Инфоурок Другое КонспектыДені саудың жаны сау

Дені саудың жаны сау

Скачать материал

Дені саудың жаны сау.»

 Мақсаты:

 Білімділік: Балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: тәрбие сағаты,

Әдісі: пікірлесу,  мақал-мәтел,  сұрақ-жауап.

Тәрбие үрдісі: салауатты өмір салтының іргетасын қалыптастыру.

Алдын ала жұмыс: тәрбие сағатына қажет нақыл сөздер жинау;

Қатысатындар: белсенді қатысушылар: жауапты педагог, КТБО тәрбиеленушілері, дәрігер; бейтарап қатысушылар: мекеме педагогтары.

Көрнекілігі: Денсаулық туралы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1- жүргізуші: Армысыздар, аман-есен бармысыздар! 

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және балалар! 

1- жүргізуші: Бүгінгі біздің « Дені саудың- жаны сау.» тақырыбында өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатына Қош келдіңіздер! 

2- жүргізуші: Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз саулығыңа қамқор болсаң жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт.Ал, менің сөзіме нанбасаңыз өздеріңіз тыңдап көріңіздер. 
1-бала: 
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа. 
Өмірде бақыттысың денің сауда. 
«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді, 
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да. 
Денің сауда күштісің бұл әлемде, 
Денің сауда сұлусың жер бетінде . 
Сол мықты денсаулықтың арқасында, 
Жетерсің әлі талай бақыттарға. 
2-бала:  
Денсаулықты сақта түзу өсесің 
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің. 
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса, 
Харамменен тәңірді улап не етерсің? 
Жаман әдет көп шектірер қасірет, 
Сақта өзіңді; жақсылыққа жетерсің. 
3-бала:  
Денсаулық- ол шыныққан 
Барлық дене мүшесі: 
Денсаулық- ол тыныққан 
Жүйке тамыр жүйесі. 
4-бала:  
Денсаулық – ол күлуің, 
Көңіл күйің жадырай. 
Денсаулық- ол жүруің, 
Ешбір жерің ауырмай. 
5-бала:  
Болсаң да әлі қаршадай, 
Ойнау үшін шаршамай, 
Оқу үшін мектепте, 
Ашу үшін тәбетті, 
Құру үшін сен сауық 
Керек мықты денсаулық. 

1-жүргізуші: Әсем әнім сырнайды, 
Әлем сүйіп тыңдайды. 
Тамылжытып ән салмай, 
Күнде думан болмайды 

Ән: « Солдат болам мен ертең.» 

6-бала:  
Шынығамыз, тынығамыз, 
Салауатты өмірге. 
Қанаттанып, талаптанып, 
Болашаққа біз бірге. 
7-бала:  
Бұл өмірде не керек? 
 Ерте тұрып, кеш жатып, 
Есірткеге еліктемей, 
Ерінбей еңбек ету керек. 
Бәрінен де салауатты өмір керек. 
8-бала:  Ас – адамның арқауы, 
Аспен күш артады. 
Тағам іш жағымды, 
Тазартар жаныңды
 9-бала:  
Жатып ішер боп жалқау, 
Бойкүйез болма еріншек. 
Айналысып спортпен 
Талаптан, жаттық еңбектен. 
10-бала: 
Басты байлық – денсаулық. 
Бабам айтқан даналық. 
Сақта жолын сен тауып, 
Осы шақтан балалық. 
11-бала:  
Дені саудың- жаны сау. 
Денсаулық сенің байлығың. 
Мықты болсаң досым ау 
Жуымас саған қайғы мұң.  

1-жүргізуші. Көрініс: «Шылым шегудің пайдасы» 

Автор: Сахнаға бір топ балалар шығады. Алдарынан темекі шығады. 
Балалар: Сен кімсің? Қайдан шықтың? 
Темекі: Мені танымайсыңдар ма? Мен темекімін. Мен күштімін. Менің пайдам өте көп. Мені тек мықты балалар ұстайды. Кәне, менмен кім дос болғысы келеді. 
Автор: Балалардың қолына бір- бір темекі ұстатылады. 
Балалар: - Дос болайық темекімен, 
- Мықты бала боламыз. 
- Ең бастысы пайдасы оның өте көп екен. 
Автор: Балалар темекіні айнала қоршап қол алысады. 
Балалар: Темекі шегіп үйренейік. 
Осыны байқап отырған ақ сақалды қария: 
- Уа, балалар, маған құлақ салыңдар! Темекі шегудің тек үш пайдасы бар. Біріншіден, кімде-кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды. 
Балалар: Неліктен? Неге? 
Қария: Себебі, ол қартаюға үлгермейді де. Темекі шеккен адам өмірден тым ерте кетеді. Екіншіден, оның үйіне ешқашан ұры түспейді. 
Балалар: Неліктен? 
Қария: Себебі, кімде-кім темекі шексе, оның өкпесі таза болмайды. Түні бойы төсекте төңкеріліп аударылып жатады және күндіз – түні күркілдеп қатты жөтеліп шығады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін есітіп , үйге жақындай да алмайды. Кімде-кім темекі шексе, оны ешқашан ит қаппайды. 
Балалар: Қалайша оны ит қаппайды? 
Қария: Себебі, темекі шегетін кісі ерте жарым - жан болып қалады және жүргенде таяққа сүйеніп жүреді. Ал, таяғы бар адамға қарағым, ең қабаған ит те жоламайды. 
Автор: Қарт қулана күледі.(Балалар темекіге қолын сілтеп кетіп қалады.) 

1-жүргізуші: Арақ ішу, темекі тарту, есірткіге бой ұру, мұның бәрі де адамның денсаулығына зиянды заттар. Күні кешегіге дейін нашақор деген атау қазақ ұғымында болған емес Маскүнемділік те бізге жат еді. Ластықтан жиіркенетінбіз. 
2- Жүргізуші: Салауатты өмір сүрудің басты шарты- темекі , нашақорлық, маскүнемділіктен арылу. Маскүнемдік, темекі, нашақорлық 
ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіруде. 
1-бала:  
Боларсың шымыр шынықсаң, 
Денің сау болар балғадай. 
Түсініп сырын сен ұқсаң, 
Темекі досың болмағай. 
2-бала:  
Улап қоймай өзіңді, 
Жұртқа да тиер кесірің. 
Жаман әдет жұққышы. 
Болмасын шылым жан досың. 

1- Жүргізуші: «Мақал- сөздің мәйегі » Мақал-мәтел айтайық. 

1-бала:   «Тісі саудың – іші сау.» 
2-бала:   « Аурудың бәрі жүрекке тиеді.» 
3-бала:   « Ескі ауруды емдеу қиын.» 
4-бала:  « Тәтті ұйқы , қатты күлкі – денсаулық кілті.» 
5-бала:   « Дені саудың - жаны сау.» 
6-бала:   « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.» 
7-бала:   « Ас – адамның арқауы.» 
8-бала:   « Тазалық- саулық негізі , саулық – байлық негізі.» 
  

1-бала:   Ұзақ өмір сүргің келсе 
2-бала:   Жаңа достар тапқың келсе 
3-бала:   Көңілің сергек болсын десең, 
4-бала:   Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе, 
5-бала:   Салауатты ғұмыр кешем десең, 
6-бала:   Арманыңа жетем десең, 
7-бала:   Үлгілі болам десеең, 
8-бала:  Таза болам десең, 
9-бала:   Өнерлі болғың келсе, 
Барлығы бірге: Өз еркіңе тоқтау салып, 
Спортпен шұғылдан! 
 
1-жүргізуші: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады 
өмір » дегендей, дені сау , құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік. 

2-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!   Осымен «Дені саудың -жаны сау » тақырыбында өткен ашық тәрбие сағаты аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет! 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дені саудың жаны сау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 639 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2016 713
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шумаева Минура Давлаталиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шумаева Минура Давлаталиевна
    Шумаева Минура Давлаталиевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4553
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой