Инфоурок Дошкольное образование СтатьиБолашақ мұғалімдердің мінезінің ерекшелігі

Болашақ мұғалімдердің мінезінің ерекшелігі

Скачать материал

Болашақ мұғалімдердің мінезінің ерекшелігі

Семей қаласы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж оқытушысы, п.ғ.м., Елеусизкызы Меруерт

 

Аннотация

Бұл мақалада болашақ мұғалімдердің мінезінің ерекшеліктері қарастырылып, зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылған.

 Аннотация

В этой статье рассматривается особенности характера будущих учителей, а также предоставлены  выводы исследовательской  работы.

Аnnotation

This article discusses the features of the character of future teachers, and provided research findings.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «... мұғалімнің кəсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру жұмысы жүргізілетін болады. Осылайша, білім берудегі ахуалы педагог үшін: педагог кəсібінің тартымдылығы; мансаптық өсу жүйесін қамтамасыз ету; барлық қызмет аясында білім алу, оның ішінде шетелде жəне кəсіптік құзыреттілікті дамыту, педагог мамандығының беделін көтеру...» деп көрсетілген. [1]

Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінде  мінезінің сипатын талдаудың өзектілігі зор.

Мәселенің өзектілігі қоғам жаңаруының үрдістері жағдайындағы педагогикалық теория мен тәжірибені дамыту қажеттілігімен анықталып отыр. Себебі, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу деңгейінің түбегейлі мәні бар. Педагогикалық мамандарды дайындау процесінің әлеуметтік маңызының ұлғаюы мұғалімдердің кәсіби дайындығы жүйесін реформалаудың өзара байланысты процестері мен олардың жоғары оқу орнындағы дайындығына деген талаптардың өсуіне тәуелділігі түрткі болды. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.

Сол себепті, жастардың мінез ерекшеліктерін айқындау мақсатында эксперимент жұмысы жүргізілді. Зерттеу базасы ретінде Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің және Литваның Эдукологиялық университетінің  студенттерінен Гекстің «Мінез ерекшеліктерін анықтау» сауалнамасы алынды. Сауалнамаға екі елдің де студенттері өз еріктерімен қатысты. Елдердің экономикалық, этникалық, физикалық-географиялық,  орналасу жағдайларына байланысты ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. 

Бұл сауалнама тұлға мінезінің типтік ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Сауалнама жалпы 38 сұрақтан құралған. Әрбір сұраққа номиналды шкала бойынша «0 – мүлдем байқалмайды», «1 – әлсіз байқалады», «2 – орташа», «3 – жоғары» деген баллды белгілей отырып, жауап береді. Оның нәтижесін өңдеуде әрбір сұрақты  сәйкесінше тиісті 8 бағанның біріне қойып, баллдардың қосындысын шығарамыз. Ең жоғарғы көрсеткіш тұлға мінезінің айқын ерекшелігі болып табылады. (1,2 кесте)

1-кесте

Мінез типтері

Пайыздық көрсеткіш

1

Күшті эмоционалды

6%

2

Жомарт-холерик

6%

3

Сентименталды-сезгіш

0%

4

 Жүйкесі тозған  (Нервный)

0%

5

Флегматикалық

60%

6

Шыншыл-сангвиник

27%

7

Апатиялық (тормозной)

13%

8

Аморфты

6%

2-кесте

Литва Эдукологиялық университетінің студенттерінің мінез көрсеткіштері

Мінез типтері

Пайыздық көрсеткіш

1

Күшті эмоционалды

27%

2

Жомарт-холерик

20%

3

Сезгіш-сентименталды

0%

4

 Жүйкесі тозған  (Нервный)

0%

5

Флегматикалық

53%

6

Шыншыл-сангвиник

27%

7

Апатиялық (тормозной)

20%

8

Аморфты

0%

Бұл эксперименттік жұмысты бүкіл Қазақстан және Литва жастарының мінез ерекшеліктерін сипаттайды деп айтуға болмайды. Себебі, эксперименттік зерттеуге қатысқан сыналушылардың арасында әйел адамдар саны басым болды.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, жалпы Қазақ халқы мен Литва халқы арасында өзіндік ерекшеліктер және ұқсастықтар байқалады. Бұл ерекшеліктерге халықтың әлеуметтік˗экономикалық жағдайы, географиялық ортасы, салт˗дәстүрі, тарихының ортақтығы және т.б. факторлар тікелей әсер етеді. Қазақ жастары мен литвалық жастардың мінез ерекшеліктеріне толығырақ тоқталып өтіп кетсек.

Ең біріншіден,  күшті эмоционалды (1), жомарт-холерик (2) және апатиялық (7) мінез көрсеткіштері бойынша қазақ жастарына қарағанда литвалық жастардың бойында күштірек екенін байқадық. Оның себебі, сауалнамаға көбіне әйел адамдар қатысқандықтан. Ал  қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген мақал бар. Бұл біздің ұлттық менталитетіміздің бір белігісі. Сондықтан да біздің ұлттық мінезіміз дәл осы жерден айқын көрініс тапты.

Екінші ерекшелік, Қазақ және Литва жастарының ұқсатықтары болып табылады. Сентименталды-сезгіш (3), жүйкесі тозған (4), аморфты (8) типтері қатысқан 30 респонденттердің ішінде бірде біреуінде жоғары көрсеткіш көрсетпеген. Біздің ойымызша, өте төмен деңгей көрсетуінің себебі, Қазақ  және Литва  жастарының сабырлы, байсалды, бірқалыпты, шыдамдылығына байланысты.

Үшіншіден, флегматикалық (5) және сангвиниктік (6) мінездің белгілері екі елдің жастары арасында ең жоғары пайызды алып тұр. Респонденттердің арасында осы типтерінің басым екендігін байқады. Өйткені, екі мемлекеттің де студент-жастарының барлығы педагог мамандар болғандықтан, әдістемелік ойлауы, тәртіпті жақсы көру, адамдармен қарым-қатынасқа түсу, келеңсіз жағдаяттардан тиімді шығу сияқты қабілеттері жоғары дәрежеде дамыған. Осыған байланысты сұрақтарды саралай келе, барлығына ординалды шкаланың ең жоғарғы көрсеткіштерін белгілеген деген қорытынды жасауға болады.

Келесі экспериментке Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» 1 курс студенттері және «Педагогика және психология» 1 курс студенттері қатысқан.

Толығырақ тоқталатын болсақ, SPSS бағдарламасына мәліметтерді өңдеу кезінде, біз рангтік шкалаға сәйкес келетін матиматикалық-статитикалық әдісті таңдап алдық. [2, 14]  Ал соның нәтижесінде мынадай нәтиже алдық.

1-кесте

«Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Педагогика және психология» мәндерін өңдеу үшін SPSS бағдарламасына Спирмен корреляциясымен шыққан нәтиже

 

 

 

БОПӘ

ПП

ро Спирмен

БОПӘ

Корреляция коэффициенты

1,000

,988**

Мәнд. (2-жақты)

.

,000

N

8

8

ПП

Корреляция коэффициенты

,988**

1,000

Мәнд. (2-жақты)

,000

.

N

8

8

**. Корреляция мәнділік деңгейі 0.01 (2-жақты).

 0,98 >  (p<0,01)

Нәтижесінде  альтернативтік болжамы қабылданады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» 1 курс студенттері және «Педагогика және психология» 1 курс студенттері мінез ерекшелеліктері арасындағы корреляция статистикалық мәнді болып табылады. Яғни респонденттердің бойындағы мінез ерекшеліктерінде айырмашылықтарға қарағанда, ұқсастықтардың басымдылығы көрінді. Біздің ойымызша, бұл ұқсастықтар распонденттердің жас ерекшелігімен тікелей байланысты. Себебі, бұл зерттеуге қатысқан респонденттер 1 курс студенттері. Соған сәйкес, олардың жас шамасы – 17-19 жас. Олардың, мінез-құлықтары, жүріс-тұрысы, адамгершілік сапаларына тікелей қарым-қатынастағы орталарымен, ата-анасы, достарымен әсер етеді. Екіншіден, ұлттық сана. Бала үйден қандай тәрбие нышанын көрсе, осы жаста адам соған сәйкес әрекет етеді, оның мінезі, жүріс-тұрысы, ерік сапалары, құндылықтары да ұлттық санамен бірден бір байланысып жатыр.

Егер де, темперамент адам бойына туа бітсе, ал мінез – ұлттық санамен, жас ерекшелігімен, көңіл-күйімен, ортасымен, тәрбиесімен, ерік-жігерімен тоғысып жатыр. Ал болашақ педагогтардың таңдаған мамандықтары мінезінің өзгеруіне байланысты болады. Неғұрлым мамандықты тереңінен оқып, тәжірибеден өткен сайын болашақ  мұғалімнің бойында соғұрлым  балажандылық, шыдамдылық, түсінушілік, мейірімділік, тұрақтылық, табандылық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына жағдай жасалыну керек.

Ғалым, психолог Ғұмар Қарашұлының пікірінше, мұғалім мінезінің орнықтылығы мен білімнің жан-жақтылығы – шәкірт алдында беделді болудың басты шарты. [3, 6]

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1                   Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010ж

2                   Қосанов Б.М. педагогика мен психологиядағы математикалық өңдеу әдістері: Оқу құралы/ - Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ. 2012, 102б

3                   Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. – Алматы: «Білім», 2000 – 76б

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Болашақ мұғалімдердің мінезінің ерекшелігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 072 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2017 718
    • DOCX 26.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елеусизкызы Меруерт -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елеусизкызы Меруерт -
    Елеусизкызы Меруерт -
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3771
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психосоматические расстройства у детей дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 309 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 615 человек

Курс повышения квалификации

Индивидуализация психического развития ребенка дошкольного возраста в контексте системного подхода

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Психологические методы и тесты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе