- 30.09.2020
- 650
- 2
Еще материалы по этой теме
СмотретьДЕБАТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ
Джулаева Балия Бабыққызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына жету үшін қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Соған орай білім мен ғылым жаңа заман талабына сай ұлттық идеялармен ұштастыруды көздейді. Елбасының жолдауында «біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген. Білім беру жүйесі жаңа өркениетті қоғамға қажетті білімді, қабілетті, өз ойын еркін білдіретін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуге бағытталған. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтпақшы, жас ұрпақ бойындағы қабілет-қарымын тамыршыдай тап басып бағыт берілсе, жасампаздық қасиеттерді бойына сіңіріп өскендіктен, нағыз ұлтын сүйетін азаматтар елінің тағдырына бей-жай қарамай, келешегі көркем болар еді. Бүгінгі таңда оқушы құзіреттілігін арттыру басты мақсат болып отыр. Ал, психологиялық сөздіктерде «компоненттілік», «құзіреттілік – жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттері» делінген.Competent сөзі французша «компонетті» заңға сай, латынша «сай болу», «қабілеті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
Сонымен,
құзіреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті
өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана
алу қабілетін айтады. /1.1/ Оқушының құзіреттілін арттыру үшін не
істеуіміз керек?
.
Жаңа педагогикалық технологиялар білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетілдіруге, оқушылардың дамуына бақылау жасауға негізделген. Шәкірттерді өзгермелі өмірде еркін өмір сүруге, өмірде еркін бағдар алатындай және өз ойы мен пікірі бар етіп тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың ролі ерекше.
Коммуникативті құзырлылық оқушыны білімін, іскерлігін, дағдысын іс жүзінде қоғаммен, ұжыммен, отбасымен әлеуметтік қарым-қатынасқа түскенде бағыт беріп, әр жағдайдан, әр қайшылықтан шыға білуіне, қалыптасқан көзқарасты сыни талдай білуге бағыттайды.Оқу үдерісінде қалыптасып қалған педагогикалық тұрғыда қойылған мәселені шешу мүмкін емес. Күн талабына сай оқу- тәрбие үдерісіне тұлғаға бағытталған, дамытпалы және коммуникативтік технологиялар енгізу өз шешімін береді.[4.1]
«Дебат» (Debate) немесе пікірталас әртүрлі контекске орай сыни тұрғыдан ойлау немесе іскер ойын ретінде ұғынылады. Пікірсайыс – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Дебат бағдарламасы тыңдармандарды пікірталас үрдісіне тарту арқылы интеллектің даму технологиясын ұсынады. Пікірталасқа түсушілердің мақсаты, әдетте, даулы проблемалар бойынша қандай да бір позицияны қорғап, өзге позицияны теріске шығаруды көздейді.
Жастар пікірсайысының арнайы құрылымы, ережесі бар, тақырып аясы мен уақыты шектеулі. Пікірсайыстың әзірге үш-төрт үлгісі бар. Олар:
-мектеп оқушыларына арналған Карл Поппер дебатының бағдарламасы;
-студенттерге арналған Американ Парламенттік Дебаты және Британ Парламенттік Дебаты;
-Линкольн және Дуглас пікір сайысы. /2.1/
Сабақтарда пікірсайыс әдістемесін түрлендіре пайдалану оқушыларды ізденуге, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
- өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге баулиды;
- шығармашылық қабілеті шыңдалады, шұғыл шешім қабылдай білуге үйренеді, кітапханамен байланысы нығаяды;
- оқушылар сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтанады.
Дебат ойындарында кейсті дұрыс құру өзіндік роль атқарады. Керекті кейсті құрарда нақты кезеңдерді есте ұстауы шарт. Бұл жерде топтың ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды зерттеу кезінде пайда болған білімнің, дәлелдердің, ақпараттардың жиынтығы.
Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі:
1. Ой жүгірту арқылы алғашқы дәйектерді анықтау;
2. Негізгі пікірлерді қолдайтын дәлел іздеу;
3. Дұрыс түсіну үшін алғашқы дәйектерді жетілдіру;
4. Кейс жазу;
5. Кейсті әсірелеу.
Мектеп оқушыларына арналған саяси элементтері бар Карл Поппер ойынының ережесіне келсек, оның ерекшелігі – кейстің құрылымында. Жақтау тобы жоспарын таныстыруы және қорғауы керек, сол жобадан шыққан пайдалы нәтижені анықтауы керек. Даттау тобы жақтау тобы ұсынған жобаға даттау жасайды, яғни жоспарынан келетін шығын мен зиянның салдарын көрсету керек. /3.3/
Ал пікірсайыстағы даттау тобының өте жақсы терістеуі жақтау тобының логикасы мен құрылымына сәйкес құрылады.
Жақтаушы Даттаушы
Дебат ойындарында оқушылардың ой ұшқырлылығы қарама-қарсы сұрақ сәтінде анық байқалады. Білімді, көп ізденетін оқушылардың өзіндік ой-өрісі ойын барысында көрінеді. Қыннан қылыш қылыш суырғандай сұрақтары қарсы топты ойландырып, өз кейстеріне күмән тудыратындай етулері керек.
Жалпы, оқушылардың бойына ұлттық үрдісті сіңдіруде, баланы озық қоғамға сай етіп тәрбиелеуде дебат технологиясының берер пайдасы мол. Оқушыларға сапалы білім мен саналы білім беру – бүгінгі күннің басты өлшемі. Өз позициясын жақтап шығуға тырысқан оқушылар бос уақытта сенделмей, кітапханаға барып түрлі материалдар іздестіреді. Қазіргі таңда ғаламтордың шеңберінен шырматылып шыға алмай қалған балалардың көркем әдебиет оқуға құлшынысы арта түседі. Ойын барысында өз ойларын келелі сөз, шынайы шеберлікпен, шешен тілмен жеткізуге тырысады. Кез келген тыңдаушыға жүйелі сөз әсер етері хақ. Шешендік салтанат құрған жерде оқушылар ұлттық-рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, алдағы күнде ел жүгін мойнымен арқалауға дайын тұрады.
Дебат технологиясын пайдаланудың негізгі мақсаты – оқушылардың жалпы қабілеттерін дамыту болса (қисындық ойлау, сөйлеу мәдениеті, өзін -өзі ұстай білу т.б.), қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқу процесінде меңгерген нақты білімдері мен дағдылары өзіндік мақсат емес, жоғарғы мақсатқа жетуге бағытталған құрал болып табылады.
«Оқушыларды нәтижеге бағытталған әрекетке үйрету және алған білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету әр мұғалімнің міндетіне айналуы тиіс»
Жаһандану заманында білім берудің озық үлгілерін пайдалана отыра нақты нәтижелерге қол жеткізу – бүгінгі заманның басты талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.Қалелхан. «Дебат» әдісін пайдаланудың тиімділігі. //»Ертіс дидары» газеті. 18.04.2009
2. З.Н.Қасымқанова Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық белсенділігін арттыру. // Конференция материалдары.
3. Дебат ойынының ережелері.
4. Қ.О.Касентаева. Дебат технологиясын пайдалану негізінде жоғарғы сынып оқушыларының коммуникативтік құзырлығын дамыту
Настоящий материал опубликован пользователем Джулаева Балия Бабыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалУчитель казахского языка и литературы
Файл будет скачан в формате:
Жаңа жылды қарсы алу үшін безендіру әзірлемесі.
Жалаушаларды үйде, мектепте немесе балалардың шығармашылық шараларында қолдануға ыңғайлы.
Нұсқаулық:
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына жету үшін қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Соған орай білім мен ғылым жаңа заман талабына сай ұлттық идеялармен ұштастыруды көздейді. Елбасының жолдауында «біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген. Білім беру жүйесі жаңа өркениетті қоғамға қажетті білімді, қабілетті, өз ойын еркін білдіретін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуге бағытталған. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтпақшы, жас ұрпақ бойындағы қабілет-қарымын тамыршыдай тап басып бағыт берілсе, жасампаздық қасиеттерді бойына сіңіріп өскендіктен, нағыз ұлтын сүйетін азаматтар елінің тағдырына бей-жай қарамай, келешегі көркем болар еді
7 236 215 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 214 703 материалы из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.