Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДүниетану. Тақырыбы: "Оқушының күн тәртібі және тазалығы"

Дүниетану. Тақырыбы: "Оқушының күн тәртібі және тазалығы"

Скачать материал

Күні:26.02.15ж Реті:22

Пән аты: дүниетану

Сыныбы: 1 «А»

Сабақтың тақырыбы:Оқушының күн тәртібі және тазалығы

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушыларға күн тәртібі және тазалығы жайында түсінік беру

2)шығармашылыққа жетелей отырып, дүниетанымдық қабілеттерін жетілдіру

3)ұқыптылыққа, жинақылыққа баулу

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер, қима қағаздар.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Балалар сабақты бастамас бұрын бір- бірімізге жылы сөз айтып, сәттілік тілейік.

Қуан шаттан!

Қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң

Қайырлы күн

Күліп шыққан күн бүгін.

Топпен жұмыс

Оқушыларды үш топқа бөлу

1. Тазалық тобы

2. Денсаулық тобы

3. Ұқыптылық тобы

Әр топтың өз топ басшылары болады. Топ басшылары топқа неліктен ондай ат қойғанын айтып өз топтарын қорғайды.





1. Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі. Таза жүрсек ауырмай деніміз сау болады. Сол себепті тазалық деп қойдық.

2. «Денсаулық зор байлық» демекші денсаулықтан асқан байлық жоқ. Сол себепті денсаулық деп қойдық.

3. Ұқыптылық деп қоюымыздың себебі: ұқыпты болу бәріміздің міндетіміз.

Сабаққа жақсы қатысып отырған топтарға таңба беріп отырамын . Сабақтың соңында қайсы топтың таңбасы көп болса сол топ жеңімпаз атанады.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрап, бекіту

Үйге берілген тапсырманың мазмұнын сұраймын.

ІІІ.Білім – біліктерін еске түсіру

Үйде жалғыз қалғанда не істейсің?

Тағы қандай қауіпсіздік ережелерін білесің?

Ауыл үйінің қала үйінен айырмашылығын ата?

ӀV.Жаңа материалды меңгерту

Кіріспе

-Оқушының күн тәртібі деген не?

-Күн тәртібі бізге не үшін қажет? т.с.с сілтеме сұрақтар арқылы тақырыпты жариялаймын.

Оқулықпен жұмыс

1)Мәтінді оқып беру

2)Мәтін бойынша талдау жүргізу

3)Қысқаша мазмұнын сұрақтар қоя отырып сұрау

Суретке қарап , Қайраттың күн тәртібі туралы әңгімелеу.

Өзінің денесін дұрыс ұстауды қадағалайтын адамның денесі сымбатты, жүрісі жеңіл болады. Егер бір иығынан екінші иығы жоғары болса – ол дене сымбаты бұзылған еңкіш адам.

Дұрыс дене сымбатын сақтау үшін :

1) партада дұрыс отыру;

2) көтеретін жүкті екі қолыңа тең бөлу;

3) жүргенде бір жағыңа қарай қисаймай жүру керек.

Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғұлдануымыз керек.

Спорттық қандай ойын түрлерін білесіңдер: футбол, волейбол, секіртпемен секіру, шана тебу, шаңғы тебу, орта доп ойыны т.с.с.

Сергіту сәті

Оң қолымыз артта,

Содан кейін алда.

Кішкене сілкиміз

Айналамыз бәріміз

Қуанамыз бірге (қолдарын шапалақтайды.)

1. Қолды неге жиі жуып тұру керек?

2. Тісті неге тазалаймыз?

3. Апта сайын неге жуынамыз?

Сен үнемі моншада не ваннада жуынасың, таза киім киесің, аяқкиіміңді таза ұстайсың, демек, сен тазалық сақтайсың.

Жеке басыңның тазалығын сақтау сенің дұрыс өсуіңе және дамуыңа, әртүрлі аурудан сақтануыңа көмектеседі.

Әрбір отбасы мүшелерінің өзінің жеке тұтынатын және бәрі ортақ қолданатын заттары болады. Жеке басыңның тазалығын үйде де, мектепте де сақтауың керек.

1.Суретке қара . Әр адам жеке тұтынатын заттарды ата. Неге олай екенін түсіндір.

Тақтаға дұрыс және бұрыс деген сөздерді іліп қоямын. Әр топтан бір оқушыдан шығып кез келген суретті алып дұрыс болса дұрыс жаққа, дұрыс емес болса бұрыс деген сөздің астына ілу керек.

2. Мақалды жалғастыр ойыны.

а)Ауру қалса да, әдет қалмайды.

ә)Денсаулық – зор байлық.

б)Дені саудың жаны сау.

в)Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

г)Жақсының наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

д)Көз қорқақ, қол батыр.

Еріншек елемес

Далада ойнап жүрген Елеместі анасы кешкі асқа шақырды . Үйге асыға кірген ол бірден дастарқанға қарай өте берді.

Елемес, қолыңды жудың ба? – деп сұрады анасы.

  • Түу – у – у! Қолымды қайта – қайта жуа беремін бе? Таңертең ғана жудым емес пе?

Осы әңгімені оқып беріп , балалардан түсінгендерін сұрақ – жауап арқылы сұраймын .

1. Бұл әңгімеде кім жайында айтылған?

2. Далада ойнап жүрген Елеместі кім кешкі асқа шақырды?

3. Елемес бірден қайда жайғасты?

4. Елемес қолын жуды ма?

5. Елемес анасына не деп жауап берді?

6. Бұл жерде Елеместің іс-әрекеті дұрыс па?

7. Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеу керек?

Жұмбақты шеш ойыны

1. Шомылған баланы ,

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонында.

Бұл не? (Сүлгі)

2. Иілсең иіліп,

Түйілсең түйіліп.

Қарайды кісіге,

Ұқыпты ісіне.

Бұл не? (Айна)

3. Аузы жоқ, мұрны жоқ,

Қолы жоқ, көзі жоқ.

Бірақта тісі бар,

Басыңмен ісі бар.

Бұл не? (Тарақ)

4. Ертемен күнде сен,

Қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір ласың,

Тап-таза боласың.

Бұл не? (Сабын)

5. Бірде төмен,

Бірде шығып жоғары.

Сөз сөйлесең ,

Қозғалыста болады. (Тіл)

6. Екі қарауыл,

Екі тыңшы,

Бір жыршы. (Екі көз, екі құлақ, тіл)

V.Сабақты бекіту

Тақырыпқа байланысты суреттері бар қима қағаздарды әр топқа бір-бірден таратамын. Әр топ басшылары суретке қарай отырып дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады . Неліктен дұрыс емес?

VӀ.Сабақты қорыту

- Оқушының күн тәртібі деген не?

- Күн тәртібі бізге не үшін қажет?

- Оқушының жеке басының тазалығына не жатады?

- Дұрыс дене сымбатын сақтау үшін не істеуіміз керек?

VIӀ.Үйге тапсырма беру

Мәтінді оқып, мазмұндау.

VIIӀ.Бағалау

Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды мақтай отырып бағалау.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану. Тақырыбы: "Оқушының күн тәртібі және тазалығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 123 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 2598
    • DOCX 16.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жартыбекова Мира Даненовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жартыбекова Мира Даненовна
    Жартыбекова Мира Даненовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6122
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 388 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 221 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек