Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Жердің ғарыштан көрінісі.Күн.Жер" Әдіскері: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Жердің ғарыштан көрінісі.Күн.Жер" Әдіскері: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Скачать материал

Күні: 02. 02. 2016ж.

Пән: Дүниетану

Мектеп: №8 орта мектебі

Сынып: 3«Б»

Мұғалім: Сламбекова Г

 Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Машықкер: Есмағанбет А .Е

Сабақтың тақырыбы: Жердің ғарыштан көрінісі.Күн.Жер                                                                                                 Сабақтың мақсаты:

v Білімділік:Оқушыларды жалпы жердің пайда болуы туралы болжамдармен таныстыру,жер құрылымы туралы жалпы сипаттама беру. Күн, жүйесі туралы білімдерін толықтыру.

v Дамытушылық: Оқушыларға жердің құрылысы туралы жан-жақты білім бере отырып,түсініктерін,ой- өрісін дамыту. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

v Тәрбиелік:Пәнге деген қызығушылығын арттыру,елін,жерін сүюге,қорғауға тәрбиелеу 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Күн жүйесінің суреті, қосымша суреттер оқулықтар.

                                                                                                                                                        

Сабақтың барысы:

I.        Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

-Отырыңыздар!

Бүгінгі дүниетану сабағын мен Есмағанбет Ақнұр жүргізімін.

 Көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?.

Психологиялық дайындық                

Күлім қағып қолымды,                                                                                           Бір,екі,үш деп соғайын.                                                                                                                 Қарап тұрған көршіме,                                                                                                                           Қолымды мен бұлғайын.                                                                                                    Жылы-жылы жүзбенен,                                                                                           Маңдайынан сипайын.                                                                                                     Жылы-жылы сөзбенен,                                                                                                Жүрегімді сыйлайын.                                                                                                      Ыстық алақаныммен,                                                                                                   Қолыңды бер қысайын.                                                                                           Амандасып өзіңмен,                                                                                                                   Орныма мен отырайын.

                                                                                     

 

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.     Мәтінді әңгімелеу

2.     Сұрақтарға жауап беру

Тақтада  суреттер болады артқы бетінде сұрақтар жазылған, әр оқушы жауап беріп, суретті оң қаратып іліп шығады.

·       Қазақ жерінде ғарыш кемесі қай қаладан ұшырылды?

·       Ғарыштық денелерді ата?

·       Аспанда қанша жұлдыз бар?

·       Жұлдыздарды немен бақылайды?

·       Ғарышқа ең алғаш ұшырылған иттерді ата?

ІІІ.Өткен сабақтың жаңа сабақпен байланысы

    Ғарыш дегеніміз не?

Неше планета бар?

Біз сол планеталардың қайсында тұрмыз ?   (Жер)

-         Иә,  дұрыс айтасыңдар бүгін біз жер планетасының ғарыштағы көрінісімен танысамыз.

 

ІV. Жаңа сабақ  

Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы   «Жердің ғарыштан көрінісі. Күн. Жер»  Тақырыбымызға сай, ғарышқа ұшып саяхатқа шығамыз. Ракетамыз қонған әрбір ғаламшарда берілген тапсырмаларды орындау арқылы келесі ғаламшарға ұшып қонып отырамыз. Берілген тапсырмаларды орындап, кездескен кедергілерді жеңе білейік! Іске сәт!

1.НЕПТУН .  Тақтамен жұмыс: «Суреттер сөйлейді» . Ю. Гагарин, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев. суреттері бойынша және  Жердің ғарыштық аппараттар көмегімен түсірілген ең сапалы суреттермен түсіндіремін.

Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.

Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. . Тұңғыш жер серігі Байқоңыр ғарыш айлағында ұшырылды.
Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол—Ю.А. Гагарин. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаев және  Айдын Айымбетов ғарышқа ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізген. Басқарылатын әуе кемелерімен ғарышкерлер космосқа ұшуын жалғастырып келеді.
Ғарышкерлер үшін ең үлкен таңғаларлық жағдай- Жердің ғарыштан қарағандағы көрінісі. Биік –биік тауларды, ірі көлдер мен өзендер, мұхиттарды оңай ажыратуға болады.
Жердің пішіні шар тәрізді .

Ал шардың үстінде тұрғанымызды байқамайтынымыздың себебі не? Оның себебі жердің өте үлкен болуынан.

Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады. Глобус латын тілінде шар деген сөз.

2. УРАН  Сен білесің бе?

Ғаламшарлар —өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді.

Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.

Күн жүйесі –Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..

Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9планетаның ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5 орында..

Жер-шар тәрізді екенін бұрынғы адамдар білген жоқ.Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне шыға алмайтынын білді. Жер шар сияқты екеніне тұжырым жасаған грек ғалымдары .Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді

Назарларыңа төбемізде жарқырап тұрған күн туралы кейбір қызықты деректерді ұсынамын:

*    Көзімізге күн сары секілді болып көрінгенімен, шындығында олай емес. Күннің түсі - ақ.Атмосфераның әсерінен ғана бізде күннің түсі сары болып көрінеді.

*    Күн - галактикамыздағы ең жарық жұлдыз ба? Жоқ, олай емес. Галактикамыздағы 15% жұлдыз күннен де жарық.

*    Барлығымыз галактикадағы барлық планеталар күнді айналып жүр, ал күн бір орында тапжылмай тұр деп ойлаймыз. Шындығында күннің өзі Құс жолы галактикасының ортасын айналу үстінде. Толық айналым уақыты - 225-250 миллион жыл.

*    Күннен шығатын ультрафиолет сәулелері антисептик болып табылады. Яғни, бұл сәуле түрлі инфекция тудыратын микроорганизмдерді өлтіреді.

*    5.Біз қолданып жүрген 24 сағаттық уақыт режимі ежелгі мысырлықтардың тарихынан алынған. Аңыз бойынша, күн құдайы Ра тәуліктің 12 сағатын жерде, 12 сағатын аспанда өткізетін болған.

*    6.Ғалымдардың айтуынша, күн 4-5 миллиард жылдан кейін, жоқ болады. Күн алдымен ұлғайып, қасындағы планеталардағы барлық тіршілікті жойылады. Содан соң, бірте-бірте сөне бастайды-мыс.

 

 

3. САТУРН . Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Мұғалім бастап мәнерлеп оқиды, оқушылар тізбектей оқып жалғастырады. Мазмұны бойынша арқылы сұрақ- жауап аламын.

4.ЮПИТЕР. Дәптермен жұмыс.

Күн , Ай, Жер –ғарыштық денелер. Ендігі кезекте Ай жердің серігі болғандықтан Жер мен Күнді Венн диаграммасы бойынша салыстырып ортақ қасиетін табамыз,- деп дәптерге орындатамын. 1-2 оқушы тақтадағы Венн диаграммасын толтырып жазып айтады.

5. Марс       Сергіту сәті.

Музыка арқылы берілген қимылдарды қайталау.

6. Жер. Сұраққа-жауап.

Жер басқа ғаламшарлардан несімен ерекшеленеді?

Оқушылар өз ойларын айтып шығады.

Сосын жер сөзіне топтастыру жазады.

7.  Шолпан Кім шапшаң?

Жұмбақ жасырылады , шешуін оқушылар табады. Жұмбақтың жауабы аспан денелері, жұлдыз, ай, күн, жер туралы.


1.«Күндіз бар да, түнде жоқ                                                                                                             Онсыз өмір мүлде жоқ». Ол не? (күн)

2.Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)

3.Алтын түстес дөңгелек,
Аспанда тұр дөңгелеп.
Нұрын еміп құлшынып,
Сүйеді бір тіршілік.
 (күн)
4.Сатайын десем ауыр кілем,                                                                                                                                                                                                                          Сатпайын десем тәуір кілем.
(Жер)
5.Аспанда шашқан тарыдай,
Жымың қаққан жарып- ай?(жұлдыздар)

V.  Қорытынды:

МЕРКУРИЙ 8. Жұлдыздар жарқырайды!

Бірнеше жұздызша болады. Артқы бетінде сұрақтар берілген, соларға жауап береді.

ü  Жұлдыз деген не ?

ü  Ғаламшармен жұлдыздың қандай айырмашылығы бар?

ü  Күн жүйесіне нелер кіреді?

ü  Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ата.

ü  Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

ü  Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?

ü  Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы не білесің?



-Мінекей, балалар, біз күн жүйесінің құрамын толық зерттеп шықтық. Сендер қалай ойлайсыңдар ,неліктен, біз күнге қонып зерттемедік? Себебі күннің қызуы біздің ракетамызды жарып жіберуі әбден мүмкін болғандықтан 8 ғаламшарға ғана саяхатқа шықтық.


VІ. Бағалау:                                                                                                                                                          VІІ. Үйге тапсырма беру    97-99беттерді оқу, мазмұнын айту. Дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу.

 

 

 

 

 

 

                                   Әдіскер:___________

                                 Мұғалім:__________

                                                                         Баға: __________

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Жердің ғарыштан көрінісі.Күн.Жер" Әдіскері: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 117 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2016 4611
    • DOCX 29.6 кбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есмағамбет Ақнұр Есмағамбетқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13076
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 160 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 145 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе