Инфоурок Начальные классы Статьи"Денсаулық" бағдарламасының орындаудағы ата-аналармен жұмыстың тиімділігі

"Денсаулық" бағдарламасының орындаудағы ата-аналармен жұмыстың тиімділігі

Скачать материал

 

«Денсаулық» бағдарламасын орындаудағы ата-аналармен жұмыстың тиімділігі. 1-4 сынып.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулықты мемлекет дамуының маңызды факторы ретінде айқындады, сондай-ақ қызметкердің денсаулығы үшін мемлекеттің, жұмыс беруші мен оның өзінің ортақ жауапкершілік алатын денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі қағидасын белгіледі. Еліміздің алдына әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жөніндегі жаңа міндет қойылды, ол денсаулық сақтау сапасының жоғары деңгейін білдіреді.

Елімізде орындалып жатқан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының жалғасы іспеттес болып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1082 қаулысымен бекітілді.

           Мембағдарламаны іске асыру 2016 – 2020 жылдарға есептелген және мыналарды кӛздейді: I кезең – 2016-2018 жылдар: отбасылық тәжірибені енгізумен медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жаңғырту; ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру, үш ауру (артериялық гипертония, қант диабеті, жүректің созылмалы кемістігі) бойынша ауруларды басқару бағдарламаларын енгізу. электрондық денсаулық сақтаудың техникалық инфрақұрылымын қалыптастыру және электронды денсаулық төлқұжатын енгізу; 2017 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыруды (ӘМС) енгізу; жаңартылған бағдарламалар бойынша медициналық, ғылыми кадрлар мен денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау. II кезең – 2019-2020 жылдар: отбасылық тәжірибені одан әрі жетілдіру және МСАК-ті нығайту; медицина ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру; мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің негізінде инфрақұрылымды дамыту; үш негізгі элементтен: мемлекет, кәсіби бірлестік және пациенттерден тұратын, медициналық қызмет сапасын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру. денсаулық сақтауды жоғары ғылыми технологиялар, генетикалық, тұлғаландырылған, регенеративті және наномедицина бағытында дамыту;

Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады Балалардың денсаулық деңгейі адамға табиғи, әлеуметтік-экономикалық және медициналық-ұйымдастырушылық әсер етуші факторларды ғана суреттемейді, сонымен қатар тікелей ата-ананың денсаулық жағдайын сипаттайды

Қазіргі заманғы қоғамда балалардың денсаулық жағдайына деген әлеуметтік жауапкершілік мемлекет пен ата-анаға жүктеледі. Балалардың денсаулығы балаларды қорғау әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғау көптеген құқықтық-нормативтік құжаттарда қарастырлған және денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік бағларламаларымен нығайтылған.

Балаларға арналған спорт алаңдарын, балалар клубтарын, үйiрмелердi, секцияларды, аула клубтарын, жазғы лагерьлердi дамыту және қолжетiмдiлiгiн арттыру, балама қозғалыстарды дамыту (велосипедтер, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.) арқылы балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың бос уақытын тиiмдi ұйымдастыруды қамтамасыз етуге ықпал ету мәселелері қарастырылуда.

Адам денесінің жетілуі – оның саулығы;
егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,
ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек.
Әл-Фараби.

Қазақ елінің Ата заңына сәйкес әрбір азаматтың саулығы- мемлекетіміздің саулығы деп есептелінеді. Халық даналығы «Елім бай болсын десең - денің сау болсын» деп денсаулықтың елдік, халықтық, ұлттық, отандық мағынасына айрықша көңіл аударады. Сондықтан да әр адам «Менің саулығым- ұрпағымның саулығы» деп түсінгені абзал.

Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:

- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан-жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

- Екіншіден салауатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу.

Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: оқушылардың психологиялық, дене-қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; олардың мінез-құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне-өзі қызымет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени-гигиеналық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады

Мектептегі барлық жұмыстың бағыты салауатты өмір салтының негізгі құралдарын орындау болып табылады, яғни баланың

- денсаулыққа деген көзқарасын тәрбиелеу;

- жас кезден бастап дұрыс тамақтануы;

- жас кезден бастап белсенді демалыс мәдениетін,қозғалыстың қажеттігіне тәрбиелеу;

- зиянды әдеттердің алдын алу, сол заттардың зиянын түсіндіру т.б.

Осыдан келіп оқушылардың денсаулық мәселелеріне байланысты сауаттылығын арттыру мәселесі туындайды.

Мектептің оқу-тәрбие үдерісінде денсаулық сауаттылығын қалыптастырудың  негізгі идеясы төмендегі өлшемдер арқылы белгіленеді:

а) оқушылардың денсаулығын жақсарту;

ә) оқушылардың салауатты өмір сүруге сұранысы мен құндылықтық бағыттылығын қалыптастыру;

б) мектепте және мектептен тыс уақытта салауатты өмір сүруді насихаттау;

Мектептің оқу – тәрбие үдерісінде  денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудың келесі  принциптеріне сүйенеді:

1.     Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың  оқытудың мақсатына сәйкестігі.

2.     Оқу - тәрбие жұмыстарының денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың заңдылығына сәйкестігі.

3.     Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудағы оқушының  саналылығы және белсенділігі.

4.     Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілігі.

5.     Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың жүйелілігі және бірізділігі.

6.     Денсаулық сақтау сауаттылығына байланысты білім, білік, дағдының бір-бірімен байланысы.

Денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудың негізгі құралдары:

1)      қозғалысқа бағытталған құралдар.

2)      табиғаттың сауықтыру күштері.

Жанұя мен мектеп қарым-қатынасы педагогикалық ертеден келе жатқан мәселесі. Баланы оқытуды мектеп өзі жүзеге асыра алады, бірақ тәрбие мәселесі ата-аналарсыз қиын. Бұл денсаулық мәселесіне де қатысты. Оның мынадай екі ерекшелігі бар. Біріншісі, салауатты өмір салты, екіншісі, өз баласының денсаулығы – ата-ана үшін ең маңызды фактор болып саналады. Сол себепті де «Денсаулық» мембағдарламасын жүзеге асыру шараларына   оқушының барлығының ата-аналары қатысу керек.

 «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдері ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасап, жүйелі жұмыс жүргізе отырып, балалардың денсаулығын жоғалтпай білім беруді басшылыққа алады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру отбасынан басталып, бала - бақшада, мектепте жалғасын тапса, тәрбиелік мәні зор іс — шаралар өткізу бір - біріне жалғасып, бірін - бірі толықтырып отырса, баланы жаман әдеттен жирендіріп, күнделікті жақсыны айтып отырсақ келешек ұрпағымыздың дені сау болады.

Бала алғаш мектепке келген кезінен бастап-ақ, ата-ана бірінші сынып оқушыларын медициналық тексерістен өткізіп әкеледі.Әр мұғалім өз сыныбындағы баланың денсаулығына сараптама жасап, есепте тұрған баланы күнделікті бақылауда ұстап, мектеп медбикесі, ата-анасымен хабарласып отырады.  Оқу жылы ішінде денсаулығына байланысты сабақ босатқан оқушыны дәрігерге көрсетіп, тиісті ем-шараларын уақытында жүргізуін қадағалау,  мектептегі әр  оқушының денсаулығын, өмір қауіпсіздігін қадағалап, денсаулығында байқалған ақауларды дер кезінде  байқап отыратын  бастауыш сынып мұғалімдері бірінші кезекте мектеп медбикесімен, ата-анасымен байланыс жасап, әңгімелесулер өткізіп тұруы күнделікті құбылыс.

Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына сараптама жасай кетсе:

 

Көз аурулары

12

Бүйрек ауруы

7

жүрек ауруы

2

тыныс жолы ауруы

3

асқазан-өт жолы ауруы

2

жүйке жүйесі ауруы

1

Қорытынды: Бүгінгі таңда білім алып тырған 1-4 сынып тағы 212 оқушының 12%-ы әр түрлі аурумен есепте тұр.Бұл жерде көз аурулары мен бүйрек аурулары белең алып бара жатқаны байқалады. Осы бағытта ата-аналар арасында жұмыстар жүргізу қажеттілігі байқалды.

 Мектеп балаларының көбінің вирустық ауруларға қарсы қорғаныш тапшылығы байқалды. 3-тоқсанда әр сыныптан орта есеппен 15 оқушыға дейін вирустық аурулармен ауырып, сабақ босатқаны мәлім. Осы орайда, 11.05-інде  1 «А» сынып ата-аналар жиналысында «Бала неге жиі ауырады?» мәселесі көтеріліп, ата-аналарға баланың денсаулығын шынықтыруда күн тәртібін дұрыс орындауы, дұрыс тамақтану, қозғалыс қажеттілігі, би, спорттық үйірмелерге қатысу қажеттілігі ескертілді.

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мектебіміздегі асханадан балалар күнделікті тамақтанады. Сынып жетекшілері ата-аналармен жиналыстарда, жеке кездесулерде балалардың мектеп асханасында  тамақтануы, тамақтану қажеттілігі туралы әңгімелесулер, тақырыптық жиналыстар өткізіп отырады.

Нәтижесінде:

сынып

толық

буфеттік

бюджет

1 «А»

25

1

3

1 «Б»

20

0

6

2 «А»

17

1

6

2 «Б»

25

0

2

3 «А»

9

10

 

3 «Б»

14

0

3

3 «В»

12

3

4

4 «А»

16

6

3

4 «Б»

19

3

3

 Қорытынды: 1-4 сынып оқушыларының 89 %-ы толық, 11%-ы буфеттік жүйемен тамақтанады.

 

«Отбасында саламатты өмір салтын қалыптастыру жағдайлары» тақырыбында сәуір айында  4 «А», 4 «Б», 2 «Б» сыныптарында ата-аналардан сауалнама алынды. Сауалнамаға 41 ата-ана қатысты.
1. Саламатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?  сұрағына қатысқан адамдардың  82 % денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізі, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану деп жауап берсе, 5 % -ы  отбасындағы адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі, түсінуі, көмектесуі, сыйластық деп жауап берген, 7% - ы жауап бермеген.

2. Отбасыңызды тамақтануды қалай ұйымдастырасыз?  сұрағына  қатысушылардың 96%-ы толықанды, жүйелі тамақтанатындарын айтса, 4% жеке тағамдарға басымдылық беретінін көрсеткен. 

3. Отбасындағы ахуал балаңызға қалай әсер етеді? 86% жағымды, 14% әсер етпейді.
4. Сіздің отбасыңыз денсаулығын қалай шынықтырады?  көпшілігі серуен, жаяу жүру деп көрсетті.
5. Отбасыңыз қандай спорт түрімен айналысады?

 футбол – 8,     Гимнастика – 4;  Велосипед тебу- 3, Турникке тартылу 2

Шахмат -3 , Жүгіру- 11, Тоғызқұмалақ -2,  Бокс-1, Күрес-1 Шаңғы -2,

Волейбол – 1, Ролик -1Фитнес-2
6. Үйде қандай спорттық құрылғы (инвентарь) бар? Дартс-4,

 Шахмат- 28, Обруч- 7, Футбол добы-11, Турник- 6, Гантель-10 Асық-1

7. Балаңыздың ауру себебі?

Отбасында дене тәрбиесінің аздығы -10%,

тұқым қуалаушылық- 0%,

бейімділік (предрасположенность)- 20 % ,

суық тию - 5%

себебі жоқ -65 % көрсеткен.

 

 

сұрақтар

ия

жоқ

 кей кезде

1

Саламатты өмір салты туралы әдебиеттер оқисыз ба?

19

3

19

2

Алынған мәліметтерді бала тәрбиелеуде қолданасыз ба? 

38

 

 

3

Сіздің отбасылық өміріңізді саламатты отбасы деп айтуға бола ма?

25

 

6

4

 Ертеңгілік жаттығу жасайсыз ба

15

7

19

5

Сізде немесе отбасыңыздың басқа мүшесінде зиянды әдеттер бар ма? Бар болса қандай?

2темекі

39

 

6

Отбасыңызды тамақтануды қалай ұйымдастырасыз?

35толыққанды

6жүйелі

жт-з

7

Балаңыздың саламатты өмір салтын ұстануына әсер етесіз бе?

38

1

2

8

Балаларыңызбен бірге спортпен айналысасыз ба?

17

3

21

9

Үйіңіз, пәтеріңіз көгалдандырылған ба?

18

5

17аздап

10

Отбасы мүшелері жиі ауыра ма?

2

26

3

11

Балаңыз жиі ауыра ма?

2

38

1

 

Сауалнама қорытындысына келсек, әрбір отбасы мүшелері өз балаларының денсаулықтарына жауапкершіліктері бар екенін біледі, қамқорлық жасайды. Бір қуантарлығы,  зиянды әдеттері бар отбасылар саны аз, көп отбасылар толыққанды тамақтануға көңіл бөледі. Балаларының салауатты өмір салтын ұстануларына көп әсер етеді. Яғни, балаларының таза ауада серуендеулеріне, қимыл-қозғалыспен айналысуларына, велосипед, ролик тебулеріне, әр түрлі үйірмелерге қатысуларына көңіл бөлетіні байқалды. Жекелеген оқушылар болмаса, балалардың көбі жиі ауырмайды  (тек суық тиген кезде болмаса).  Яғни, «Денсаулық» бағдарламасының орындалуында отбасы мен мектеп ынтымақтастығы жарасымды деп айтуға болады.

Сәуір-мамыр айларында бастауыш сынып мұғалімдері «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуына орай  ата-аналармен бірлескен шаралар өткізді.

30-сәуірде 1 «Б» сыныбында «Денім сау болсын десең» тақырыбында ата-аналар, оқушылар травматолог маманмен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесудің ата-аналар мен балаларға берері мол болды. Травматолог Серік Тілеуліұлы үй жағдайында балалардың денсаулығын сақтау, шынықтыру жұмыстарын орындауда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, баланың жарақаттануына жол бермес үшін өз жауапкершілігінің болуын дәріптеп, ата-аналарға «Балалардың жарақаттарының алдын алу» жаднамасын берді. Мұнда баланың бағдаршамға бағынуын, ойын алаңдарындағы әр түрлі жарақатқа ұшырайтын заттардан тазалау, балалардың киімінің жинақы болуы, ас үйде балалардың ойнауына жол бермеу , жазғы саяхатта баланы көзден таса қылмау туралы ескертілді. Балаларға «Не істеуге болады? Не істеуге болмайды?» тақырыбында слайд көрсетіліп, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Травматолог маманға сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Сынып сағаты ата-аналардың  балаларымен «Салауатты өмір салтының негізгі ұстанымдарын» талқылаумен аяқталды.

Осы сыныпта  9- сәуірде «Оқушының қауіпсіздік ережелерін сақтауы»  ата-аналар оқуы өткізіліп, балаларының қауіпсіздіктері туралы сынып жетекшісі мәліметтер беріп өтті.

 Мамырдың 4-інде «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында 4 «А» сыныбында оқушы-ата-аналармен бірлескен сынып сағаты  сайыс түрінде өткізілді. Сынып сағаты барысында сынып жетекші оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін, АКТ мүмкіндігін кеңінен пайдаланып, ата-аналардың қатысу белсенділігін арттыра білді. Сынып сағаты адамгершілік, салауатты өмір салты, отбасы тәрбиесінің мақсат-міндеттерін шешуге бағытталып,  мектеп-отбасы-оқушы ынтымақтастығының нығая түсуіне негіз бола алды. Ата-аналар алдын ала дайындап әкелген «Денсаулықтың достары» суретті плакаты, «Табиғат пен адам денсаулығының байланысы» тақырыбындағы слайд-шоу, «Денсаулыққа зиянды әрекеттер» тақырыбындағы буклеттер көрмесі,  «Шаш, тырнақ күтімі; Тыныс алу, ауыз қуысы жолдарын таза ұстау; Жеке бас тазалығы» тақырыптарындағы кеңестері арқылы сынып сағатының мазмұны байытылып, оқушы-ата-ана қарым-қатынасын нығайтыла түсті. Сынып сағатының соңында МАИ қызметкері жол оқиғасы,  көлік апаты туралы айтып өтті. Бұл сынып сағатында «Денсаулық» бағдарламасын орындауда ата-аналармен жұмыстың тиімділігі арта түсті. Жыл көлемінде бұл сыныпта  «Салауатты ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі» тақырыбында  ата- аналар оқуы, ата-аналар жиналысында  «Баланың сапалы тамақтануы – денсаулық кепілі» тақырыбында пікірталас өткізілді.

1 «А» сыныбында «Саламатты ұрпақ- біздің болашағымыз» тақырыптық ата-аналар жиналысының тәрбиелік маңызы жоғары болды. Мұнда  сынып жетекшісі интерактивті әдістер арқылы ата-аналардың қатысу  белсенділігін арттырып, «Саламатты отбасы болудың алғышарттарын» жасатты. Оқушылардан алынған сауалнама қорытындысымен таныстырып, баланың жазғы еңбек демалысын дұрыс өткізуге кеңес берді. 

2 «А» сыныбында  сынып ата-аналар жиналысында «Бала денсаулығы басты  назарда»  деген тақырыпта баяндама оқылып,  «Денсаулықты нығайту үшін не істеу қажет?» деген тақырыпта пікірталас өткізілді. «Денсаулық  - зор байлық» деген тақырыпта ата-аналармен бірлескен сынып  сағаты өткізіліп, ата - аналар оқушыларға таңғы жаттығулардың маңызы жайлы айтып, оқушылармен бірге жаттығулар жасады. Стоматология бөлімінің медбикесі, ата – ана Имашева Еркежан тіс ауруларының алдын алу,  тіс күтімі жайлы оқушыларға пайдалы кеңестер берді.

2 «Б» сыныбында сынып ата-аналар жиналысында «Тұмау, оның алдын алу жолдары, «Оқушының күн тәртібі» мәселелері қаралған. Баланың көру мүшесін қарату мақсатында 2 ата-анамен, семіздік туралы 1 ата-анамен, үйірмеге қатыстыру туралы 5 ата-анамен сөйлесілді. Нәтижесінде 2 баланың көзі дәрігерге қаратылып, емделу үстінде. Ал, 5 бала үйірмеге тартылды. Қараша айында каникулда «Әкем, шешем және мен» отбасылық спорттық сайыс өткізіліп, қаңтар айының каникулында сырғанақ тебу

 

ұйымдастырылған. Мамыр айының 6-сында        

ПНД қызметкері ата-аналарға «Зиянды әдеттер және олардың салдары» тақырыбында әңгіме өткізіп, ата-аналарға зиянды әдеттердің алдын алу шараларын күшейтуді кішкентай мектеп жасынан бастау қажеттігіне баса назар аударды.

3 «Б» сыныбында балалардың бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында жыл көлемінде ата-аналармен әңгімелесулер жүргізіліп әр түрлі үйірме, секцияларға қатысуларын қадағаланып отырылады .Нәтижесінде, сыныптың көпшілігі спорттық секцияларға, би үйірмелеріне қатысуда.

Денсаулық бағдарламасының орындалуы мақсатында  30-сәуірде 3-ші сыныптар арасында «Әкем, шешем және мен» спорттық сайысы ұйымдастырылды. Мұнда  Қадырбеков Д, Жанғазин С, Абишев М. отбасылары  балаларымен бірге әр түрлі спорттық сайыстардан сынға түсіп, салауаттылықты дамытудың бастапқы жолы отбасынан басталатынына тағы да бір рет көз жеткізді.

Ата-аналардың сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында кездесулердің алатын орны ерекше. «Жол қауіпсіздігі және бала өмірі» тақырыбында    ГРОВД аға инспекторы Баймұқамбетов Талант  4 «А» сынып оқушылары және ата-аналарымен бірге, 6-мамырда  2 «Б» ПНД қызметкері   ата-аналарға «Зиянды әдеттер, олардың зардабы» тақырыбында, 1 «Б» ата-аналарына травматолог маман Серік Тілеуліұлы «Балалардың жарақаттарының алдын алу»  тақырыбында дәріс өткізді.

Сәуір-мамыр айларында барлық оқушылармен «Баланың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбында ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды. Мұнда  жаз мезгілінде әр баланың денсаулықтарын нығайтуға көңіл бөліп, дұрыс ұйымдастыру ескертілді.

Біздің ағзамыз 120 жыл өмір сүру үшін жаратылған. Егер біздің ғұмырымыз қысқа болса, ол ағзамыздың жеткіліксіздігінен емес, біздің ағзамызға қалай қарауымызға байланысты» деген екен К. Купер. Мұны біз, мұғалімдер, түсініп қана қоймай, әр ата-ананың түсінуіне жағдай жасап, ата-аналар ортасында да саламатты орта қалыптастыруға ықпал етуіміз қажет. 

В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Денсаулық" бағдарламасының орындаудағы ата-аналармен жұмыстың тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2017 1228
    • DOCX 405.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Матаева Аглиман Бултукановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Матаева Аглиман Бултукановна
    Матаева Аглиман Бултукановна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 99982
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе