Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕкі тамшы атты ашык сабак

Екі тамшы атты ашык сабак

Скачать материал

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

ортаңғы топ

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі : Экология

Тақырыбы: Екі тамшы

Мақсаты: Балаларға табиғаттағы қар мен мұздың құбылыстары туралы білім беру. Тәжірбе арқылы қар мен судың қасиеттерімен таныстыру.Бірігіп жұмыс жасап өзара сыйластыққа, түсіністікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру.Тәжірибе жасау.

Көрнекілігі: мұз, қар, тамшы, су бейнеленген суреттер.

Тәрбиеші: Балалар біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше.Өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Олармен сәлемдесейік.

Балалар ортаға шығып қонақтармен сәлемдеседі.

Балалар: Сәлеметсіз бе!

 Шаттық шеңбері.

Мынау менің – жүрегім

Барлық істі басқарған.

Мынау басым ақылды

Барлық істі басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің  сол қолым.

Барлық істі атқарған.

Өлең шумақтарына сай балалар қимылдар жасайды.

Тәрбиеші: Қане,балалар өткен оқу іс-әрекетімізді қайталап алайық.

Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Балалар: 4 жыл мезгілі бар

Тәрбиеші: Қандай мезгілдер?

Балалар: қыс мезгілі, көктем мезгілі, жаз мезгілі, күз мезгілі.

Тәрбиеші: Қазір қай жыл мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші: Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

Балалар: Күн салқындады, үстімізге жылы киімдер киеміз, далада қар жауады.

Тәрбиеші: Оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын.

1.Дәмі де жоқ, түсі жоқ.

   Пайдаланбас кісі жоқ. (су)

2. Қыста ғана болады,

    Ұстасаң қолың тоңады.

     Ол не? (қар)

3. Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. (мұз)

 4. Моншағым көктің

    Тестім түбін шөптің. (тамшы)

Тәрбиеші: Бүгінгі  оқу іс әрекетіміздің тақырыбы: «Екі тамшы» деп аталады.Бүгін су туралы, судың қасиеттері туралы, қар,мұз туралы айтатын боламыз. Су бізге не үшін қажет?

Балалар сұраққа жауап береді.

Тәрбиеші:балалар бізге су өте қажет. Сусыз бізге өмір жоқ. Су , балалар, күнделікті өмірде бізге аса қажет. Аналарымыз сумен тамақ пісіреді, кір жуады, суды біз ішеміз шөлдегенде. Судың түсі балалар мөлдір болады екен.

Балалар өте жақсы балалар дұрыс айттыңдар.

Тәрбиеші:Ал енді балалар мен сендерге табиғатта болатын құбылыстарды айтамын. Егерде мен айтқан табиғат құбылысы қыс мезгілінде болса, онда ақ қаршаны  көтереміз, ал егерде басқа жыл мезгілдерінде болса онда қызыл дөңгелекті  көтереміз.

.1.Далада қар жауды.

2.Боран соқты

3. Балалар теңізде шомылып жүр.

4. Жолдар тайғақ болды

5. Ағаштың жапырақтары сарғайды

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, бәріңде дұрыс жауап бердіңдер.

Музыка ойнайды, бөлмеге екі тамшы кіріп келеді:

«Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Бірінші тамшы (мұз):Біз сіздерге көмек сұрап келдік. Сендер өте ақылды және өте білімді екендігін естідік. Бізге көмектесіңдерші! Біз екеуміз татту-тәтті өмір сүрдік, бір уақытта қатты аяз соғып, біріміз мұз болып қатып қалдық,

Екінші тамшы (қар):ал екіншіміз шашын тарап отырған, сол күйінде әдемі қарға айналып кетті.Енді сол әдемі болып қалған мұз мені менсінбей, сен менің сыңарым емессің деп, мені сүйкімсіз қарсың дейді»

Тәрбиеші: Ал, балалар көмектесеміз бе?

Қар мен мұзға айналған екі тамшыға көмектесейік. Олар екеуі судан жаралғанын дәлелдеп берсек, сонда олар достасады. Ол үшін бірнеше қар мен  мұзға  тәжірибе  жасайық. 

Ғалымдар еліне саяхат

 1 – тәжірибе .

Тәрбиеші балалардың алдына мұз қояды.

Тәрбиеші:Ал енді балалар қараңдаршы мұздың астынан менің алақаным көрінеді ме?

Тәрбиеші?Ал қардың астынана ше?

Балалар:  мұз мөлдір де, ал қар ақ екен.

2-тәжірибе

Тәрбиеші:Балалар алдымыздағы мұзды алақанымызбен ұстап көрейікші, не сездік балалар алақанымызда?

Балалар: мұздай, алақанымыз су болды.

Тәрбиеші: Иә балалар алақанымыз су болды. Мұзды жылы жерге әкелсек ол су болып ериді екен, ал егерде балалар қарды жылы жерге әкелсек ол да мұз сияқты ериді екен.

-Тәрбиеші:Қарды  алақанға  салып,ұстап  тұру. Ерігенін  көру, түсіндіру.

Сонымен балалар, қар да, мұз да жылы жерде су болып ериді екен.

Жер  бетіндегі  көптеген заттар сұйық, қатты  не  газ  түрінде  кездеседі. Ал  су үш  күйдеде  болады.Су  бір  күйден  екінші  күйге  ауысады.Сондықтанда  суды  сиқырлы  деп  атайды.

-Өте жақсы балалар.

3-тәжірибе

Тәрбиеші: Енді балалар мұзға қарайықшы қарандашпен үстінен басып көріңдер, мұз сынып қалды, Ал қардың үстінен бассақ қарда ізі қалады.

-Сонымен мұз сынғыш, ал қар тығыз.

Музыкалық сергіту сәті.

Аяқпенен топ-топ-топ

Тәрбиеші: Сонымен балалар қалай болғандада қар мен мұз судан жаратылған. Олар су болып есептеледі. Сондықтан мұз бен қар екеуі мәңгі дос. Мұз бен қар қатты түрдегі су. Балалар қардан да мұздан да әдемі мүсіндер жасауға болады екен. Сендер далаға шығып аққала жасайсыңдар, шанамен сырғанайсыңдар. Еріген  қарды  стақан  түбіне  тұндыру. Қарды  жеуге  болмайды. Қар мен  мұз  өте  кір. Қар  мен мұз,  жаңбыр  барлығы  суға  айналады.

 

Тәрбиеші: - Судың иісі  бар ма?

Балалар: жоқ.

4-тәжірибе

Тәрбиеші: Суға  тәжірибе  жасап  көрейікші.

-Суды  шыны  ыдысқа  құямыз.Су  мөлдір,түсі  жоқ.

-Шыны  ыдыстағы  суға бір  зат  саламыз  көріне ме ?

Су  құйылады,су  сұйық.Суды  үнемдеп  пайдалану  керек. Барлық  тіршілік  иелері суды  қажет  етеді.

Балалар қане кім қар мен мұз туралы тақпақтар айтады екен.

1- бала: Жапалақ қар себелеп

Аспан астын қаптаған

Секілді боп көбелек

Қонарға жер таппаған.

2-бала: өстіп , міне, қыс түсті.

Бола қалды дала аппақ,

Қар лақтырып үсті-үсті

Балалар жүр далақтап.

3-бала: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады.

Жып-жылтыр боп жатады.

-өте жақсы балалар.

Тәрбиеші:

Сонымен балалар біз не туралы әңгімеледік?

Балалар сқрақтарға жауап береді.

Сабақты қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Екі тамшы атты ашык сабак"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 1040
    • DOCX 18.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожахметова Макпал Ербатыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14031
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности по воспитательной работе с группой обучающихся в условиях общежития

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 682 человека

Курс повышения квалификации

Разработка коррекционно-развивающей программы по формированию психологической готовности ребенка к школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 226 человек

Курс повышения квалификации

Взаимосвязь образа сверстников и коммуникативной компетентности детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе