Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыБастауыш сыныптар арасында өткізілген "Алтын күз " мерекелік шарасы

Бастауыш сыныптар арасында өткізілген "Алтын күз " мерекелік шарасы

Скачать материал

Алтын күз

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық, күз - береке, күз - молшылық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Алтын күздің туған күніне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз – жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Ортаға әдемі киінген Алтын күз шығады.

Алтын күз: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.

- Сіздер білесіздер ме? Бүгін менің туған күнім. Соған менің қонақтарым, достарым келу керек еді, соларды күтіп жүрмін. Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін қонақтарым шығар, келе жатқан.

(Әуен ойналып, залға қолдарында жапырақтары бар балалар кіріп, айнала тұрады)

Жүргізуші: Саламатсың ба, Алтын Күз? Туылған күнің құтты болсын. Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз,өзіміздің ән,би,тақпақтарымызды ала келдік. Алтын күз: Рахмет достарым.

Алтын күз: Құтты болсын тойымыз

Сәтті болсын ойымыз.

Бүгін менің мерекемде,

Той тойлайық бәріміз.

Енді Алтын күз өзіңе арналған құттықтауларды,таныстыруларды қабыл ал.1-5 сыныптар.

Би:Қамажай.1-сынып

Ән: «Алтын астық»

Би: «Жапырақтар» 2-сынып

Күз туралы тақпақтар:

Эльнара: Біздің елге келіпті ғой, Алтын күз,

Жомарттығын бақылайық бәріміз.

Кім табады, кім айтады?

Қандай екен Алтын күз?

Би:3-4 сынып.Күзгі вальс.

Би:5-сынып

Ән:Күзгі қайың

Алтын күз: Рахмет, сендерге.

Алтын күз: - Қане тыңдайықшы, есік жақтан бір дыбыс естіледі.

- Сірә, біреу келіп тұр-ау деймін.

(Осы кезде есікті біреу қағады, есік ашылып, 2 кірпі және көкөністер,астықтар кіреді. Қызынақ: Бақшамызға көптеген,

Қызынақты өсірдік.

Күз болғанда шырынын

Дайындадық мол етіп.

Дәм татыңыз қып – қызыл,

Қызанақ деген мен болам.

 

Қияр: Қияр деген мен болам,

Ерте пістім бақшада.

Салат жасап өзімнен,

Қуантамын бәріңді.

Қырыққабат: Қабат-қабат тоным бар,

Капустаңыз мен болам.

Аспаз тәтей дәмді ғып,

Дайындайды әрдайым.

 

Сәбіз: Бақтан атам бақшаға

Әкелді сәбіз қаншама?

Сол сәбізден дәм татып,

Бойым өсті соншама.

Жүргізуші: Алтын күз, енді біздің астықтарымызды тыңдап көрейік.

Бидай: Нан атасы бидаймын,

Нанды елге сыйлаймын.

Піскенімде мен қырда,

Қауызыма сыймаймың.

 

Тары: Ақ, қарамын, сарымын,

Мен атақты тарымын.

Еңбегімнің жаз бойғы

Қайтарамын қарымын.

 

Сұлы: Мен сұлымын шырағым,

Барлық малға ұнадым.

Ауырлаған басымды,

Көтере алмай тұрамын.

 

Арпа: Қызыл мұртты арпамын,

Ырыс – құтты арнамын.

Машинаға мініп ап,

Малды ауылға тартамын.

Алтын күз: - Балалар, жарайсыңдар! Менің туған күнімді өте жақсы өткізіп жатырсыңдар.

 

  Кірпілер жұмбақтар жасырады.

1-кірпі: Күндер суып, шөп пісіп

Ел пішенін орады

Бұл қай кезде болады? (Күз)

1.Бойын жерге жасырған,

   Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз)

 

2.Әр желінің асты толған көк қоян,

    Көк қоянды жаз болғанда жеп қоям.  (Қияр)

 

3. Іші жұмсақ,сүті қатты,

    Еті қызыл, сүтті тәтті. (Қарбыз)

 

 4.Қалың киімді ұнатады,

    Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)

 

                               5.Басым-дене, денем бас,

                                       Мойным қысқа бұрылмас (Орамжапырақ)

 

                                    6. Ұзын мұртты сарылар

                                  Қойнында наны бар.  (Бидай)

1-кірпі: Бір сабақта көп түйме, Жей алмайсың көк күйде. Санап қара қанша, Оның аты ... (Шие)

Жүргізуші:-Алтын күз,балалар тек қане ән-би,тақпақтардан басқа өз шығармашылықтарын да ала келіпті.Жүр соларды барып тамашалайық.Осы үйден дайындап әкелген оқушылардың бұйымдарын әділ-қазылар бағалайды.

Күз шығармашылығы

Жүргізуші: Ал енді, Алтын күз, бәріміз ойын ойнайық.

Ойын: Ойын:Кім жылдам?(иә,жоқ деген жауаптар)

 1.Көктемде  қар  жауады.

2.Қазір  күз  мезгілі?

3.Көктемде  қар  ериді?

4.Көктемнің  бірінші  айы  -наурыз

5.Қыста  жапырақтар  сарғаяды?

6.Жыл  мезгілдері:қыс,көктем,жаз,күз.

7.Жаз  ең  суық  жыл  мезгілі?

8.Күзде  бәйшешектер  өседі?

9.Қыста  құстар  жылы  жаққа  ұшып  кетеді?

10.Жазда  балалар  оқиды?

Күз сыйы тағамдар.Оқушылар үйден дайындап әкелген тағамдарын әділ-қазылар қарап,бағалайды.

Бәрекелді, балалар, білімдерің жақсы екенін көрсеттіңдер. Ал, енді әдіқазылар алқасына сөз берейік! (Жеңімпаз сыныпты марапаттау, құттықтау, )

1-ж.: Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ, Сарғыш тартып мынау дала, атырап. Күн шуағын жинай алмай тұрғандай Қатар-қатар шөмелеге шашып ап.  Жемісімен мөлдіреген бағы бар, Сары күз дің саумал сазы танымал. Самал желмен баяу ғана толқиды, Сары масақ, қауызында дәні бар.  Сары шалғын сыбдырласа белеңде, Салқын тартты сабыр тауып өзен кей. Өрлі-төмен құлдилайды құс біткен, Қайтар кезін ойламайын дегендей,- деген өлең жолдарымен бүгінгі күз мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.  Бүгінгі жеңіске жеткен сыныпты құттықтаймыз! Жеңістерің құтты болсын! Келесі кездескенше,сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныптар арасында өткізілген "Алтын күз " мерекелік шарасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 999
    • DOCX 18.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бурунбетова Молдир Назарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 23667
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 548 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе