Инфоурок Информатика Конспекты"БІЛІМ БЕРУДЕ WEB - ТЕХНОЛОГИЯЛАР"

"БІЛІМ БЕРУДЕ WEB - ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ"

Скачать материал

ӘОЖ 378.147.7

 

 

БІЛІМ   БЕРУДЕ  WEB - ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ҚОЛДАНУДЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

Нұралы Асылзат Сақтағанқызы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,

5В011100-Информатика мамандығының 4-курс студенті

 

 

 

ХХІ ғасыр-тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Тәуелсіздік туын көтерген жас мемлекетіміз білім саласында да өзіндік бағыт-бағдарын айқындап, әлемдік білім кеңістігіне шығуда жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек.

Бүгінгі басты мәселеміз - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген және оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған [1].

Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Осыған орай жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамыту көзделеді:-білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру; жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру; есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету; логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту; өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу; алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Жаңа ақпараттық - комуникативтік технологиялар-бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;

ә) телекоммуникациялық технологиялар;

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;

в) қашықтықтан оқыту (басқару).

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу; жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау; (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар); қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Білім беру     саласына жоғарыдағы аталған озық технологиялардың енуі - мұғалімнің  ойлану  стилін, оқыту  әдістемесін  өзгертеді.  Информатика пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде  үлкен көмек беру. Мұндай технология түрлеріне оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады және  мұндай технологиялардың ең маңыздысы үлкен көлемде ақпараттар алу мүмкіндігі, қажетті  білімді  тез сұрыптау және оны меңгеру жылдамдылығы.

  Мысалы, ARTICULATE бағдарламасы көмегімен  өзіндік оқу қызметін ұйымдастыру,  мультимедиялық электрондық білім беру ресурстарын жобалауға толық мүмкіндік бар. Бұл бағдарламаның ерекшеліктері - үйрену оңай, сондай-ақ жарқын көзбен стилі құрылған жобалар, тұсаукесерлер, тренингтер, тесттер құруға ыңғайлы орта.

Articulate бағдарламалық өнімдер оның ішінде  Articulate Replay, Articulate Storyline,  Articulate,Engage, Articulate Presenter,  Articulate Quizmaker   MSFlash форматындағы  мультимедиялық оқу материалдарын, интерактивтік презентацияларды, тесттер жіне сауалнамаларды  тез құруға болады.

MS PowerPoint негізінде жасалған мультимедиялық электрондық білім беру ресурстары келесі мүмкіншіліктерге қол жеткізеді:

Ø  Өзіндік оқу қызметін ұйымдастыру үшін Articulate Presenter –  PowerPoint презентация  және Flash презентациялар негізінде құрылған электрондық оқыту;

Ø  Міндетті мақсат қоюдан курстың мақсатын көрсету;

Ø  Мультимедиялық электрондық білім беру ресурсының құрылымы және сценариі;

Ø  Интерактивтіктің принциптары;

Ø  Бақылау түрлері. Articulate Quizmaker-  арқылы оңай Flash викторина      жасау, бағалау, өз өзін бағалау және кері байланыс жасау;

Ø  Articulate Replay – веб- камерамен немесе экрандағы бейне түсіруге , сондай-ақ дайын бейне түрлі көрнекі және мультимедиялық объектілерге қолдануға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Ø  ArticulateEngage -Тез және оңай құруға, интерактивтілік электрондық оқытудың мазмұнын жасауға мүмкіндік береді [2].

CourseLab , Articulate, Adobe Captivate және  басқада бағдарламаларын пайдала отырып электронды әдістемелік құралдар дайындауға болады.

Назарларыңызға өзіндік жұмыс тапсырмасында орындаған  информатика пәнінен ARTICULATE QUIZMAKER  бағдарламасы ортасында құрылған тест тапсырмалары қосымшасының  сыртқа көрінісін 1-3 суреттерде ұсынып отырмын.

 

           

    1-сурет. Тақырыпқа байланысты тест                                2-сурет. Дұрыс/Бұрыс тесті

 

                                      3-сурет. Біреуін таңдау тесті

 

 

Осындай технологиялардың ішіндегі қазіргі кезде білім беру  жүйесінде кеңінен қолданылып жүрген  жаңа   Web  технологиялардың тағы бір түрі «Intel –Болашақ үшін оқыту»  бағдарламасы болып табылады.

Бағдарламаның негізгі идеясы:

Ø  Ақпараттық және жаңашыл педагогикалық технологияларды кешенді, тиімді пайдалану ;

Ø  Сынып оқушыларында негізгі 21 ғасырдағы жеке тұлғаға қажетті білім, дағды, шеберліктерін дамыту;

Ø  Мақсатында кілттік құзырлықтарды қалыптастыру.

Бағдарламаның негізгі бағыттары:

Ø  Педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану аясында мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру;

Ø  Web2.0  қоғамдық қызмет (социальный сервис)  түрлерін оқу үдерісіне белсенді енгізу және осы негізде мұғалімдер мен оқушылардыңдың желілік қауымдастығын құру;

Ø  Мұғалімдер мен оқушылардың білімін қашықтықтан көтеруге бағыттау;

Ø  Заманауи технологияларды қолдана отырып оқушылырдың жобалау және зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру.

Бағдарлама мақсаты:

Мұғалімнің жаңа кәсіби мәдениетінің дамуына мүмкіндік  жасау,  сынай және өзбетінше ойлау,  ынтымақтастықта жұмыс істеу,  ақпараттық, білім  беру ортасының  құралдары  мен  аспаптарын  жасауға  ақпараттық және білім беру технологияларын қолдану дағдыларының дамыту.

 

4-сурет. Intel® «Болашақ үшін оқыту» бағдарламасы терезесі

 

 

Intel® «Болашақ үшін оқыту» бағдарламасы оқыту үрдісінде инновациялық ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану мақсатында құрастырылған.

Сайт материалдары  компьютермен жұмыс жасау тәжірибесі бар пән оқытушылары мен студенттеріне ақпараттық технологиялар саласындағы дағдыларды игеріп, сабақ беру мен оқытудың ХХІ ғасырдағы тәсілдерін меңгеруге көмектесуді көздейді.

Сондай-ақ сынай ойлау технологиясымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, өз бетінше ойлау мен жоғары деңгейде ойлау дағдыларын дамыту, тиімді оқыту құралдарын жасау үшін ақпараттық технологиялар саласындағы негізгі дағдыларды игеріп, іс жүзінде қолдану, ХХІ ғасыр білім ортасын ілгерілету мен дамыту сияқты қазіргі білім саласындағы маңызды тақырыптар қарастырылған [3].

Білім берудегі Web технологиялардың бірі ретінде саналатын бұл портальда өз алаңымыз бар, сол алаңға «Информатиканы оқытудағы интерактивті оқыту әдістері» пәнінен құрған жобамды қорытынды сабақта қорғап, осы сайтқа тіркедім (5-6 суреттер).

Жобада зерттеу жұмысының тақырыбы, сонан соң өзектілігі анықталады, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасалады, әр түрлі ғылыми, бұқаралық жазбаларды анықтайды, қажетті ақпараттар тіркеледі, болжамдар тұжырымдалады, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқындалады, зерттеу әдістері таңдалады, тәжірибелік жұмыстар, зерттеу жұмысын рәсімдеу және жобаны        топтың алдында қорғауға әзірлену этаптарынан тұрады.

 

       

         5-сурет.  Сайттағы өз алаңымыз                                      6-сурет. Тіркелген жобалар тізімі

 

 

7-сурет. Тіркелген жобаның негізгі терезесі

 

 

Жаңа Web технологияларды меңгеру интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына игі әсерін тигізеді, сондай-ақ білім беруде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділіктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылар өз тәжірибелерін бір-бірімен, мұғаліммен қарым-қатынас жасау арқылы толықтырады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

         1.         Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования /Под ред.– М., 2009

         2.         http://www.articulate.com

         3.         http://wiki.iteach.kz

         4.         Имжарова З.У. «Сыни тұрғыдан ойлау», Ақтөбе-2015 ж

         5.         Шәріпбай А. А. Информатика: Оқулық,Алматы: Эверо,2015 ж, [81-103] б 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""БІЛІМ БЕРУДЕ WEB - ТЕХНОЛОГИЯЛАР""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Web -технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық,коммуникациялық, программалық әдістер кешені.

Контент–Web-беттерде орналастырылған ақпараттар.
URI беттер– Интернет желісіндегі беттің уникалды адресі.
Мысал:http://www.yandex.ru/all_services.html URI –ға енеді:

1.Ресурсқа қол жеткізу әдісі, яғни хаттамасы (http).

2.Ресурстың желілік адресі(www.yandex.ru).

3.Сервердегі файлдың толық жолы (all_services.html).

Web-технологиялардың өзін ақпаратпен жұмыс істеу концепциясы деп алуға болады. Оның мынадай ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:

Web-технологиялардың техникалық негізі – локальды және глобальды желілер, көбіне Интернет

• Клиенттердің ерекше типін пайдалану: web-браузерлер ( браузерлердің типі мен тарихы, қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна)

• Ақпараттық көздердегі өзгерістер публикацияларда бірден бейнелене алады;

• ақпаратты тұтынушылар саны шектеусіз;

• публикацияларда басқа публикацияларға берілген сілтемелер орны мен материалдар көзіне тәуелсіз түрде беріле алады;

• іздеу машиналардың белсенді жұмысы;

• контентті беру мен тираждау тегін.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 136 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 3307
    • DOCX 2.2 мбайт
    • 27 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуралы Асылзат Сактаганкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нуралы Асылзат Сактаганкызы
    Нуралы Асылзат Сактаганкызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13040
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе