Инфоурок Биология Конспекты"Гүлдің құрылысы мен маңызы"

Биология пәнінен ашық сабақ

Скачать материал

Сынып: 7 «А»

Пән: Биология                                                                    Күні: 22.04.2016 жыл

Пән мұғалімі: Егимбаева Жулдыз Кенесовна

 

Ашық сабақ

 

Сабақ тақырыбы: § 53 «Қосмекенділер класы-алғаш құрлыққа бейімделе бастаған жануарлар»

 

Сабақтың мақсаты: жануарлар систематикасына сәйкес желілілер типіндегі екінші класс – қосмекенділер класына түсініктеме беру.

Сабақтың міндетері:

Білімділік: Қосмекенділер класына жалпы сипаттама бере отырып, бақаның сыртқы және ішкі құрылысын, қоректенуін, ми бөлімдерін, көбеюі және отрядтарын анықтау. Балықтар класымен ұқсастықтарын және айырмашылықтарын ажырату.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін жетілдіру, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, шыдамдылыққа, тәртіптілікке, қоршаған ортаны қорғауға баули отырып тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   Жаңа  материалды меңгерту.

Сабақтың әдістері: Сұрақ- жауап,  өзіндік жұмыс,  топтық  жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс,  зертханалық  жұмыс, оқулықпен жұмыс, ассоциациялық карта құру, дайын суреттермен жұмыс, фронтальді әңгімелесу, маркировка кестесі стратегиясы, менталь карта әдісі, денотант граф әдісі, биологиялық пошта ойыны, терминдермен жұмыс.               

Оқыту технологиясы:  блум жүйесі,  жаңа форматтағы 7 модуль, мозаика

Мотивация:  Жаңа тақырыпты ашу.

Сабақтың  көрнекілігі: Биология  7 сынып,  суреттер, плакаттар, презентация, зертханалық жұмыс дәптерлері.

Болжамдалып отырған нәтиже: оқушылардың қосмекенділер класы бойынша толық, жетік білім меңгерулері. 

Сабақтың барысы:                         

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушылармен амандасу. Қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.   

 

ІІ. Психологиялық ахуал орнату      

 

«Мен»  ұстаным


Жігер деген – МЕН!
Сенім деген – МЕН!

Күш деген- МЕН!
Сезім деген- МЕН!
Жастық шақ деген- МЕН!
Махаббат деген- МЕН!
Денсаулық деген- МЕН!
Ақыл деген- МЕН!
Дарын деген- МЕН!
Бар ғажайып деген- МЕН!
Бар байлық деген- МЕН!
Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда!


 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

 

Мақсаты: балықтар жоғары класы тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру

 

1.     «Білім минуты» тапсырмалары (сұрақ-жауап әдісі бойынша)

1. Жануарлар дүниесін зерттейтін ғылым?

2. Жануарлар систематикасын құрастырған ғалым?

3. Жануарлар жасуша санына байланысты қалай жіктеледі?

4. Жануарлар құрылысына байланысты қалай жіктеледі?

5. Біржасушалылар неше типке бөлінеді?

6. Көпжасушалылар неше типке бөлінеді?  

7. Желілілер типі неше класқа жіктеледі? 

2.     4 топқа 4 түрлі тапсырма түрлері

1 топқа тапсырма: Балықтар класына сипаттама беру (ассоциациялық карта құру)

2 топқа тапсырма: Шеміршекті балықтар класы тақырыбына 5 сұрақ дайындау    

3 топқа тапсырма: Сүйекті балықтар класы тақырыбына 5 сұрақ дайындау.

(Бұл құрастырылған сұрақтар топтар арасында (2 және 3) өзара, кезектесе арқылы қойылады)

 4 топқа тапсырма: Балықтың ас қорыту, қанайналым, тірек-қимыл, жүйке жүйесі қалай жүзеге асатындығы жайлы  дайын суреттер арқылы түсіндіріп беру

 

                  

            Ас қорыту жүйесі                          Қанайналым жүйесі

 

 

 

    

          Тірек-қимыл жүйесі                               Жүйке жүйесі

 

3.     Үй жұмысын пысықтау

-         фронтальді әңгімелесу арқылы, шеміршекті және сүйекті балықтардың айырмашылықтарын ажырату;

-         оқушылардың түсүнбеген жерлері болса, қайта түсіндіру;

-         сұрақтар туындасы, сұрақтарға жауап беру;

 

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

 

Білу жүйесі

 

Қызығушылықты ояту (интерактивті тақтадағы бақаның суреттері арқылы оқушының қызығушылығын арттыру. )

Маркировка кестесі стратегиясы арқылы оқушылардың не білетінін, не білгілері келетінін анықтау.

 

 

 

Түсіну жүйесі

 

Мақсаты: жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру. Оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға, материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 

Мозаика оқыту әдісі арқылы оқушыларды сабақтың жоспары бойынша 4 топқа бөлу

 

 

1 топ: Қосмекенділер класына жалпы сипаттама (кластер құру)

 

 

 

 

2 топ: Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы (постермен жұмыс)

 

 

                             

 

 

3 топ: Қосмекенділердің қоректенуі және ми бөлімдері (менталь карта әдісі бойынша)

    

4 топ: Қосмекенділердің көбеюі және отрядтары (денотант граф әдісі бойынша)

     

 

5 минут дайындыққа беру

Тұсау кесер (оқушылардың түсіндіруі) критерийлер арқылы

 

Қосмекенділер класына жалпы сипаттама. Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы, салқынқанды, көпжасушалы жануарлар. Жер шарында 4 мыңнан астам түрі бар, Қазақстанда 12 түрі мекен етеді. Оның үшеуі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Денесі бас, тұлға және 5 саусақты 4 аяқтан тұрады. Мекен ортасы суда да құрлықта да болғандықтан класс қосмекенділер деп аталады. Қаңқасы 4 бөлімнен тұрады. Омыртқа жотасы 4 бөлімнен тұрады. 3 отрядқа бөлінеді: құйрықсыздар, құйрықтылар және аяқсыздар. Кластың латынша атауы «амфибийлер».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы

 

  

             Сыртқы құрылысы                                          Ішкі құрылысы

 

Қосмекенділердің қоректенуі және ми бөлімдері. Қосмекенділердің ас қорыту мүшелері балықтардыкімен салыстырғанда ұқсас. Бақалар көбінесе бунақденелілермен қоректенеді. Бақаның аузы өте үлкен. Тілі ұзын. Тілінің ұшы бұратылып, түбі ауыз таңдайында орналасады. Жемін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады.  Ас ауыз қуысынан кейін жұтқыншаққа, одан қысқа өңешке, одан асқазанға түседі. Асқазан қарын сөлін бөледі. Қарыннан ас аш ішекке, одан тоқ ішекке, одан тік ішекке түсіп, қорытылмаған ас қалдықтары клоака арқылы сыртқа шығады.  

Қосмекенділердің миының көлемі балықтардыкіне қарағанда үлкендеу. Милары 5 бөлімнен тұрады: алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми және мишық, сопақша ми.  

Алдыңғы ми – жүйке жүйесіндегі зат алмасуды реттейді және жүйке жасушаларын қорғайды.

Аралық ми -  өткізгіш қызметін және ми қыртыс бөлімдерінің қызметін реттейді.

Ортаңғы ми – көру және есту дыбыс толқындарының қызметін реттейді. 

Мишық – тепе-теңдікті реттейді.

Сопақша ми – ас қорыту, тыныс алу және зәр шығару жүйелерінің қызметін реттейді. 

 

Қосмекенділердің көбеюі және отрядтары

 

 

Қосмекенділер көбейер кезде суға барады. Жұмыртқаларын суда салады. Ересек бақаның сперматозоидтері мен аналық бақаның жұмыртқа жасушасы қосылып, ұрықтанған уылдырық түзеді. Дамудың екінші сатысында ұрықтанған уылдырық дернәсілге айналады. Үшінші сатысында дернәсіл құйрықты итшабаққа айналады. Құйрықты итшабақ құйрықты бақаға айналады. Оның құйрығы дегенерацияға ұшырап, нәтижесінде құйрықсыз ересек бақа пайда болады.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Бекіту

 

Қолдану жүйесі

 

Зертханалық жұмыс № 7

 

Тақырыбы: Сурет бойынша бақаны  қарастыру. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеу.  Бақаның қаңқасын зерттеу.

Мақсаты: бақаның сыртқы құрылысын зерттеу,

бақаның қаңқасын балықтың қаңқасымен салыстыра отырып, анықтап жазу.

 

 
                                                                                        

Құрал-жабдықтар: “Биология 7 с” оқулық,  зерханалық  жұмыс дәптері, “Бақа қаңқасы”.

 

                         

             Балық қаңқасы                                                            Бақа қаңқасы

 

Қорытынды жаса: Бақаның сыртқы құрылысы мен қаңқасының құрлықта тіршілік етуіне сәйкес ерекшеліктерін анықта, оларды көрсет.

1)    ...........................................................................................................................

2)    ...........................................................................................................................

3)    ...........................................................................................................................

4)    ...........................................................................................................................

5)    ...........................................................................................................................

6)    ...........................................................................................................................

 

 

Талдау жүйесі

 

Мақсаты: оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету; нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

 

 

 

 

            Балықтарға тән белгілер                    Қосмекенділерге тән белгілер

Жинақтау жүйесі

 

Терминдер кабинеті

 

                          

 

Амфибия – екі мекен ортасы бар деген мағынаны білдіреді. Қосмекенділер класының латынша атауы.

Итшабақ – қосмекенділердің дернәсілі.

Дабыл жарғақ – қосмекенділерде алғаш пайда болған, сыртқы құлақ бөлімі.

Стегоцефаль – Жер бетінде пайда болған ең алғашқы қосмекенділер.

Тритон және саламандра – құйрықтылар отрядының өкілі.

 

 

VІ.Бағалау жүйесі. Оқушы білімін бағалау

 

Маркировка кестесін аяқтау

 

 

VІІ. Үйге тапсырма беру

 

§ 53 оқу.  Сөзжұмбақ, ребус құрастыру

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Гүлдің құрылысы мен маңызы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 132 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2017 1573
    • DOCX 2.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жапарова Жулдыз Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жапарова Жулдыз Кенесовна
    Жапарова Жулдыз Кенесовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16109
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе