Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Дөңгелек үстел. Тақырыбы: "Ғасырдың ғажап азаматы" 9 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Дөңгелек үстел. Тақырыбы: "Ғасырдың ғажап азаматы" 9 сынып

библиотека
материалов

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ

ШҰБАР ОРТА МЕКТБЕІ











Тақырыбы: «ҒАСЫРДЫҢ ҒАЖАП АЗАМАТЫ»


/дөңгелек үстел/















2015 ж.




«Ғасырдың ғажап азаматы»


(дөңгелек үстел)





Дөңгелек үстел жоспары



  1. Бейнефильм

  2. Бала Сұлтаннан Ұлы даланың Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа дейін

  3. Н.Ә.Назарбаев өмірінің тарихи тізбегі (Елбасының өмір жолы, қызметі, жетістіктері) слайд

  4. Жүлделері мен марапаттары

  5. Президенттің қанатты сөздері

  6. Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Назарбаев туралы лебіздері



















Айзат:

Армысыздар, құрметті зиялы қауым мен Мағжан сенген жалынды жастар!


Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарымен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.


Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көрмеә әлі өткен де кеткен жылдар жүр.

Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.


Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашып түнерген.

Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге өзі сеніп өкілісің сен жіберген, - дей отырып, 1-желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Ғасырдың ғажап азаматы» атты дөңгелек үстелімізге қош келіпсіздер!


Қазақстан Республикасының әнұраны

Бейнефильм


Перизат:

Елбасын ерекше құрметтеп, қадірлейтініміз рас, елінің, жерінің амандығы үшін аттан түспей жүрген салиқалы, дарынды саясаткердің терең білімі, шешендігі, ақыл-парасаты қызықтырады. Бұл көлгір сөз емес. Халқымыздың бағына туған перзентті аялай білу керк. Соншалықты қиын кезеңде небір тығырықтардан тура жол тапқанын ертеңгі тарихта бағалай жатар, санасында сәулесі бар бүгінгі адамдар да Президент арқалаған жүктің батпан-батпан салмағын ойша сараптап аңғаратын болар.


Айзат:

Қазақ халқы ғасырлар бойы тағдырдың талқысын көрді, тәуғлсіздігі жолында арпалысып, бостандық үшін күресті, тілі мен мәдениетіне, діні мен дәстүріне жасалған ымырасыз шабуылға тойтарыс беріп, өзін сақтап қалды.

Тәуілсіздік алған Қазақстан халқының ең үлкен бақыты. Нұрсұлтан Назарбаев сынды қайраткер тұүлғаның Елбасы болып сайлануы еді.



Перизат:

Тәуелсіздік бастауында жас мемлекеттің алдында егемендікті баянды ету, түрлі этникалық-діни топтардың басын біріктіріп, барлық этнос өкілдерін ымыраға келтіріп, тұрақтылықты сақтау және ұлтты ұйыстыра білу міндеті тұрды. Президент Назарбаев бұл күрмеуі қиын күрделі міндетті үлкен абыроймен атқарып шықты.


Айзат:

Бүгінде Қазақстан әлемнің барлық мемлекеттері тарапынан Орталық Азияның жарық жұлдызы, бейбітшілік пен тұрақтылық белдеуі ретінде танылып отырса, бұл түгелдей Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының көреген көсемдігінің және дүние жүзіне үлгі болған кесек істерінің арқасы.


Перизат:

Президент Назарбаев Қазақстандағы бүкіл әлемге әйгілі және сөзі тыңдалатын салиқалы ел ретінде танытты. ТМД елдері арасындағы беделі, ЕҚЫҰ-дағы кезендік төралығы, Шанхай ынтымақтастығындағы айқындаушы қызметі, АҚШ, Қытай, Еуроодақ елдері, Ресей және Түркия сияқты мемлекеттерден жан-жақты қатынастар сияқты сарабдал саясаты арқылы Назарбаев Қазақстанды әлемдегі ықпалды күштерінің біріне айналдыруда.


Айзат:

Нұрсұлтан Назарбаев халық мұқтажын шынайы да жігерлі басшы ретінде атқарып, орындауда. Бұл айқын шындықты Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев есімімен байланысты жүріп жатқан нарықтық және демократиялық өзгерістер стратегиясының нағыз қарсыластары да жоққа шығара алмайды. Тұрғын халық ішіндегі көптеген әлеуметтік топтардың арасында Назарбаев билік басында тұрған кезде, Қазақстанда тұрақтылық пен тыныштық болады, ал реформалар жалғаса береді деген берік пікір қалыптасқан.

Назарбаевтың жоғары саяси рейтінгісінің сыры неде және жаңа заман талаптарына жауап берген осындай басшы қалайша пайда болды деген сұраққа жауап беру үшін Назарбаевтың саяси және өмірлік белестеріне көз салмай, тарихқа біраз үңілмей кету мүмкін емес.


Бала Сұлтаннан Ұлы даланың Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа дейін




Перизат: Өмірбаяны


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанады металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Сол жылдарда оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатта партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіз демократиялық және құқылы мемлекет» деп жариялады.



Айзат:

Президент әлемдік ағымдарға мұқият назар аударады, ал өзінің көрнекті ғалым екендігі де белгілі. Оның іргелі еңбектренің қатарына жататындар: «XXI ғасырдың табалдырығында», «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму», «Қоғамды өзгерту стратегиясы және Еуразиялық өркениеттің қайта өрлеуі», «Бейбітшілік эпицентрі», «Еуразия жүрегінде» тәрізді кітаптары мен басқа да ғылыми жұмыстары әлемнің көптегне елдерінде кеңінен қолдауға ие болды.




Перизат:

Қазақстанның тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінің

тарихи тізбегі (Елбасының өмір жолы, қызметі, жетістіктері.)


24 сәуір 1990 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті болып Коммунистік партия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін қоса атқарды.

Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылы 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң.

Бұл заң бойынша Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады.

1991 жылы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда Назарбаев республика азаматтарының 98,78% дауысына ие болып, жеңіске жетті.

1995 жылы 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Назарбаевтың президенттік өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Қазақстан Президентінің шешімімен 1999 жылы 10 қаңтарда өткен сайлаудың нәтижесінде Назарбаев 79,78%, 2005 жылы 4 желтоқсанда өткен сайлауда 91%-дан астам дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Одақтың ыдырау сатысында республикалар арасындағы тарихи, экономикалық және мәдени байланыстарды жоғалтып алу апатына жол бермеу үлкен парасаттылық болғанын айту керек. Бұл үшін ұлттық мемлекет құру ісінің өзін сәл кешеуілдету құрбандығына баруға болатын еді.

Аса жауапты жағдайда оның алғырлығы мен көрегендігі айқын көрінді. Беловеж кездесуі өтіп жатқан кезде Назарбаев өзін байсалды парасаттылықпен ұстай алмаған болса, оқиғаның қалай бет бұратыны белгісіз еді. Беловеж сөз байласуын жоққа шығару мақсатымен келіссөздер жүргізу үшін сол кездегі бұрыңғы кеңестік республикалар басшыларын жинап алды. Келіссөздер нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы құрылды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың кезеңі – көптеген жеңістер әкелген жылдар. Ол әуелден-ақ Қазақстан экономикасын түбірімен өзгертуге баса көңіл бөлді.

1992 жылдың басында «Қазақстанның егемендігі мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамустратегиясы» әзірленді.

1993 жылы ұлттық валютаны енгізген соң оның толық көлемде жүзеге асырылуы өте қысқа мерзімде макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге, теңдесі жоқ инфляцияны тоқтатуға, өнеркәсіпті жандандыруға, жекеменшікті қалыптастыруға қатысты шараларды атқаруға, тұрғын үй коммуналды шаруашылықты өрістетіп, зейнетақымен қамтамасыз ету реформаларын жүргізуге мүмкіндік берді.

1997 жылы мемлекет басшысы қолжеткен нәтижелерге сай елді дамытудың ұзақ мерзімге белгіленген «Қазақстан – 2030» Стратегиясын жүзеге асыруды ұсынды. Стратегия елдің күш-жігері мен ресурстарын аса маңызды міндеттерді шешуге топтастырды, олардың қатарына ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның нығаюы, экономиялық өрлеу, азаматтардың денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты кіреді. 2000 жылдың өзінде-ақ Қазақстанда экономиканың тұрақтылығы мен динамикалық өсу, өндіріс көлемінің ұлғаюы, қаржы ресурстарының жинақталу бағыты орнықты.
Саясатшы және экономист Нұрсұлтан Назарбаев жеке басының беделі Қазақстанның халықаралық сахнада инвестициялық реитингінің көтерілуіне, көптеген елдер мен дүниежүзілік қауымдастықтың халықаралық қаржылық институттарымен жемісті экономикалық қарым-қатынастар орнатуына көп көмегін тигізді. Елімізде кәсіпкерлік қызметті соның ішінде біздің елімізге жұмыс істеп отырған немесе қызмет атқарылғалы келетін бизнесмендер үшін де өрістетуге мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға байланысты жұмыстар бүгінгі күндері де жалғасын тауып отыр.

Миллиондаған қазақстандықтардың тіршілік үлгісі өзгерді. Олар жағымды өзгерістерді күтіп қана отырмай, өздері де өмірге қызу араласып, әлеуметтік жаңа ортаға бой үйретуге ұмтылуда, әл-ауқаттарын өз куштерімен жақсарта түсу үшін белсенді әрекет етуде. Денсаулық сақтау ісін, білім беру жуйесін, ғылым мен мәдениетті одан әрі дамытудың тиімді шаралары белгіленуде. Бір атап өтерлік жайт, ең бастысы бұл салаларға деген көзқарас өзгерді. Оған бюджеттік қаржы бөлу едәуір ұлғайтылумен қатар, мұнда рыноктық механизмдер барған сайын кеңінен іске қосылып келеді. Ел Президентінің басшылығымен индустриялдық-инновациялық дамудың Стратегиясы әзірленді, Инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Ол үшін қазіргі ең басты нәрсе – ел мен оның экокномикасын кең көлемді бәсекеге, БСҰ-ға кіруге дайындау, намыстың ісі дүниежүзінің дамыған 50 елінің қатарына қосылу міндетін шешу.

Дүниежүзілік сарапшылар арасында «Нұрсұлтан Назарбаев реформаларының қазақстандық үлгісі» деген атау пайда болды және шындыққа сай да.

Мемлекет қалаған құрылыстың халық қалаған президенттік республика түріндегі экономикалық, саяси және демократиялық қайта құрылуларды

табысты жүргізуге көп жағдай жасады. Назарбаевтың басшылығымен конституциялық құрылыс процесі іске асырылды. Ол 1995 жылы тамызда елдің Негізгі Заңын қабылдаған жалпыхалықтық референдуммен аяқталды. Тұңғыш Президентінің ешкім таласа алмайтын еңбектерінің бірі Қазақстанда демократиялық институттар құрып, дамыту болды. Сөз және баспасөз бостандығы құқығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық

бірлестіктер құру құқығы, дін тұтыну еркіндігі құқығы сияқты азаматтық қоғамның либералдық құндылықтарды тап соның тұсында конституциялық нормаға айналды. Қорытындысында қазақстандықтардың сана сезімі, азаматтық және ұлттық мәртебесі өзіне, өз күшіне және мүмкіндіктеріне деген сенімі артты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниежүзілік қауымдастығы Қазақстанның орны мен рөлін анықтауға байланысты көзқарастары, халықаралық ұсыныстары сонылығымен, батылдығымен ерекше бағаланады. Мемлекет басшысы қысқа уақыттың ішінде халықаралық қарым-қатынастың әбден сұрыпталған тұжырымдарын қалыптастырды.

Назарбаевтың тереңнен ойластырылған көптеген ұсыныстары – Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава деген статустан бас тарту, кең көлемді де аймақтық қауіпсіздігі қамтамасыз ету жолындағы тиянақты қызметі дүние жүзі халықтарына мәлім болып, қызу қолдау тапты.

Назарбаевтың ұсыныстары бойынша ТМД, ОАО, Кедендік одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдар дүниеге келді. Ол БҰҰ Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған Азиядағы өзара қимыл мен сенім шаралары кеңесі іс жүзінде жұмысқа кірісті.

Өз елін жанындай сүйген ардақты азамат Нұрсұлтан Назарбаевқа тағдыр бұдан жиырма жыл бұрын адамның түсіне де кірмейтін міндет ұсынды: жаңа тәуелсіз мемлекет құру мүмкіндігін алған Қазақстанның тұңғыш Президенті оны алғырлықпен адал орындап шықты. Оның ең басты табыстарының бірі саяси тұрақтылықты сақатп нығайту, ұлтаралық, дінаралық және азаматтық келісімге қол жеткізу болды. Этностар, ұлттар, тілдер, діндер мен мәдениеттер айрықша топтасқан елде Вавилондағы аласапыран сияқты таураттық тәжірибенің қайталануына жол бермеуге қабілеті жетті. Бұған керісінше ол ежелгі Қазақ жерінде келісім мен мейірбандық мұнарасын орната алды. Бұл көп жағдайда осынша қысқа мерзім ішінде аса күрделі экономикалық және саяси реформаларды көп қиындықтарсыз әрі тиімді жолдармен жүзеге асыруға және елді барлық тәуелсіз жаңа мемлекеттер арасында жүргізілген реформалардың көшбасшысы дәрежесіне көтеруге мүмкіндік берді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адамдар ешқандай қауіп-қатерсіз, мейлінше жайлы жағдайда өмір сүретін дүниежүзілік қауымдастыққа лайық XXI ғасырдың өркен жайған мемлекетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға біржола бел буған.


Жүлделері мен марапаттары.

Президенттің қанатты сөздері


Айзат:

Ендеше, келесі кезекті оқушыларымыздың Отан, Елбасы жөнінде жырлағанын естиік.


Назым:

Ауыр күнді астымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көтерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай

Бір керемет жасады-ау кісілік!


Жайық:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!


Айдана:

«Нұрағаның нұрлы жолы»

Таршылықта көз жасын төге келіп,

Төре болған жар бар ма төреге еріп.

Есім салған ескі жол ғайып болған

Ескі киім секілді көнеленіп.

Қайраса да намысын тасқа жанып,

Қарт та налып күн кешкен, жас та налып,

Подвалдағы архифке жол тартқан ды,

Қасым салған қасқа жол таспаланып.


Үміттері үзілмей жалғасқанда,

Жанар еді жұлдызы арлы аспанда

Жер бетінен аты өшіп жоғалған ды,

Ақ патшаның ақ жолы шаң басқанда.

Өліктердің құралған қаңқасынан

Сұм Кеңестің өн бойы қан сасыған,

Қанды жолы құрыған көз көрмеске,

Құлағанда бұл қоғам шалқасынан.


Тәңір бізді тәуелсіз түлеткелі,

өмірімнің жаңғырын тұр өткелі.

Нұрсұлтанның таңдаған нұрлы жолын

Ер қазақтың жолбарыс жүректі елі.

Көкірегін жылытқан сүр жаланың,

Бәрі биік жұлдызды мұнараның.

Нұрлы арманға жетпеуі мүмкін емес

Нұрлы жолын таңдаған Нұрағаның.


Жұлдыз:

«Алаштан туған Айбозым»

Жұлдызы көктен жамырап,

Алаштан туған Айбозым!

Өзіңіз барда маңырап,

Қаңғысын қайда қай қозым.


Сақтанғай көздің сұғынан

Алдаспан болған арысым.

Алатаудың заңғар шыңынан

Алысқа секірген барысым.


Шөл ұққан қуан белеңге

Тебіреніп аққан тереңім.

Егеулі найза ер елге

Еміреніп жеткен кемелім.


Ат ерттеп мініп жасынан

Бақ қуған қырғи еренім.

Қатерлі семсер астынан

Еңкеймей өткен еменім.


Қақ тұрмас қатқыл қыратқа

Мөлдіреп тұнған тұнығым.

Бастаған нұрлы мұратқа

Ұлытау тектес ұлығым.


Қанатын аққу жайғанда

Теңіздей шалқар айдыным.

Айбары асқан Айдан да

Арыстан кеуде айбыным.


Бармадың қанша жат елге

Жұрт көріп бәрін жаны арай,

Қарсы ағып қауір-қатерге

Қасқайып тұрған қарағай.


Ажар:

Егемендік иесі «мен» деген сөз,

Көптен бері естілмеген ерен сөз.

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

Көркем жігіт болып өссе көген көз.


Егемендік – ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

«Егемендік» деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.


Ержан:

2030 барыс жылға тапсырма

Болашақтың бүгінге беретұғын бағасы.

Егеменді елімнің көк байрағы тігілді,

Ораза ұстап, құрбан шалып жатырмыз,

Қайта тауып жоғалтқан дінімді.

Егеменді елімнің Президенті бастаған

Отанымда барлық ел-жұрт татулықты қостаған.

Жадымызда жатталсын барыс жыл деп,

әйгіленіп әлемге, заң шығарып тастаған.


Перизат:

«Ақылмен іс қылған бек елге сүйкімді болады», - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, Нұрсұлтан Әбішұлы саясаткер, ғалым және стартег ретінде қысқа кезең ішінде тәуелсіз мемлекеттің оң жетістіктерге қол жеткізе алатындығын бүкіл әлем алдында дәлелдеп берді.


Айзат:

Әлемдік ағымдарға басты назар аудару – біздің Президентімізге тән қасиеттің бірі. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік дәрежеге сай ғалым болып табылды. Ол экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесі, бірнеше халықаралық университеттердің құрметті докторы, шет мемлекеттердегі бірқатар Ғылым академияларының академигі болып табылады.


Перизат:

Ендеше біздің Президент туралы басқа елдің Президенттері қандай пікірде екенін тыңдап отырайық.


Аружан:

Ресей Федерациясының Президенті:

Қазақстан азаматтары Сізді ақылман да тәжірибелі саясатшы, беделді мемлекет қайраткері ретінде біледі. Олар республиканың серпінді дамуына, оның жемісті халықаралық байланыстары мен қатынастарын нығайтуға бағытталған күш-жігеріңізді жоғары бағалайды.


Мадияр:

АҚШ Президенті:

Мемлекет басшысының жауапкершілігі мен осы қызметке байланысты қиыншылықтардың әрдайым зор екендігін өзіңіз де білесіз. Және де Сіздің өз қызметіңізді үздік бағаға атқарғаныңызды түйсінудің өзі - өмірдің ең маңызды сыйы болып табылады.

Сіздің жаңа Президенттік мерзіміңіздің басында өзіңізге Сіздің еліңіздің халқы артқан сенімдерін ақтай беретеніңізге кәміл сенетінімді жеткізгім келеді.


Гүлназ:

Өзбекстан Президенті:

Мен Сіздің қол жеткізген жетістіктеріңізге халықтан бөліп қарамаймын.Сіздің жетістігіңіз – халықтың жетістігі. Халық сізге сенеді және өздерінің алдағы өмірлерін Президентпен байланыстырды. Біз әрқашан бірге болдық. Бұл табыс емес, бұл – жеңіс! өзбек халқында «Жолдасың қазақ болса, жолдан

адаспайсың» деген мақал бар. Шынында да біздер қандас бауырлармыз. Алладна тілеймін, біздің бұл қарым-қатынасымыз мәңгілікке сақтала берсін.


Ерсұлтан:

Армения Президенті:

Менің терең сенімім бойынша, Сіздің қызметіңіз алдағы кезде де Қазақсатн Республикасының өркендеуіне жағдай жасап, Өзіңіз бастаған әлеуметтік-экономикалық реформалар ойдағыдай жалғасуының сенімді кепілі болады. Осы жағдайды пайдаланып, Сізге құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мықты денсаулық және қызметіңізге табыстар, ал Қазаөстан халқына бейбітшілік, бақыт пен өркендеу тілеймін.


Тоғжан:

Иран Ислам Республикасынынң Президенті:

Жоғарғы Мәртебелімді халықты басым көпшілігінің қолдауы және электораттық белсене қатысу жағдайында Сіз ие болған осына утамаша жеңіспен құттықтаймын. Жаратқан Иеден Жоғары Мәртебеліме зор табыстар, ал қазақстанның тамаша халқына бақыт пен береке тілеймін.

Қанат:

Қытай Халық Республикасының Төрағасы:

Мен Сізбен бірге тату көршілік пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, Қытай-Қазақстан стратегиялық әріптестігін жан-жақты тереңдетіп, дамытуға бағытталған қажымас күш-жігер жұмсауды жалғастыруға әзірмін.


Наргиз:

Түрік Республикасының Президенті:

Түркия Қазақстанның экономикалық реформаларын жіті қадағалап отырады. Сіздік күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстан тәуелсіздік жылдарында Орталық Азияның жарық жұлдызына – беделді, сенімді әрі қуатты мемлекетке айналды.


Еділ:

Корея Республикасының Президенті:

Сіздің басшылығыңызбен ел елеулі экономикалық және демократиялық дамуға қол жеткізетініне сенімдімін. Сондай-ақ өңірдің жетекші мемлекеті ретінде Қазақстан Орталық Азияда тұрақтылық пен интеграцияның кіндігіне айналып, халықаралық мәселелерді шешуде белсенді рөл атқаратынына үміт артамын.


Айзат:

Елбасымыз өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында алда тұрған міндеттерді нақты қойып, қандай асуларды алу керектігін айқын көрсетіп берді, қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, болашағымыз қандай болу керек десе, соған орай өмірлік ұстанымды парасатты түрде айқындау керектігіне назар аудартты.


Перизат:

Қазақстан Республикасының Президенті туралы өзінің еліне де, сондай-ақ әлемнің басқа жерлерінде де жақсы жағынан айтылып келеді, оның атқарған істерінің, әсіресе біздің еліміздегі ғана емес барлық халықтардың бейбіт өмір сүруіне орай тындырған жұмыстарының мән-маңызын сезінбеу мүмкін емес, сондықтан «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – менің Президентім!»-деп зор сеніммен, әрі мақтаныш сезіммен айта аламыз!


Айзат:

Құрметті қауым, бүгінгі шарамыздың соңына да жеттік. Біздің Елбасымыздың жеткен жетістіктерін айтып біту мүмкін емес. Сондықтан, Елбасымыз аман болсын, жеріміз жайлы, деніміз сау боп жүре берейік. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!




















Ғасырдың ғажап азаматы


Мақсаты: оқушыларды 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне назар аудару, отансүйгіштікке тәрбиелеу; Елбасы өмірбаянымен, еңбек жолымен, шығармаларымен, Елбасы туралы жариялымдармен таныстыру, Елбасыға деген сүйіспеншілік сезімін ұялату; түрлі ақпараттық көздерді пайдалануды үйретіп, оқушының қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту, ой-өрісін кеңейту.


Көрнекілік: кітап көрмесі, слайд, бейнефильм.


Дөңгелек үстел жоспары:


  1. Бейнефильм

  2. Бала Сұлтаннан Ұлы даланың Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа дейін

  3. Н.Ә.Назарбаев өмірінің тарихи тізбегі (Елбасының өмір жолы, қызметі, жетістіктері) слайд

4. Жүлделері мен марапаттары

5. Президенттің қанатты сөздері

6. Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Назарбаев туралы лебіздері

Автор
Дата добавления 14.05.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров413
Номер материала ДБ-080682
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх