Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыӘдістемелік материал "Әдістемелік кабинеттің жұмысын ұйымдастыру"

Әдістемелік материал "Әдістемелік кабинеттің жұмысын ұйымдастыру"

Скачать материал

Әдістемелік кабинеттің жұмысын ұйымдастыру

 

Мектепке дейінгі ұйымдардың (бұдан әрі - МДҰ) бүкіл әдістемелік жұмысының орталығы әдістемелік кабинет (бұдан әрі - ӘК) болып табылады, оны педагогтар «тәрбиешілер зертханасы», «МДҰ-ның ми орталығы», «педагогикалық дәстүрлердің жинақтауышы», «балалар бақшасының жаны» т.б. деп атайды. Бұл атаулардан:

Þ   педагогтардың ӘК-ке көзқарасы;

Þ   оның қызметін бағалау деңгейі;

Þ   МДҰ мен әрбір педагог өміріндегі әдістемелік қызметтің маңыздылығы аңғарылады.

Өз мәні жаңынан ӘК - бұл:

Þ   педагогикалық ақпаратты (нормативтік құжаттар, педагогикалық және әдістемелік әдебиет, озық педагогикалық тәжірие және т.б.) жинау;

Þ   педгогтар біліктілігін арттыру (олардың шығармашылық жұмысын, педагогикалық шеберлікті жетілдіру мен өздігінен білім алуын қамтамасыз ету);

Þ   МДҰ-да жинақталған әдістемелік жұмыс тәжірибесіне талдау жасау және жалпылау;

Þ   ғылыми-әдістемелік (инновациялық және эксперименттік қызметті жүзеге асыратын педагогтарға әдістемелік қолдау жасау) орталығы.

ӘК қызметінің мақсаты, міндеттері, формалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - БҒМ) заңнамалық және нормативтік құжаттарымен, ӘК туралы Ережемен (қосымша), Жарғымен және МДҰ-ның жергілікті құжаттарымен тұжырымдалған және регламенттеледі. Солай болғанмен де кез келген ӘК үшін сипатты болып табылатын ортақ мақсаттар мен міндеттерді бөліп көрсетуге болады.

Мақсаты МДҰ-да әдістемелік жұмысты жетілдіру, біріңғай ақпараттық және әдістемелік кеңістік жасау болып табылады.

Міндеттері:

Þ   педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру үшін жағдайлар жасау;

Þ   білім бері үдерісінің барлық қатысушыларын оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларына оқыту үшін жағдайлар жасау;

Þ   педагогтардың сұратуларын диагностикалау және әдістемелік қиналушылықтарын түземдеу;

Þ   МДҰ үздік педагогтардың жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату;

Þ   педагогтардың зерттеушілік және эксперименттік қызметіне демеу жасау.

 

 

 

ӘК қызметінің жетекші бағыттары

Ғылыми-әдістемелік:

Þ   педагогикалық тәжірибені технологиялық деңгейде айқындау, зерделеу және жалпылау;

Þ   білім беру үдерісіндегі дидактикалық және әдістемелік сипаттағы қиналушылықтарды айқындау және оларды жою жөнінде шаралар әзірлеу;

Þ   педагогикалық үдерісте оқытудың заманауи құралдарын пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері бойынша оқытуды, лекциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастыру;

Þ   педагогикалық қызметкерлерді аттесттау үдерістерін ұйымдастыру;

Þ   эксперименттік жұмыс жүргізуші педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік қолдау көрсетуді жүзеге асыру;

Þ   балалар бақшасының даму режімінде қызмет атқаруын ұйымдастыру үшін жоспарлау-болжамдау қызметін жүзеге асыру (тұжырымдама, стратегиялық жоспар, білім беру бағдарламасын және басқаларын әзірлеу);

Þ   мектепке дейінгі білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары мен әдістемелерін, бағдарламаларын (нұсқалылық, баламалық) бейімдеу (сынап көру);

Þ   тәжірибелік-экспериметтік (зерттеушілік) жұмыстың бағыттарын анықтау;

Þ   мектеп жасына дейінгі балаларда қарым-қатынасты, ойындық қызметті, танымдық үдерістерді дамытуға бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым тиімді әдістері мен формаларын пайдалану жөнінде әдістемелік ұсынымдар жасау.

 

 

Ақпараттық-әдістемелік:

Þ   педагогикалық, нормативтік-құқықтық және әдістемелік ақпарат қорын қалыптастыру;

Þ   педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық, оқу-әдістемелік және білім берушілік қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

Þ   педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруына жәрдемдесу;

Þ   білім беру салалары бйынша оқытушы кино және бейнефильмдер мен басқа да дыбыстық-бейне құралдарының қорын қалыптастыру;

Þ   электрондық оқытушы материалдарды ұйымдастыру және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

Þ   балалар және әдістемелік әдебиетінің қорларымен қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік:

Þ   ғылыми-практикалық конференцияларды, педагогикалық оқулар мен семинарларды дайындау мен өткізуге (МДҰ деңгейінде) қатысу;

Þ   педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік педагогикалық шеберлігі конкурстарын дайындау мен өткізу (қалалық, облыстық, республикалық деңгейде - конкурсқа қатысушыларды дайындау және алып жүру);

Þ   білім беру - тәрбие жұмысының нәтижелері туралы ақпарат жинау, өңдеу мен талдау жасау;

Þ   тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мәліметтерінің қорын қалыптастыру мен жай-күйіне мониторинг;

Þ   тұрақты жұмыс істейтін семинарларды ұйымдастыру;

Þ   әдістемелік жұмыстық жай-күйі мен нәтижелерін зерделеу және талдау жасау, оны жетілдіру бағыттарын анықтау;

Þ   педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен кәсіптік қайта даярлауды болжамдау, жоспарлау, оларға үздіксіз білім беру жүйесінде ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету.

Диагностикалық:

Þ   педагогтар мен балалар қызметінің диагностикасы жөніндегі материалдарды зерттеу, іріктеу және әзірлеу;

Þ   оның дамуы үдерісінде баланың жеке ерекшеліктерін жерделеу, тәрбиешілермен және психологпен бірге балалардың жеке даму бағдарламаларын әзірлеу;

Þ   тәрбиешілермен, психологпен бірге баланың мектептегі оқытуға дайындық дәрежесін айқындау мақсатымен диагностика өткізу;

Þ   педагогикалық қызметті кешенді бағалау және МДҰ қызметкерлерінің әлеуметті мүмкіндіктерін зерделеу, озық педагогикалық тәжірибені айқындау, жалпылау және тарату;

Þ   тәрбиелеу-білім беру үдерісі оның сапасының жай-күйіне бақылау мен талдау жасауды жүзеге асыру. МДҰ педагогикалық үдерісінің нәтижелілігін бағалау.

МДҰ әдіскері барлық міндеттерді табысты шеше алатындай болуы үшін кабинетке барлық әдістемелік талаптарға сәйкес келетін материалды іріктеу, оны жүйелеу жөнінде мұқият ойластыру қажет.

Бұл ретте мынадай ұстанымдарды сақтау керек:

Þ   ӘК-тің мазмұны мен безендірілуі осы МДҰ тәрбиешілерінің қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс,

Þ   Кабинетті жарақтандыру қолжетімді және ұтымды болуы, оқыту-тәрбие үдерісінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі тиіс;

Þ   Кабинет жабдықтары уақыт талаптарына сай үнемі жаңартылып тұруы тиіс;

Þ   Кабинетті безендіру көпшілік қабылдаған заманауи эстетикалық нормаларға сәйкес келуі тиіс.

 

 

ӘК материалдарын мынадай тарауларға бөлуге болады:

1

2

Тараулар

Мазмұны

Нормативтік және нұсқаулықтық

ҚР-ның педагогтар қызметінің ерекшелігіне байланысты заңнамалық актілеру, ҚР БҒМ, білім департаменттері мен бөлімдерінің нұсқаулықтық-әдістемелік хаттары

Бағдарламалық

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың БҒМ ұсынған бағдарламалары, сондай-ақ пайдаланылатын авторлық бағдарламалар

МДҰ-ды дамытуды жоспарлау

МДҰ білім беру бағдарламасы, дамудың стратегиялық жоспары, жұмыстың жылдық жоспары, оқу жоспарлары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, қызығушылықтар бойынша үйірмелер жұмысының жоспарлары, кадрлармен жұмыстың бір айға арналған күнтізбелік жоспары және басқалар

Әдістемелік және анықтамалық

Отандық және шетелдік әдістемелік әдебиет басылымдары, мерзімдік баспасөз, сөздіктер, энциклопедиялар, Интернетте жұмыс істеуге арналған білім беру сайттарының тізімі  және басқалар

Талдаушылық-диагностикалық

МДҰ-ның бір жылдық жұмысына талдау жасау, педагогикалық мониторинг материалдары, сараптамалық комиссияның материалдары, аттесттау материалдары, педагогтар қиналыстарының диагностикасы және өзгелер

Зерттеушілік және эксперименттік

Педагогтардың эксперименттік және зерттеушілік қызметінің жоспар-болжамдары, жобалары, шығармашылық топтар жұмысының материалдары, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдар, эксперименттік және бақылау топтарының диагностика материалдары, эксперименттік және зерттеушілік қызметтің талдаушылық материалдары

Әдістемелік және ұсынымдық

Консультациялар, ұсынымдар, педагогикалық кеңестердің, семинарлардың, шеберлік сыныптарының материалдары және т.б.

Балалар көркем әдебиеті

 

Бақылау

Тақырыптық, шұғыл, сақтандыру және басқалары

Кадрлармен жұмыс

Сұхбатнама жүргізу, қиналушылықтардың диагностикасы, тәлімгерлікті, жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру, аттесттау материалдарды, педагогтар портфолиосы

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе

Педагогтің фотографиясы, оның өмірбаянындағы негізгі мәліметтер, тәжірибе мазмұнының сипаттамасы, жұмыс тәсілдері мн әдістерінің сипаттамасы, ұйымдасқан оқу қызметінің (бұдан әрі - ҰОҚ) баяндамалары, сценарийлері, конспектілері, тәрбиеленуішілер жетістіктерінің диагностикасы, шығармашылық жұмыстар, тұсаукесерлер және басқалар

Кәсіптік шеберлік конкурстары

Конкурстар туралы ережелер, конкурстық комиссия отырыстарының хаттамалары, педагогтардың конкурсқа ұсынған материалдары және басқалар

Ата-аналармен жұмыс

 

Конференциялар, педагогикалық оқулар, педагогтардың жарияланымдары

 

Консультативтік пунктің жұмысы

Егер МДҰ жанында мұндай пункт бар болса

Дидактикалық материал; техникалық құралдар; ұйымдастыру техникасы; педагогикалық үдеріс пен әдістемелік шаралардың бейнежазбалары

 

Көрнекті ақпарат

Біріңғай әдістемелік тақырып, жылдық міндеттер, аттестаттау, алда тұрған бақылау, өткізілген бақылаудың нәтижелері, педагогикалық кеңес, ҰОҚ-н ашық көру, семинар, курстық қайта дайындық туралы ақпарат бар стенділер. Мұның алдындағы педагогикалық кеңестің шешімі, ҰОҚ, ертеңгілік гимнастика, қызығушылықтар бойынша үйірмелер сабақтарының кестесі, байқаулардың, конкурстардың, көрмелердің циклограммалары және т.б. «Шеберлік шыңына қарай» немесе «Біздің жетістіктеріміз» стендісін жасауға болады, оған мадақтамалар, дипломдар, алғыс хаттар орналастырылады

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдістемелік материал "Әдістемелік кабинеттің жұмысын ұйымдастыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 7081
    • DOCX 67 кбайт
    • 94 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Миргалиева Алия Касеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Миргалиева Алия Касеновна
    Миргалиева Алия Касеновна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14366
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация образовательного процесса: воспитательная работа, дополнительное образование, внеурочная деятельность

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 923 человека из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 692 человека

Курс повышения квалификации

Теоретические и практические основы проведения творческих занятий с детьми дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 136 человек

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста

Воспитатель детей дошкольного возраста

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 3409 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 342 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе