Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бастауышым балбұлағым ( тәрбие сағаты)

Бастауышым балбұлағым ( тәрбие сағаты)

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бастауышым балбұлағым.

С.Б.Бельгубаева.

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар, гүлдер.

Кіріспе сөз:

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар және қонақтар. Біз бүгін төртінші сынып оқушыларын төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатқан білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасқалы отырмыз.

Құрметті қауым, балбұлақ бастауышпен қоштасқалы тұрған түлектерді ортаға шақырайық.

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мhello_html_m78ed180e.jpgұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4– сынып оқушыларын ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Сендерсіңдер еліміздің ертеңі,

Сендерсіңдер көркейтетін өлкені.

Сендерсіңдер «Алтын белгі» иесі,

Сендерсіңдер болашақтың киесі

Сендерсіңдер бастауыштың түлегі!


Құтты болсын, балбұлақ

Алға атаған қадамын

Білім деп соқсын жүрегің

Жолына бестік шашамын!

Есейіпті балбұлақ Ғалым болар кім білсін.

Болашағы нұр болсын.

Қадамдары гүл болсын!


Ән «Құтты болсын тойларыңыз»

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап барлық өтетін мектептегі мерекелерге қатысты, мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Сабина: Қымбатты ұстаздар, аяулы ата-аналар, оқушылар, «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.

Алия: Аса қадірлі ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар. Бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы «Бастауыш» атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрсыңдар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе! Енді әліппе туралы көріністі тамашалаңыздар

Көрініс: Әліппе хан

Сабина: Ерте ерте ертеде Алтынтөбе аулында әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі, және 2 күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап, тақтан кететінін жарияламақшы.

1 – оқушы: Уа халайық, келіңіздер көріңіздер Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.

2 – оқушы: Уа жараңдар жараңдар, Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен 2 күтушісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңдар!

Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар! Ел ішін аралап келіңдер! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болмауы керек.

3 – оқушы: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз ел ішін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде еш сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.

Әліппе хан: (көңілденіп). Тамаша, тамаша. Ха - ха – ха. Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым?

Барлық балалардың сауаты ашылғанша менде уайымдап көңілсіз жүрдім. Бүгін меніңде, мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер. Менің жарлығымды орындаңдар!

4hello_html_m68a950c4.jpg – оқушы: Хан жарлығына құлақ салыңдар. Дәл бүгін хан ием мен дүйім жұрттың көңілін көтеріп өнер, білім көрсетейік. Олай болса бүлдіршіндердің өнері мен біліміне кезек берейік.






Али : Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан жақтарымызға таңырқай карап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндер едік, міне бүгін бой түзеп, ойымызға сана қосып, еліміздің саналы

бір азаматтары болғалы отырмыз




Армысың, мектеп ар бесік

Айқара ашқан бесігін

Тәрбие, білім, бар нәсіп

Өзің де өрлеп өсемін

Армысың, мектеп киелі

Мен сені солай сүйемін

Сен берген бағыт бағдармен

Рухы бай елге иемін

Қайрат: Бүгін біз бәріміз де аздап толқып тұрмыз,өйткені төрт жыл бойы біз адым адымтап білім баспалдағының ең қиын басқыштарына көтеріле бердік

Жанерке: Осы уақыт аралығында мыңдаған ережелер жатталынып, мыңдаған есептер мысалдар шығарылды, көптеген ғылымы дәлелдемелер айтылды

Алтынбек: Иә,бастау, әрине қиын болды бірақ енді бәрі артта қалды, қазір біз кез келген тапсырманы орындай аламыз.

Қайрат: Ия, бүгін біздер қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені, 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа, тәрбиелеп білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.

Әли: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Жанерке?

Жанерке: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Әли:

Еhello_html_m3fcae395.jpgсімде ұстазым алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан болып осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны

Енді міне, сағымдай боп өте шықты.

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына біздеп

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Алтынбек:

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4 сыныбым.

Түстей болып міне бүгін артта қалдым.

Өмірге жолды бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенен жаттадым

Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Жанерке:

Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.

Пана болған дара болған біз үшін

Жанымыздан артық көреміз біз сізді.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті.

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Қайрат:Біліміңді бағалар

Аяулы ұстаз даналар

Сhello_html_7c3df392.jpgіздерге бізден мың алғыс

Келешек бізбен жаңарар.

Мектеп- үйім, ұстазым менің –ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саян ыстық, сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Бәрі: Берген білім, ерен күш

Ұстаздарға мың алғыс!

Ән: «Мұғалім ол біздің»

Алия: Құрметті қонақтар сіздердің иназарларына ән «Неткен омір»

Сабина: Алия, сен байқадың ба? Біздің бастауыш түлектер бұл кешке жақсы өнерлерін ала келіпті.

Алия: Олай болса неге тұрмыз ертеңгілігімізді әрі қарай жалғастырайық.

«Теңізшілер биі»

Сабина: Ия, оқушылар сіздерді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Сіздердің әрбір өткен күндерінізді, аузыңыздардан шыққан сөздеріне, сүйкімді қылықтарына шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әр бір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын сіздермен бірге өткізді.

Алия: Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, сендер есейдіңдер. Бұл уақыт ішінде көп нәрсе білдіңдер, үйрендіңдер.

Ия, достар сонымен қатар сұлулықты мейірімділікті жақсы көруді әдемі сөйлеуді кішіпейіл болуды, жақсы мен жаманды ажырата білуді, үлкенге кіші, кіші үлкен бола білуді – міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін - бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.


Ән «Үйретеді мектебімізде үйретеді»

Жанерке: Бізді осы 5 жыл ішінде сынып жетекшісінен басқа адал дос әрі көмекшіліріміз білім жолына жетелеп отырды, олар, әрине біздің ата-аналарымыз. Дұрыс кеңестері мен ақылдарын айтып, бізге жол сілтеп, бағыт беріп отырды.

Егер біздің күнделігімізде нашар баға болса, олардың көздерінен мүң сезілуші еді.

Әли: Ал егер біздің қолымыздан бәрі келіп, ойлаған істеріміз жүзеге асып жатса, олардың жүздеріңде қуаныш лебі байкалатын.

Қhello_html_m1a427ee2.jpgуанышыңа бірге қуанып, ренжісең жұбатып, әр кез қасыңнан табылатын ата – аналардың болғаны қандай бақыт.

Ән: « Песенка Мамонтенка»

Жанерке:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Қайрат:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән: «Армандастар, құрдастар»

Алтынбек: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Қайрат: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Әли: Қайрат: Алтынбек:

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз. Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз, Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз. Бір мектептің ұлы менен қызымыз. Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде, Бірдей өстік оқуда да еңбекте, Бастауышта алған білім, жырларым,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз. Күліп – ойнап біріміз бен біріміз. Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Әзіл-өлеңдер:

Мhello_html_m514083c0.jpgы-веселые ребята

Вам частушки пропоем,

Как в своей любимой школе

Замечательно живем.

Дрессированных мартышек

Увидела Жанерке,

И теперь она мальчишек

Дрессирует в школе.

Мы спросили Алтынбека

- Где же взял ты «Двоечку»?

Алтынбек хмуро отвечает

-hello_html_65048911.jpg Всем «пятерок» не хватает.

Наш Али с большим успехом Научился различать доллары и лиры.

Видно надо мне пойти. В крупные банкиры.


Кайрат в лыжном кроссе выступал,

Полпути на лыжах ехал,

Полпути в снегу лежал.


Құттықтау сөз мектеп басшысына Ж.Ж.Шаимовқа береміз. (оқушыларға диплом табыс ету)

Алия:

Құрметті ата-аналар сіздерді ортаға шақырамыз.Ата-ананың антың беруге дайынсыңдар ма?

Жанерке: Қанатымыз қатайды,

hello_html_m66b1d152.jpgБиікке енді самғаймыз

Білім жолы сара жол

Қалықтаймыз, талмаймыз.

Әлемге жолды жалғаймыз,

Көк аспанға жұлдызға,

Ақ құстай боп самғаймыз.

Сенімді біз ақтаймыз,

Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауыш!

Сабина:

Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жанар болашағы шамшырақ.

Ән: «Бастауышым – балбұлағым»

Мhello_html_m6d13756f.jpgұғалім: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен ақылғой ағаларымыздың аманатымен саналы түрде жүзеге асыра берейік, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдірімен.

Ал ата-аналарға айтарым: Қырандарыңыздың білім қуған қанаттары талмасын.

Тек биікке самғасын дегім келеді.

Мынау өмір арнасымен ағады

Білімді жан әркез жолын табады.

Сіздерменен бастауыштар қоштасып,

Көгершіндей самғап қанат қағады.

Білімді жан әрқашанда бағалы,

Білім барда ақ шашың да даналы.

Көрерменім аман-сау бол осымен,

Ақ көгершін самғап ұшып барады.


































Не? Кайда? Қашан?

С.Б.Бельгубаева.

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық білімдерін қадағалау. Жеңімпаз топты анықтау.

Дамытушылық: оқушылардың өздігінен ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: оқушылардың өз біліміне деген сенімділігін нығайту, өзін--өзі бағалай білуге, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Кіріспе.

- Қүрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі бастауыш сыныпта өткелі отырған Не? Кайда? Қашан? интеллектуалды ойынға қош келіпсіздер!

Бүгінгі ойынымыз құстарға байланысты болады.

1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүние жүзінде құстардың 12 мыңдай түрі тіршілік етеді. Біздің еліміз де құстарға өте бай.Қазақстанда құстардың 500-ге жуық түрі бар.Олардың күз айларындағы саны шамамен 18-20 миллионға жетеді. Бұл – үлкен байлық. Сондықтан да біз оларды қорғап, пайдалана білуіміз керек. Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен ормандарды, саябақтарды, шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.

1-оқушы: Құстар – біздің досымыз

Шырқап әнге қосамыз.

Құстар – біздің досымыз,

Көктем сайын тосамыз.

Құстар тойын құттықтап,

Ұя жасап, ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.

hello_html_m2c2f7fc7.jpg2-оқушы: Өткен жыл көктемде,

Бала едім тым кіші.

Кім біледі өкпелеп,

Кетті ме жыл құсы.

Құстарым келіңдер,

Қарсы алам өзім-ақ.

Жаңа үйге еніңдер,

Міне көл, міне бақ.

3-оқушы: Құстар, құстар келеді.

Жерді шуға бөледі.

Көктем келді деп бізге

Жақсы хабар береді.

Сәлем достар, аман ба,

Мынау бейбіт заманда.

Шат-шадыман көктемің,

Шаттық болсын қашанда.

Сен білесің бе?

1. Құстардың ең қырағысы-сұнқар.Ол 1км қашықтықта титімдей жәндікті көреді.

2. Құстардың ішіндегі ең жүзгіші – пингвин. Ол сағатына 30 шақырым жерге дейін жүзе алады.

3. Дүниеде күн көзіне қарай алатын құс – бүркіт.

4. Керікке қарағанда торғайдың мойын омыртқасы 2 есе көп көрінеді.

5. Айналасындағы заттарға екі көзімен бірдей қарай алатын құс – үкі.

Бірінші бөлімізді қорытылай келе, табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза, сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – біздің парызымыз дегіміз келеді. Құстарды сақтау, қорғау – келешек ұрпаққа міндет. Адамзат үшін құстардың пайдасы зор. Сондықтан да құстарды қорғайық.


ІІ-бөлім. Халықаралық құстар күні бүгінгі ойын арналады. Бүгін біз білгірлерді айқындаймыз. Сонымен, құрметті көрермендер және білгірлер көктемгі НЕ? ҚАШАН? ҚАЙДА? Ойынды бастаймыз.

Жүргізуші: Балалар, бұл жол басы даналыққа.

hello_html_3e43722f.jpgКеліңдер, түсіп, байқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіндей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?- дей келе, ойын кезендерімен танысайық.

Ойын бес кезеңнен тұрады.

1 - кезең – «Бейнесұрақ»

2 – кезең – «Көрермендер сұрағы»

3 – кезең – «Құпияхат»

4 – кезең – «Сиқырлы сандық»

hello_html_m78ef1a13.jpg5 – кезең – «Блиц-турнир»

Тапсырмалар ұпаймен есептелінеді.

Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай. Егер білгірлер тобы сұраққа жауап бермесе, ұпай саны көрермендерге беріледі.

Құрметті көрермендер, бүгін 19 сәуір 2015 жыл.

Бүгінгі білгірлерімізді ортаға шақырайық.Олар:

Аширалиев Али Гиззатов Қайрат

Аубакиров Алтынбек Бисина Жанерке

Сарманова Сабина Бельгибаева Еркегүл

Жамалиев Жанкелді Рамазанова Аққу

Хамидоллова Аяжан

Құрметті білгірлер өз орындарынызға отырыңдар.

Білгірлердің қарсыластары. Олар:

О.Х. Каримова – бастауыш сынып мұғалімі

Тоқтарова Айша-Бибі – 2 сынып оқушысы

Сарманов Мақсат – 2 сынып оқушысы.

Сөз кезегі топ басшысына беріледі.

Біздің топ «Қыран» деп аталады.Қыран деген атауды бекер алғанымыз жоқ. Қыран құс біздің мемлекеттік туымызда күннің астында қалықтап

ұшқан күйінде бегіленген. Осы қыран құстай ғылымның биігінде самғап ұшуға тілек білдіреміз.

Қуат, күшін арнаған сүйікті елге

Қыран болып самғаймыз биіктерге.

  • Енді, ойынымызды бірінші кезеңін бастаймыз.Уақыт бір минут. Сәт сапар, жас ойыншылар!

Бейнесұраққа назар аударайық.

Бейнесұрақтың авторы:бастауыш сынып мұғалімі О.Х.Каримова.

  • Сәлеметсіздедер ме, Не?Қайда?Қашан? интеллектуалды ойынының білгірлері. Менің сіздерге қоятын сұрағым мынадай.

  • Құстардың ішіндегі адамға ең жақын. Олар жемін ұшып жүріп аулайды. Тіпті суды да қалқып жүріп ішеді. Негізгі қоректері: қоңыз, кене, көбелек, инелік, өрмекші. Ол – жыл құсы. Ұясын үйдің шатырына салады. Оған байланысты халықта мынандай бір жорамал ұғым бар: олар биік ұшса – жауын жауады.

( Білгірлер жауап береді.)

Көрермендер сұрағына назар аударайық.

Көрермен сұрағынын авторы Тоқтарова Айша-Бибі.

  • Сәлеметсіздедер ме, Не?Қайда?Қашан? интеллектуалды ойынының білгірлері. Менің сіздерге қоятын сұрағым мынадай. Құстардың атымен аталатын қыздардың есімдерін атаңдар.

( Білгірлер жауап береді.)

3-кезең «Құпияхат» Бұл хаты бізге жіберген – 2 сынып оқушысы Сарманов Мақсат.

Бhello_html_m2da53a1b.jpgіздің еліміздің суларында оның екі түрі кездеседі бұйра және қызғылт. Олар наурыз айында ұшып келіп, қарашада қайтып ұшып кетеді. Салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын 45 сантиметр. Екі қанатын жайып жібергендегі ұзындығы 3 метрдей болады. 2-ден 6-ға дейін жұмыртқа басады.Негізгі корегі – бақа, шаян, шабақ балықтар, құрт-құмырсқа. Еліміздің оңтүстік өңірінде сол құстың атымен темір жол стансасы да бар.

( Білгірлер жауап береді.)

Релаксация сәті:

Жүргізуші:

- Қазір сіздердің назарларынызға құстардың ерекше дауыстарын көріп, естуге болады. Назарларынызға бейнефильм.

4 – кезең – «Сиқырлы сандық»

Бұл құстар, ұша алмайды, есесіне өте жақсы жүзеді.Суда қысқа қанат-ескекаяқтары қағып жүзеді. Сиқырлы сандықтың ішіндегі құсты атаңдар.

Көрермендермен ойын.

- Сіздерге мынадай тапсырма. Қазір сіздер түрлі-түсті фигуралардан құстың бейнесін құрастырасыңдар.

( Білгірлер жауап береді)

5 – кезең – «Блиц-турнир»

Топ басшысы жауап береді. Уақыт бір минут. Бір жауапқа бір ұпай.

  1. Көктемнің алғашқы айы.

  2. Орман дәрігері.

  3. Бізді қоршаған орта.

  4. Әлемде ең кішкентай және ең әдемі құс.

  5. Жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына тауып кетеді.

  6. Бейбітшілік құсы.

  7. Сөйлей алатын, қолға үйретілген құс.

  8. Жылдың ыстық мезгілі.

  9. Он сағат бойы тоқтамай ұшатын құс.

10.Басында айдары, иекте сақалы бар.

Корытындылау.

ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры. Білім мен біліктіліктің түсер ғасыры.Бүгінгі білім ертеңгі байлығымыз. Бүгінгі ойынынды қорытындылайтын да уақыт жетті. Жеңімпаздарды анықтайық. Оларды марапаттауға рұқсат етіңіздер.




hello_html_ef3e2d3.jpg




































Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров219
Номер материала ДВ-318018
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх