Инфоурок Дошкольное образование Научные работы« Е е » дыбысы мен әрпі

« Е е » дыбысы мен әрпі

Скачать материал

Сауат ашу. Технологиялық карта .       Тақырыбы « Е е » дыбысы мен әрпі

Білім беру салаcы

«Комуникация»

Бөлімі:

Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы:

«Е е» дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

  «Е» дыбысы және әрпі жайлы түсініктер қалыптастыру.

  «Е» дыбысы мен әрпін оқуды, жазуды меңгерту; Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға тәрбиелеу;  Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтары мен ынта-талаптарын арттыру, ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту.

Алдын ала жұмыс:

ойын, сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс:

Емен,ескек

Қажетті құрал –жабдықтар,көрнекіліктер

 суреттер, ребус, әр баланың алдында сөз белгісі,кішкене тау тас, дыбыстық талдауға арналған қызыл,көк дөңгелектер.

 

Іс-әрекет

түрлері

Тәрбиешінің  әрекеті

Балалардың әрекеті

Себепті-

оятушы

 

Балалар сабақты бастамас бұрын, қонақтарға амандасып,бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнеки,бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәләсәтсіздер ме апайлар!

Бір-біріне қарап:

 Қайырлы күн достым,

 Ісің сәтке толсын.

 Біздің алар бағамыз,

 Кілең бестік болсын.

Бүгін бізде сауат ашу сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге көптеген конақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақта жаңа әріппен, оның дыбысталуымен танысамыз, ол әріпті сабақ барысында білетін боласыңдар. Сөздер оқып, дыбыстық талдау жасаймыз.

 

 

 

Жылулық шеңберінде тұрып,өлеңді бірге айтады.

Ұйымдас

тырылып

негізделген

 

 

 

 

 

 

І. Қызығушылықты ояту, ертегі тыңдату.

Жаздың әсем күнінде емен ағашы жайқала өсіп тұрды. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп аяңдайды. Ешкі шаршаған, қарны ашқан аш еді.

-Е-е-е-е-мен, сені жұрт көп мақтайды, мықты ағаш деп. Кәне, мықтылығыңды көрсетші,-деп жапырағына жармаспақшы болды.

-Е-е-е-еш-кі-деді емен. Ешкі екеніңді ісіңнен-ақ білдім.

-Балалар, ешкіге еменнің жапырағын жегізіп қоямыз ба?

-Ендеше еменге көмектесейік. Өсіп тұрған ағаш қалай аталады екен?

Біліп жүріңдер !

Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді,  сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар осы емен ағашының да жаңғақтары болады екен. Оны орысша желудь дейді. Біздер қазір осы емен жаңғағын жинау арқылы емен ағашына көмектесеміз.

Ойын: « Жаңғақ жинау»Әр жаңғақтың астында сұрақ бар

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Дыбыс дегеніміз не?
  3. Әріп дегеніміз не?
  4. Дауысты дыбыстар деп неге атаймыз?
  5. Дауыссыз дыбыстарға не кедергі келтіреді?
  6. Ал-ма сөзін оқып бер. Неше буын бар?
  7. Аң сөзін оқып,сөйлем ойла
  8.   Біз өткен сабақта қандай әріпті өттік? Ң дыбысы қанша элементтен тұрады? 4 элементтен тұрады.
  9. Ң дыбысын  тақтаға жазып көрсет Ң дыбысы қандай дыбыс?
  10. Оң,таң,паң  оқып бер
  11. Еменге ешкі не деп тіл қатты?
  12. Ал, емен ешкіге не деді?
  13. Ендеше, емен, ешкі сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?.

§        Міне біз еменге көмектестік.Сендерге үлкен рахмет айтып емен ағашы өз жаңғақтарын сыйлады. Ағаштарға осылай үнемі қамқор боп жүріңдер!

Білімімізді әрі қарай жалғастырайық. Бүгінгі сабағымызды ой қозғау тапсырмасы арқылы анықтап, қандай дыбыспен танысатындарыңды білетін боласыңдар. Мына тақтаға назар аударайық! Тақтада сөздер жазылады

( етік, жер, бес, ел, ер, жел, кесе, емен, есен) осы сөздерден қандай дыбысты көп естідіңдер! Тақтадағы сөздердегі «Е» әрпінің астын сызып көрсетемін. Сонымен бүгінгі өтетін «Е» дыбысы мен әрпі.

ұрыс, енді е дыбысын айтып көрейік.(айнаға қарап,айтқызу)

Е дыбысын артикуляциясына сай дұрыс дыбыстатып, қайталау.

Сергіту жаттығуы:

  Әліппе әні

Е-МЕН, Е-ДЕН, Е-ЛІК, КЕ-СЕ бұл сөздерде Е дыбысы қалай естіледі? Е әндетіп, еш кедергісіз, ұзақ айтылса оны дауысты дыбыс дейміз. Сендер білесіңдер дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді?

 Жуан дауысты дыбыстарға – А, О, Ы, Ұ.

 Жіңішке дауысты дыбыстарға бүгінгі өткен Е дыбысын жатқызамыз.

 -Е дыбысын қай үйге кіргіземіз?

Жұмбақ

Шаңырақ – күн,

 Уықтары-нұр,шашқан.

 Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.

 Жарқырайды темірқазық жұлдызы,

 Жол көрсетіп, алға бас-деп, Қазақстан!

ұрыс таптыңдар бұл жұмбақтың шешуі Елтаңба

§        Елтаңба - сөзін буынға бөлдіреді. Буын санын таспен белгілету.

§        Елтаңба Сөзін қатыстырып,сөйлем құрату.

Келесі жұмбақты тыңдаңдар

Қанаты жоқұшады,

 Аяғы жоққашады. (Жел)

§        Жел  сөзіне дыбыстық талдау жасату. Жетелеуші сұрақтар арқылы сөздегі жалпы дыбыс санын,оның ішіндегі дауысты,дауыссыз дыбыстарды санатады.

Келесі жұмбақты тыңдаңдар

Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.   өмке)

Ал осы сөздерде е дыбысы қай жерде естіледі?

Басында,ортасында,аяғында

§        Осы сөздерді буынға бөлейік, қанша буын бар екен! (Е-МЕН, Е-ДЕН, ЕР,ЕЛ, ЖЕР)

§        Дөңгелекшелер арқылы дыбыстық талдау жасау.

Дидактикалық ойын: «Дыбыстың орнын тап»

Балаларға қорапшадан  графикалық сөзді және бір тау тасты алу ұсынылады.

§        Қазір мен сөз айтамын,егер сөз е дыбысысынан басталса тасты  сөздің бас жағына қоясыңдар.,егер е ортасында естілсе ортасына ,ал е дыбысымен аяқталса, соңғы жағына қоясыңдар. 

§        Сөздер: Елік,жер,мен,ет,етік, төре,сөре,есек.

 Оқулықтағы тапсырмаларды тақтада көрсетіліп тұр. (суреттерді атайды) Е әрпі сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі екен.

Дәптермен жұмыс

 Балалар Е дыбысының жазылуына қарайық. Үлкен Е дыбысының бас әрпінің баспа түрі 4 элементтен тұрады, ал кіші е дыбысы 2 элементтен тұрады.

 

 

  1. Ауада көрсету
  2. тақтаға жазып көрсету

. Ал, балалар қолдарына қалам алып ауаға жазыңдар. Енді оқулығымызға Е әрпін жазыңдар!. 5 мин

Ал енді балалар ой қозғау тапсырмасы арқылы мына ребусты шешейік (кесе, кеше).

Жаңылтпаш жаттайық:

Шеше,шеше!Неше кесе сынды кеше

Сөйлем құрайды (Самат, кесеңді ал).                            ?

 Е дыбысына байланысты «Тез ойла, сөз ойла» ойынын ойнайық. (Жұлдызша беріледі, кім көп жұлдыз жинаса сол жеңіске жетеді І,ІІ.ІІІорын)

 -Сабақты қорытындылау: е дыбысынан буындар құрау

 

-Е дыбысы қандай дыбыс ?

 -Е дыбысы жуан дауысты ма, әлде жіңішке дауысты дыбыс ма?

 -Е дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

 -Е дыбысы бар сөздерді атайықшы?

Қандай мықты ағашпын таныстық

 Меңгерген білімдеріңді өздерің бағалайсыңдар? Алдыларыңда тұрған жасыл, қызыл және сары жапырақтарды мына ағашқа ілесіңдер. Кім бүгінгі сабақты өте жақсы білсе ол жасыл жапырақты іледі, ал кім сабақты  ештеңе түсінбедім деген оқушы көк жапырақты іледі. Сөйтіп балалар өздерін бағалайды.

Өлең жолдарымен сабақты аяқтау

Орманға бара жатқандар,

 Тіршілік дәмін татқандар.

 Орманды қорғаңдар,

 Аңдар мен құстарды атпаңдар.

 Оларда титтей жүрек бар,

 Өмірге деген тілек бар.

 Өтінемін түгел бәріңнен,

 Орманды өрттен сақтаңдар.

Сұрақтарға жауап береді

 

 

 

-Жоқ , жегізбейміз.

 

 

-Емен ағашы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға қатысып, сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

-Е-е-е-мен.

-Е-е-еш-кі

-Е дыбысынан басталып тұр.

 

Е дыбысы жіңішке дауысты дыбыс

Қызыл түспен белгіленеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызыл үйге

Тәрбиешінің көмегімен жұмбақты шешеді.

- Елтаңба сөзіне сөйлем құрайды..

 

 

Жел  сөзіне дыбыстық талдау жасайды

Сөзде 3 дыбыс бар. -1 дауысты,2 дауыссыз  дыбыс бар.

Сөмке сөзін буынға бөледі

Тәрбиеші айтқандай  сөз е дыбысысынан басталса тасты  сөздің бас жағына қояды, егер е ортасында естілсе ортасына ,ал е дыбысымен аяқталса, соңғы жағына қояды. 

 

Тақтаға 3-5 бала жазып көрсетеді

 

Әліппе дәптеріне жазады

 

Жаңылтпашты қайталайды.

 

Ойынға қатысады.

Жұлдызша арқылы бағаланады.

Буындарды оқиды

Дауысты

Жіңішке дауысты

Сөздің басында,ортасында,аяғында кездеседі.

(емен)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексті түзеткіші

Сабақты бекіту:  Сабақ ұнады ма?

Емен сөзін оқытып, еменнің бір жапырағын да ешкіге жегізбей қалғандықтарын айту. Барлық тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін көрсете білгендерін жеткізу. Ағаштарға қамқорлық жасау жөнінде айту.

Қонақтармен қоштасу

Өз ойларын айтады

    Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

 Е е  дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.

Нені игерді:

Е е дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын

Нені біледі:

Орманды қорғауды,ағштарға қамқорлық жасауды.

  

18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "« Е е » дыбысы мен әрпі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 536 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2017 698
    • DOCX 79.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алчурина Назгуль Дуйсембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алчурина Назгуль Дуйсембаевна
    Алчурина Назгуль Дуйсембаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27364
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое обеспечение родительской компетентности в процессе взаимодействия ДОУ с семьей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Курс повышения квалификации

Основы общей и педагогической психологии в деятельности педагога дошкольного образовательного учреждения

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательного процесса в образовательных организациях в условиях обновленного законодательства

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек