Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Отбасы - шағын қоғам" Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Отбасы - шағын қоғам"

Скачать материал

Пән: Дүниетану

Сынып: 4«А»

Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Тәлімгер: Иманалы М.Н

Сабақтың тақырыбы: Отбасы - шағын қоғам
Сабақтың мақсаты:

§  Білімділік: Оқушыларға отбасы тақырыбын түсіндіре отырып, мағынаны ашу, отбасы жайлы мағлұмат беру. Білімдерін толықтыру. Оқушылардың ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету.

§  Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін нығайта отырып, білім, білік, дағдыларын арттыру.

§  Тәрбиелік: Оқушыларды  білімпаздыққа, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, үлкенді сыйлауға кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру

Көрнекіліктері: тақырыпқа сай суреттер, сөзжұмбақ.

 

                                                   Сабақтың барысы

 

I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Бүгінгі дүниетану сабағын мен Иманалы Меруерт Нұрымқызы жүргіземін. Көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?.

 

Психологиялық дайындық:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Мазмұнын сұрау

2.Сұрақтар қою

-Жыл мезгілдері неге өзгереді?

-Солтүстік Америкада жаз болғанда , Оңтүстік Америкада жылдың қай мезгілі болады?

-Оңтүстік Америкада қыс болғанда, Аустралияда жылдың қай мезгілі болады?

Өткенді қайталау:

Ендеше мына конвертке назар аударайық. Мен сендерге өткен тарау бойынша сұрақтар дайындап әкелген едім.( Оқушылар кезектесіп конверттегі тапсырмалардыңың сурағын оқып, бірден жауап береді) 
Сұрақтар:
1) Жұлдыз деген не?

( Жұлдыз - жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар.)
2) Ғарыш деп нені айтамыз? 

(Жерді қоршаған бүкіл дүние)
3) Жерге ең жақы
н қай жұлдыз?

(Жерге ең жақын жұлдыз – Күн)

4) Полюстер деп нелерді айтамыз? 

Жердің айналу осінің жер бетімен қиылысатын нүктелері)

5) Градус торы деген не? 

(Белгілі бір градус сайын жүргізілген параллелдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Оны глобустың градус торы деп атайды)
6) Планета деген не? 

(Планеталар – өзінен жарық шығармайтын салқын денелер)
7) Тәулік деген не? 

(Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы. )
8) Күн жүйесі деген не?

(Күн Жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 9 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. )

 

ІІІ.Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

1.Сөзжұмбақ шешу.

 Сөзжұмбақты шешкен кезде, сары торкөзде кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.

 

г

л

о

б

у

с

 

н

е

п

т

У

н

 

 

о

р

б

и

т

а

 

 

ғ

а

р

ы

ш

 

 

с

е

к

у

н

д

 

ж

ы

л

 

 

 


1. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі.
2.Күн жүйесіндегі планетаның бірі.

3. Бір объектінің басқа объектіні айналғандағы қисық сызықты жол.
4. Жерді қоршаған бүкіл дүние.
5. Уақыт өлшемі.
6. Жердің күнді толық айналып шығуына кеткен уақыт не деп аталады.

 

Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы - шағын қоғам» деп аталады.

 

2.Сұрақтар қою:

- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
- «Отбасының басшысы» кім болады?
- Нағашы жұрт деген кім?
- Атаң мен әжеге сен кім боласың?


3.Мәлімет беру.

 Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстармен қарым - қатынаста болады. Ата - ананың ақылымен қарым - қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым - қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып - сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы - адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған - туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.

 

4.Дәптермен жұмыс.
«Отбасы» дегенге әр топ анықтама береді.
Отбасы деген – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам

                                                                                                                                 

5.Мақал-мәтелдер жалғасын тап 
1. Отан (отбасынан басталады) 
2.Ағайын тату болса ат көп, 
Абысын тату болса –(ас көп) 
3.Ағасы бардың жағасы бар , (інісі бардың тынысы бар) 
4.Әке көрген оқ жонар, (шеше көрген тон пішер) 
5.Әкеге қарап ұл өсер ,(анаға қарап қыз өсер) 
6.Әке- асқар тау ,ана –ағып жатқан бұлақ ,бала- жағасындағы құрақ.

 

6.Топпен жұмыс 
І топ

1.Ананың туысқандары сендерге (нағашы) 
2.Сен оларға (жиен) 
3.Ана деген кім?(ана тәрбие беруші, ұл-қыз өсіруші) 
4.Қыз деген кім?(қыз ертеңгі ана,ананың көмекшісі) 

ІІ топ

1.Атаңа сен кім боласың?(немере) 
2.Неге сендер немере дейсіңдер?(баласынан туғасын) 
3. Әке деген кім?(отбасы тірегі, асыраушы) 
4.Ұл деген кім?(ұл ұрпақ жалғастырушы,әке көмекшісі) 

ІІІ топ

1.Әкенің шешесі саған кім болады?(әже) 
2.Әкенің әкесі(ата) 
3.Сенен кейінгі туысың(іні, қарындас) 
4.Сенен үлкен туысың(аға, апа) 
5.Сені дүниеге әкелген жан(ана)
 

 

7.Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық
.

 

 

8.Шығармашылық жұмыс :

Менің отбасым тақырыбына сурет салу

 

ІV. Бекіту:Эссе жазу. Тақырыптары:
І топ. Ата, әже – асыл жандар.
ІІ топ. Әке – отбасының қамқоршысы.
ІІІ топ. Ана – отбасының құт-берекесі.

 

V.Қорытынды:Берілген сөз тіркесін таңдап, пікірмен аяқта.

Ең қызықты болғаны...

Маған ой салғаны...

Мен мынадай сезімде болдым...

Маған ұнағаны...

Мені мазалағаны...

Бәрінен кереметі...

 

VІ.Үй тапсырмасы:

Күнделікті ашайық.

Тапсырманы тізіп жазайық.

Тараудан алған білімді

Ұмытпай есте сақтайық.(өз отбасылары туралы шағын эссе)


VІI.Бағалау: Оқушылардың сабаққа белсене қатысуына орай тиісті бағаларымен бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баға:

Мұғалім:

Әдіскер:

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Отбасы - шағын қоғам" Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2016 624
    • DOCX 25.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманалы Меруерт Нұрымқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иманалы Меруерт Нұрымқызы
    Иманалы Меруерт Нұрымқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1342
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 417 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе