Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Бостандық қоңырауы" тақырыбындағы тәрбие сағаты

"Бостандық қоңырауы" тақырыбындағы тәрбие сағаты

Скачать материал

Бостандық қоңырауы

(Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, бірінші республикалық баспасөз конкурстарының жүлдегері, журналист – жазушы Қайыммұнар Табеймен кездесу кеші)

            Мақсаты: Желтоқсан құрбандарын еске алып, Қайрат өмірінен үлгі-өнеге алып, елін-жерін, тілін сүюге тәрбиелеп, бірлікке, әділеттілікке баулу. Қайрат және Қ.Табей  шығармаларымен таныстыру.

            Көрнекіліктер: 1. Бейнероликтер а) «Қайсар рухты қазақ»

                                                               ә) «Желтоқсан құрбандары»

2.                  Газет «Мұзда жанған алау»

3.                  «Ер есімі – ел есінде» - кітап көрмесі

4.                  Сөздер: «Бостандықтың қоңырауы»

                                    «Желтоқсан жаңғырығы – еркіндік жаңғырығы»

            Барысы: Мұғалім сөзі. Бейнеролик көрсетіліп, көрмемен таныстыру. Буклет, газет материалдары жан-жақты қамтылып, кіріспе сөз сөйленеді.

            Жүргізуші: Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған «Бостандық қоңырауы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Желтоқсан құрбандарын үнсіз тұрып, еске алайық!

            Баяндама «Қайсар рухты қазақ»

            1-оқушы: Желтоқсанда, Алматыда, ақ қарда

                               Алма бақтар ақ қырауға батқанда.

                               Күңірене күн күркіреп тау жақтан

                               Жайдың оты жалаң қақты шатқалда.

            2-оқушы: Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсанда, Алматыда және Қазақстанның бірқатар облыстарында бой көрсетулері ұлтшылдық сипатта болған емес.

            3-оқушы: 1986 жылғы 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің небәрі 18 минутқа созылған рекордтық қысқа уақытта өткен Пленумы болды. Қазақстанның да, елдің де тыныштығын бұзу үшін бұл уақыт жеткілікті еді.

            4-оқушы: Жиналғандар екі ондыққа толмас минутқа Қазақстандағы отыз жылдай мерзімде басшылық еткен Д.А.Қонаевты қызметінен алды. Оның орнына Саяси бюроның ұсынысы бойынша жіберілген Ульянов партия үйымының жетекшісі Г.В.Колбинді де солай бірауыздан сайлады.

            5-оқушы: Сезімтал халықтың мұң-мұқтажын жетік білетін ақындар өлең де шығарып, жұрт оны айызы қанғанша ән ғып айтып жүр.

            6-оқушы: Қасқалдақ ұшып көлінен,

                              Шүрегей келін қонған күн.

                              Қыранды қуып көгінен,

                              Қарғалар билік алған күн

            7-оқушы: «Қара бауыр қасқалдақ» әні (Есенғали Раушанов).

            8-оқушы: 17 желтоқсан күні ертеңгілік Орталық Комитет ғимаратының алдындағы Л.И.Брежнев алаңына жастар шықты.

            9-оқушы: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков небәрі 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Есіл ер зұлым  күштің құрбаны болды. Қайрат батыр ғана емес, ақын да еді. Оның шындық деп шырылдаған даусы абақтының тас қабырғасын қақыратып, құлағымызға жыр болып жетті.

            10-оқушы: Қайраттың сот алдында айтқан әйгілі «Ақтық сөзі» мен ата-анасына жазған «Соңғы хат», «Өкініш» өлеңі кім-кімді де терең тебіреніске, толғанысқа бөлері хақ. Енді Қайраттың өлең-жырына құлақ түрейік.

 

            11-оқушы:

                                                   Өкініш

                       

                        Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,

                        Туа бермес сіз секілді асылдар.

                        Қартайғанда жүрегіңді қаралап,

                        Кесір болды-ау біз секілді масылдар.

                        Айналайын, қарындасым, қарағым,

                        Қолда кісен, мен айдауға барамын.

                        Қайғы жегіп, азап тартқан ағаңды,

                        Айтшы жаным, қандай жанға баладың?

            12-оқушы:

                        Екі жүзің қырылдап,

                        Екі жүзің ұрылып,

                        Екі жүзің сотталып,

                        Жоқтаусыз кетіп барасың.

                        Қатарым жусап қалғанда

                        Қыршынымнан қиылып,

                        Солармен бірге өлсемші-ай!

                        Артта қалған ата-анам,

                        Арулап қолдан көмсеші-ай!

            13-оқушы:

                                    Ақтық сөзі

                        Қорлай да беріп қайтадан

                        Титыққа орыс жетпесін.

                        Туған жердің намысы

                        Бөтен қолда кетпесін,

                        Абай туған жерінде

                        Бомбасын атом жармасын.

                        Құлыптасты қиратып,

                        Өлігіңді қазбасын.

                        Өз ұлтыңның басшысын

                        Орнына сүйреп алмасын.

                        Үміт еткен Мәскеуден

                        Қарадай көңілің қалмасын.

            14-оқушы:

                        Қаймана қазақ қамы үшін

                        Қараусыз шықтық алаңға.

                        Алыстан әскер алдырып,

                        Қырып салды-ау табанда.

                        Сөйлесем даусым жетпейтін,

                        Кез болдық мынау заманға

                        Шовинизм еді ғой,

                        Басты себеп жанжалға.

            15-оқушы: Қайрат абақтыда отырған мезгілде қазақ тілінің тағдыры саяси саудаға түсіп, қызу айтыс-тартыс жүріп жатқан кез еді. Бақытымызға қарай, ана тіліміздің болашағы үшін басын бәйгеге тіккен академик Әбдуәли Хайдаров сынды ағаларымыздың даусы астанадан бастап, алыстағы ауылдардағы ағайындардың құлағына еміс-еміс жетіп жатты. Бұған түрмедегі Қайрат та өз үнін қосқанына «Ана тілі» атты мына өлеңі куә.

            16-оқушы:

                        «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген»,

                        Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

                        Жаман үйді қонағы билейді деп,

                        Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

                        Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

                        Қазағымның артық жоқ өз тілінен...

            17-оқушы: «Анамның тілі» оқушылардың орындауында.

         

            18-оқушы: Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты 1993 жылдың 20-22 щілде аралығында өткен сот процесінің барысында тарихымызда тұңғыш рет бұрын ата-бабаларымыз қолданып келген заң кодекстеріне сүйене отырып, Қайрат Рысқұлбековтың  отбасына материалдық, моральдық шығын үшін 31 миллион сом күн төлеуге билік шығарды.

 

            19-оқушы: Ән «Менің Қазақстаным» әнін бәрі қосылып айтады.

 

            20-оқушы: Жетісай қаласындағы орталық мәдени демалыс бағына Қайрат есімі берілді.

 

            21-оқушы: Алматы, Семей қалаларындағы орталық үлкен көшелердің бірі Қайрат есімімен аталады.

 

            22-оқушы: Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, «Қоңырат» ауылының орталау мектебі Қ. Рысқұлбеков атында.

 

            23-оқушы: Туған ауылындағы бір көшеге Қайрат есімі берілді.

 

            24-оқушы: Қайратқа халық қаһарманы атағы берілді.

            «Желтоқсан құрбандарына» атты М.Шахановтың өлеңі оқылады.

 

            25-оқушы: Әр дәуірдің еркіне сай нақты өзгерген алтынның,

                                 Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның .

                                 Желтоқсанда  шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

                                 Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың...

 

            26-оқушы: Өсер ұлдың қай сәтте де, бірлік болмақ қалауы.

                   Бәрі: Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауы.

 

            27-оқушы: Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,.

                    Бәрі:  Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

                     Хор: «Желтоқсан желі»

 

            28-оқушы: Желтоқсан құрбандарына (Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Е. Сыпатаев, т.б.) бағыштап құран оқиды. (Жеті шелпек оқушыларға, қонақтарға таратылады)

 

            Жүргізуші: Келесі сөзді Желтоқсан оқиғасының куәгері, Қайрат мәселесіне қалам тербеп, кітаптары жарық көрген белгілі журналист-жазушы, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, бірнеше республикалық баспасөз конкустарының жүлдегері, «Желтоқсан жаңғырығының» жаршысы Коммунар Табейге берейік. 

 

            (Жазушы-журналист сөзінен кейін оқушылар түрлі сұрақтар қойды. Жауап берілді.

Коммунар Табей үздік оқушыларға Қайраттың бейнесі бар значокты табыс етті, сынып жетекшісіне «Мұзда жанған алау» кітабын сыйға тартты. Сынып жетекшісіне кітаптар сыйлап, рахметін айтты. Оқушылар автор қолтаңбасын алды).

 

            Жүргізуші: Осымен Желтоқсан оқиғасына арналған «Бостандық қоңырауы» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге, зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

                                                                                                 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бостандық қоңырауы" тақырыбындағы тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Желтоқсан оқиғасына, Қайрат Рысқұлбеков туралы өткен тәрбие сағатының жоспары жарияланып отыр. Сынып жетекшілеріне көмекші құрал бола алады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 311 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2021 302
    • DOCX 17.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темиргалиева Манар Бидахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33513
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 763 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 021 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Мини-курс

Понимание психологических феноменов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе