Инфоурок Всеобщая история КонспектыДоклад на тему: "Я горжусь тобой отец" (рассказ про отца, поэта Зейнулла Шыраева)

Доклад на тему: "Я горжусь тобой отец" (рассказ про отца, поэта Зейнулла Шыраева)

Скачать материал

ӘКЕМ ЗЕЙНУЛЛА ШЫРАЕВ ХАҚЫНДА

(Жергілікті ақын З.Шыраевтың өмірі мен шығармашылығы)

 

Шыраева Жанар Зейнуллақызы

Тарих пәні оқытушысы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі, Қазалы қаласы, Қызылорда облысы

 

Байлық сол он екі мүшең аман болса,

Еңбекпен тайынбайтын жігер болса.

Құрметтеп еңбегіңді мақтан тұтып,

Өзіңді сыйлайтұғын елің болса.

 

                   Зейнулла Шыраев

 

Тарих – біздің кешегі өткеніміз. Бүгінгі күн – кешегінің жалғасы. Өлке тарихы – туған жердің тарихы. Өзін білімдімін, мәдениеттімін деп санайтын әрбір азамат ең алдымен өзінің кіндік қаны тамған жердің өткенін, тарихын жақсы білуі шарт.

Өлкеміздің тарихы ежелгі Қазалы жерінің тарихынан бастау алады.

Қазалы жері ана шеті – Тербенбес тауы (Сексеуіл) мен екінші шеті – Тереңөзек қонысы арасындағы аймақты қамтиды.

Бұл қаланың Қазалы атануын әркім әртүрлі түсіндіреді. Соның ішінде  көкейге қонымдысы: Қазалының «қаза» деген сөзден  шыққандығы. Қаза сөзі кең ұғымда қолданатын біреудің дүниеден озуы емес. Қаза деп ертеректе балықшылар балық аулау үшін пайдаланған қарапайым құралды айтады. Ол кезде қазіргідей ау, қабадан, жылым  сияқты жіптен тоқылған құралдар болмағандықтан, адамдар қамыстан оның ішінде нарлықта өскен жуан қамыстан қаза деген құралды жасап, ағысы бар жерді қоршап, сол арқылы балық аулаған. Балық ұстайтын қаза көп болғандықтан, бұл өңірді, шаһарды Қазалы деп атаған. Қалайда адамдардың өлім – жетіміне қатысты атау емес екені айқын. [5]

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері, оңы – солын танып, өткен тарихымызды тереңдей зерттеп, зерделей, саралай бастағаны белгілі. Бұл орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тарихын зерттеумен айналысып жүрген белгілі ғалымдарды, жазушыларды кеңестік дәуірде бізге беймәлім, құпия болып келген, бұрын – соңды  білмеген көп сыр сақталған көршілес ұлы мемлекет – Қытайдың мұрағаттарында жұмыс істеу үшін сол елге, екі жақты келісім бойынша әдейі жібергені де белгілі. Қазақ даласының көне тарихының көрші мемлекетте сақталған жәдігерлері кезең – кезеңімен халыққа жария етіле бастады. [2]

Қытай елінде сақталған қазақ елі туралы құнды жәдігерлер болса, өзіміз өмір сүріп отырған Қазалы жерінің тарихында да жұртшылық әлі де кеңінен біліп болмаған  «ақтаңдақтар» аз емес.

Сонау орта ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы болған ежелгі Жанкент шаһарының Қазалы жерінде орналасуының өзі тарихымыздың тереңде жатқанын байқатады.

ХІХ ғасырдағы отаршылдыққа қарсы күреске шыққан Жанқожа батырды және оның бірнеше ондаған сарбаздары мен билерді халыққа танытты. Ресейге, Қоқан мен Хиуаға қарсы тұрып, туған жерді сүюдің патриоттық үлгісін көрсеткен асыл тұлғалар тарихтан мәңгілік орын алады.

«Кім келіп, кім кетпеген бұл дүниеге» деп ақын жырлағандай, Қазалы өңірінен түлеп ұшқан жырау, жыршы, шайырлар мен ақындардың санында шек жоқ.

Әңгімемнің арқауы Қазалы қаласымен іргелес жатқан, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан - Абай ауылынан шыққан белгілі ақын - әкем Зейнолла Шыраевтың өмірі мен шығармашылығы. Абай ауылының қысқаша тарихына тоқталсам 1928 жылы «Қызыл Ту» артелі болып құрылған. Бұл кезде 46 жанұя болған. Халықтың білімін көтеру үшін бастауыш мектеп ашылып жұмыс істеген. 1936 жылы «Қызы Ту» «Бостандық» артелдері бірігіп, «Бостандық» колхозы деп аталған. Сол уақыттарда колхозды Өтеген Жәрімбетов басқарған. 1940 жылы үш колхоз «Бостандық», «Бектау», «Жақсылық» бірігіп, «Абай» колхозы құрылған. Бұл кезде колхозда 7 жылдық мектеп ашылып, колхозды Бердалы Айымбетов басқарған.1950 жылы  «Мәдениет», «Жаңарық», «Табанкөл», «Авангард», «Сартоғай», «Абай» колхоздары бірігіп, «Абай» колхозы боп қайта құрылды. Колхозды осы кезеңде Өмір Лекеров басқарды.

Ұлы Абайдың есімімен аталған Абай ауылынан шыққан ел басқарған ағалар, ауыл экономикасын көтеруде ерен еңбек етіп, ел құрметіне бөленген съезд делегаты, ұзақ жылдар бойы шопан болған А.Орынбаев, ҚазССР колхозшылары І съездінің делегаты, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерінің иегері М.Жұмашев, жалынды жастар жетекшісі, агроном – механизатор Ж.Фазылбеков – бүгінгі күні аудан мақтанышы.

«Ел іші - өнер кеніші» демекші Абай ауылынан шыққан  азаматтың бірі  - әкем, белгілі ақын Зейнолла Шыраев.

Әкемнің әкесі Асанов Шырай мен оның зайыбы Рәйла әжеміз Абай ауылына қарасты Сартоғай елді мекенінде тұрған, кейін келе 1940 жылдары Абай колхозына қоныс аударады. Сартоғай ауылы негізінен Қанысбек Төртқара аталығының жері. Абай колхозына қоныс тепкеннен кейін Шырай атам мен Рәйла әжемнің шаңырағында үлкен қуаныш болып, 1943 жылдың қаңтар айында әкем Зейнолла өмірге келеді. Әкесі Шырай ағаштан түйін түйген ұста болады. Әкеден жалғыз Зейнолланың бойына әке өнері дари туылған. Әкем Зейнолланың балалық шағы сонда өтіп, 7 жылдық мектептің табалдырығын 1953 жылы аттап, білім нәрімен сусындап, ұстаздарының арқасында білімі шыңдалады. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ Мұқағали, Қасым шығармаларын сүйсіне оқитын әкемнің алғашқы өлеңдері жазыла бастайды. 1959 жылы әкем Зейнулла мектепті «жақсы» деген бағамен бітіріп шығып, 7 жылдық білім алады. 1960 жылы Қазалы қаласындағы №34 Ауылшаруашылығын механизациялау училищесіне (УМСХ) оқуға түсіп, 1962 жылы «Кең профильді тракторист - машинист» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Оқу орнының қабырғасында жүріп:

Жолсыздан ақылдылар жол таппай ма?

Ер жігіт жауды көрсе жалтақтай ма?

Жүрекке тура келген жалғыз оқтан,

                        Қашсаң да, қиналсаң да жан шықпай ма? - деп ішкі толғаныстары өлең болып өрледі. Оқуды бітіріп, орта арнаулы кәсіптік білім алғаннан кейін, еңбек жолын туған ауылынан бастайды. Ауыл жанындағы машина – трактор станциясында тракторист – механизатор болып жұмыс жасайды. Қиындығы мен қызығы мол ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп, ірі қара малын бағатын ферманың сауыншылары мен бақташыларын, шопандарды жаз жайлауға, күз күздеуге,   қыс қыстауға көшіріп – қондырып, одан қалды колхоз шаруашылығындағы малдардың қысқы мерзімдегі мал азықтандыратын жем – шөптерін дайындауға аттанады. Осындай жұмыстарды атқарып жүрген әкем трактор рулі мен әдеби қаламын қатар ұстап, өлең өлкесінің айдынында шарықтаған ақын. Осындай тынымсыз да ауыр қайнап жатқан жұмыс ортасында жүріп те, қолынан қаламы түспеді

 

                               Байлық сол он екі мүшең аман болса,

                               Еңбектен тойынбайтын жігер болса.

                               Шаттықпен еңбек етіп, терің төгіп,

                               Ағайын арасында ғұмыр болса - деп, бұл өлеңінде адал жар, өсіп-өнген бала-шаға, жора-жолдас, достардың арасында аман-есен еңбек етіп жүрсе, мұнан өзге бақыт, бақ, байлық болмас деп жырлай келе, туған жеріміздің байлығы ақ күріші туралы:

                               Тұлғабайдың жасандырып түлеген,

                               Су аруы - сұлу дақыл, тұр егін.

                               Қос құдірет - жер мен судан нәр алған,

                        Ақ күріштің аты елге таралған – деп, қыста егістік жерін даярлап, көктемде сеуіп, жаз бойы  басы-қасында жүріп баптаған, сол үшін аянбаған ел еңбегін суреттейді. Халық мақтанышы болған күрішті жырына қосқан әкемнің алғашқы өлеңдері 1964 жылдан бастап баспасөз беттерінде жарық көре бастады. Әкем Зейнолланың  өлеңдері республикалық, облыстық, аудандық баспасөздерге жиі жарияланып, өзінің заманындағы замандастары мен оқырман көңілінен шықты. Оның өлеңдері республикалық «Жалын», «Жұлдыз» журналдары мен «Лениншіл жас» газетінде, облыстық «Ленин жолы», аудандық «Ленин туы»  газеттерінде үздіксіз жарияланып тұрды.

Әкем Зейнолла Шыраев анам Мәдинамен 1970 жылы отау құрып, екеуі алты перзент көрді. Әкем 1973 жылдан бастап жүрек ауруына шалдығады, бірақ  тағдырдың салғанына ешуақытта мойымай, аудандық, облыстық ауруханаларда жатып емделіп, еңбектен қол үзбейді.

                      Көйлекті көп тоздырған талайың бар,

                             Қалт айтсам кешіріңдер, ағайындар.

                             Дүниеге көппен бірге келгенменен,

                      Тағдырдың талқысы жоқ мен көрмеген - деп ақын бұл өлеңінде аурудың азабын көргенін айта келіп, артық кеткен жеріне кешірім сұрайды. Өмірінің соңына қарай ауру меңдегесін, зейнетке шығып, 5 жылдан кейін 1990 жылы шілде айында өмірден өтті. Әкем небәрі 47 жыл ғана өмір сүрді.

Әкем Зейнолла өлеңді ермек үшін жазған жоқ. Оның өлеңдері көбінесе сатира жанрында жазылды. Сатиралық өлеңдер жаза отырып, ол тұрмыстағы қоғамдағы орын алған кемшіліктерді әзіл-шыны аралас өлеңдерінде мағынасын ашып, астарлап жеткізе білді. Өзі өмір сүрген Кеңестік дәуірде, екінің қолынан келе бермейтін шындыққа тура қарап, тайсалмай шығармашылық жұмысын дамытып, қаламын шыңдай түсті. Ол сатираға өлеңдер жазып қана қоймай, республикалық «Ара» журналы мен аудандық «Ленин туы» газеттерінің сатиралық айдарларының тұрақты авторы болды. «Жеке шумақ» өлеңінде былай дейді:

                               Мінезім жақпас бәлкім біреулерге,

                               Әйтеуір айтпасын жұрт құрығыр деп.

                               О, тағдыр сондықтан да сұрайтыным,

                               Айнадай ар-ұяттың құлы қыл тек.

«Тескен таудың ар жағы», «Тісіңнен шығара көрме» сияқты сатиралық әңгімелерінде көзін көрген ауыл адамдары әлі күнге айтып келеді. Өзінің сықақ шымшыма шумақтарымен ол үзеңгілес достарын да қағытып отырған және де сол кезде дұрыс жолмен жүре алмай маскүнем болған адамдарға арнап жазған өлеңдері бар, соның бірі:

                                    Жүз грамм аз,

                                    Екі жүз көп болады.

                                    Көп болған соң,

                                    Пәтуаң жоқ болады.

                                    Шіркін-ай, жүз елуден екі тартсам,

                                    Шамасы, бас жазуға дөп болады - деген өлең шумақтары бар.

Негізінен әкемнің қай өлеңінің болмасын шығу тарихы бар. «Ақ жеңешем» өлеңінің шығу тарихына келсек, әкесімен бірге туған немере ағасының қайтыс болғаннан кейінгі жеңгесінің тартқан азаптарын, жас басының базарының ерте тарқағанын, адалдығын, пәктігін, ағасының отауын қайта тікейткендігін өлең жолдарында айтып өткен. «Ақсақалдар туралы» өлеңінің шығуына ойтүрткі болған жағдайға келер болсақ, сол тұста өмір сүрген ақсақалды аталарымызды мақтан тұтып, олардың ұрпағына арнаған игі істерін, отбасында айтатын ақылдарын, халқына берер баталарын, кемеңгерліктерін айта келе, егер де соларды кім налытса, сол адам меніменен туыспаған деп ақын әкем өзі айтып кеткен.

Әкем Зейнолла Шыраев өмірден ерте кетсе де халқына берері көп болатын. Ол осы кездегі қоғамдағы орын алған кемшіліктермен әділетсіздікті өлеңмен өрнектеді.

Әкемнің қай жанрдағы, қай өлеңдерін алсақ та, адамгершілік, адалдық, турашылдық қасиеттерді ту ете жырлап, Бауыржан, Баубектердің ерлігін кейінгіге үлгі ете отырып,

                   Жоқ қой, жоқ,

                   Ата жаумен ұстасқаның

                   Келмеген отызға әлі тұстастарың.

                   Ішінен топ жігіттің іздеймін мен

                   Бауыржан, Баубектердің ұқсастарын.

                   Осынау өмір үшін өтті ағалар,

                   Қызыл гүл, қыршын жасын сарп қылып – деп жастарды отансүйгіштікке шақырды.

Әкемнің өлеңдерінің тәрбиелік мәні өте зор, халқына әлі де айтары көп ақын еді.

Міне, осындай әдебиет пен ел тарихында өзіндік орны бар ақын әкем хақында 1995 жылы ауыл азаматтарына, әкемнің бірге жүрген үзеңгілес жолдастарына, мектеп басшыларына ой түсіп, неге біз ауылдан Зейнолла Шыраевқа көше атын бермейміз? - деген ой-пікір туындаған. Сол кезден бастап З. Шыраевқа көше атын беруге бола ма, болса да неге беріледі деген пікірлер айтылады. Осы жоғарыда айтылған пікірлерге байланысты, ауданда ономастикалық комиссия құрылып, көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әкеме көше атын беруге зор үлес қосқан ауыл азаматтарының бірі  - №90 орта мектеп тарихшысы Құлатай Аязбаев пен Әйтеке би кентіндегі №226 мектептің директоры Алтынбай Шарафадин. Бір жыл бойы әкемнің атына көше беру мәселелерімен айналысып, ел ағаларының ерен еңбектері арқасында 1996 жылы қаңтар айында мектеп директоры Қазыбек Аймағамбетов пен әкемнің бірге жүрген замандастары, мектеп ұжымы әкеме арналған «Ақын  - Зейнолла Шыраев» атты шығармашылық кешін ұйымдастырды. Кешке әкемнің қаламдас әріптестері, замандастары, аудан басшылары қатысып, ақын Зейнолла Шыраев туралы естеліктер айтып, өлеңдерін оқыды. Сол жылы ауылдың орталығындағы бір көшеге Зейнолла Шыраев атағы берілді.

Қазіргі біздің қоғамымыздағы жастар өтірікке көп бой алдырмай, бұзақылық жасамай, бұқаралық ақпарат құралдарын  көп оқып, қазақ әдебиеті саласында болсын, күнделікті қоғамда болсын халқына танылмай кеткен, өлең өлкесінде жыр жолымен жанып өткен әдебиет әлемінің ақын – жазушыларын көптеп білсе нұр үстіне нұр болар еді.

Сондай адамдардың бірі  - менің әкем Зейнолла Шыраев.

Әкемнің ақындық жолын келер ұрпаққа зерделеу  - перзенттік парызым.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Н.Мұсабаев, А.Мұсабаева Ортаймаған қазаны - қасиетті Қазалы Алматы «Атамұра», 1998 жыл
  2. Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы  1-кітап Алматы «Телеарна», 2008 жыл      
  3. Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы 2-кітап Алматы «Телеарна», 2010 жыл     
  4. Сыр өңірі тарихы   Алматы «Атамұра» 1998 жыл
  5. Ә.Әлішев Ежелгі Қазалы жері  Әйтеке би кенті «Тұран Қазалы» ЖШС баспаханасы, 2007 жыл
  6. «Ара»  журналы 1971 жыл
  7. «Ленин жолы» газеті   4 қыркүйек,1966 жыл
  8. «Ленин туы» газеті  1967 жыл
  9. Ленин туы,   5 мамыр, 1968 жыл
  10. Ленин туы,   1969 жыл
  11. Ленин туы, № 22, 19 ақпан,1970 жыл
  12. Ленин туы, 22 шілде, 1971 жыл   
  13. Ленин туы,  №123  1976 жыл
  14. З. Шыраевтың жеке архивінің материалдары

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему: "Я горжусь тобой отец" (рассказ про отца, поэта Зейнулла Шыраева)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 003 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2015 871
    • DOCX 57.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шыраева Жанар Зейнуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шыраева Жанар Зейнуллаевна
    Шыраева Жанар Зейнуллаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3872
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека