Инфоурок Начальные классы КонспектыӘдебиеттік оқу. Аққұс туралы аңыз. О.Бодықов.

Әдебиеттік оқу. Аққұс туралы аңыз. О.Бодықов.

Скачать материал

Тақырыбы: «Аққұс туралы аңыз». О.Бодықов.

 

Мақсаты: 1) Оқушыларды аңызбен таныстыру. Ш.Қалдаяқовтың өмір баянымен             таныстыру. Қосымша мағлұматтар беру.

2) Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3) Ұқыптылыққа, жинақылыққа және сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Интерактивті тақта. Ш.Қалдаяқовтың суреті. Тест сұрақтары. Сөзжұмбақ.

 

Сабақтың барысы:

 

1.    Ұйымдастыру.

-Балалар, қазір бізде ана тілі сабағы. Сабаққа көп қонақтар келді, білімімізді көрсетейік. Оқу құралдарыңды дайындап, орнымызға дұрыс отырайық.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар, үй тапсырмасын тексеру үшін мына тақтаға назар аударыңдар. Мұнда тест сұрақтары жазылған, сендер алдарыңда жатқан қағазға өз аттарыңды жазып, тесті орындаңдар. (Жинап алу, қорытындысын келесі сабақта айту).

 

3. Музыка ойнайды. –Балалар, сендер осы әнді бұрын естідіңдерме? Осы әннің авторын білу үшін м ына тақтаға қарайық, сөзжұмбақты шешейік. Олүшін мына мақалдардағы жоғалған сөздерді орнына қоюымыз керек. (сөзжұмбақты орындау). Көк жолақшаның ішіндегі сөзді оқыңдаршы. Шәмші. Олкім өзі? (оқушылардың ойын тындау)

-Ия, балалар, Шәмші Қалдаяқов – әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі. Ш.Қалдаяқов Шымкент облысы, Отырар ауданында 1930 жылы дүниеге келген. Ш.Қалдаяқовтың әндері тек біздің Қазақстанда ғана емес бүкіл дүниежүзіне таныс. Ән сүйер қауым Шәмшінің әндерін ұйып тындап, жаттап шырқап жүреді. Шәмшінің 300-ге жуық әндері бар. Шәмші аға қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде танымал. Әндері құлаққа жағымды, жүректе жылы қабылданады. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, досқа, жарға деген махаббат-Шәмші ағамыздың әндерінің басты тақырыбы. Батыс өнеріндегі вальсті  қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, қазақ өнерінің төл өнеріне айналдырған Шәмші ағамызды қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» деп атап, мақтан ететін. Ш.Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда 62 жасында ауыр науқастан көз жұмған. Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. Шәмші ағамыз өзі өмірден өтсе де, оның әндері барлық қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Ал сендердің қазіргі уақытта жатқа білетін, сүйіп орындайтын Шәмші аталарыңның бір туындысы ол «Менің Қазақстаным». Бір кезде ол жәй ән болған, халық оны барлық жерде сүйіп орындайтын. 1986 жылы Алматы қаласында Желтоқсан көтерілісінде  жастар көтеріліске шыққанда осы әнді ұрандай шырқаған. 2005 жылдан бастап «Менің Қазақстаным» Қазақстан Республикасының Әнұраны болып бекітілді. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев осы әннің сөздеріне біраз өзгертулер енгізді. Енді қазір Әнұранды тек салтанатты жиындарда ғана орындау керек.

 

4. Жаңа тақырып. –Ал қазір балалар, біз Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» атты шығармасымен танысамыз. О.Бодықов-жазушы, драматург, зерттеуші. Ш.Қалдаяқовтың жан досы болған, Ш.Қалдаяқов туралы көптеген шығармалар жазған, бірнеше кітап шығарған.

 

5. Мәтінді оқу. (мұғалім)

Осы жерде Аққұстың әнін естірту.

 

6. Сөздік жұмысы. (дәптерге жазу).

 

7. Сұрақтарға жауап беру.

-Мәтінде кімдер туралы айтылған?

-Шәмші Аққұс туралы аңызды кімнен естіген екен?

-Жұрт мол жиналғаннан кейін аққұс аспанға көтеріліп не жайында ән салатын?

-Қарақұс туралы не айтасыңдар? Ол қандай өзі?

-Осы мәтінді басқа тағы қалай атауға болады?

 

8. Сергіту сәті.

Ренжідім – тух дедім.

Шаршадым – ух дедім.

Қорықтым – ай дедім.

Қайғырдым – эй дедім.

Таңғалдым – ой дедім.

Қуандым – ха-ха-ха дедім.

 

9. Мәтінді тізбектеп оқыту.

-Аққұс махаббат жайлы ән салған кезде табиғат қандай күйде болды? Мәтіннен тауып оқу.

-Ал енді Аққұстың ақтық шағы тақағанда, өлер алдында салған әнін естігенде табиғат қандай күйге ұшырады?тауып оқу.

-Бар, ұш! Сен азатсың! – дегенді қалай түсінесіңдер?

 

10. Суретпен жұмыс.

-Жақсы балалар. Ш.Қалдаяқовты Аққұстың қанатына бейнелегені , Шәмшідей адам жоқ, ол қайталанбас, дара тұлға. Осы Аққұстай Шәмші Қазақстанда талай жұлдызды ашып, бұлбұлша сайратқан.

 

11. Сурет салу. «Аққұстың қуанышты әні» атты тақырыпқа сурет салу. (музыка ойнап тұрады).

 

12. Суреттері бойынша қорытынды жасау.

 

13. Қорытынды. Бағалау. Үйге тапсырма: осы әңгімені мазмұндау.   

 

    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу. Аққұс туралы аңыз. О.Бодықов."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 058 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2017 563
    • DOCX 15.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кудайбергенова Марал Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6166
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 953 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 738 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 532 человека

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе