Инфоурок Математика СтатьиБаяндама "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету" (математика сабағында)

Баяндама "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету" (математика сабағында)

Скачать материал

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ленин негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

 

Математика сабақтарында оқушылардың 

сыни  ойлау дағдыларын қалыптастыру

 

                                                 

 

 

 

 

 

Орындаған:  математика мұғалімі Косыбаева А.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әбжан ауылы

 

 

 

 

Жоспар:

 

І.Кіріспе

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы.

ІІ. Негізгі бөлім

Оқыту мен оқудың белсенді әдістерін қолдану – сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тиімді жолы.

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы.

 

Экономиканың қарқынды дамуы үшін

қазіргі нарық қатынасы талаптарына

жауап бере алатын,сыни ойлана алатын,

шығармашыл адамдар қажет.

 

 (Н. Ә. Назарбаев)

Заманауи білім беруге тән тенденциялардың бірі –  “көп білетін адамнан” “өмірлік әрекетке бейім” белсенді әрі шығармашыл ойлап әрекет ете алатын, интелектісін өздігінен дамытатын, адамгершілікті және дені сау адамға айналу болып отыр.

Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.  

Ақпаратты талдай алатын, негізделген тұжырым жасай білетін, проблеманы шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді нанымды және дәйекті дәлелдермен негіздей білетін тәлімгер тәрбиелеу сабақ барысында жүзеге асыру қажет. Сондықтан, «сыни тұрғыдан ойлау» мәселесі қазақстандық мұғалімдердің басты мәселесіне айналуы тиіс. Себебі өздеріңіз білетіндей, ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры.  

Егер біз оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін болсақ, қазіргі заман талабына сай ақпаратпен жұмыс жасай білетін тұлға қалыптастыра аламыз.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің мақсаты – оқыту процесіне жұмылдыру арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

Американдық ғалым Дэвид Клустер сыни ойлаудың бірнеше сипаттамаларын келтірген екен. Біріншіден, сыни ойлау - дербес ойлау. Сабақ сыни ойлау қағидаларына сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын, сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады. Ешкім де біз үшін сыни ойлай алмайды, бұны біз тек өзіміз үшін ғана жасаймыз. Сонымен, ойлау тек жеке (индивидуалды) сипат алғанда ғана сыни болып табылады. Өз басымен ойлау және де тіпті ең қиын мәселелерді шешу үшін оқушылар жеткілікті түрде еркін болуы қажет.

Сыни ойлау міндетті түрде тек жаңа өзіндік (оригиналды) болуы шарт емес: біз басқа адамның идеясын немесе сенімін өзіміздікі сияқты қабылдауымызға құқылымыз. Бізге тіпті басқалардың пікірімен келісу ұнайды – бұл біздің ойымыздың дұрыстығын дәлелдейтін сияқты. Сыни ойлайтын адам басқа біреудің пікіріне жиі қосылады. Дербестік сөйтіп сыни ойлаудың бірінші және, мүмкін, ең маңызды сипаты.

Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың ақтық емес, бастапқы нүктесі болып табылады. Білім уәждеме (мотивировка)тудырады, ал онсыз адам сыни ойлай алмайды. Кейде біз «бос баспен ойлау қиынға соғады» деп те айтамыз. Күрделі ойды тудыру үшін  фактілерді, идеяларды, мәтіндерді, теорияларды, берілген жәйттерді, тұжырымдарды – қайта өңдеу керек. Алайда оқытушы жұмысы тек сыни ойлауға үйретумен шектелмейді: біз шәкірттерімізді ең күрделі түсініктерді қабылдауға және есінде әртүрлі деректерді сақтауға үйретеміз. Сыни ойлауды  үйрету – оқытушы сан қилы жұмысының бір ғана қыры.

Үшіншіден, сыни ойлау сұрақ қоюдан басталып, шешімді қажет ететін проблемаларды айқындаудан басталып, дәйекті, көңілге қонымды дәлелдемелерге ұмтылады. Адам баласы болмысынан білімге құштар. Біз жаңа бір нәрсені байқасақ, соны білуге құмарлық танытамыз. Біз қандай да бір ерекшелікті көрсек, оның ішкі құрылысына үңілгіміз келіп тұрады. Нағыз танымдық процесс өзінің әр кезеңінде танушының өз мүддесі мен мұқтажынан туындайтын проблемаларды шешетін және сұрақтарға жауап беретін ұмтылысымен сипатталады. «Демек,- деп тұжырымдайды Джон Бин,- бір жағынан сыни ойлауға үйретудің қиыншылығы оқушыларға бізді қоршаған проблемалардың сан алуандылығын танып білуге көмектесуде жатыр».

Бразилиялық педагог Пауло Фрейре дәстүрлі «жинақтайтын» білім беруді (мұнда оқушылардың бастары мұғалім біліммен толтыратын іші қуыс ыдыс ретінде түсініледі) оқушылар нақты, өмірден алынған проблемалармен айналысатын «проблема қоюшылық» білім беруге алмастыру керек деген пікір ұстанады. Егер оқушылар экономикалық, қоғамдық және саяси проблемаларды өздерінің өмірлік тәжірибе негізінде қалыптастырып, оларды мектеп беретін мүмкіншіліктерді қолдана отырып шешетін болса, оқытудың анағұрлым сәтті болатыны сөзсіз деп есептейді ол.

Американдық философ пен педагог Джон Дьюи сыни ойлау оқушылардың нақты проблемамен айналысқанда пайда болады деп тұжырымдайды: «Оқыту процесінің бастапқы нүктесі ретінде алынған ситуация немесе құбылыс хақында қойылатын басты сұрақ - «Бұл құбылыс қандай проблемаларды туындатуы мүмкін?» Оның пікірі бойынша проблемаларға бағытталу оқушылардың табиғи құмарлығын ынталандырады және де оларды сыни ойлауға қозғайды: «Тек нақты проблемамен айқаса отырып, қиын жағдайдан шығу жолын іздеп оқушы шын мәнісінде ойланады».

Бұдан шығатын түйін келесідей: сабаққа дайындық барысында мұғалім оқушылардың алдында тұратын проблемалар жиынтығын айқындап алып, кейінірек, оқушылар бұл мәселеге дайын болғанда, оларға осы проблемаларды өздігімен құрастыруға көмек көрсетуі керек. Сыни ойлаудың арқасында оқыту жалықтыратын жұмыстан мақсатты, мағыналы, өту барысында оқушылар нақты интеллектуалды жұмыс атқаратын және нақты өміршеңді проблемаларды шешуге бағытталатын іс-әрекетке айналады. Дерек іздеп, мәтіндерді талдап, баламалы көзқарастарды салыстырып және ұжымдық талқылаудың мүмкіншіліктерін қолдана отырып олар өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап іздеп, оларды табуға ұмтылады.

 Сыни ойлайтын адам проблеманы шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді нанымды және дәйекті дәлелдермен негіздейді. Ол бұған қоса бұл проблеманың басқа да шешімдері болуын ескеріп, өзі таңдаған шешімнің басқалардан гөрі санаға қонымды және тиімді екендігін дәлелдеуге тырысады.

Егер дау туғызатын немесе мойындалатын барлық мүмкін қарсы дәлелдерді келтіретін болса, дәлелдеменің салмағы арта түсетіні сөзсіз. Басқа көзқарастарды мойындау дәлелдеменің күшін арттырады. Мықты дәлелдемелермен жарақталған сыни ойлаушы тіпті баспа бетіндегі сөз, дәстүр қуаты мен көпшіліктің пікірі сияқты беделдерге қарсы төтеп бере алады, ондай адаммен манипуляциялауға еш мүмкіндік жоқ

Және де, төртіншіден, сыни ойлау - әлеуметтік ойлау. Қандай да болмасын ой басқалармен бөліскенде тексеріліп, ұштала түседі. Біз басқалармен пікірталасып, мәтін оқып, талқылағанда, қарсы уәж айтып, пікірлерімізбен алмасқанда өз позициямызды айқындаймыз және тереңдетеміз. Сондықтан да сыни ойлау аясында еңбектенетін педагогтар әрқашанда өз сабақтарында жұптық және топтық жұмыстың сан алуан түрлерін, олардың ішінде пікірталас пен даудамайды және де шәкірт жазба жұмыстарының әртүрлі жариялануын қолданады. Сыни ойлаудың дербестігі туралы келтірген бірінші анықтама мен сыни ойлаудың әлеуметтік өлшемдерін атайтын соңғы уәждің арасында ешқандай да қарама-қайшылық жоқ.

Сыни ойлау сипаттамалары білім алудың әртүрлі әрекеттерімен жүзеге асырылады. Оның бірнеше түрін келтіруге болады: шыңдалған ойлау, кез  келген даму деңгейіне байланысты мәселелерін сын көзбеу қарау;

·         күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

·        
үйрету мен үйрену бірлігін, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;

·        
баланың бойындағы құмарлығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап
-тілектерін, сұраныс пен қажеттілігін ескеру, шығармашылыққа баулу;

·        
білімді өз бетімен іздену арқылы
ойлауға жағдай жасау,


  • өзін - өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлау – шыңдалған ойлау. Сын тұрғысынан ойлау және оның бағдарламасы үш деңгейден тұратын оқыту мен үйрену моделі. Олар:

І. Қызығушылығын
ояту кезеңі.

ІІ. Мағынаны ажырату.

ІІІ. Ой – толғаныс кезеңі.

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін байырғы білімін еске түсіртіп, жаңа тақырып туралы болжам жасатып және сауал қоюға үйрету қажет.

Мағынаны ажырату кезеңінде оқушылар жаңа тақырыпты өздігімен қабылдап, өзіне пайдалысын алуы керек. Олар әр түрлі сұрақ қояды, жаңа білімді сын елегінен өткізе білуі керек, әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білімін жетілдіреді.

Ой – толғаныс кезеңінде өзінің не үйренгенін тексеріп, сын көзбен қарап, жаңа әдіс – тәсілдер арқылы білімдерін кеңейтіп, тест құрастырып, проблемалы сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі төмендегідей нәтиже береді:


  • оқушылар басқалармен қарым – қатынас жасай біледі;

  • басқаларды тыңдап кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды;

  • өз ойын топ алдында ашық айтып, қорғай біледі;

  • керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді, дамуын қамтамасыз етеді;

  • оқушының өз мотивациясы өзгереді;

  • өз бетінше ізденуге үйренеді
    .

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім. Оқыту мен оқудың белсенді әдістерін қолдану – сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тиімді жолы.

 

Сыни ойлау туралы теориялық түсініктерді қалайша күнделікті практикаға ендіруге болады екен? Сабақтарымды ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздестіремін. Математика нақты ғылым болғандықтан, сабақта балалардың тіл байлығын, ойларын дәлелдеу, сыни ойлау қабылеттерін дамыту керек болды. Жаңа тақырыпты жұпта, топта талқылау нәтижесінде   оқушылардың білім алуы қарым-қатынас жасау, диалог арқылы жүзеге асты.

БЕС СҰРАҚ

Қалыптастырылатын дағдылар:

·        ойлау, шешім қабылдау;

·        ақпараттарды басқару.

 

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.

 

Жұмыс алгоритмі

1.                  Үлкен қағаз бен маркер керек.

2.                  Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады.

3.                  Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.

4.                  Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.

5.                  Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.

 

 

 

 

ӘУЕ ШАРЫ

 

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;
  • ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу;
  • ақпаратты басқару.

 

Жалпы сипаттама

Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында жұмыс істей алады.

 

Жұмыс алгоритмі

1.                                                                                            Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.

2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:

- Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.

- Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.

- Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады.

- Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.

- Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.

3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.

4. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты қосымша тәсілдерді пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЗЛ

 

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу;
  • бірлескен жұмыс.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс жаңа топтар үшін «мұзжарғыш» ретінде, командалық тапсырма, ақпарат жинақтау құралы ретінде, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе алдағы жоспарлау, шешім қабылдау немесе егжей-тегжейлі пікірталас жүргізуге түрткі болатын, жетелейтін алғашқы қадам ретінде қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың қызықты өтуіне ықпал етіп, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Осы әдіске ұқсас тапсырма қажет болса, «Ойтамыздықты» қарауға болады.

Сыныпты жоспарлау

Оқушылар пазлдың келесі бөлігін табу үшін кабинеттің ішінде еркін жүрулері керек. Сондай-ақ алдын ала бөлінген топ өз пазлдарын партада жинастыра алады.

Жұмыс алгоритмі

1. Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды. Оны А4 форматты қағазда/жұқа картонда жасап, содан кейін кесуге болады немесе арнайы бағдарлама пайдаланылады.

2. Оқушыларға пазл бөліктері таратылады.

3. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. Пазлдар, мысалы, әртүрлі түске боялуы мүмкін.

4. Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін, олар командада жұмыс істеп, пазлды құрастырады және тапсырманы орындайды. 

5. Жарыс элементін қосу мақсатында мұғалім регламент орната алады.

6. Тапсырма орындалғаннан кейін жауап алу жүргізіледі.

7. Бұл тапсырмадан кейін қосымша тапсырма ретінде «Идея іздеушіні» өткізуге болады.

jigsaw

 

ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КАРТА

 

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ақпаратты басқару;
  • өзін өзі басқару;
  • ойлау;
  • креативтілік.

Жалпы сипаттама

Ағаш тәріздес тармақтарды біріктіре отырып, ми ақпаратты қалай сақтаса, ол ақпараттар арасында байланыс орнатылып, сосын құрылымдалған жағдайда оқыту анағұрлым тиімді болады. Тұжырымдамалық карталар осыны көрсетеді, оны жоспарлау және бақылау құралы ретінде қолдануға болады. Олар визуалды және кинестетикалық сияқты танымдық тәсілдер арқылы оқушыларды оқу үдерісіндегі байланыс туралы ойлануға итермелейді. Бұл тәсіл оқушыларға мидың екі жартышарын да пайдалануға көмектеседі. Тұжырымдамалық картаны жоспарлау үшін пайдаланған кезде тақырыптың талқылануына қарай, оларды толықтыруға және кеңейтуге болады. Бұнымен қатар оқушыларды себебі мен салдары туралы ойлануға жетелейтін «Салдарлар дөңгелегі» және «Себеп-салдар байланысы стратегиясын» қарауға болады.

Жұмыс алгоритмі

1. Оқушылар үлкен парақтың ортасына басты тақырыпты немесе сұрақты жазады.

2. Оқушылар басты ұғымға қатысты түйінді идеяларды жазып, оларды орталықпен біріктіру үшін стрелкаларды қолданады. Оқушылар әр түйінді идея үшін әртүрлі түстерді және маңызды сөздер мен ұғымдарды сызып көрсету үшін мәтін белгілегішті (маркерді) пайдалана алады. Сонымен қатар оқушылар өз картасын көрнекі ету үшін суреттерді қолдана алады.

3. Оқушылар негізгі идеялардан туындайтын идеяларды көрсету үшін оларды стрелкамен байланыстырады.

4. Тексеру құралы ретінде пайдаланған кезде, оқушылар тұжырымдамалық картаны мұқият тексеруге арналған трамплин түрінде қолданады. Олар, мысалы, кезекті түрлендіру кезінде әрбір туынды буын үшін өзгерістерді пошталық ашықхатта белгілеп отырады. Бұл ашықхатта тиісті туынды буындағыдай түстер мен суреттер қолданылуы мүмкін.

5. Тұжырымдамалық картамен жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін жүргізілген жауап алу оқушыларды белгілі бір идеяларды неге олай топтастырғаны, сондай-ақ карта олардың ойларын қалай ашқандығы туралы ойлануға мәжбүрлейді.

 

 

 

МОДЕЛЬДЕУ

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс істей білу;
  • креативтілік;
  • ойлау, шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл шығаршылық рөлдік ойын – оқушыларды белгілі бір сұрақты талқылауға немесе ақпарат алмасуға тартудың ықпалды тәсілі.

Сыныпты жоспарлау

Қозғалуға арналған орын қажет етіледі.

Жұмыс алгоритмі

 Моделдеу барысында оқушылар құрылымдалған ортаның аясында белгілі бір проблемаға қатысты жауап береді, мысалы, сотқа еліктеу, парламенттік тыңдау, кеңестің отырысы, үйлестіру кеңесі. Ортақтастықты күшейтіп, мәселе төңірегінде бірлесіп толғануды дамыта отырып, өз көзқарасын, пікірлері мен құндылықтарын айтуда бұл тәсіл өте қолайлы.

 

ҚАР КЕСЕГІ

Қалыптастырылатын дағдылар:

·        басқалармен жұмыс;

·        ойлау, проблемаларды шешу;

·        шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушыларға проблемаларға орай өз әрекеттері туралы ойлануға және аталған тақырып бойынша өз ойларын қарастыру үшін ақырындап жан-жағындағы адамдармен бірлескен жұмысты бастауға мүмкіндік береді. Бұл - аз сөйлейтін оқушылардың өз ойларын әуелі жұптарда, одан кейін топтарда айтуға мәжбүрлейтін  практикалық тәсіл. Бұл сонымен қатар оқушылардың сұраққа байланысты пікірлерін білдіруге жетелеп, жалпы талқылаусыз бүкіл сыныпқа келісімге келуге мүмкіндік береді.

Сыныпты жоспарлау

Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе, оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.

Жұмыс алгоритмі

1. Тиісті сұрақ қойылады немесе оқиға сипатталады.

2. Оқушылар  ойларын, пікірлерін немесе ұсыныстарын өз бетінше жазады.

3. Оқушылар жұп құрып, жауаптарын салыстырады. Олар өз тұжырымдарын талқылайды да, мәселе бойынша келісілген және мәмілелік тұжырымға қол жеткізіп, оны жазып алады.

4. Оқушылар төрт адамнан тұратын топтар құрып, тура сол рәсімді қайталайды. Тағы бір келісілген тұжырымға қол жеткізіліп, оны жазып алады.

5. Төрт адамнан тұратын топ сегіз адамнан тұратын топқа айналады да, үдеріс қайталанады. Келесі келісілген тұжырымға қол жеткізіледі.

6. Топтар өсіп отыратын болғандықтан, өкіл/үйлестіруші, хронометрші, ресурстарды үлестіруші, хатшы және т.б. таңдау қажеттігі туындайды.

7. Содан кейін сыныптың түпкілікті тұжырымы талқыланып, негізделеді.

8. Келісілген тұжырымға қарсы шыққан, өз пікірі жеткілікті түрде ескерілмеді деп санайтын оқушының пікірі жазылып алынуы тиіс.

9. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу тек білу мен түсінуді ғана емес, сонымен қатар тапсырманы орындау үдерісін зерттеп  білуге мүмкіндік береді: оқушы шешімге қалай келді? Мәмілеге қалай келді?  Олар қандай дағдыларды пайдаланды?

snowball

 

 

КӘМҚ (Күшті жақтары, Әлсіз жақтары, Мүмкіндіктер, Қауіптер)

 

Қалыптастырылатын дағдылар:

·        басқалармен жұмыс;

·        ойлау, шешім қабылдау;

·        проблемаларды шешу.

 

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушыларға мәселенің барлық аспектілерін зерттеуге мүмкіндік береді. Ол болашақта бастама жасау үшін іс-әрекет жоспарын дайындау барысында пайдаланылуы мүмкін. Ол сонымен қатар бұған дейін не істелгенін және болашақ салдарын назарға алу үшін топты немесе оқиғаны бағалауға арналған тәжірибелік құрал бола алады.  

Сыныпты жоспарлау

Бұл тапсырманы әртүрлі тәсілдермен орындауға болады. Ақпарат жинау үшін қағаз конвейерді пайдалануға болады, бұл жағдайда мұғалім топтардың парталар арасында жүріп-тұруы ыңғайлы болуын ойластыру керек. Немесе топтар өз орындарында қалып, проблемаларды қарастыру үшін төменде қоса берілген шаблонды пайдалана алады.

Жұмыс алгоритмі

1. Мұғалімнің оқушылармен КӘМҚ мағынасын талқылап, әрбір термин жеке алғанда нені білдіретінін, әсіресе «күшті жақтар», «мүмкіндік», «әлсіз жақтар» мен «қауіптер» арасындағы айырмашылықтарды түсіндіргені жөн. «Мүмкіндіктер» мен «қауіптер» болашақта туындауы мүмкін болжалды салдарларға шоғырлануы тиіс, ал «күшті жақтар» мен «әлсіз жақтар» бұған дейін болғанды зерттеу негізіндегі мәселенің оң және кері аспектілерінің тізімін құруды қамтиды.

2. Оқушыларға талқылап, баға беруге арналған ақпарат беріледі. Идеялар тиісті тақырыпшалармен беріледі (К-Ә-М-Қ).

3. Мұғалім бір тақырыпшаға тоқталып, оны талқылап болған соң ғана келесі тақырыпшаға көшеді. Мысалы, оқушыларға «мүмкіндікке» көшпес бұрын, «күшті жақтарын» зерттеуге уақыт беріледі.

4. Кері байланыс кезінде мұғалім мына сұрақтарды қоя алады: Не жақсы? Не жаман? Қазір не болуы мүмкін? Болашақта алға ілгерілеуге не кедергі жасауы мүмкін?

5. Командалық жұмыс бойынша жауап алу пайдалы болады.

6. Тапсырмадан туындаған ойлар алдағы уақытта «Бес сұрақ» техникасын пайдалану кезінде зерделенуі мүмкін.

 

 

 

 

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК

 

Қалыптастырылатын дағдылар:

·        басқалармен жұмыс;

·        ойлау, шешім қабылдау;

·        өзін өзі басқару.

 

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс жекелеген адамдар не оқушылар тобы арасында сындарлы өзара бағалау жүргізуге арналған. Өзара бағалаудың аталған техникасы оқушыларға өз жұмыстарын бағалау және жақсарту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Ол оқушыларға тапсырмаларды орындаудың әртүрлі тәсілдері мен қорытындыларын көруге, нәтижесінде болашақ жұмысты өзгертуге мүмкіндік береді.

 

Сыныпты жоспарлау

Оқушылар бөлмеде әртүрлі топтар ішінде кезектесіп ауысып отырса дұрыс болар еді. Немесе топтағы оқушыларға жұмыс үлгілері беріледі.

 

Жұмыс алгоритмі

1. Оқушылар тапсырманы орындауды бастамас бұрын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін (төмендегі 3-тармақты қара) пайдалана отырып, өз жұмыстарын қарай алады.

2. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар басқа адамдардың жұмысын қарап шығу үшін бір топтан екінші топқа ауыса алады.

3. Балалардың қолдарында стикерлер бар. Өздері қараған әрбір жұмыс үшін оқушылар, өздерінің пікірінше, ұтымды шыққан екі аспектіні және қарастырылған жұмысты жақсартуға бағытталған  бір тілек жазады.

4. Бұдан кейін оқушылар басқалардың стикерлерге не жазғандығын оқу және талқылау үшін өз жұмыстарына қайтып оралады.

5. Бұдан кейін олар өз жұмыстарындағы жұлдыздар мен тілектердің тізімін жасайды да, өз жұмыстарын келесі жолы жақсартуды қалай жоспарлайтындығын қысқаша түрде сипаттап жазады.

 

 

ДЖИГСО

 

Жалпы сипаттама

Бірқатар сұрақтармен жұмыс істеудің құрылымдық әдісі, сонымен қатар ұжымдық жұмысқа ықпал етеді.

Сыныпты жоспарлау

3-4 адамнан тұратын топтарға арналған контейнерлер бөлме ішінде қойылады.

 

Жұмыс алгоритмі

«Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын  дамытуды қамтамасыз ететіндігі.

 Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.

 Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе төрт тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.

Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады.

 Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету.

 

АЛТЫН БАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН АКВАРИУМ

Жалпы сипаттама

Идеяларды команда болып ұсынуға, логикалық, сараптамалық сұрақтарды дамытуға, пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Сыныпты жоспарлау

Топқа арналған орындықтар ортада, сыныптың қалған бөлігі тыңдаушылар ретінде отырады.

Жұмыс алгоритмі. Бір топтың барлық сынып алдында өз пікірін білдіргені болмаса, қалған жағдайда «Ыстық орындық» әдісі сияқты. Олар алтын  балыққа  арналған  аквариумда «отырады», басқалары  оларға сұрақ  қойып,  түсініктеме беруді талап ете  алады және т.б.

Описание: C:\Users\Sheford\AppData\Local\Temp\FineReader11\media\image19.jpeg

 

 

 

 

 

 

АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ

Жалпы сипаттама

Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс.

Сыныпты жоспарлау

Нақты ештеңе қажет емес.

Жұмыс алгоритмі

Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.

Ақылдың алты қалпағы  (Де Боно)

Ақ қалпақ: деректер мен шынайы ақпаратқа негізделген бейтарап ұстаным

Қызыл қалпақ: болжам, интуиция, ішкі сезімдерге негізделген эмоциялық ұстаным

Қара қалпақ: «кері» (негатив) дәйектеуге негізделген сыни, сараптамалық ұстаным

Сары қалпақ: болашаққа сенімге, жағымды (позитивтік) дәйектеуге негізделген оптимистік ұстаным

Жасыл қалпақ: келешекті, өсу мүмкіндіктері мен жаңа идеяларды анықтайтын креативті ұстаным

Көк қалпақ: жоспарлы әрекет, нақты ұйымдастыру, бақылау мен міндетті түрде шешім қабылдауды көздейтін салқынқанды ұстаным.

 

 

ІІІ. Қорытынды.

Ю

Әрбір сыни ойлаушы қандай да бір қоғамдастықта еңбек етіп, өз тұлғасын қалыптастырудан басқа ауқымдырақ мәселелерді шешеді.

Сондықтан да сыни ойлау арнасында жұмыс жасайтын ұстаздар тиімді түрде пікір алмасуға қажетті қасиеттердісабырлықты, басқаларды тыңдай білуді, өз пікіріне деген жауапкершілікті - дамытуға көп көңіл бөледі. Мұғалімдер оқу процесін сынып бөлмесі сыртында өтіп жатқан шынайы өмірге жақындата алады. Мемлекет мүддесі идеалды қоғам құруға бағытталған. Сондықтан, сыни ойлаудың негізін меңгерген тіпті бір сынып биік мақсатқа апаратын қадам.

Шәкірттерім өз ойын еркін жеткізе алатын, кез келген ортада тиімді диалог жүргізе білетін, ақпаратпен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы дәйектеу дағдыларына шыныққан және нақты білім алуға құштар азамат болып қалыптасатынына сеніммен қараймын

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      «Тренерге арналған нұсқаулық»

2.      «Мұғалімге арналған нұсқаулық».

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету" (математика сабағында)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 948 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.08.2017 1927
    • DOCX 821 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Косыбаева Асемгуль Калтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Косыбаева Асемгуль Калтаевна
    Косыбаева Асемгуль Калтаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91605
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 196 человек

Курс повышения квалификации

Развивающие математические задания для детей и взрослых

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Курс повышения квалификации

Развитие функциональной грамотности у обучающихся средствами математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек