Инфоурок Музыка Другие методич. материалыЕ. Үсенов шығармашылығы. (Тәрбие сағаты)

Е. Үсенов шығармашылығы. (Тәрбие сағаты)

Скачать материал

Тақырыбы:   « Ермұрат Үсенов шығармашылығы»

Мақсаты:   Ермұрат Үсенов  жайлы әңгімелеу, оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру. Композитордың шығармаларына оқушылардың көзін қанықтыру, таныстыру және шыдамдылық, ойлай, қиялдай білу, икемділік, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Музыка орындалады..

- Қош, келдіңіздер құрметті музыка сүйер қауым, оқытушылар , оқушылар!

Жаңа ғана өздеріңіз  тыңдаған  музыканың  аты мен авторын кім айтар екен?

Оқушы: Нұрғиса Тлендиев «Ата толғауы»

Дұрыс айтасың, бұл  КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Алматы Мемлекеттік консерваториясының құрметті профессоры, Халық Қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің  шығармасы. Біз бүгін тиек еткелі отырған жан  өмірін өнерге арнаған, бар мұраты сол асыл арнаға бір мөлдір бұлақ болып қосылу, «Қасиетіңнен айналайын, халқым менің»  деп халқын қадірлеп, ұлтын ұлықтап өткен қазақ саз өнерінің тумысы бөлек, тұлғасы ерен, басынан бастап бақайшағына дейін тылсым сырға толы, ұл болып туып, ұлтының, алты алаштың, бүкіл түркі әлемінің ұлы азаматына айналған Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті, күйші - композитор, халық музыкасын өңдеп оркестрге түсіруші Ермұрат Үсеновтің өмір жолына, өнер жолына арнағалы отырмыз.

Ермұрат Үсенұлы Үсенов 1952 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Талды совхозында дүниеге келген.

Жақсының жанында жүріп, тәлімін алған, үлгісін үйреніп өнердің үлкен жолына түскен Ермұрат Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбыра класы мен музыка теориясы бойынша екі бірдей факультетін бітірген. Еңбек жолын Жезқазған музыкалық колледжінде бастап, сабақ беріп жүрген жерінде оның домбыра тартудағы шеберлігіне бір сапарында тәнті болған Нұрғиса “Отырар сазы” оркестріне шақырады. Өмірде де, өнерде де өзінің мәңгілік ұстазы санайтын дарабозбен ол осылайша табысады. Талантын танып, қарым - қабілетін жіті аңғарған Нұрағаң жас жігітті балапандай баулып, қауырсын қанатының қатаюына ерекше септігін тигізеді.

Бұл ұлы ұстазымның шуақты жүрек нұрының иненің жасуындай болса да менің бойыма дарып, ойыма аққу балапанындай қалықтап келіп қонғанынан болар” деген Ермұрат Нұрекеңнің қазасына арнап “Реквием” атты жоқтау күйін шығарды. Қос ішек бебеулегенде “Нұраға!” деген бір сұмдық үн айналаны кернеп, асыл ағаның Алатаудай алып тұлғасы көз алдыңа келіп: “Кім болсаң, ол бол, бірақ мына алдамшы дүниеге өз “меніңмен” келіп, өз “меніңмен” кет. Дүние сонда ғана мәнді, сонда ғана қызық” деп тұрғандай күй кештіреді екен.

Ұлттың ар - намысына жанып, асыл азаматтарына аш бөрідей тиісіп, жастардың ашу - ызасын туғызған, соңы қасіретке ұласқан Желтоқсан көтерілісінің сұмдықтарын көзбен көрген композитор “Желтоқсан жаңғырығы” деген күй шығарып, Нұрағасына орындап бергенде, оның әжімді жүзі әнтек құбылып, “Қабырға қайыстырар дүние екен. Жазыла қоймаған жараның аузын тырнамайық, уақыты келеді, әділдік салтанат құрады. Халқымыз онсызда тегеурінді тепкіден ес жия алмай жатыр ғой. Құрттың атын жаңылтып, малта қойдық дегендей “Арнау” деп атын өзгертейік” дейді. Сөйтіп, ол бұл туындының сахнадағы тұсауын 1987 жылы өзі кесіп береді.

Ермұраттың халық арасына кең тараған ән-күйлерінен бастап симфония, кантаталары, саз сырнайға, қыл қобызға, хорға арнап жазған туындылары сан сала. Мәселен, “Арулар, қош болыңдар!” (сөзі М.Мақатаевтікі), “Бабаларға сыйыну”, “Жалт - жұлт еткен дүние - ай” (сөздері Н.Айтұлынікі), “Дариға аққу”, “Күзгі әуен” (сөздері С.Тұрғынбекұлынікі) әндері мен “Ұран”, “Ана”, “Шыңырау – құс”, “Өмір дастан”, “Майра”, тағы басқа күйлері өз орындаушыларын тапқан дүниелер. Сазгердің ән - күйлерін қазақтың айтулы өнерпаздары М.Мұхамедқызы, М.Жүнісова, Қ.Мыржықбаев, М.Қазтұрғанова, Р.Стамғазиев, Ғ.Жұмекенова, А.Мұздаханова, тағы басқалар орындап жүр. Оның туындылары өз елімізбен қатар, әлем жұртшылығына да кең тараған. Мысалы, төрткүл дүниеге аты мәшһүр өнер жұлдызы Айман Мұсақожаеваның “Солистер академиясы” камералық оркестрі Ермұраттың қыл - қобызға арнап жазған “Өмір дастанын”, АҚШ - та “Қазақ сувинерін” Италияда, Оңтүс­тік Кореяда орындап, шетелдіктер талантқа құлшына қол соғыпты.

“Арқа төсіне орын тепкен елорданың рухани келбетін көтеруге өз үлесімді қоссам деген ниетпен Астанаға келіп едім. Мұндағы қан тамырындай тынымсыз бүлкілдеген тірлік, күн санап көркейе түскен қала келбеті, бір арнаға тоғысқан арман - тілек шабытқа шабыт қосып, қиялдың көкжиегін кеңейтіп, ұшқыр ойға қанат бітірді. Соның нәтижесі шығар, “Қасиетті кең дала”, “Ауыл түні”, “Сырлы Көкше” атты әндер, “Кенесары – Ақ семсер”, “Атырау вальсі”, “Майра”, “Түркі әлемі” деген күйлер туды. Әсіресе ақын Ерғожа Тілепбердиевпен шығармашылық байла­ныстың арқасында “Әлмерек баба”, “Туған жер”, “Сөнбейді махаббат”, өзге де әндердің жазылуы  соның дәлелі”,— дейді композитор бір әңгімесінде.

Осы жерде өткен жылғы елдік пен бірлікті, отаншылдық рухты асқақ көрсететін “Елім менің!” атты бірінші республикалық патриот­тық әндер байқауында Ермұрат Үсеновтің мерейі үстем болып, абыройы асып, бас бәйгені жеңіп алғаны ойға оралды. Ол әннің аты “Бабалар аманаты” болатын. Сөзін жазған Несіпбек Айтұлы еді. Онда  қазақ жұрты түгел бол деп Абылай ту көтеріп, айналасы ши шықпай жұмған жұдырықтай топтасып кетеді. Әуендегі жігер, қайтпас қаһар, елдің болашағы үшін жасалған сапар “Хас батырлар, қайда­сың! Тұлпар мініп, сауыт киіп жарқылдатқан найзасын” деген өлең жолдарымен ұштасқанда күретамырыңдағы қан асаудай тулап шыға келеді. Рухың биіктеп, басылған еңсеңді тіктейсің. Сол сәт ойыңа қазақтың ардақты ұлы Дінмұхамед Қонаевтың: “Музыка – адамзаттың әмбебап тілі ғой. Ол біздің жан-дүниемізді байытып, әсіресе, ұлт­тық сана-салтымызға баулитын сиқырлы күш” деген аталы сөзі оралды. Ән құдіретін осы сөзден артық айтам деу де, бос әурешілік болар.

Жалпы, Ермұрат Үсенов ән – күйлерінде ұлтқа тән қасиет, нақыш айдай анық байқа­лып тұрады. Содан да шығар, оның Алматы, Атырау, Көкшетау қалаларында өткен автор­лық кештеріне халықтың зор ілтипат танытып жүргені. Халқының тағдырын, ұлтының сан бұралаңға толы өткен жолын ұранды ән - күйлерде өрнектеген, тәуелсіз елдің бүгінгі тыныс - тіршілігін, алдағы жасампаздық өсу жолын саз тілімен сәулеттеген композитор, өнер жолына бар ғұмырын арнаған, алдыңғы толқыннан қалған алтын дәстүрді үзбей шәкірт даярлап жүрген ұстаз – өзі пір тұтатын Нұрғиса Тілендиевтің “Мен музыкантпын, домбырашымын, композитормын. Маған министр не директор болу міндет емес. Өнер, білім ғана өрісімізді ашады. Қарнымыздың бір күнгі ашқанына шыдауға болады. Ал бір күнгі рухани ашташағымызды бір жылға кейін шегіндіреді. Тағы да Абайға жүгінемін. “Пайда ойлама, ар ойла, талап қып артық білуге”. Оқыған, тоқыған кісі өлмейді. Менің соған көзім жетті” деген сөздерін ол аузынан тастамайды екен. Иә, аспаннан жауған жаңбырдың бір тамшысы жасыл желекті жайнататын болса, өнер — ұлттың алтын қазығы. Өшпейтін, өлмейтін болашағының кепілі. Е.Үсенов аға сөзінен кейін осыны алдымызға тартты. Біз мұны шын өнерді сүйген азаматтың жан сыры деп ұқтық.

Бүгінгі таңда — домбырада тек қана күй емес, фортепианомен косыла «Фантазия», «Увертюра», «Поэма», «Концерт» сияқты күрделі шығармалар үйлесімді үндестікпен орындалып жүр. Авторлар күй жанрын әр қырынан қарай отырып, мазмұнын, бітім - болмысын айқара ашып жаңа белеске көтерді. Домбыра өнерінде жаңа жанр, жаңа ағым дүниеге келді. Бұл үлкен дәстурлі мектеп.

Міне, ең алғаш осы тыңды игерген, профессор Х.Тастанов. Мысалы, оның «Фантазия» шығармасың талдап қарасақ, композитор еуропалық циклдарды ала отырып, әр бөлімді жеке күй есебінде қарайды. «Аllеgrrо», «Аndаntuno», «Вальс», «Аllеgrrо». Автор «Фантазия» жазуда — еуропалық әдісті, нұсқаны, дәстүрлі күй шығармашылығына жақындатып, орындаушының да, тыңдаушының да ой тұжырымының бір келісімге келуін мақсат етіп қойған.

Орындаушылық өнерге соны жаңалықтар әкелсе — ол қонымды да ұтымды шыққан. Х.Тастанов домбыраның бұл үрдісіндегі алғашқы қарлығаштардың бірі. Ол бастаған жаңа жанр өз жалғасын табуда.

Фантазия айдарымен жазылған шығармаларды, кейінгі буын композиторлары М.Әубәкіровтің, Е.Үсеновтің, т. б. туындыларынан көруге болады. Е.Үсеновтың «Майра» фантазиясына келетін болсақ, біздің баршамызға белгілі жағдай — ән мен күй құлақтан құлаққа өтуі арқылы біздің заманымызға жетті. Мол мәдени мұрамызды қағаз бетіне түсіруді алғаш А.Жұбанов, Б.Н.Ерзакович, В.А.Затаевичтар бастады. Бұл шығармаға сол заманнан жеткен "Майра" әнінің екі нұсқасы алынып отыр. Ән тақырыбы дами отырып, құбыла түсіп (вариация) негізгі тақырыпқа оралады.

Кейінгі буын Е.Үсеновтың осы шығармасынан бірнеше дәстүрлік қағиданың, дәстүрлік мектебіміздің жалғасуын көреміз:

1) бұрауы — теріс бұрау (квинта).

2) орындаушылық, дәстүрі – төкпе, шертпе мектептерінің ойнау әдістерінен туындайды. Бұл әдісті бірінші болып композитор А.Жайымов қолданған болатын. «Майра» фантазиясы — шертпе дәстүріндегі кіріспемен басталады. Ал, негізгі бөлімінде аса бір екпінмен төгіп ала жөнеледі. Домбырашының орындаушылық, қырын ашу мақсатында тақырып түрлене отырып, кең құлашты әнге ауысады. Одан әрі қарай негізгі буынға өтіп, бастапқы тональді бояуда бітеді.

Осы шығарманы Құрманғазы атындағы саз колледжі 4 курс студенті Қодаров Әділбек , күй сандықта В.Т.Тащанова орындайды.

«Концерттік пьеса «Жігер» күй дәстүрін қолдана отырып жазылған шығарма. Үш бөлімнен тұрады. Орта бөлімінде әдеттегідей жай, әндете, негізгі тақырыбын құбылтып, 1 - бөлімді қайталайды.

№3 балалар саз мектебінің 4 сынып оқушысы Сүйінғалиев Алихан, күй сандықта Г.Т.Тащанова орындайды.

«Шәмші дастан» болса «Қазақ вальсінің королі» еліміздің бір туар таланты Шәмші Қалдаяқовтың өмір суреттерінің галлереясы. Жоспарлы поэма, фантазия деп қарасақ та болады. Қысқаша кіріспеден басталып, көңілді жігерлі 1 - бөлімге ойысады. Бірінші бөлімнің өзі үш бөлімдік үлгіде жазылған. 2 - бөлім Шәмшінің "Цыган серенадасы" әнінің негізінде құрылған. 3 - бөлімде «Вальс» - ырғақпен өзгерістерге түсіп, әрі қарай марш тектес әуенге ойысады.

Шығарма Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнінің негізін ала отырып аяқталады. Шәмші «Қандары қызған, нағыз жастық шақтарында менің әндерімді аспандатып шырқаған, сол әнмен бірге есейген қыздар мен жігіттер бұл күндері егде тартып, беттеріне әжім, шаштарына ақ түскен жасамыс болыпты. Менің әндерімді солар шырқайды. Мені «Шәмші» деп бастарына көтерген сол асылдарым дүниеден өткен соң менің әнімді кім салады? Кім мені есіне алады? Менің сонда оқты айдалаға атқаным ба, өмірімді босқа өткізгенім бе? - деп тұңғиыққа тіреліп сұрақ қойғанда, - Оны болашақ айтады» — деп О.Бодықов жауап берген екен. Әуенінде Шәмші әндерінің бірнешеуінің әуені бар "Шәмші дастан" орындаушы мен тыңдаушының сүйіктісіне айналып та үлгерді.

Орындайтын Құрманғазы атындағы саз колледжі 4 курс студенті Ерболұлы Мерей  , күй сандықта Г.Т.Тащанова орындайды.

Оның қай шығармасын тыңдасаң да айқай-шудан аулақ, ұлттық рух жүрек қылын тербеп, сезім пернесін тап басатын әдемі ырғақтардан тұрады.

«Күзгі әуен» қобызға арналған концерт орындайтын Құрманғазы атындағы саз колледжі 3 курс студенті Ахметова Айымгүл, күй сандықта Г.Т.Тащанова орындайды.

"Шын өнерді еш уақытта тот баспайды" — дейді халық даналығы. Бастауын әріден алған сан салалы күй өнеріміз өзінің дер биігінде, келісті кейпінде. Ал бұрынғы күй дәстүрі аясында дамып, жаңа белес, жаңа үрдіс күй құдіретінің  өміршеңдігін дәлелдейді.

«Анама» күйі орындайтын Құрманғазы атындағы саз колледжі 3 курс студенті Кузанбаева Құндыз

Сабағымызды қорытындылай келе, Ермұрат Үсенов шығармаларынан сөз жұмбақ шешейік.

1. Композитор   Ермұрат Үсенов қай облыста дүниеге келді?

2. Күйінің аты?

3. Желтоқсан оқиғасына арнап шығарған симфониялық поэмасы?

4. Ұстазының  қазасына шығарған шығармасы?

5. Домбыраға арналған концерттік фантазия?

Ермұрат Үсенов Нұрғиса Тілендиевтен өзге Қ.Жантілеуов, Л.Хамиди, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, К.Күмісбеков, Б.Қарабалина, Қ.Мұхитов, тағы басқа да қазақ саз өнерінің саңлақтарынан сабақ алғанын, шәкірті екенін мақтанышпен айтады. Бір кездері өзі сондай ұстаздардан үйренсе, енді өзі де ізбасар дайындау жолында келе жатыр. Оған оның П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда, қазір елордадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында сабақ беріп жүргені дәлел деп білеміз.Өнеріміздің өрісі одан әрі кеңие берсін деп тәрбие сағатымызды Е.Үсенов музыкасына , сөзі Н.Айтұлы  «Жалт- жұлт еткен дүние- ай» әнімен аяқтаймыз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Е. Үсенов шығармашылығы. (Тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 4709
    • DOCX 20.8 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумабаева Света Калибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумабаева Света Калибаевна
    Жумабаева Света Калибаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45263
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Педагог музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания музыкальной литературы в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе