Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕртеңгілік. Ертеңгілік "Жаңа жыл"

Ертеңгілік. Ертеңгілік "Жаңа жыл"

Скачать материал

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылджарыңмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт,шаттық,молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын жыл арайлы

Құтты болсын ағайын

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Айгөлек», «Балбұлақ» тобында (балалар келіп,шыршаны айналып тұрады.Әуен ойналады.Сиқыршы шыр айналып кіреді.)

Сиқыршы: Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл

Құттықтаймыз сіздерді

Тезірек,тездетіп мұнда жиналыңдар

Басталады жаңа жылдық карнавал

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды

Басталады,басталады Жаңа жылдың карнавалы

Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар! (қол соғып киінген ата – аналар кіреді )

Сиқыршы: Бәрекелді,жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет,әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен.Бәрімізде әп – әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз.Бірақ..... шыршамыз көңілсіз,қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен,сендердің әдемі сөздеріңмен мен шамын жағайық!

Бәрі:Қуант,бізді,таңырқат

Шамдарды жарқырат!  3 рет (шырша шамы жанады,алақайлап қол соғады.)Жүргізуші:Міне , керемет,қол ұстасып әнімізді шырқайық бәріміз.Әндер кетеді.

Жүргізуші: Міне,керемет,қол ұстасып әнімізді шырқайық.Ендеше,шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

1.Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.      (Азалия)

2.Шыршамызда қаншама

Түрлі-түсті шырақтар

Күлгін түсті тоқаштар

Жарқыраған алтын бар.   (Аңсар )

3.Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той-маскарад басталды

Аяз оны басқарды.    (Армат )

Жүргізуші: Балалар,жарайсыңдар.Айтыңдаршы жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар

Жүргізуші: Кәнекей,ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі: Аяз ата,Аяз ата,Аяз ата,Ақшақар,Ақшақар .....

Аю: Сәлеметсіздер ме,балалар!Мен қысқы ұйқыда болатынмын,қатты айқай-шу,тасыр-тұсыр шошып ояндым,не болып қалды деп сұрап едім,бәрінің айтатыны бір-ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды,жаңа жыл» дейді. Машаны да іздеп,осында болар деп келдім.

Жүргізуші: Ия, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес......

Бәрі: Ия  (осы кезде Маша келеді.Шыршаға таңырқап )

Маша : - Керемет.....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады.Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады.)

Аю: Аәрең таптып-ау,сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады )

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер,бізбен бірге болыңыздар ! (екеуі қуанып,балалардың жанына келеді.)

Балалар,мына сыйлықты бәріміз бөлісейік. (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады.)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар ! Ия, бұл менмін.Мені орудан алып шыққандарың қандай жақсы болды.Ол жерде тар,әрі қап-қараңғы.Ал,мұнда сондай тамаша екен! Менде сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы. (шыршаға қарап )

Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады

Түрлі-түсті ойыншық

Шыршада көз тартады

Ой,балалар,шыршамызға Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді екен.

Бәрі: Аяз ата,Аяз ата, Ақшақар, Ақшақар (қоңырау үні сыңғырла )3 рет айқайлау

Аяз ата: Құтты болсын,балалар

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп,ұл-қыздарым

Өткен жылы келіп ем

Бәріңізді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларыңда

Бірдей өсіп қалдыңдар ма ?

Ал,мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?

Бәрі: Аяз ата!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Жаңа жылдарың құтты болсын !

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін,жырмын,тақпақпын.

Мешін:Сәлеметсіңдер ме, балалар

Мен тұрмын қуанып

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болдық шаттанып

Жүргізуші: Қош келдіңіздер,баршаңызда,алыс жолдан келдіңіздер.Демалыңыздар.Бізде әсем әнде,би де бар.Отыр ата сәл дем ал.

4.Киіндік ұл мен қыз

Аң болып,жан болып

Танымай тұрсын деп

Досымыз таң болып      (Ақбөбек )

5.Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.    (Диас  )

6.Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе аман алыстан

Сәлем,Аяз атамыз.  (Ақбота )

7. Шыршамызда керемет

Ойыншықтар тағылған

Сұрақ қойса Ақшақар

Ойланып жауап береміз.  (Айбек )

Ақшақардың сұрақтары: Мен білемін бір ойын,үйретейін сендерге.Мен бастаймын,ал,сендер аяқтаңдар ойынды.Хормен бірге жауап айтасыңдар.!

Қарға мүлгіп дала тұр

Келе жатыр .....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге ...

Балалар:  Аяз ата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі ......

Балалар:  Әдемі

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ

Ойын-күлкі таралсын

Құтты болсын .....

Балалар:  Жаңа жыл !

Жүргізуші:Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып

Би билейік бәріміз

8.Кел билейік сенімен

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.  (Шынар )

Би: «Ұлпақарлар» (орындайтын: Шынар,Інжу, Ақбота, Ақбөбек, )

Аяз ата: жарайсыңдар балалар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Ия, ата,балаларымыз шеттерінен өнерлі,тақпақты да жақсы айтады.

9. Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Аппақ Аяз атамыз.  (Інжу )

10.Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса,жаусын Ақшақар!  (Төрехан )

11.Жаңа жыл,жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.  (Азиз )

12.Той,мереке,салтанат

Думандатты шартарап

Келді,міне жаңа жыл

Тартуларын арқалап.   (Мелек )

Би: «Шығыс биі»(ата-аналар қыздарымен )

Жүргізуші: балалар,жаңа жыл болса келіп қалды,біздің қоштасатын қой жылымыз қайда?Ай,Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, қой қалай дыбыстайды?Дауысы естілмейді ме?Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін деп ескі жылымызды қарсы алайық. (жылтыр сандық ішінен қой билеп шығады )Ау,қойжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.(ата-аналар мен сұқбат )

Қой: Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым

Енді міне балалар

Кезек келді қоштасар

Жүргізуші: Шынымен,балалар,біз бір жасқа үлкейдік.Ескі жыл жаңа жылға орнынт сыйлағысы келіп тұр. Олай болса,сау болыңыз.Біз сізге ризамыз.

Бәрі: қош,қош,қош,ескі жыл.

Мешін:Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымды да себейін

13. Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау, қарлы шың

14. Қандай әсем шартарап

Шаттық күйге бөлеп тұр

Кәмпиттерін арқалап

Аяз ата келіп тұр

Би: «Гномдар» (Нұрсезім, Нұрхан, Азиз, Меңжан, Мелек, Диас,

15. Жамылған ақ мамық ұлпалар

Нұрланар кең байтақ ұланым

Бала жоқ сыйлықтан құр қалар

Сыйлығы көп, Аяз атаның

16.Аяз келді қаҺарлы

Айналаны қар жапты

Ақтон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

17.Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жылтырап жатады

18.Аяз ата аппақ

Кәмпиттері тәтті-ақ

Маған кәмпит көп берсең

Тағы айтамын тақпақ

Түлкі: О-о-о,мыналарды қара!Аяз атадан сыйлық алмақшы.Сендерден бұрын мен аламын. (аяз атаға келіп ) хи-хи-хи,Аяз ата,мен сіздерге өлең айтып берейін бе?

Ананы да алдадым

Мыныны да алдадым

Мен түкімін айлакер

Аяз ата сыйлық бер (қолын жаяды )

Қасқыр: Ах,түлкішек,сен жұрттың бәрін алдап,енді атаны да алдайсыі ба? Кет әрі.Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара )

Мен қасқырмын, қасқырмын

Қозы ұрлаймын өрістен

Ұйқым келмейді егерде

Қозы етін жемесем Ахо-хо, (осы кезде ит шыға келеді )

Ит: И,қасеке,қасеке

Сен де адал есессің

Мен тұрғанда қозы,лақ

Оңайлықпен жемессің Аф, аф

Жеті қазына бірімін

Қасқыр келсе үремін

Аяз ата мен сізге

Тақпақ айтып беремін

Аяз ата: Адамзаттың серігі сен ит екенсің ғой.Рахмет.

Жүргізуші:Міне,балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.Жаңа жылға барлығы да жақсы дайындалған екен Үлкен рахмет баршаңызға да.,Осындай өнерлерімен белсенділік танытып ата-аналарымызға үлкен алғыс айтамыз.

1.дорбадағы сыйлықтар

2 ата-аналар сыйлығы беріледі,приз беріледі

3 мадақтау, т.б

 

 

 

 

 

 

 

 

Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі

Мектепке дейінгі шағын орталық

 

 

 

 

 

 

                    «Келді міне , Жаңа жыл !»

(Ертеңгілік )

 

 

 

                                           Тәрбиешілер :      С.Қабиева

                                                   

                                                               

                                                                    

                                                               

 

 

 

                                                         

 

2016-2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік. Ертеңгілік "Жаңа жыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 299 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2016 1350
    • DOCX 19.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабиева Сымбат Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кабиева Сымбат Муратовна
    Кабиева Сымбат Муратовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6177
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Игропедагогика для современных родителей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Курс повышения квалификации

ЛФК как одна из форм физического развития и укрепления здоровья детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для дошкольников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 970 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе