Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыƏдіскердің тəрбиешілерді бақылау жұмысы

Əдіскердің тəрбиешілерді бақылау жұмысы

Скачать материал

МДҰ-дағы тәрбие мен білім беру үдерісін бақылау

 

Тамыз айында МДҰ-ның тәрбие мен білім беру үдерісін бақылаудың перспективалық жоспары жасалады, онда тақырыптық, жаппай және жедел бақылау көзделуі тиіс.

 

Бақылау – басқарудың жоспарлаумен, педагогикалық талдаумен, реттеумен және түзетумен тығыз байланысты функцияларының бірі.

 

Мектепке дейінгі ұйымдағы (бұдан әрі – МДҰ) бақылау – тәрбие мен білім беру үдерісінің білім беру бағдарламалары мен МДҰ Жарғысына, МЖМБС-қа, жалпы мемлекеттік ұстанымдарға, жоспарларға, білім берудің жоғары тұрған органдарының бұйрықтарына сәйкестігін қадағалау және тексеру жүйесі.

 

Тәрбие мен білім беру үдерісін бірыңғай жүйеде бақылаудың маңыздылығы мына қағидалармен айқындалады:

• Бақылау МДҰ қызметінің нормативтік құжаттарға, педагогикалық кеңестің шешімдеріне немесе басшының өкімдеріне сәйкестігін белгілеуге мүмкіндік береді. Ауытқулар мен олардың себептерін анықтауға, кемшіліктерді жоюдың жолдары мен әдістерін айқындауға көмектеседі.

 

• Жүйесіз бақылауды жүзеге асыра отырып, басшы тәрбие барысына жедел араласу, оны басқару мүмкіндігінен айрылады.

 

• Бақылау жүйесінің болмауы тәрбие мен білім беру үдерісін іске асыруда бей-берекетсіздікті тудырады.

 

• Бақылау жас кадрларды тәрбиелеуде жас маманның өз міндеттерін орындаудағы жеке жауапкершілігін күшейтетін маңызды фактор болып табылады.

 

МДҰ-дағы бақылауға мынадай талаптар қойылады:

·         бақылаудың мақсаты мен міндеттері тәрбие мен білім беру үдерісінің мақсаттары мен міндеттерінен туындауы тиіс;

·         істердің жағдайын ғана тексеріп қоймай, сонымен қатар МДҰ-дағы тәрбие мен оқыту жұмысының барлық бағыттарын бақылаудың бірыңғай жүйесін құру қажет;

·         бақылауды жоспарлау керек;

·         бақылау барысында фактілерді көрсету емес, кемшіліктер туғызатын себептерді анықтау, оларды жою жөнінде тиімді іс-шаралар әзірлеу маңызды;

·         бақылау, егер ол дер кезінде жүзеге асырылған және алға қойған шешімдер орындалған жағдайда ғана пәрменді сипатта болады;

·         бақыланатын мәселелердің мәні бойынша тексерілетін тұлғалармен нұсқаулық жүргізген, оларға алға қойған шешімдерін орындауда көмек көрсеткен дұрыс;

·         кез келген тексерудің қорытындыларын педагогикалық ұжым мүшелерінің барлығы білуге тиіс.

 

Осылайша, бақылау тұрақты, жүйелі, пәрменді және жариялы болуы тиіс.

Оны жүзеге асыру кезінде белгілі бір бірізділікті немесе бақылауды жүзеге асыру алгоритмін сақтау қажет:

• Мақсат пен объектіні айқындау.

• Бағдарлама (жоспар) әзірлеу.

• Ақпарат жинау.

• Жиналған материалды бастапқы талдау.

• Ұсынымдар мен кемшіліктерді түзету жолдарын әзірлеу.

• Ұсынымдардың орындалуын тексеру.

 

Педагогикалық үдеріс ерекше назар аударуды және өзгерістерді талап етеді. Педагогтардың кәсіптік өзін-өзі жетілдіруі мен шығармашылық әлеуетін дамытуды белсендіру үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс. Бұл материалдық-техникалық базаның жақсартылуына және білім беру үдерісінің ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне, педагогтардың әдістемелік сауаттылығы мен технологиялық құзыреттілігінің арттырылуына, қызметкерлерді көтермелеу мен ынталандыру жүйесінің құрылуына тікелей байланысты.

Тиісінше, бұл талаптар қаншалықты сапалы және уақтылы орындалар болса, МДҰ-дағы тәрбие мен білім беру үдерісі соншалықты сауатты, мектеп жасына дейінгі балаға ұсынылатын тәрбие, білім беру және дамыту қызметтерінің сапалық деңгейі осыған байланысты болады.

 

Бақылаудың мақсаты – барлық жас топтарындағы педагогикалық үдерісті жетілдіру және әр тәрбиешіге нақты көмек көрсету.

Оқу-тәрбие үдерісін және оның нәтижелерін, атап айтқанда балалардың білімдерін, икемдері мен машықтарын, олардың дамуын бақылау мұқият жоспарлануы тиіс.

 

Тамыз айында МДҰ-ның тәрбие мен білім беру үдерісін бақылаудың перспективалық жоспары жасалады, онда тақырыптық, жаппай және жедел бақылау көзделуі тиіс (1-қосымша).

Бұл жоспарға

·         балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау;

·         серуендеу режимін орындау;

·         мәдени-гигиеналық (тамақтану, киіну-шешіну, жуыну кезіндегі) машықтар;

·         ойын-сауықтар ұйымдастыру;

·         кітап, бейнелеу қызметі, табиғат, музыка бұрыштарын қамту және безендіру;

·         білім беру салаларының барлық түрлерінде дидактикалық ойындардың бар болуы;

·         балалармен тәрбие және білім беру жұмысы жоспарының бар болуы;

·         ата-аналарға арналған көрнекі педагогикалық насихат (консультациялар, ақпараттар т. б.);

·         ата-аналар жиналысын өткізу бағыттары енгізілген.

 

К. Ю. Белаяның, Л. М. Волобуеваның, Н. С. Голицынаның, О. А. Скоролупованың МДҰ-дағы бақылау туралы ұсынымдарын зерделей келе, біз олардың көбісін қолдана бастадық және олардың негізінде өз карта-сызбамызды құрастырдық. Картамен жұмыс істеу кезінде негізгі қағидаларға сүйене отырып, оларға бақыланатын үдеріске арналған неғұрлым көп ақпаратты орналастыруға, сонымен қатар онда жазбалардың аз болуына ұмтыламыз.

Осылайша, біз мынадай бөлімдер бойынша тәрбие мен білім беру үдерісін бақылауға арналған құжаттар топтамасын жинақтадық:

• Режимдік тұстарды бағалауға арналған карталар: таңертеңгілік гимнастиканы ұйымдастыру (2-қосымша), жуыну, тамақтану, балалардың серуендегі әр түрлі іс-қимылдары, сюжеттік-рөлдік ойындар.

• Білім беру салаларының барлық түрлеріндегі балалармен өткізілетін сабақтар және біз жұмыс істейтін бағдарламалардың барлық бөлімдері бойынша нәтижелерді көрсететін бақылауға арналған («Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің үлгілік оқу бағдарламасы»): тілді дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (бұдан әрі – ҚМҰҚ), қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу қызметі (3-қосымша), құрастыру т. б. бойынша карталар.

• Үшінші бөлімде тақырыптық және жедел бақылауға арналған тәжірибелік материалдар жиналады (4, 5, 6-қосымшалар).

 

Бұл ретте бақылаудың түрлі бағыттарын

·         күн сайын (мысалы, балалармен сабақ өткізуді);

·         апта сайын (сабақтарға дайындалуды);

·         ай сайын (балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, бір айға арналған балалармен тәрбие және білім беру жұмысы жоспарының болуы);

·         тоқсанына 1 рет (МДҰ-ның жылдық міндеттеріне сүйене отырып, ата-аналарға арналған көрнекі үгіт, ата-аналар жиналысын өткізуді, бағдарлама бөлімдері бойынша дамытушы ортаны қамтуды) жоспарлау ұсынылады.

 

Тиісті бағандарда түрлі-түсті геометриялық пішіндерді қолдана отырып, қандай да бір мәселе бойынша жұмыс жағдайы тіркеледі:

қызыл – жоғары деңгей;

сары – орташа (рұқсат етілген);

жасыл – төмен;

көк – қанағаттанарлықсыз (рұқсат етілмеген).

Немесе белгілер

«++» – жоғары деңгей;

«+» – рұқсат етілген;

«V» – төмен;

«–» – рұқсат етілмеген.

 

Бақылауға байланысты сұрақтар туындаған кезде, мысалы: «Топта белгілі бір талаптар орындала ма жоқ па?» – мынадай белгілерді қолдануға болады:

«+» – қажетті талап сақталады/орындалады;

«–» – сақталмайды;

«±» – ішінара орындалады/сақталады.

Осылайша, тәрбие мен білім беру үдерісін уақтылы, жүйелі және нысаналы бақылау педагогтардың кәсіптік деңгейін көтеруде, әдістемелік сауаттылығы мен технологиялық құзыреттілігін арттыруда зор рөл атқарады, бұл өз кезегінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда және тәрбиелеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге оң әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

МДҰ-ның тәрбие мен білім беру үдерісін бақылаудың перспективалық жоспары

 

Бақылау тақырыптамасы

Бақылау обьектісі

Жауаптылар

IX

X

XI

XII

I

II

III

IV

V

Балалардың өмірі мен денсаулығын

сақтау

1

Топтарда балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға арналған жағдайлар жасау

Барлық педагогтар

Директор, әдіскер, шаруашылық меңгерушісі, кәсіподақ комитеті

+

 

 

 

+

 

 

 

+

2

Режимдік үдерістерді ұйымдастыру және өткізу (жуыну, ас қабылдау, серуенге жиналу, жату, ұйқы, тұру)

Барлық топтар

Директор, әдіскер, медбике

 

+

 

 

 

 

+

 

 

3

Таңертеңгі фильтр

2-ші кіші және карантиндік топтар

Медбике

+

 

 

+

 

 

 

 

+

4

Режимдік сәттерді ұйымдастыру және өткізу (серуен, таңертеңгі қабылдау, сабақтарға дайындық)

Барлық топтар, мамандар

Директор, әдіскер

 

 

+

 

 

+

 

+

 

5

Дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу

Тәрбиешілер, музыкалық жетекші

Директор, әдіскер, медбике, педагог-психолог

 

+

 

+

 

 

+

 

 

6

Балалардың әр түрлі іс-қимылдарын ұйымдастыру кезінде техника қауіпсіздігін сақтау

Барлық педагогтар

Директор, әдіскер, шаруашылық меңгерушісі

+

 

 

 

+

 

 

+

 

7

Аурушаңдықты талдау

Барлық педагогтар

Директор, медбике

 

 

 

 

+

 

 

 

+

8

МДҰ түлектерін медициналық қарап-тексеру қорытындылары

Ересектер және дайындық топтары

Медбике

 

 

 

 

 

 

 

+

 

9

Ерте жастағы балалардың бейімделуін талдау

Ерте жастағы топтар

Педагогпсихолог, медбике

+

 

 

 

 

 

 

 

 

10

Жиһазды таңдауға қойылатын талаптардың сақтаулы

Барлық топтар

Директор, медбике, шаруашылық меңгерушісі

+

 

 

 

 

 

 

 

 

11

Іс-әрекеттер ағымының қауіпсіздігі және балалардың жол жарақатын болдырмау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Ересек мектеп жасына дейінгі топтар

Әдіскер

+

 

 

 

 

 

+

 

+

12

Кеңес беру пункттерін, педагог-психологтың түзеу-дамыту (тәрбиешілермен, ата-аналармен өзара әрекеттесу) жұмысын ұйымдастыру

Барлық педагогтар

Директор, әдіскер, педагогпсихолог

 

+

+

 

+

+

 

+

+

Балалардың даму деңгейі

1

Педагогикалық үдеріске «Балбөбек», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Алғашқы қадам» бағдарламаларын енгізу

Барлық топтар

Директор, әдіскер, кіші мамандар

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Балаларды мектепке даярлау (оның ішінде ұсақ моториканы дамыту)

Ересек мектеп жасына дейінгі топтар

Директор, әдіскер, педагогпсихолог

+

 

 

+

 

 

 

+

 

3

Таза ауада спорт ойындары мен жаттығуларды ұйымдастыру

Жас тәрбиешілер, музыкалық жетекші

Директор, әдіскер

 

 

+

 

 

 

+

 

 

4

Балалар диагностикасының нәтижесі:

МЖМБС-қа сәйкес барлық білім беру салалары бойынша

Барлық мектеп жасына дейінгі топтар

Әдіскер, педагогтар

 

 

 

+

 

 

 

+

 

Отбасылық дәстүрлерге қарым-қатынасты қалыптастыру

Ересек мектеп жасына дейінгі топтар

 

 

+

 

 

 

 

 

 

Танымдық-тілдік дамыту бойынша

Мектеп жасына дейінгі топтар

Директор, әдіскер, тәрбиешілер

 

 

 

 

 

+

 

 

 

Балалардың білімді меңгеру деңгейі бойынша мониторинг

Ересек мектеп жасына дейінгі топтар

Әдіскер, тәрбиешілер, кіші мамандар

+

 

 

+

 

 

 

 

+

Педагогтардың кәсіптік құзыреттілігі (балалармен және ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру)

1

Оқу қызметін талдау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экологиялық-өлкетану бағыттары

Мектеп жасына дейінгі топтар

Директор, әдіскер, психолог

+

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚМҰҚ

 

+

 

 

 

+

 

 

 

Тілді дамыту

Барлық топтар

 

 

 

+

+

+

 

+

 

Бейнелеу қызметтері

 

+

 

 

 

 

 

+

 

Құрастыру, қол еңбегі

+

 

+

 

 

+

 

 

 

Музыкалық тәрбиелеу

 

+

 

 

 

 

 

+

 

Театрландырылған қызмет

 

 

 

 

 

 

+

+

 

Танымдық дамыту

+

 

 

 

+

 

 

 

+

Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Мектепалды және ересек мектеп жасына дейінгі топтар

Әдіскер

 

 

 

+

+

+

 

 

 

Адамгершілікке тәрбиелеу

+

+

+

 

 

 

 

 

 

Сауаттылыққа үйрету

 

 

 

+

 

 

 

+

 

Денешынықтыру

Барлық топтар

 

 

 

 

+

 

 

 

 

+

Хореография

+

 

 

 

 

 

 

 

+

2

Үйірмелік жұмыс

 

 

 

 

+

 

 

 

+

 

 

«Жас эколог»

 

 

+

 

 

 

 

+

 

 

 

«Кемпірқосақ»

 

 

 

+

 

 

 

 

+

 

 

«Жұлдыз»

 

 

 

 

+

 

 

 

 

+

 

«Түрлі-түсті қиялдар»

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

+

3

Балалармен және ата-аналармен тәрбие және оқыту жұмысын жоспарлау сапасы

 

Әдіскер

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Тәрбиеленушілердің атааналарымен жұмыс

Топ тәрбиешілері, мамандар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрнекі педагогикалық насихат

Барлық топтар

Тәрбиешілер, кіші мамандар, психолог, әдіскер

 

+

+

+

 

+

+

 

+

«Бәрін білгім келеді!» ата-аналар жиналысы

 

Директор, әдіскер, музыкалық жетекші, психолог

 

+

 

 

+

 

 

+

 

Отбасылық клубтар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Спортпен доспыз» «Толағай» «Анам, әкем, мен – музыкалық отбасымыз»

 

 

 

+

+

 

+

 

 

 

5

Педагогтардың құжаттамасы және топтардағы пәндік орта

 

Барлық педагогтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогтардың кәсіптік кедергілерін талдау (сауалнама жүргізу)

Барлық педагогтар

Әдіскер

 

 

 

 

 

 

 

 

+

«Бес минуттық» педагогикалық кеңестердің шешімдерін, жоғары тұрған органдардың нұсқаулық-әдістемелік құжаттамаларын орындау

Барлық топтар, мамандар

Директор, әдіскер

 

 

 

+

 

+

 

 

+

Құжаттама (ағымдық бақылау)

Тәрбиешілер, мамандар

Директор, әдіскер

+

 

 

 

 

 

+

 

 

Топтар мен кабинеттердің жаңа оқу жылына (жаз кезеңіне) дайындығының мониторингі

Орташа және ересек мектеп жасына дейінгі топтар

Директор, әдіскер

+

 

 

 

 

 

 

 

+

«Балалардың шығармашылық дамуын ұйымдастыру деңгейі»

Ерте және кіші мектеп жасына дейінгі топтар

Директор, әдіскер

 

 

 

 

 

+

 

 

 

«Балаларды мәдени-гигиеналық машықтарға тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру»

Ересек мектеп жасына дейінгі топтар

Директор, әдіскер, медбике

 

 

 

+

 

 

 

 

 

«Балабақшада экологиялық валеологиялық тәрбие беру жағдайларын құру»

 

Директор, әдіскер

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

 

Таңертеңгілік гимнастиканы талдаудың карта-сызбасы

Бару мақсаты: таңертеңгілік гимнастиканы өткізу, ойын тәсілдерін қолдану әдістемесі.

Уақыты __________ күні _________________

Балалар саны __________________________

Топ __________________________________

Өткізу орны  ___________________________

Тәрбиеші  _____________________________

Зерделеуге арналған мәселелер

Иә

Ішінара

Жоқ

Жағдайлар жасау

 

 

 

Ұзақтығын сақтау

 

 

 

Оқу құралдары мен жабдықтарды қолдану

 

 

 

Температуралық режимді сақтау

 

 

 

Балалардың киіміне, аяқ киіміне қойылатын талаптарды сақтау

 

 

 

Үй-жайларды алдын ала желдету және ылғалды тазалау

 

 

 

Тәрбиешінің киімі, аяқ киімі

 

 

 

Тәрбиешіні даярлау

 

 

 

Жоспардың болуы

 

 

 

Жаттығуларды көрсетудің дұрыстығы

 

 

 

Жаттығулардың мөлшерін (санын) сақтау

 

 

 

Нұсқаулардың ойластырылуы және нақтылығы

 

 

 

Оқу құралдарын тарату уақытының ойластырылуы

 

 

 

Гимнастиканы ұйымдастыру

 

 

 

Жинау және ұйымдастыру тәсілдері

 

 

 

Жас ерекшелігіне қарай аталған топқа сәйкес жаттығуларды іріктеу

 

 

 

Жаттығулар саны балалардың жасына сәйкес

 

 

 

Қозғалыс түрлерін ауыстырудың реттілігін сақтау

 

 

 

Жаттығуларды орындау ырғағын сақтау

 

 

 

Өткізу тәсілдері

 

 

 

Көрсету

 

 

 

Түсіндіру

 

 

 

Нұсқаулар

 

 

 

Қайталау

 

 

 

Ойындық еліктеу тәсілдері

 

 

 

Ұқсастыру

 

 

 

Көркем сөзді, музыканы қолдану

 

 

 

Жаттығуларды орындау сапасын бақылау

 

 

 

Дене жүктемелерінің аталған топтағы балалардың жасына сәйкестігі

 

 

 

Эмоциялық жүктеме, мінез-құлық

 

 

 

Балалардың қызығушылығы

 

 

 

Жақсы көңіл күй

 

 

 

Тәртіп, зейін

 

 

 

Тыныс алу жаттығулары

 

 

 

Таңертеңгілік гимнастиканы өткізу деңгейі

Жоғары

Орташа

Төмен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұжырымдар. Гимнастиканың негізгі мақсатына: шынықтыруға, қозғалыс машықтарына, сергек және жарқын көңіл күйге қол жетті ме.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-қосымша

Сурет салу бойынша оқу қызметін талдаудың карта-сызбасы

Бару мақсаты:




Оқу қызметінің тақырыбы:


Күні _____________________ уақыты _______________

Балалар саны ___________________________________

Топ  ___________________________________________

Тәрбиеші _______________________________________

 

Талдау критерийлері

Иә

Жоқ

Ішінара

1

Бағдарламалық мазмұнның баланың жасына сәйкестігі

 

 

 

2

Бағдарламалық материалдың тәрбиелік әсері

 

 

 

3

Гигиеналық талаптарды орындау

 

 

 

4

Оқу қызметінің эстетикасы

балалардың

 

 

 

топтың

 

 

 

жабдықтардың сырт пішіні

 

 

 

5

Жиһазды орналастырудың ойластырылуы

 

 

 

6

Оқу қызметінің кезеңдері және олардың байланысы

 

 

 

Кезең қызметтері

7

Жұмысты орындаудың қажеттілігі туралы уәждің болуы

 

 

 

8

Тәрбиеші тілінің ашықтығы, қисындылығы, эмоциялығы, мәнерлілігі

 

 

 

9

Балалардың оқу қызметінің қарым-қатынасы

енжарлық

 

 

 

қызығушылық

 

 

 

белсенділік

 

 

 

10

Балалардың оқу қызметіндегі мінез-құлқы

сабырлы

 

 

 

жұмыс істеуді қалауы

 

 

 

көңіл күйі

 

 

 

11

Балалармен дербес жұмыстың сипаты

бақылау

 

 

 

есіне салу

 

 

 

практикалық көмек

 

 

 

12

Дене шынықтыру минутын қолдану

балалар жаттығулармен жақсы таныс па

 

 

 

өткізудің мақсатқа сай болуы

 

 

 

13

Балалардың практикалық машықтары:

Сурет салуда түрлі материалдарды қолдана білуі

 

 

 

Сурет салу техникасын меңгеруі

 

 

 

Өз бетінше материалды таңдай/түс гаммаларын іріктей білуі

 

 

 

Жұмыста бірізділікті сақтау

 

 

 

Балалар тапсырмаларды орындады

екінші рет түсіндіргеннен кейін

 

 

 

бірден кіріспейді, еске түсіруді күтеді

 

 

 

күтпейді, көршісінің жауабын қайталайды

 

 

 

Балалар өз жұмысына шығармашылықпен қарайды

 

 

 

Балалар жұмысының сапасы

Жоғары

Орташа

Төмен

14

Оқу қызметін бағалау

Жоғары

Орташа

Төмен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-қосымша

 

Жедел бақылау анықтамасы

 

Өткізу күні: 20___ ж. «_____» ___________

 

Мақсаты: топтарды ________________________________ дайындау және безендіру сапасы.

 

Комиссия құрамы:



 

Топтар

Бақылау параметрлері

Топтарды безендіру

Шешінетін бөлмені безендіру

Ата-аналарға арналған ақпарат

Ата-аналарға арналған құттықтаулар

Балалардың безендіруге қатысуы

Қорытынды балл

1-ші

 

 

 

 

 

 

2-ші

 

 

 

 

 

 

3-ші

 

 

 

 

 

 

4-ші

 

 

 

 

 

 

5-ші

 

 

 

 

 

 

6-шы

 

 

 

 

 

 

7-ші

 

 

 

 

 

 

8-ші

 

 

 

 

 

 

9-шы

 

 

 

 

 

 

10-шы

 

 

 

 

 

 

11-ші

 

 

 

 

 

 

 

 

5-қосымша

 

«Тәрбиешінің оқу қызметіне дайындығы»  жедел бақылау картасы

 

20___ ж. «____» _____________

 

Тексеру күні _________________________

№ _________ топ оқу қызметінің тақырыбы _________________

Сұрақтар бақылауда

 

 

 

 

 

 

Көрнекі көрсету материалының дайын болуы

 

 

 

 

 

 

Көрнекі құралдарды безендіру эстетикасы

 

 

 

 

 

 

Тарату материалының дайын болуы

 

 

 

 

 

 

Балалар санына қарай тарату материалының жеткілікті саны

 

 

 

 

 

 

Материалды оқыту аймағында орналастырудың жөнділігі

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің жұмыс орнының дайын болуы

 

 

 

 

 

 

Жұмыс аймағына қойылатын гигиеналық талаптардың сақталуы

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің Т. А. Ә. _____________________

 

 

 

 

 

 

 

Нәтижелерді бағалау:

«++» – жоғары деңгей;

«+» – рұқсат етілген;

«V» – төмен;

«–» – рұқсат етілмеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-қосымша

 

Жоспарлауды және мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-отансүйгіштікке тәрбиелеуді тақырыптық тексеру

 

Тексеру күні  ______________________________________________

 

Тексеруді __________________________________________ жүргізді

 

 

Жұмыс мазмұны және бағалау

Қызмет түрлерін жоспарлау

№ ______ дайындық тобы (орыс)

№ _______ дайындық тобы (қазақ)

Арнайы ұйымдастырылған оқу қызметтері

 

 

Этикалық сұхбаттар

Мінез-құлық мәдениеті туралы

 

 

Мәдени-гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттілігі туралы

 

 

Моральдық жағымды қасиеттерді дамыту туралы

 

 

Адамгершілік және отансүйгіштік тақырыптарына арналған ойындар

 

 

Көркем туындыларды оқу

 

 

Тақырыптық ойын-сауықтар

 

 

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналар жиналысы

 

 

Буклеттерді безендіру

 

 

Сауалнама алу

 

 

Әдістемелік әдебиеттерді пайдалану

 

 

Топтарда жағдайлар жасау:

 

 

·         тақырыпты кітапқа арналған бұрышта көрсету

 

 

·         тақырыпты суреттер көрмесінде көрсету

 

 

 

Нәтижелерді бағалау:

«++» – жоғары деңгей;

«+» – рұқсат етілген;

«V» – төмен;

«–» – рұқсат етілмеген.

 

Тұжырымдар мен ұсынымдар:


 






 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Əдіскердің тəрбиешілерді бақылау жұмысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім алушылардың таңдау пəні. Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған.

Мектепке дейінгі ұйым əдіскерлерінің тəрбиешілерге жүргізген бақылау жұмыстарының талдау парақшасы.


Дайындаған:

Астана қаласы

Гуманитарлық колледжі

"Мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту" мамандығының

215кд тобының студенті

Халилаева Жəудір Берікқызы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 368 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2018 8662
    • DOCX 58.8 кбайт
    • 189 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Халилаева Жəудір Берікқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Халилаева Жəудір Берікқызы
    Халилаева Жəудір Берікқызы
    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 23478
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 150 человек

Курс повышения квалификации

Особенности использования дидактических игр с детьми старшего дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Современные педтехнологии в дошкольном образовании

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 580 человек

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 14 регионов