Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Доклад "Даралап деңгейлеп оқыту"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Доклад "Даралап деңгейлеп оқыту"

библиотека
материалов

Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады.

Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.

Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді:

  • оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар;

  • бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар;

  • аралас сабақтар;

  • жаңа білімді меңгеру сабақтары;

  • білімді іс жүзінде қолдану сабақтары;

  • қайталау-қорытындылау сабақтары;

  • есепке алу-тексеру сабақтары;

  • оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар.










Деңгейлеп оқыту технологиясы


ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой – тұжырымдардағы

гуманизм идеялары,еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық құрылымда негізгі құндылық – оқушы және оның жеке тұлғасы. Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді .

Оқулықтардың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бµліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік – психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.

Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Бұлар оқытудың деңгейіне сәкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі. Оқушыны деңгейіне бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технологияда бірінші орында оқушы туралы және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударады.

Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасайды.Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше,ізденуіне жол ашады,шығармашылық жұмыстарға баулиды,қиялын,ойын ұштайды.

Оқушының білімді меңгеру сатысы:

1.Шығармашылық; 2.Эвристикалық;

3.Алгоритмдік; 4.Оқушылық деңгей;

Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту үшін:

1.Өз бетінше тапсырма беру (тарихи есептер,логикалық есептер)

2.Тарихи мағлұматтарға байланысты рефераттар қорғау.

Осы айтылғандарды ескере отырып,оқушыларды математиканы оқуға ынталандыратын және математикалық қабілетін дамытатын тарихи есеп-

терді пайдалану арқылы,деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық білім сапасын арттыруға болады.

Деңгейлеп оқыту барысында оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсарып,өз эмоциясын өзі басқара білетіні,зейіннің тұрақтылығы,ойлауы дамитыны байқалады.

Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады.

Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлесу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен,ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.

Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды іздеп өз бетімен орындайды.

Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады.

Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды. Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:

1. Денгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкідік береді.

2. Денгейлеп оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3. Денгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш денгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей(минималды базалық),бағдарламамалық, күрделенген деңгей.

Базалық денгей-мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы менгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

4. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтежелі болу үшін.

Жеке тұлға ерекшеліктеріне;

Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара білуіне);

Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып,көңіл бөлу керек

















Ж.А.ҚAРАЕВТЫҢ ДЕНГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА, ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНДЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Қазіргі таңда педагог мамандар да қазіргі заманғы озық педагогикалық технологяларды меңгеріп, оны оқыту-тәрбиелеу барысында тиімді қолданып, алдындағы шәкіртті жарасымды әрі жан-дақты тұлға етіп дамыту үшін қандай педагогикалық технологияны пайдалануы керек екенін анықтап алуы тиіс. Бұл орайда бастауыш сыныптарда оқыту процесін барынша тиімді әрі қонымды етіп ұйымдастыру көзделеді. Яғни балаларға білімді жеңіл әдіс-тәсілдермен меңгерте білу керек. Сондай технологиялардың бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы.

Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.

Өзіндік жұмыс-оқушылар білімін жетілдірудің қайнар көзі, олардың рухани бай жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі бір шарты.

1998-1999 оқу жылынан бастап Профессор Ж.А.Қараевтың денгейлеп оқыту технологиясын , мектептің барлық сатысына, барлық пәндеріне еніп, оқу барысын жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Деңгейлеп оқыту технологиясын жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Осы технология бойынша бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне оның назарын аударады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:

-әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне

-оқытуды әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі-қушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Себебі, бүгінгі тандаңғы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқытудың жаңа технологияларының бірі мектептерде қазақ тілі мен математика пәндерінде деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы негізінде құрылған сабақта оқушы өз бетімен ойлана жұмыс істейді, ал мұғалім ізденіс-таным процесін ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Оқушыларды денгейге бөліп оқытуға болама, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сұрақтарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.Оқушылардың шығармашылығын арттыруда деңгейлік тапсырмалардың маңызы бар.

Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануғаберіледі.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашыллыққа ұмтылады. Деңгейлеп оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Деңгейлік тапсырмалар:

Бірінші деңгей білімнің минималдық шегі. Мемлекеттік талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Сынып бағдарламасына сәйкес лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орныдайды.Мәтінмен жұмыс жасайды.

Екінші деңгей тапсырмаларды түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының қабылдауы, жазба жұмыстарын орныдау көрсеткіштекрі міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады.

Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесіннің жоғары болуымен , өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдаланумен сиппатталавды. Оқушы талдау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-іздену(эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.

Төртінші деңгей дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Ондай оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өзі мақсатын қояды, әдістерін іздейді. Нәтижесіне жетеді, жазба жұмыстарын өз бетіәнше орындайды.

Бұл технолдогиядан біріншіден, дамыта оқыту идеясынг жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік деңгей алуына кепілдік береді.

Денгейлеп оқытудың тиімді жақтары:

-әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

-оқушының жеке қабілеті айқындалады;

-іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;

-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;

-әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;

Сонымен қатар, деңгейлеп оқыту технологиясы сынып ішіндегі дарынды оқушыларды анықтауға көмектеседі.Оқушының өз бетінше деңгейлік тапсырмаларды орындауына қарай сынып білімінің қаншалықты төмен немесе жоғары екендігін білуге болады.деңгейлеп оқыту технологиясы оқушылардың өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, білім мен ғылымға деген құштарлығы артады. Яғни, деңгейлеп оқытьу технологиясы нәтижесінде оқушылар оқу жұмысындағы жеткен жетістіктерімен жіберген кемшіліктері туралы біліп, өз еңбектеріне талдау жасайды.

Денгейлеп оқыту технологиясының тәрбиелік мәні зор. Деңгейлік тапсырмалар орныдау барысында оқушылардың ақыл - ой, еңбек, адамгершілік, ұйымшылдық, эстетикалық тәрбиесі қалыптасып отырады. Мұндағы тапсырмалардың құрылысымен қатар оның мағынасы да әр оқушыға әсер етеді.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз. Білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың сабақта қолдануы өмір талабы.

Деңгейлеп оқыту технологиясындағы тапсырмалар негізінен жеңілден күрделіге қарай құрылады. Тапсырмалар мазмұны күрделінген сайын оқушылардың қызығушылықтары артып, еңбектене түседі. Сондай еңбектенудің арқасында оқушылар өз білімдерін шыңдай түседі және тиісті бағалармен бағаланады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Нұртазаева Н. Деңгейлеп оқыту технологиясының оқушылардың дара қасиетін дамытудағы педагогикалық ерекшеліктері//Бастауыш мектеп-№4, 2010ж. Б.6-7.

2. Дандыбаева А.С. Оқу процесінде денгейлік тапсырмалардың пайдалану ерекшелігі «Жастар және қазіргі заманғы әлемдік мәселелер». Республикалық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференция материалдары.- қарағанды «Болашақ- Баспа», 2012.-435б.-Том 3. 2


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров398
Номер материала ДВ-569617
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх