Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Байқау. «Жігіт сұлтаны-2015» байқауы

Байқау. «Жігіт сұлтаны-2015» байқауы

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жігіт сұлтаны-2015» байқауы


1-жүргізуші:

Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас !

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық.


Біздерде ойын сауық басталады

Тамаша күй тартылып ән салады

Бақытты біздің елде туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан,

Қазақтың қасиетті жігіттері

Жанына нұр дарыған,жыр дарыған.


Дария ой,даналардан бата алғандар,

Айнымас алмас қылыш атанғандар.

Қазақтың қасиетті жігіттері,

Халқына қалқан болған қаһармандар-деп,ақын ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған»- деп ерекше оны бақыт санаған.

Олай болса жігіттеріміздің батырлығын,ептілігін,білімдерін тамашалайық.


Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!Бүгінгі біздің «Жігіт-сұлтаны» байқауы «Ұлы Жеңістің -69 жылдығына» арналып отыр.


Жүргізуші:


Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,

Мектепте өнерімен болған сыйлы.

Білімді де өнерлі сері жігіт

Шақырайық ортамызға Сағынбай Даниял ұлды.

4 «А» сыныбының серісі Сағынбай Даниялды ортаға шақырамыз!




Жүргізуші:


Спортпенен білім жағын бір қосқан,

Кем болмаған талантпенен табыстан.

Алдарыңызда өзі өнерлі,сыпайы,

Сыныбының мақтанышы.

4 «Ә» сыныбының серісі,

Мырзагелді Мадияр!



Біледі жақсыменен жаманды,

Өнерімен тамсандырған адамды.

Қошеметпен шақырайық ортаға,

4 «Б» сыныбының серісі

Назарбек Даниял жігітті!



Білімді, алғыр, ақылды,

Танитын алыс-жақынды

Сыныптың озат тірегі

Шақырайық ортаға,

4 «В» сыныбының серісі

Серікбай Зұлхарнай жігітті!



Еңбек сүйгіш таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында.

Шарабедин Диастай жігітті.

Шақырайық қошеметтеп ортаға!



Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтемін:


1.«Таныстырсам өзімді»- таныстыру.

2 «Сегіз қырлы бір сырлы»-өз өнерін көрсету

3. «Күш атасын танымас» -кір тасын көтеру

4. «Құралайды көзге атқан» - нысананы көздеу

5. «Ескірмейтін есті сөз» -танымдық сұрақтар

Сайыста бақ сыналар бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар! Кім өнерлі,кім тапқыр –шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нақ сыналар.


Ендеше қазылар алқасымен таныс болыңыздар.


1.

2.

3.

4.

5.


Жүргізуші:


1. Ей, тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен мені.

Мен қазақтың баласы –деп ақындар жырлағандай сайысымыздың бірінші кезеңі.«Таныстырсам өзімді» деп аталады.

Сонымен бірінші талапкеріміз Сағынбай Даниялды ортаға шақырамыз!

2-ші Мырзагелді Мадияр

3-ші Назарбек Даниял

4-ші Серікбай Зұлхарнай

5-ші Шарабедин Диас


Жүргізуші:

Сайыскерлерімізге көп-көп рахмет,әділ- қазылар алқасынан .«Таныстырсам өзімді» сайысы бойынша баға беруін сұраймыз.


Жігіттер дайындалып болғанша ән тыңдаық

Ән: Анарбай Олжастың орындауында «Алатау»

Әділ қазылар алқасы .«Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.


2.«Еңбек ердің санаты,білім ердің қанаты »-демекші адам ақыл – парасатымен сұлу,ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?

Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы » деп аталады.Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді.

1-ші Сағынбай Даниял

2-ші Мырзагелді Мадияр

3-ші Назарбек Даниял 4-ші Серікбай Зұлхарнай 5-ші Шарабедин Диас

3.Ер өнері білінбес, Қоян қолтық алыспай Күш өнері білінбес Бәйгеге түсіп жарыспай –дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас»деп аталады.Бұл кезеңде жігіттеріміз кір тасын көтереді.


Би: «Жау-жау жаңбыр»


Әділ қазылар алқасы .« Сегіз қырлы, бір сырлы» шартының бағасын берсеңіздер.


4 .Би болатын жігіттің,

Төбеде болар жұмысы.

Мерген болар жігіттің,

Мергендік болар жұмысы.- дегендей сайысымыздың келесі шарты «Құралайды көзге атқан»деп аталады.Бұл кезеңде жігіттеріміз нысананы көздеу шартына береміз.

Ортаға жігіттерімізді шақырамыз.1-ші.2-ші.3-ші.4-ші.5-ші.


Әділ қазылар алқасы .« Құралайды көзге атқан » шартының бағасын берсеңіздер.



Ән:





5.Ей,жігіттер!

Сендерге биік ата – салтын құрметтеп,

Ақтай білсең ата-баба үмітін,

Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп.


Жігіттеріміздің өнерін,мергендіктерін тамашаладық.Енді ақыл-ой тереңдігін сарапқа салатын кез келген сияқты.Олай болса келесі шартымыз

«Ескірмейтін есті сөз» - деп аталады.Бұл шартта жігіттеріміз танымдық сұрақтарға жауап береді.


Ән:


Әділ қазылар алқасы .« Ескірмейтін есті сөз» шартының бағасын берсеңіздер.


Би:



Ортаға жігіттерімізді шақырамыз.Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әді қазылар алқасына береміз.


Осымен бүгінгі «Жігіт сұлтаны-2014» байқауы аяқталды.

Сау саламатта болыңыздар!
















«Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









«Көктем аруы-2015»






Орындаған: Еспенбетова Ақмарал














Жетісай -2015



1



1.Ат әбзелдерін ата?

2.Абайдың неше қара сөзі бар?

3.Қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары?


№2



1.Шығыстың қос жұлдыздары кімдер?

2.Қазақтың тұңғыш астаналары

3.Елтаңба авторы кім?



№3



1.Бес парызды ата?

2.Ерлердің бас киімдерін ата?

3.Жеті жоқты ата?



№4



1.Жеті қазынаны ата?

2.Аң-құс қандай әдістермен ауланады?

3.Бес қаруды ата?


№5


1.Рәміздердің авторларын ата?

2.Ұлы Отан соғысында екі рет батыр атағын алған ұшқыш батыр кім?

3.Гиннес кітабына кірген қазақ батырларын ата?





Жауаптар


№1


1.Ер тоқым,үзеңгі,тартпа,ауыздық.

2.45 қара сөзі бар.

3.Б. Момышұлы,Қасым Қайсенов.


№2


1.Әлия мен Мәншүк

2.Орынбор,Қызылорда,Алматы,Астана.

3.Жандарбек Мәлібеков,Шота Уалиханов.


№3


1.Иман,намаз оқу,ораза ұстау,зекет-садақа беру,қажыға бару.

2.Тақия,бөрік,тымақ,құлақшын,қалпақ,мұрақ,малақай.

3.Жерде өлшеуіш жоқ.Аспанда тіреуіш жоқ,Тасбақада талақ жоқ,Аллада бауыр жоқ,Жылқыда өт жоқ,Таста тамыр жоқ,Құста сүт жоқ.


№4

1.Ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,ит.

2.Ор қазу,қақпан құру,тор жаю,тұзақ құру,соғып алу,ит жүгірту,құс салу.

3.Садақ,қылыш,найза,айбалта,шоқпар.


№5



1.Тудың авторы:Ш.әкен Ниязбеков

Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібеков,Шота Уалиханов.

Гимн авторлары:Жұмекен Нәжмеденов,Н.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов.

2.Т.Бегелдинов.

3.ТӘубәкіров,Бекзат Саттарханов.



8


Көктем аруы-2015


Жүргізуші:

Аман ба, қадірменді жиналған көп,

Бұл кешке тағдыр айдап келіппіз дөп

Болсыншы ел көрмеген ,ұлы той.

Таң қалып қарағандай жер менен көк.


«Қыз сыны» салтанатпен басталады,

Ару болу әрбір қыздың басты арманы.

Аузын ашшса көрінген ақ жүрегі

Армысың қалың қауым асқаралы.


Ақындарым аруларға жыр арнасын,

Әнші құсым көгінде қалықтасын,

Міне бүгін «көктем аруы» сайысында,

Сұлуларым байқасын өз салмағын.


Қайырлы күн құрметті қонақтар!

«Көктем аруы» байқауына қош келіпсіздер!

Бүгінгі байқауымыз «Қазақ хандығының 550 жылдығына», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» арналады.


Бүгінгі байқауымыздың мақсаты :

Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері :имандылық,инабаттылық,,ізеттілік,

ісмерлік негізінде әр қыз баланы парасатты,жан-жақты білімді болуға әсемдік сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.

Бүгінгі «Көктем аруы-2015» байқауын ашып беру үшін мектебіміздің директоры Мырзаханқызы Гүлсара апайымызға береміз.

Байқау шарттары 5 кезеңнен тұрады

1-кезең. «Мен қазақтың қызымын» Арулпрымыз өзін- өзі таныстырады.

2-кезең. «Өнерлі өрге жүзер» Аруларымыз өз өнерін көрсетеді.

3-кезең. «Ұшқыр қиял,жүйрік ой » деп аталады.Аруларымыз сұрақтарға жауап береді.

4-кезең. «Көктем сән үлгісі» Көктемгі сәндік киім үлгісін көрсету.

5-кезең. «Сымбат көрік» шаш үлгісін көрсету.


Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.



Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді әне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің.

Көңілді қасиетпен қарсы алайық!

Ортаға аруларымызды жігіттер тобы алып шығады.

1-аруымыз. Тұтқабай Гүлназ.

2-аруымыз. Ерубай Баян.

3-аруымыз.Сатыбалдиева Гүлназ.

4-аруымыз.Тастай Әселя.

5-аруымыз. Алтынай Есенгелді қызы


Вальс: Ару қыздарымыздың орындауында

Қыздарымыз 1-ші кезеңге дайындала берсін.

Сайыста бақ сыналар бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар! Кім өнерлі,кім тапқыр –шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нақ сыналар.

Ендеше қазылар алқасымен таныс болыңыздар.


1.

2.

3.

4.

5.

1-кезең. Арулар келді міне танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахынаға келіп жетті,

Әдеппенен, ізетпенен танысуға.


Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,

Көрейік ару қыздарды жарыстырып.

Бұл залда білетін бар білмейтін бар,

Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

1-кезең. «Мен қазақтың қызымын» Арулпрымыз өзін- өзі таныстырады.

1-аруымыз. Тұтқабай Гүлназ.

2-аруымыз. Ерубай Баян.

3-аруымыз.Сатыбалдиева Гүлназ.

4-аруымыз.Тастай Әселя.

5-аруымыз. Алтынай Есенгелді қызы


Қыздарымыз екінші кезеңге дайындала берсін.

Әділ қазылар бағасы.

Ортаға «Астана» әнімен Ержанұлы Санжарды шақырайық.


Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық,би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.


2-кезең. «Өнерлі өрге жүзер» Аруларымыз өз өнерін көрсетеді.

1-аруымыз. Тұтқабай Гүлназ.

2-аруымыз. Ерубай Баян.

3-аруымыз.Сатыбалдиева Гүлназ.

4-аруымыз.Тастай Әселя.

5-аруымыз. Алтынай Есенгелді қызы

Қыздарымыз үшінші кезеңге дайындала берсін.

Әділ қазылар бағасы.

Арай мен Назеркенің орындауында үнді биін тамашалайық.


Жүргізуші:

Сырлары көп әлемнің,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне- дей келе үшінші кезең

«Ұшқыр қиял,жүйрік ой » деп аталады.Аруларымыз сұрақтарға жауап береді.

Әрбір аруға 10 сұрақтан қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Ортаға ару қыздарымызды шақырамыз.

1-аруымыз. Тұтқабай Гүлназ.

2-аруымыз. Ерубай Баян.

3-аруымыз.Сатыбалдиева Гүлназ.

4-аруымыз.Тастай Әселя

5-аруымыз. Алтынай Есенгелді қызы

Қыздарымыз төртінші кезеңге дайындала берсін.


Әділ қазылар бағасы.

Ортаға «Ұстазым» әніменен Орынбасар Ақбаянды шақырамыз.


Ал, халайық ықыласпен демейін,

Арулардың сән үлгісін көрейін.

Сыры мен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

4-кезең. «Көктем сән үлгісі» Көктемгі сәндік киім үлгісін көрсету.


Ортаға ару қыздарымызды шақырамыз.

1-аруымыз. Тұтқабай Гүлназ.

2-аруымыз. Ерубай Баян.

3-аруымыз.Сатыбалдиева Гүлназ.

4-аруымыз.Тастай Әселя

5-аруымыз. Алтынай Есенгелді қызы

Қыздарымыз бесінші кезеңге дайындала берсін.


Әділ қазылар бағасы.


Би: «Папури» орындайтын бишілер тобы.


Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы ай менен күн таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп- келесі сайысымыз шашқа сән жасау.

(шаш үлгісін көрсету)


Әділ қазылар бағасы.


Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерін жас өрендер.

Осыменен сайысымыз аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын.


Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл мықты.

Өнерлі білімділер жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

«Ерке қыз» әніменен ортаға Серік Назеркені шақырамыз.

Ендігі сөз кезегі әділ қазылар алқасында.

Аруларымызды марапаттау.


Осымен «Көктем аруы-2015» байқауы өз мәресіне жетті.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.





Қош сау болыңыздар!









«Жігіт сұлтаны-2015» байқауы


1-жүргізуші:

13

Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас !

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық.


Біздерде ойын сауық басталады

Тамаша күй тартылып ән салады

Бақытты біздің елде туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан,

Қазақтың қасиетті жігіттері

Жанына нұр дарыған,жыр дарыған.


Дария ой,даналардан бата алғандар,

Айнымас алмас қылыш атанғандар.

Қазақтың қасиетті жігіттері,

Халқына қалқан болған қаһармандар-деп,ақын ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған»- деп ерекше оны бақыт санаған.

Биылғы жыл ерекше жыл.

Қазақстан Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл,

Ата Заңымыз Конституцияға -20 жыл.

Ұлы Жеңіске – 70 жыл.

Біз тарихымыз өте бай елміз.Қазақ халқы өз халқының құрылғанына дейін де, одан кейін де талай қиын кездерді бастан кешірген.Елі мен жерінің тұтастығы үшін жан аямай күрескен.Жерін басып алғысы келген жауына қарсы қолына қару алып,майданға шыққан.Бабаларымыз шетінен батыр,күшті болған.Намысын ту етіп,бірлігін бекем ұстаған.Соның арқасында жауын жеңіп, ұлан-ғайыр жерімізді қорғап қалған.

Жер –Ана бәрімізге ортақ.Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта,бауырластықта өмір сүруде.Қазақ жері ортақ ,өлке болып,әр азаматтың мекеніне айналған.

Қазақ елі - мәңгілік ел.


Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!Бүгінгі біздің «Жігіт-сұлтаны» байқауы «Ұлы Жеңістің -70 жылдығына» арналып отыр.

Алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Қалжанова Гүлсара апайымызға береміз.


Әділдікпен баға берер жігітке,

Әділдікпен қара қырды жаруға.

Алқасын қазылардың біз сайлайық

Нағыз жігітті талдап бүгін алуға-деп бүгінгі «Жігіт сұлтаны» байқауына қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.


1.

2.

3.

4.

5.


Уа, халайық,халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрінқорғамақ.

Ұлдар шықсын ортаға.

Бүгінгі сұлтан атанбақ!-дей отырып,ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушыларды ортаға шақырайықІ


1-ші сұлтан


Еңбек сүйгіш таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында.

Намысты қолдан бермейтін

Қазақтың тәрбиесі бойында.-деп 4 «А» сыныбының серісі Романов Нұрмұхаммедті ортаға шақырамыз!

2-ші сұлтан


Спорт пенен білім жағын бір қосқан,

Кем болмаған талантпенен табыстан.

Намыс үшін жан қиярдай сұлтанды

Тауды бұзар шын кіріссе намыстан.-деп ортаға 4 «Ә» сыныбының серісі Қазақбай Сүндетті шақырамыз.

3-ші сұлтан


Біледі жақсы менен жаманды,

Өнері мен тамсандырған адамды.

Қошеметпен шақырайық ортаға,

4 «Б» сыныбының серісі

Әзімбек Қуаныш деген сұлтанды.


4-ші сұлтан

Қорықпаймын дауылдан,

Қорықпаймын ауырдан.

Өжет өткір болсын деп

Атам қойған атымды деп- 4 «В» сыныбының серісі Төлеген Қайсарды ортаға шақырайық.


5-ші сұлтан


Сөз тауып мәселесін шешетін,

Ойы зерек ақылымен өлшейтін.

Үлкендерді сыйлайтын 4 «Г» сыныбының серісі Мұхамеджан Бекзатты ортаға шақырамыз.


6-шы сұлтан


Қазақтың ер намысты ұланы

Көп нәрсені білу оның мақсаты

Алға қарай жылжу да оның талабы-деп 4 «Д» сынып серісі Мұрат Мұхамеджанды қошеметпен ортаға шақырайық.


Бүгінгі «Жігіт сұлтаны» байқауының шарттарымен таныстырып алайық.


1-бөлім: «Таныстырсам өзімді» өзін таныстыру.


2-бөлім: «Жігітке жеті өнер аз,жетпіс өнер көп емес» өз өнерін көрсету.


3-бөлім: «Күш атасын танымас» - кір тасын көтеру.


4-бөлім: «Көркіне ақылы сай»сұрақ-жауап сайысы.


5- бөлім: Ептілігін байқау үшін «Картоп тазалау» сайысы.


Қазақ хандығына 550 жыл.

Жүргізуші: Ақ білектің күшімен

Ақ найзаның ұшымен

Жауларын тізе бүктірген,

Ризамын қазағымның хандарынан.


Қазақ елі шаңырақтай киелі,

Сондықтанда кең далаға ие еді.

130 ұлт уықтардай килігіп,

Өз Отанын олардағы сүйеді.

Ән : «Жаса Қазақстан»Абдихалик Қуанышбектің орындауында.



Ақыл-көркі бойларына жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен,

Тез арада таныстырып өтеді.-деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстырсам өзімді» деп аталады.Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.


1-ші 4 «А» сыныбының серісі Романов Нұрмұхаммед

2-ші 4 «Ә» сыныбының серісі Қазақбай Сүндет

3-ші 4 «Б» сыныбының серісі Әзімбек Қуаныш

4-ші 4 «В» сыныбының серісі Төлеген Қайсар

5-ші 4 «Г» сыныбының серісі Мұхамеджан Бекзат

6-шы 4 «Д» сынып серісі Мұрат Мұхамеджан


Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.

Ассамблеяға 20жыл

Сүйемін мен ана тілімді,

Өз тілімді құрмет тұтам.

Ұлты орыс,кәріс,өзбек болса да,

Мен қазақпын деп айта аламын.


Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп,ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар сайысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай-ақ жан салыпты.-дей отырып сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз,жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.

Ортаға серілерімізді шақырамыз.


1-ші 4 «А» сыныбының серісі Романов Нұрмұхаммед

2-ші 4 «Ә» сыныбының серісі Қазақбай Сүндет

3-ші 4 «Б» сыныбының серісі Әзімбек Қуаныш

4-ші 4 «В» сыныбының серісі Төлеген Қайсар

5-ші 4 «Г» сыныбының серісі Мұхамеджан Бекзат

6-шы 4 «Д» сынып серісі Мұрат Мұхамеджан

Әділ қазылар алқасы «Жігітке жеті өнер аз,жетпіс өнер көп емес» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Ән:


Әй, ер жігіт, ер жігіт,

Ей өр жігіт,өр жігіт.

Атыңа ерік бер жігіт.

Күшіңді көрсет,ер жігіт! –дей отырып сайысымыздың «Күш атасын танымас» деп аталатын бөлімін бастаймыз.Бұл бөлімде жігіттердің кір тасын қаншалықты көтере алатындығын байқау.

Ортаға сері жігіттерді шақырамыз!

Әділ қазылар алқасы «Күш атасын танымас» бөлімінің бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші:

Мықты болсаң тығырықтан шыға біл

Келді кезек тапқырлықты танытар

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде-дей отырып сұрақ жауап сайысы. «Көркіне ақылы сай»деп аталады. Жігіттеріміз сұрақтарын шар ішінен алады.Шар ішінде сұрақтар бар сол сұрақтарды мергендіктерін танытып шарды жарып сұрақтарды алып жауап береді.Әр жауап бір балдан.


Әділ қазылар алқасы «Көркіне ақылы сай» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Ән:


Жүргізуші:

Кімдер жылдам,епті екен білейікші,

Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.


Отан қорғаушы ұлдарымыздың жылдамдықтарын,ептіліктерін анықтау мақсатында «Кароп тазалау» сайысы.


Ортаға серілерімізді шақырамыз.


1-ші 4 «А» сыныбының серісі Романов Нұрмұхаммед

2-ші 4 «Ә» сыныбының серісі Қазақбай Сүндет

3-ші 4 «Б» сыныбының серісі Әзімбек Қуаныш

4-ші 4 «В» сыныбының серісі Төлеген Қайсар

5-ші 4 «Г» сыныбының серісі Мұхамеджан Бекзат

6-шы 4 «Д» сынып серісі Мұрат Мұхамеджан

Әділ қазылар алқасы «Кароп тазалау» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Ән:


Құрметті өнер сүйер қауым,қадірлі қонақтар,ата-аналар!


ӨЗдеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған «Жігіт сұлтаны» сайысы да аяқталды.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші,бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ қазы алқасына сөз береміз.


Жүргізуші:


Жігіттердің ішінен шыққан

Жігіт сұлтаны мықтысын!

Құттықтайық ал енді,

Сұлтан болған жігітті.

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуанышты жанары,

Шоқтай болып жанады.- деп кұттықтаймыз.


Осымен «Ұлы жеңістің -70 жылдығына» арналған 4 сыныптар арасында өткен

«Жігіт сұлтаны» сайысымыз аяқталды.

Қош сау болыңыздар!



































«Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі














hello_html_mbb93cd4.gif





















1.Үш даусыз

2.Қазақтың ұлттық ойындарын ата?

3.Бала табаққа нелер салынады?

4.Қазақтың тұңғыш ғарышкерлерін ата?

5.Қай ханның тұсында қазақтың саны 1 млн-ға жетті?

6.Білекті бірді жығар,...

7.Б.Момышұлы атамыздың орден-медальдарын ата?



1. Қазақ хандарын ата?

2. Бес қару.

3. Жыға деген не?

4.Наурыз мерекесін қазақ халқы қалай атайды?

5. Үш дана.

6.Отан туралы үш мақал айт?

7. Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктері.



1.Үш қуат.

2.Жеті ата.

3.Төрт түлікті ата?

4.Қандай бата білесің?

5.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан қабылданды?

6.Жыртқыш құстардың атын ата?

7.Талғат Бегелдиновтың жасаған ерліктері?



1.Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?

2.Қазақ батырларын ата?

3.Үш арсыз.

4.Жеті қазынаны ата?

5.Мақалды жалғастыр: Отан үшін күрес,...

6.Аттың ер тұрманына нелер жатады?

7.Төрт тұлға.



1.Асық ойындарын ата?

2.Сый табаққа нелер жатады?

3.Ассамблеяға неше жыл толды? Қай жылы құрылды?

4.Ерлік сөзіне мағыналас сөздер айт?

5.Үш көз.

6.Еңбек туралы үш мақал айт?

7.Шығыстың қос жұлдызы туралы өлең.


1.5 асыл іс,5 дұшпанды ата?

2.Жеті жоқты ата?

3.Жігіттің үш жұрты?

4.Мақалды жалғастыр:Ұлық болсаң -...

5.Қазақ халқының көрнекті ағартушысы,жазушысы кім?

6. «Әлия» әнін алғаш орындаған әнші?

7.Ұлы Жеңіске неше жыл толады? Қай күні?

Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров164
Номер материала ДВ-416429
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх