Инфоурок Математика Конспекты"Бұрыш" сабақ әзірлемесі (5 сынып)

"Бұрыш" сабақ әзірлемесі (5 сынып)

Скачать материал

Қысқа мерзімді жоспар

 

Сабақтың тақырыбы

Бұрыш

 

Сабақта қарастырылатын оқыту мақсаты:

5.3.1.5 бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық) ;

5.3.3.3 бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға  берілген есептерді шығару;

Сабақ мақсаттары

- бұрыштың түрлерін анықтайды (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық);

- бұрыштың градустық өлшемін табуға есептер шығарады.

Жетістік критерийлері

- бұрыштың түрлерін анықтайды (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық);

- бұрыштың градустық өлшемін табуға есептер шығарады.

- бұрышты белгілейді және математикалық тілде жазады.

Тілдік  мақсаттар

Оқушылар:

Бұрышты анықтамасы бойынша салады, түрлерін ажыратады, математикалық тілде бұрышты айта алады.

Пәндік лексика және терминология:

 транспортир; градус; бұрыштың градустық өлшемі; бұрыштың төбесі, бұрыштың қабырғасы

Диалог/жазу үшін қажетті сөздер:

Талқылау:

- тік бұрыштан кем бұрыштар …;

- тік бұрыштан артық, бірақ жазыңқы бұрыштан кем бұрыштар ...;

Жазу: Бұрыштың төбелерін, қабырғаларын, градустық өлшемін  жазу. 

Құндылықтарды дарыту

 

Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы ұжымшылдыққа тәрбиелеу:

жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, сызу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, видео, смартфон; Kahoot қосымшасымен ұялы телефонна интернет желісі арқылы тақырыптың нәтижесіне болжам жасау.

 

Бастапқы білім

Бұрыш, бұрыштың шамасы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру кезеңі:

 «Жылы сөздер» тренингі арқылы сыныпта жағымды психологиялық жағдай орнату.

 

Топқа бөлу.

Оқушыларға үстел үстінен өздеріне ұнайтын фигураны таңдап алу ұсынылды. Оқушыларды төрт топқа бөлу үшін фигуралар төрт түрлі түспен берілді. Бір түспен берілген фигуралар таңдаған балалар топқа бірігіп отырды. Әр фигураға байланысты сипаттама беріліп, психологиялық жағдай орнатылады.

 

Ширату жаттығуы:

Суреттер: Нені байқадыңыз?

1.     Балалар, мына суреттерден сіздер нелерді көріп тұрсыздар?

-         Фигураларды көріп тұрмыз.

2.     Осы фигуралардың атын атап, қабырғасы мен төбесін көрсетейік!

-         Үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш

3.       Бұлар қалай жасалған:

-          Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған. үш+бұрыш, төрт+бұрыш...

Балалар,  олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

-          «Бұрыш»

Осы сабақта біз бұрыштың атауларымен, түрлерімен танысамыз, бұрыштарды оқып, білеміз.

 

Мағынаны тану:

«Кластер» әдісі арқылы «Бұрыш» тақырыбын берілген ертегіге және кітапқа сүйене отырып постерге салады. Кейін әр топтан бір оқушы шығып, тақтадағы кластерді толтырады.

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі

толықтай түсінсе, сенімді болса бас бармағын жоғары көтереді;

түсінуге жақын болса, аздап білсе бас бармағын ортада ұстайды;

егер түсінбесе, сенімсіз болса бас тармағын төмен түсіреді.

 

«Сағат неше болды?» ойыны. Логикалық есептерді шешу (ауызша)

1.      Сағатттың минуттық тілі мен сағаттық тілі 1500-де қандай бұрыш жасайды?

2.      Тәулігіне сағат тілі неше рет тік бұрыш жасайды?

3.      Сағат алтыны көрсеткенде оның сағаттық тілі мен минуттық тілі арасындағы бұрыштың шамасы қанша болады?

Бағалау критерийі:

логикалық тапсырмаларды көзге елестету арқылы бұрыштың градустық өлшемін табады

Қалыптастырушы бағалау: «Қол шапалақтау» арқылы

 

Түрлі-түсті фигуралар суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірме материал «Бұрыштар елі» туралы ертегі

Оқулық «Математика»

5 сынып

Т.А. Алдамұратова,

Қ.С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов

Алматы «Атамұра» 2017

http://expert.atamura.kz/kz/books/77#page/135

А3 форматы, түрлі түсті маркерлер, стикерлер.

https://ds03.infourok.ru/uploads/ex/0234/0000ec93-bfe19372/img3.jpg

Сабақтың ортасы 

 

Жаңаны қолдану:

Кім жылдам? Жеке жұмыс

 Берілген бұрыштардың өлшеп, градустық өлшемдерін жазыңдар? Дәптерге сызыңдар

Бағалау критерийі:

1.     Суреттегі барлық бұрыштарды өлшейді

2.     Градустық өлшемдерін анықтайды

3.     Транспортирдің көмегімен бұрышты сызады

4.     Бұрышты белгілейді және математикалық тілде жазады.

Қалыптастырушы бағалау: стикерлер арқылы бағалау

- өте жақсы;  -жақсы; -қанағатты.

«Сіз қаншалықты сенесіз?»

Мұнда дұрыс жəне дұрыс емес тұжырымдар, түйінді сөздер беріледі.

1.

Бір нүктеден басталатын екі сәледен құралған фигураны бұрыш деп атаймыз

иә

2.

Градустық өлшем дегеніміз берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін санды айтады

иә

3.

Бұрышты құрайтын сәулені бұрыштың төбесі деп атайды

жоқ

4.

Қабырғалары қарама-қарсы сәулелер болатын бұрыш жазыңқы бұрыш болады

иә

5.

Тік бұрыштан үлкен, бірақ жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады

иә

6.

Бұрыштың қабырғалары кесінділер болады

жоқ

7.

Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін градусник қолданылады

жоқ

8.

Толық бұрыштың гралустық өлшемі 1800-қа тең

жоқ

9.

Кез келген доғал бұрыш сүйір бұрыштан үлкен

иә

10.

1790 доғал бұрыш.

иә

 

Бағалау критерийі:

1.      «дұрыс» немесе «дұрыс емес» сөздерін жазу арқылы оқушылар ойларын жүйелейді

2.      жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: «Плюс+» «минус-» әдісі

«+»-дүрыс жауапқа; «-»-қате жауапқа қою

 

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Үлестірме материалдар, смайликтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеролик

 

 

Оқулықпен жұмыс.  «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы арқылы 

І топ: №871

ІІ топ: №874

ІІІ топ: №877

Бағалау критерийі:

1.  - есептің шартына сәйкес сурет салады;

- бұрыштарды дұрыс табады;

- жауабын жазады.

2.  - сүйір бұрыштарды жазады;

- доғал бұрышты жазады;

- тік бұрыштарды жазады;

- жазыңқы бұрышты жазады.

3.  - сүйір бұрышты транспортир көмегімен салады;

- доғал бұрышты транспортир көмегімен салады

Қалыптастырушы бағалау:  «Бағдаршам» әдісі

Жасыл - барлық есептер дұрыс шығарылған; 

Қызыл- түсінбедім;

Сары –  түсіндім, сұрақтарым бар

Оқулық «Математика»

5 сынып

Т.А. Алдамұратова,

Қ.С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов

Алматы «Атамұра» 2017

http://expert.atamura.kz/kz/books/77#page/135

 

Бағдаршам суреті

Сабақтың соңы

 

Элективті тест.

Kahoot бағдарламасы арқылы тест тапсырмаларын орындау.

Білім алушы Интербелсенді тақтадағы тестті kahoot.it сайтына кіріп орындайды. Берілген тапсырманы уақытылы орындап, сұрақтарға нақты жауап береді.

Бағдарлама бойынша дұрыс жауапты әр оқушы өз тексере алады.

Get.kahoot.com арқылы құрастырылған 9 сұрақ

Бағалау

 

 

 

Кері байланыс. «Бағалау ағашы»
Оқушылар себеттегі алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

Қызыл – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Сары – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Жасыл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

 

                                  Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар бірлесе отырып жұппен жұмыс жасайды. Олар бір – біріне көмек көрсету арқылы есептерді бірлесіп шығарады. Жұппен жұмыс бойынша  әр жұп  шығарған есептерін  басқа жұптар алдында  қорғайды және әрбір жұп мүшесінің өзіндік рөлі болу керек. Ал баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұранамын.

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін  кері байланыс жасау және қалыптастырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу.

Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

 

    Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бұрыш" сабақ әзірлемесі (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 966 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2017 4090
    • DOCX 252.1 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сырымбетов Бауыржан Маратович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сырымбетов Бауыржан Маратович
    Сырымбетов Бауыржан Маратович
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44671
    • Всего материалов: 36

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 180 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 069 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 181 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе