Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Бауырмалдылық және кеңпейілділік" (6 класс)

"Бауырмалдылық және кеңпейілділік" (6 класс)

Скачать материал

                                                   Сабақ  жоспары

 

Мектеп: №4 ЖББМ

Күні: 26.11.2016                         № 12

Тақырып: Бауырмалдылық және кеңпейілділік

Құндылық : сүйіспеншілік

Қасиеттер: бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік

Мұғалiм: Алитурлиева Л.К      

Сынып: 6 «Б» Оқушылар саны: 10

Сабақтың мақсаты: оқушыларға бауырмалдылық және кеңпейілділік ұғымдарының мәнін кеңінен аша отырып, жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту.

Міндеттері:

·         Оқушылардың бір-бірін жақсы көру, бауырмалдылық татулық түсініктерін кеңейту;

·         Кішіпейілділік, кеңпейілділік қасиеттерін дамыту;

·         Ізгілікке, бауырмалдылыққа, кеңпейілділік аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi.

·         Топқа бөлу:

·         Суретшілер

·         Ақындар

·         Жазушылар

·         Әртістер

·         5 «Т» ережесін еске түсіру:

·         Тәртіп

·         Талап

·         Тазалық

·         Татулық

·         Тыныштық

2.     Тыныштық сәті

Орманға ойша серуен.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

·         Балалар тыныштық сәті ұнады ма сіздерге?

·         Тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Ресурстар: слайд, үн таспа,стикерлер, ақ парақшалар, түрлі түсті қарындаштар,

 

 

3.     Үй тапсырмасын тексеру.

43-46 беттер аралығындағы м.мағауиндің «Бір атаның балалары» повестінен үзінді оқу.

·         Әңгіменің басты мағынасы, мәні неде?

·         Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңыздар ?

·         Сендердің ойларыңша ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?

·         Зигфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

 

Қорытынды: балалар байқағанымыздай, бұл әңгімеден қазақ халқының бар ұлттың өкілдерін бөліп жармай, бауырына басып бауырмалдылық, кеңпейілділік таңытқанын көруге болады.

 

 

Сұрақтарға жауап береді

4.     Нақыл сөз.

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.

Абай құнанбаев

Нақыл сөзден түйген ойларыңыз?

·         Жекелей

·         Топқа бөліп

·         Хормен оқыту.

·         Дәптерге жаздырамыз.

 

 

5.     Оқиға айту.

«Бауырмалдылық жақсы қасиет» бейнебаян

1) Бейнебаянда не туралы баяндалған?

2) Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер?

3) Өздеріңнің бауырмалдылық, кеңпейілділік танытқан кездеріңді естеріңе түсіріп, мысалмен айтып беріңіздерші.

 

Сұрақтарға жауап береді

6.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1.     Әртістер тобы:

Бауырмалдық пен кеңпейілдік туралы көрініс.

2.     Ақындар тобы:

Бауырмалдық, кеңпейілдік сөздерін қатыстырып, бір шумақ өлең құрастыру.

3.     Жазушылар тобы:

«Бауырмалдық, кеңпейілдік» тақырыбына эссе жазу.

4.     Суретшілер тобы:

«Бауырмалдық, кеңпейілдік» тақырыбына сурет салу.

 

Постермен жұмыс істейді

7.     Топпен ән айту.

«Ағаларым»

Орындаушы: Бахтияр Тайлақбаев

 

Құшағы оттай ыстық сахарадай,

Көңілі алып ұшқан шағаладай

Алдымнан көкем-ай деп шығатұғын,

Сендерді сағындым ғой

Сендерді сағындым ғой, ағаларым!

          Қайырмасы:

Қажымас қара нарым,

Кең байтақ даналарым

Күнім деп еркелетер

Аман бол ағаларым

     Аңқылдақ айналайын ағаларым

Сағынсам іздеп барар паналарым

Ініңе ізіңдегі қарап жүр деп,

Қалдырған өздеріңді

Қалдырған өздеріңді бабаларым

Қайырмасы:

 

Ән айтады

8.     Үй тапсырмасы.

Жұмыс дәптері 28 бет, 3-тапсырма «бауырмалдық» сөзжұмбағын шешу.

 

9.     Сабақтың қорытынды сәті

Балалар бүгінгі сабағымыздан алған әсерлерімізді, тілектерімізді стикерге жазып, тілек ағашына ілейік (баяу әуен қойылады).

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бауырмалдылық және кеңпейілділік" (6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 268 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.03.2017 558
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алитурлиева Ляззат Куттыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1630
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 493 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 330 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Мини-курс

Инструменты и операции на финансовом рынке

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе