Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Биология сабағында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру

Биология сабағында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Биология сабағында жеті модульді ықпалдастыру тәсілдері.

Мектептегі мұғалімдердің қазіргі заман талабына қарай,өзінің педагогикалық білімдерін жетілдіре отырып жаңа формацияға сай негізделген инновациялық технологияларды пайдаланып сабақты тиімді өткізу басты мақсат етіп алу көзделген.

«Қалай оқу керектігін үйрету»-білім берудегі жаңа тәсіл. Сабақ беру әдістемесін жетілдіру дегеніміз,оқыту сапасын арттыру. Яғни оқушылардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі,өзін-өзі реттеуі,оқу нәтижелерін бағалауды игеруі.

Оған қойылатын талап қадамдары:

1.Оқытуда бірінші баланың өзін-өзі реттелуіне жағдай жасап үйрету;

2.Келешекте өз бетімен білім алуына, өзінің оқуы үшін қажеттігін сезінуіне бағыт беру;

3.Белсенді,табанды,қайратты болуына және пікірі бойынша тәуелсіз болу керектігін ескеру.

Осы талаптарды орындауда біріншіден, оқытудағы кедергілерді анықтау,болжау. Кедергіні шешу стратегияларын дұрыс таңдау және шешімін табуды қажет ететін нақты әдіс-тәсілдерді қолдану.

Сабақтың тақырыбын шығару үшін, қойылатын сұрақ, көрсетілетін сурет түпкі мақсатқа бағытталған болу керек. Оқушылардың жаңа сабақтың тақырыбын өздері тапқаны тиімді. Сыни тұрғыдан ойлау модулі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізеді. Жаңа тақырыпты анықтау кезеңінде «Миға шабуыл» стратегиясын қолдану тиімді. Ол оқушының жаңа тақырыпқа деген ынта-ықыласын бірден арттырудың жақсы тәсілі және оқушы зейінін тұрақтандыруға бағытталған іс-әрекет.

Сабаққа мақсат қою ол өз алдына ауқымды мәселе және де қойылған мақсат қолжетімді болу керектігіне көңіл бөлу. Мысалы,«Қанның құрамы» тақырыбында оқытудың негізгі мақсаттары мен нені білу керек?- дегенде, Организмнің ішкі ортасын құрайтын қан элементтерінің құрамдарымен танысады. Мағлұмат алады, сипаттама береді. Ерекшеліктерін талдай алады-десек. Оқу нәтижелері, оқушы не істей алады?-деген талапқа: «Өз ойларын жеткізуге үйренеді;организмнің ішкі ортасын құрайтын бөліктерінің атауларын біледі;қан жасушаларының құрамын біледі,атап бере алады,ажырата алады;қан жасушаларына сипаттама бере алады; адам организімі үшін қанның маңызын біледі»-деген оқу нәтижелерін келтіре аламыз.

Жаңаша оқытудың дағдылары: зерттеу; проблеманы шешу; сыни ойлау;өздігінен білім алу;ынтымақтастық;ақпаратты өңдеу;креативтілік;практикалық дағдылар.

Сабақ барысында қолданылатын СТО стратегиялары біріншіден,сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау боып табылады, екіншіден, сыни тұрғыдан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып оны есте сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Тың идеялар ойлап табуы мүмкін. Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

«Құстар класы» тақырыбын меңгертуде құстарды топтастыруға тапсырма беремін. Тақтаға 10 құстың суретін ілемін де, оларды дене құрылысының ерекшелігіне, тіршілік ортасына бейімделуі бойынша топтастыруға бағыт беремін. Бұл стратегияның нәтижесі оқушының оқу үдерісіндегі белсенділік, білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, мұғалім-бұл үдерісте көмек беретін жан. Топтық жұмыс кезінде оқушыға гипотеза жасауға,оны қорғауға,сынақтан өткізуге, қорытынды жасауына уақыт болуы керек. Сонымен қатар, оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беру. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу,ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Блум токсономиясы бойынша сұрақтар иреархиясын жоспарлау. Сабақтың Бұл мақсат пен бағалау арасындағы байланысты іске асыруға бағытталады. Мысалы: «Ағзаның ішкі ортасы» тақырыбында:

«Білу және түсіну» ойлау деңгейінде: Ағзаның ішкі ортасына не жатады? Атаңыз.

«Қолдану» ойлау деңгейіндегі сұрақ: Қан жасушаларының негізгі құрамын түсіндіріңіз?

«Талдау» ойлау деңгейіндегі сұрақ: Қан жасушалары: Эритроцит,лейкоцит және тромбоциттердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз.

«Жинақтау» ойлау деңгейінде сұрақ: Қан жасушаларының адам ағзасындағы маңызы мен





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров118
Номер материала ДВ-488092
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх