Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыБаяндама "Иманды адам, ибалы қоғам"

Баяндама "Иманды адам, ибалы қоғам"

Скачать материал

                                

                                Ибалы адам , иманды  қоғам

Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
Иә, сөз асылы- мақал деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та- бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашанда ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады. Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік

Халқымыз тәрбиелі, көргенді, инабатты, жүзі жылы адамды иманжүзді екен деп жатады. Сондай-ақ өмірден өтіп кеткен адамға иманды болсын, өліге иман, тіріге береке берсін деген сөздерді жиі естиміз. Олай болса, иман деген не? Иман тек өлген адамдарға қажет нәрсе ме? Иманның тірі адамның өміріндегі мәнісі қандай?

Иман – араб тілінен аударғанда сенім деген мағынаны білдіреді. Иманды болу Құранда «әәмәнә» деген етістікпен беріледі. Өз кезегінде бұл сөз «әмн» қауіпсіздік деген мағынаны білді­реді. Қысқаша айтқанда иманды адам екі дү­ниеде қауіпсіздікте болады. Бұл дүниеде тір­шіліктің сергелдеңі мен уайымынан, мәңгі өмірде күйзелтуші мәңгі азаптан аман болады.­

Шариғаттағы мағынасында иман: соңғы пайғамбар Мухаммәд саллә Аллаһу аләйһи уә сәлләмнің әкелген барлық нәрсесін (Құран, хадистер, құлшылықтар, әмірлер мен тыйымдар) мойындап, қабылдау, жүзеге асыру.

Абайша айтсақ: «әрбір ақылы бар адамға иман парыз, әрбір иманы бар адамға ғибадат (құлшылық) парыз».

Хадиске жүгінсек: иман тілмен айтылып, жү­ректе бекіп, дене мүшелерімен амалға асу керек.

Ардақты пайғамбарымыз өз хадисінде: «Иманның жетпістен артық бұтақтары бар: ең жоғарғысы - Лә иләһә иллә Аллаһ, ең төменгісі – жолдағы кедергіні алып тастау» дейді.

Басқа діндегі адам Ислам дінін қабылдар болса «Лә иләһә иллә Аллаһ, Мухаммәдур расу­луллаһ», яғни, «Алладан басқа құлшылыққа ла­йық құдай жоқ, Мухаммед Алланың елшісі» деп айтуы керек. Осы сөзді куәлар алдында айтқан адам мұсылман болады. Бұл сөзді шын жүректен түсініп айтқан адам өмірде қателесіп күнә­лар жасаған болса, ақыретте күнәларына сай тозақта жазаланған соң шығарылып, жәннәтқа кіреді. Иманы жоқ адам тозақта мәңгі қалады!

 

 

Олай болса бұл сөз біздің мәңгі бақытқа қол жеткізуіміздің кілті екен. Бірақ, өкінішке орай, мұсылманбыз деп кеуде соққаны­мызбен көпшілігіміз осы сөздің өзін біле қоймаймыз. Кейбіріміз айта білгенімізбен мағынасын түсіне бермейміз. Түсінген күнде де тіршілікте соған сай амал етуге асыға қоймайтынымыз тағы бар...

Көбіне көпшілік халық мешітке түсіне өмір­ден өткен жақындары кірсе, немесе жақын біреу қайтыс болса ғана барады. Солар­ға Құран оқытып қайтқан соң мойнынан барлық парыздары түскендей кетіп бара жатады. Сол оқылып жатқан Құранда не айтылып жатыр, біздерге не бұйырылып жатқанына бас қа­тырып жатпайды. Өкінішке орай өз парызда­ры­­мызды үйрену мен орындауға келгенде бел­сен­ділігіміз бәсеңсіп қалып жататыны рас.

Дүниеде қаншама адамдар иманға келмеген соң жалған дүниенің алдамшы мақсат­тарын қуып, құнды өмірін құнсыз нәрселермен өткізіп жүр. Олардың жағдайлары неткен ая­нышты... Шынайы иманға келген адамдар ғана өмірдің мәнісін түсініп, не үшін жаратылғанын біліп, Жаратушысына құлшылық ету арқы­лы жаратылғандарға құл болудан азат етілуде. Осылайша имандылар ғана барлық жұмыр бастылардың басқа жақтан іздеп таппай жүрген бақытына қол жеткізуде.

Алла-тағала бізді не үшін жаратқанын Құ­ранда былай хабарлайды: «Жындар мен адамдарды тек қана Өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым» («Зәрият» сүресі, 56-аят).

Құлшылық қартайғанда қылынатын қарекет емес. Жастық шақта бойда күш буырқанып тұрғанда сол күшті күнәға жұмсамай тежеп, жақсы амалдарды атқаруға жұмсау.

     Еліміздің әр азаматы иманды болса арман бар ма? Қоғам имандылыққа қол жеткізсе жемқорлық, нашақорлық, зинақорлық сияқты қор­лықтардан оңай құтылар едік, алайда бүгінгі қоғамда бәрі басқаша.

        Өмірде мәңгі жасайтын ешкім жоқ. Иманға қарағанда ақша мен дүниені, сауық-сайран мен­ қызық қууды артық көргендер ақыретте қойылатын сұрақтарға жауап бере алмай кібір­тіктеп қана қоймай, қабір азабы мен тозақ оты­на душар болары хақ. Өйткені Алла-тағала­ бізді Өзіне құлшылық етуіміз үшін осы сынақ өмірге жіберді. Тіршіліктің түбі өліммен аяқталмасы аян. Адам мәңгі өмір үшін жаралған. Біреулер бұл дүниеде қиындыққа шыдап, мәңгі өмірдің рахатына бөленсе, енді біреулер алдамшы да өткінші өмірдің қызықтарына қызығып, мәңгі жәннәттан құр қалып азапқа сай болады.

       Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершіліг жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды. Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрнісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершіліе. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»

Алланың жердегі елшісі Мұхаммед пай­ғамбар халыққа жеткізген қасиетті Құран­дағы ізгі ойлар жандүние жасауларымызды байыта берсін! Иманды қоғам, ибалы адам тіршіліктің тірегіне айнал­сын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Иманды адам, ибалы қоғам""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 506 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2016 2697
    • DOCX 28.5 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахмолдаева Айман Ахмолдаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахмолдаева Айман Ахмолдаевна
    Ахмолдаева Айман Ахмолдаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4229
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека