кезектесіп тербейміз.

Бірімізге-біріміз,

Көмектесіп өрлейміз.


Көкке жетіп төбеміз,

Алтыбақан тебеміз.

Бірімізге-біріміз,

Түсіп орын береміз.


Соқыртеке 
Ортамыздан біреуімізді сайлаймыз,

Орамалмен көзін мықтап байлаймыз.


Қалғанымыз оны түртіп қашамыз,

Тым қырағы, сақ боламыз аса біз.


Ұмтылады іздеп оң мен солына

Тырысамыз түспеуге оның қолына.


Кім ұсталса соның көзі байланар,

Бейғамды іздеп енді ол маңды айналар.

 

Тоғызқұмалақ 
Ойлы ойын тоғызқұмалақ,

Ойнағандарға ұнамақ.

Бір ұядан тарайды

Ұяларға құмалақ домалап.

Өзге ойындарды кетеді

Тоғызқұмалақ мың орап.

Ол үшін айтсақ жетеді

Өзгесін қойып мынаны-ақ.

Қандай деп ойы, есебі

Ойыншыны ол сынамақ.

Әр ұяға жұп етіп,

Құмалақты құрамақ.

Салғандары тақ болса,

Ұтылар оңбай тұралап.

Үлесін кім тез қамтылса,

Сол жеңер түбі уралап.

Көкпар 
Тізгіндер тиіп қолдарға,

Қалың ел атқа қонғанда.

Ақ үйді алған ортаға,

Ұқсады қара орманға.


Аттар да қалған табысып,

Алайық дей ме жарысып.

Атылып көкке шапшиды,

Ауыздықтармен алысып.


Тұяқтар қағып барабан,

Бір дүрбі жерден тараған.

Үзеңгілер де үн қосты,

Тебінген кездеәр адам.


Бір желік бітіп денеге,

Кеудені қуат кере ме.

Елеңдеп ерлер е десті,

Еріксіз қозып делебе.


Ұшқындап көзден тұрды оттар,

Тізгінін тартқан тыңды аттар.

Ортаға тойдың иесі

Лақтырды үйден көкпар.


Аударыспақ

Көлденең тістеп қамшысын,

Қалт етпей бағып қарсысын.

Дебейлеп атын тебініп,

Қолына жиып бар күшін. 
Жабысты белге шап беріп,

Шапшыды көкке ат келіп.

Шалқалап бірі түзелді,

Бәріміз бірден «қап» дедік.


Қайрылып қайта ұстасты,

Арпалысқаннан күш қашты.

Тартына жүріп тап берген

Әдісқой ойы іске асты.

Танытып күшін тасыған,

Асырып аттың басынан.

Тайқыды, жерге тастай сап

Алақан қағып жас ұлан.


Қол соқты қауым ұрандай,

Аты да шұлғып сылаңдай.

Жеңілген жігіт жер болып,

Орнынан жатты тұра алмай.


 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.«Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар

Алма-Ата  «Жалын» 1987 г.

2. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.

3.«Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев

Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.

4.«Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.

Алматы «Балауса» 1992 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ......................................................................................3

Бала өміріндегі ойынның рөлі................................................4

Бала дамуында ұлттық ойындарың маңызы........................10

Ұлттық ойындарды пайдалана отырып өткізген сабақ үлгілері ...................................................................................22

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын ұлттық ойындар......28

Салт-дәстүрді таныстыру барысында қолданылатын ұлттық ойын ...........................................................................33

Ұлттық ойындарды ұйымдастыру барысында қолданатын өлең-жырлар ...........................................................................40

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бала өміріндегі ойынның рөлі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 970 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2018 2597
    • DOCX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канатбаева Айытгул Эсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Канатбаева Айытгул Эсеновна
    Канатбаева Айытгул Эсеновна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 94875
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 821 человек

Курс повышения квалификации

Современные методы организации детской игры в ДОУ

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 265 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 232 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика воспитания детей дошкольного возраста по системе Марии Монтессори

Монтессори-педагог

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 122 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

Искусственный интеллект как помощник в поиске работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе